Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өтуін реттеудің жекелеген мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 26 мамырдағы № 643 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 11.01.02 ж. № 62 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 1995 жылғы 24 сәуірдегі № 2235 Жарлығына және «Бюджет жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алымдарды белгілеу туралы бұрын қабылданған шешiмдердi жойсын және егер заң актілерінде тiкелей өзгеше көзделмеген болса, бұдан әрi оларды белгiлемесiн.
ҚР Үкіметінің 19.01.02 ж. № 62 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1)
2) «Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерiн, көлiк құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі Негiзгi ережелердi және лауазымды тұлғалар мен жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысын қамтамасыз ету мен қауiпсiздiк жөніндегі мiндеттерiн және көлiгi арнайы жарық және дыбыс беретiн белгiлермен жабдықтауға және арнайы бояу- графикалық схема бойынша боялуға жататын жедел және арнаулы қызметтердiң тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысында:
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерiнде:
1.2-тармақтың қырық бiрінші абзацы «Жол-комендаттық бөлiмшенiң» деген сөздерден кейiн «Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетiнiң (бұдан әрi - Көлiктiк бақылау комитетi) қызметшiсi» деген сөздермен толықтырылсын;
2.1. 1-тармағының сегiзiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңдарда көзделген жағдайларда, тексеру үшiн Көлiктiк бақылау комитетiнiң қызметшiлерiне арнаулы рұқсаттаманы, халықаралық тасымалды жүзуге асыру кезіндегі рұқсаттама мен лицензияны (немесе есеп құжатын) көрсетсiн. Арнаулы рұқсаттама мен рұқсаттама болмаған жағдайда Көлiктiк бақылау комитетiнiң қызметшiсiне көлiк құралын басқару құқығы үшiн жүргiзушінiң куәлiгiн (Уақытша рұқсаттама мен жүргiзушiнiң жеке басын куәландыратын құжат) алу үшiн көлiк құралына арналған тiркеу құжаттарын, жол жүру парағы мен тасылатын жүкке арналған құжаттарды тапсырады»;
3)
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі