15. Автомобильдiң немесе құрамдастырылған көлiк құралдарының жетекшi бiлiгiне немесе жетекшi бiлiктерiне берiлетiн салмақ автомобильдiң немесе құрамдастырылған көлiк құралының жиынтық салмағының 25%-нан кем болмауы тиiс.
16. Салмақтық жүктемелер уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi бойынша жол төсемiнiң алып жүру қабiлетi төмен учаскелерiнде ауа райы-климаттық жағдайларға байланысты азайтылуы мүмкiн.
17. Автокөлiк құралдарының салмақтық және көлемдiк өлшемдерiн анықтаған кезде өлшегiш жабдықтардың белгiленген қателiктерiн ескередi.
Бұл ретте қателік тасымалдаушының пайдасына шешiледi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2002 жылғы 11 қаңтардағы
N 62 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын дамыту мен ұйымдастыруды жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 26 сәуiрдегi N 557 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 14, 169-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1031 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулердің 38-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 35, 327-құжат).
3. "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алымдар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1397 қаулысы.
4. "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүріп өтуiн реттеудiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 мамырдағы N 643 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 22, 219-құжат) 2-тармағының 1) және 3) тармақшалары.
5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 26 шілдедегi N 1125 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 31, 379-құжат) 1-тармағы.
6. "Қалжат" өткiзу пунктi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 27 желтоқсандағы N 1897 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 55, 612-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы.
7. "Қапланбек" өткiзу бекетiн ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 21 мамырдағы N 669 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 19, 234-құжат) 1-тармағы.