"Қалжат" өткізу пункті туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 ж. 27 желтоқсандағы № 1897 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 11.01.02 ж. № 62 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Қытай Халық Республикасымен сауда-экономикалық қатынастарды және мәдени байланыстарды одан әрі дамыту, басқа мемлекеттерден жүк-жолаушылар ағынын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 11.01.02 ж. № 62 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасындағы өткізу пункттері туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 30 қазандағы № 906 қаулысына:
1-тармақта:
жетінші абзац алынып тасталынсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Алматы облысының "Қалжат"өткізу пунктіне";
екінші бөлім алынып тасталсын;
2-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын:
2)
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті "Қалжат" өткізу пунктінің аяқталған құрылыс объектілерінің тиісті құжаттарына мемлекеттік сараптама жүргізуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен "Қалжат" өткізу пунктінің іс-жүзінде орындалған құрылыс жұмыстары бойынша кредиторлық берешектерді қабылдап алу-беруді жүргізуді және 124,5 млн. теңгеден аспайтын сомада кредиторлық берешектерді кезең-кезеңімен өтеуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен "Қалжат" өткізу пункті мәртебесінің өзгергендігі туралы ақпаратты мүдделі шетел мемлекеттері өкілдіктерінің назарына жеткізсін.
5. "Қалжат" шекара асуын іске қосу кешенінің құрылысын аяқтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 маусымдағы № 969 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары