Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы
арқылы оңайлатылған, жеңілдетілген тәртіппен өткізу ережесін бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 мамырдағы
N 741 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 21.10.02 ж. N 1136; 14.04.03 ж. N 357
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 11.06.03 ж. N 569 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңымен бекiтiлген Жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттер шекарасынан еркiн және тең құқылы өтуiн және олардың тауарлар мен валютаны кедергiсiз тасымалдауын қамтамасыз ету туралы келiсiмдi орындау үшiн және "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдедегi Заңының 108-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңiлдетiлген тәртiппен өткiзу ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi бiр ай мерзiмде оларды өткiзушi тұлғалардың санаттарына қарамастан, жеке тұлғалардың белгіленген нормаларға сәйкес тауарларды өткiзуiн бақылаудың тетiгiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдi әзiрлесiн және бекiтсiн.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап отыз күн өткеннен кейiн күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2001 жылғы 31 мамырдағы N 741
қаулысымен бекiтiлген
Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден
шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңiлдетiлген тәртiппен өткiзу
ЕРЕЖЕСI
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 21.10.02 ж. N 1136 қаулысымен (күшіне енетін мерзіміне қараңыз) 1-тармақ өзгертілді
1. Осы Ереже жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізуiнiң жеңiлдетiлген, оңайлатылған тәртiбiн айқындайды.
2. Жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған тауарларды қоспағанда, кез келген тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзе алады.
3. Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелуi және Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетуi кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу, тарифтiк емес реттеу шараларын сақтау, сондай-ақ жеке тұлғалардың тауарларды жеңiлдетiлген тәртiппен өткізуiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген басқа да талаптарды орындау шартымен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 21.10.02 ж. N 1136 қаулысымен (күшіне енетін мерзіміне қараңыз) 4-тармақ өзгертілді
4. Жеке тұлғалардың тауарларды өткізуінің жеңілдетілген тәртібі кедендік төлемдерден толық босатуды және осы Ереженің 11 және 14-тармақтарына сәйкес кеден баждарының бірыңғай ставкаларын белгілеуді қамтиды.
Салықтардан босату салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Кедендік төлемдерден толық босатыла отырып жеңілдетiлген тәртiппен өткiзiлетiн тауарлар өндiрiстiк немесе өзге де коммерциялық қызмет үшiн пайдаланылмайды.
ҚР Үкіметінің 21.10.02 ж. N 1136 (күшіне енетін мерзіміне қараңыз); 14.04.03 ж. N 357 қаулыларымен 5-тармақ өзгертілді
5. Оңайлатылған Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi (бұдан әрi ҚР КБА) белгiлейтiн тәртiппен мәлiмдеудiң оңайлатылған нысанын қолдануды көздейдi.
6. Қазақстан Республикасының кеден аумағында/одан тысқары жерлерде тұрақты болу немесе тұтынылу мақсатында жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзетiн тауарлардың арналуын осы Ережеге 1-қосымшада көрсетiлген өлшемдерге сәйкес кеден органының лауазымды тұлғасы айқындайды.
7. Кеден төлемдерi мен салықтары төленбеген және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де талаптары орындалмаған жағдайда, жеке тұлғалар әкелетiн (әкететiн) тауарлар, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында мұндай тауарларды тәркiлеу көзделмесе, Кеден iсi туралы заңның 179-бабына сәйкес уақытша сақтау қоймаларына орналастырылады не жеке тұлғаның тілегi бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге (Қазақстан Республикасының аумағына) дереу қайтарылуы мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 21.10.02 ж. N 1136 қаулысымен (күшіне енетін мерзіміне қараңыз) 8-тармақ өзгертілді
8. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумағында тұрақты тұратын тұлғалар үшін көзделген кедендік төлемдерден толық босатыла отырып жеңілдетілген тәртiппен өткiзiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу:
жеке тұлғаның Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң бiрiнiң аумағында тұрақты тұратындығы фактiсiн;
тауарлардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумағынан шығарылғандығын растайтын қолданылып жүрген құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады.
9. Тауарлардың шыққан елiн растайтын құжаттарды ұсыну Кеден iсi туралы заңның 21-тарауына және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
10. Осы Ережеде көзделмеген барлық жағдайларда не жеке тұлға тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзудiң оңайлатылған, жеңiлдетiлген тәртiбiн қолданудан бас тартқан кезде, кедендiк ресiмдеудiң жалпы белгiленген тәртiбi қолданылады.
2. Жеке тұлғалардың тауарларды әкелуi (әкетуi)
ҚР Үкіметінің 21.10.02 ж. N 1136 қаулысымен (күшіне енетін мерзіміне қараңыз) 11-тармақ өзгертілді
11. Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы жүретiн жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағына (кеден аумағынан) әкелетiн (әкететiн) тауарларды өткiзуiнiң жеңiлдетiлген тәртiбiне сәйкес кедендiк ресiмдеу мынадай жағдайларда:
1) осы мемлекеттерде тұрақты тұратын жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттерден (қатысушы мемлекеттерге) осы мемлекеттерде шығарылған және өндiрiстiк немесе өзге де коммерциялық қызмет үшiн арналмаған тауарларды әкелуi (әкетуi) кезiнде;
2) үшiншi елдерден (үшiншi елдерге) шығарылған, өндiрiстiк немесе өзге де коммерциялық қызмет үшiн арналмаған, жол жүгiнiң жалпы салмағы бiр адамға шаққанда 50 (елу) килограмға дейiнгi шектегi жалпы құны 1000 (мың) АҚШ долларына баламалы сомадан аспайтын тауарларды әкелу (әкету) кезiнде;
3) Қазақстан Республикасына (шет мемлекетке) тұрақты тұру үшiн қоныс аударған жеке тұлғалардың өндiрiстiк және өзге де коммерциялық қызмет үшiн арналмаған тауарларды әкелуi (әкетуi) кезiнде кеден төлемдерiн төлеуден толық босатылып (сақтағаны үшiн алымдарды қоспағанда), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан әкетуге шектеу қойылған тауарларды қоспағанда, тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан жүргiзiледi.
12. Осы Ереженiң 11-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тауарларды мәлiмдеу ауызша нысанда жүргiзіледi.
13. Осы Ереженiң 11-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген тауарларды мәлiмдеу олардың құны мен санына қарамастан оңайлатылған нысанда жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 21.10.02 ж. N 1136 қаулысымен (күшіне енетін мерзіміне қараңыз) 14-тармақ жаңа редакцияда
14. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізілетін жалпы салмағын қоса есептегенде 200 (екі жұз) килограмға дейін болатын тауарларды кедендік ресімдеу, олардың құны 10000 (он мың) АҚШ долларынан аспауы шартымен, осы Ережеге 3-косымшаға сәйкес кедендік баждардың бірыңғай ставкасы және тарифтік емес реттеу шаралары қолданыла отырып, жеңілдетілген тәртіппен жүргізіледі. Мұндай тауарларды мәлімдеу оңайлатылған нысанда жүзеге асырылады.
Акцизделетін тауарларды және Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасына (бұдан әрі - СЭҚ ТН) сәйкес 01, 2201-2202, 2209, 2401, 2403, 29, 30, 84, 86, 87, 88, 89, 9018-9022, 93, 97 тауар топтары мен айқындамалары бойынша жіктелетін тауарларды кедендік ресімдеу жалпы белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
15. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы өткiзетiн тауарлардың кедендiк құны Кеден ісi туралы заңның 122 және 128-баптарында көрсетiлген iс жүзiндегi шығыстар ескерiле отырып, шетелдiк сауда ұйымдары анықтамаларының, чектерiнiң, шоттарының, түбiртектерiнiң, тауарлы-көлiктiк жүк құжаттарының, сондай-ақ жүк чектерiнiң немесе түбiртектерiнiң негiзiнде айқындалады.
Жеке тұлға мәлiмдеген кедендiк құнды растайтын құжаттар болмаған жағдайда тауарлардың кедендiк құны Кеден iсi туралы заңның 129-133-баптарына сәйкес айқындалады.
3. Жеке тұлғалардың тауарларды уақытша әкелуi (әкетуi)
16. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жүрген кезде бұл тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында (уақытша болатын елде) жеке пайдалануы үшiн қажеттi тауарларды, бастапқы келген (кеткен) кезде тауарларды кеден органдарына мәлiмдеуi шартымен, кеден төлемдерi мен салықтарын төлеместен уақытша әкеле (әкете), сондай-ақ уақытша әкелiнген (әкетiлген) тауарларды керi әкете (әкеле) алады.
Мұндай тауарлардың тiзбесi осы Ережеге 2-қосымшада келтiрiлген.
Уақытша әкелiнген тауарлар иелiктен шығарыла, басқа тұлғалардың иелiгiне, пайдалануына немесе билiгiне берiле алмайды.
17. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрақты тұрғылықты жерi бар тұлғалар ғана тауарларды жеңiлдетiлген, оңайлатылған тәртiппен Қазақстан Республикасының кеден аумағына уақытша әкеле, ал Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын жерi бар және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша шығатын тұлғалар - көрсетілген тәртіппен уақытша әкете алады.
18. Жеке тұлғалардың тауарларды жеңiлдетiлген, оңайлатылған тәртiппен уақытша әкелуiне (әкетуiне) кеден органы сапардың мақсаттары мен барлық өзге де жағдайларын (ұзақтығы, маусымы және с.с.) ескере отырып және тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында (уақытша болған елде) іс жүзінде болу уақытынан аспайтын мерзімге рұқсат етеді.
Жеңіл автомобильдер мен оларға тіркемелерді екі айдан аспайтын мерзімге оңайлатылған тәртіппен уақытша әкелуге жол беріледі.
4. Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы жеке
тұлғалар тауарларының транзитi
ҚР Үкіметінің 21.10.02 ж. N 1136 қаулысымен (күшіне енетін мерзіміне қараңыз) 19-тармақ жаңа редакцияда
19. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізетін, құны қоса есептегенде 10000 (он мың) АҚШ долларына дейінгі тауарларды (акцизделетін тауарларды және СЭҚ ТН-ға сәйкес 01, 2201-2202, 2209, 2401, 2403, 29, 30, 84, 86, 87, 88, 89, 9018-9022, 93, 97 тауар топтары мен айқындамаларында жіктелетін тауарларды қоспағанда) мәлімдеу олардың жалпы салмағы 200 (екі жүз) килограмнан аспауы шартымен Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес тауарлардың транзиті режиміне қойылатын талаптарды сақтап, мәлімдеудің оңайлатылған нысаны қолданыла отырып жүргізіледі.
5. Тауарларды халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзу
20. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден аумағынан не жеке тұлғаның атына Қазақстан Республикасының кеден аумағына халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен жiберетiн, өндiрiстiк немесе өзге де коммерциялық қызмет үшiн арналмаған тауарларды кедендiк ресiмдеу олардың салмағы 31 (отыз бiр) килограмнан аспауы, ал жалпы құны қоса есептегенде 1000 (мың) АҚШ долларына баламалы сомадан аспауы шартымен кеден төлемдерiн төлеуден толық босатыла отырып және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан жүргiзiледi.
21. Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес мұндай жiберуге тыйым салынған тауарлар халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзуге жатпайды.
Жеке тұлғалардың тауарларды
Қазақстан Республикасының
кеден шекарасы арқылы
оңайлатылған, жеңiлдетiлген
тәртiппен өткiзу ережесiне
1-қосымша
Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден
шекарасы арқылы өткiзетiн тауарлардың мақсатқа арналуын
айқындаудың өлшемдерi
Тауарлар өндiрiстiк немесе өзге де коммерциялық қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады, егер:
1. Тауарларды өткiзу жиiлiгi айына 1 (бiр) реттен асатын болса;
2. Тауарлардың сипаты мына төмендегi санаттардың бiрiне сәйкес келсе:
1) көлiк құралдары мен олардың бөлшектерi, оның iшiнде жол полициясы органдарында есепке алуға жататындар;
2) Қазақстан Республикасының кеден аумағына Қазақстан Республикасының Yкiметi акциздер салудан босату үшiн белгілеген нормалардан артық әкелiнген акцизделетiн тауарлар;
3) кәсiби жабдықтар (өндiрiстiк немесе өзге де коммерциялық қызметтi жүзеге асыру үшiн еңбек құралдары ретiнде пайдаланылатын жабдықтар);
4) станоктар;
5) шикiзаттар;
6) шала өнiмдер;
7) ауыл шаруашылығы техникасы;
8) құрылыс материалдары;
9) жинақтаушы бұйымдар.
3. Тауарлардың саны мынадай көрсеткiштерден асса:
киiм - бiр адамға шаққанда бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 2 (екi) зат (пайдалануда болғандарды қоспағанда);
бас киiм - бiр адамға шаққанда бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 2 (екi) зат (пайдалануда болғандарды қоспағанда);
аяқ киiм - бiр адамға шаққанда бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 2 (екi) зат (пайдалануда болғандарды қоспағанда);
тағам өнiмдерi - бiр адамға 10 (он) кг;
туалеттік керек-жарақтар мен парфюмериялық-косметикалық бұйымдар бiр адамға бiр атаудағы 3 (үш) зат (пайдалануда болғандарды қоспағанда);
жиhаз - бiр адамға 1 (бiр) жиынтық немесе гарнитур;*)
асханалық тұрмыстық ыдыс-аяқтар мен аспаптар - бiр адамға бiр түрдегi 2 (екi) жиынтық немесе сервиз;*)
төсек-орын керек-жарақтары - бiр адамға бiр түрдегi 2 (екi) жиынтық;*)
фототехника, аудиотехника, бейнетехника, ұйымдастыру техникасы, тұрмыстық техника және электр аспаптары - бiр адамға әр атаудан 1 (бiр) зат;*)
зергерлiк бұйымдар - бiр адамға 6 (алты) зат;
музыка аспаптары - бiр адамға 1 (бiр) зат;
спорттық мүкәммал - бiр адамға 1 (бiр) зат;
дәрi-дәрмек құралдары - бiр адамға 500 грамм;
баспа басылымдары, бейнекассеталар, аудиокассеталар, шағын дискілер, фотопленкалар - бiр адамға әр атаудан 10 (он) дана;*)
велосипедтер - бiр адамға 2 (екi) дана;
балалар ойыншықтары - бiр адамға 2 (екі) жиынтық пен модель;*)
балалар арбасы - бiр адамға 1 дана;
үй шаруашылығында немесе тұрмыста пайдаланылатын жоғарыда аталмаған басқа да заттар - бiр адамға әрбiр атаудан 2 (екi) зат.
_______________________
Ескерту:
Жиынтық - бұл бiрдеңенiң толық жинағы, құрамы. Тауардың құрамы (жиынтықтылығы) "Құрамы" немесе "Жиынтықтылығы" деген атауы бар тiзбе түрiнде тұтынушыға арналған ақпаратта (этикеткалар, таңбалар, жапсырма қағаздар, паспорт, формуляр, қолдану жөнiндегi басшылық) көрсетiлуi тиiс.
*) Көрсеткіштер Қазақстан Республикасына/нан тұрақты тұруға қоныс аударатын жеке тұлғалар оларды өткiзген кезде пайдалануда болған тауарларға қатысты қолданылмайды.
Жеке тұлғалардың тауарларды
Қазақстан Республикасының
кеден шекарасы арқылы
оңайлатылған, жеңiлдетiлген
тәртiппен өткiзу ережесiне
2-қосымша
Кеден төлемдерi мен салықтарын төлеместен уақытша
әкелуге (әкетуге) рұқсат етiлетiн тауарлардың
ТІЗБЕСI
1. Киiм, бас киiмдер, аяқ киiм.
2. Жұмсалатын тауарларды қоспағанда, туалет бұйымдары.
3. Жеке зергерлiк әшекейлер.
4. Фото-, кино-, бейнекамералар мен оларға жабдықтар.
5. Тасымалданатын слайд- және кинопроекторлар мен оларға жабдықтар.
6. Тасымалданатын бейнемагнитофондар мен оларға жабдықтар.
7. Тасымалданатын музыкалық аспаптар.
8. Күйтабақтарымен бiрге тасымалданатын ойнатқыштар.
9. Yнтаспаларымен бiрге тасымалданатын дыбыс жазғыш және шығарғыш
аппаратура (диктофондарды қоса алғанда).
10. Тасымалданатын радиоқабылдағыштар.
11. Тасымалданатын телевизорлар.
12. Тасымалданатын жазу машинкалары.
13. Тасымалданатын калькуляторлар.
14. Тасымалданатын жеке компьютерлер.
15. Дүрбiлер.
16. Балалар арбалары.
17. Мүгедектерге арналған арбалар.
18. Спорт жабдықтары мен керек-жарақтары.
19. Тасымалданатын диализаторлар мен осындай медициналық аспаптар.
20. Ұялы байланыстың мобильдi телефондары.
21. Жеңiл автомобильдер мен оларға тiркемелер.
Жеке тұлғалардың тауарларды
Қазақстан Республикасының кеден
шекарасы арқылы оңайлатылған,
жеңілдетілген тәртіппен өткізу
ережесіне З-қосымша
Қазақстан Республикасының кеден аумағына жеке тұлғалар
жеңіддетілген тәртіппен әкелетін тауарларға арналған
кеден баждарының бірыңғай ставкалары
ҚР Үкіметінің 21.10.02 ж. N 1136 қаулысымен (күшіне енетін мерзіміне қараңыз) 3-қосымшамен толықтырылды
СЭҚ ТН бойынша тауардың коды | Тауарлардың қысқаша атауы | Кеден баждарының бірыңғай ставкасы (кедендік құнның %-ымен не ЕВРО-да) |
02-21, 23, 25-28, 31-40, 50-63, 68-70 | Тамақ өнімдері, тірі ағаштар, іш майлары мен майлар, тамақ өнеркәсібінің қалдықтары, шығындылары, тоқыма материалдары мен бұйымдары, тастан, гипстен, цементтен, асбестен, слюдадан жасалған бұйымдар, қыш бұйымдар, шыны және одан жасалған бұйымдар | 2%, бірақ 1 кг үшін 0,02 ЕУРО-дан кем емес |
41-43, 90-92 (9018-9022- ден басқа) | | 2%, бірақ 1 кг үшін 0,16 ЕУРО-дан кем емес |
44-49 | Сүрек және одан жасалған өнімдер; қағаз, картон, баспа өнімдері | 2%, бірақ 1 кг үшін 0,03 ЕУРО-дан кем емес |
64-67, 85 | Аяқ-киім; бас киімдер, қол шатырлар және т.б.; электр машиналары мен жабдықтары, аппаратура | 2%, бірақ 1 кг үшін 0,07 ЕУРО-дан кем емес |
72-83, 94-96 | | 2%, бірақ 1 кг үшін 0,04 ЕУРО-дан кем емес |
71 | Табиғи маржан тастар, асыл тастар, метал- дар, олардан жасалған бұйымдар, бижутерия, монеталар | 2%, бірақ 1 кг үшін 2 ЕУРО-дан кем емес |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 31 мамырдағы N 741
қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші
жойылған кейбір шешімдерінің
Тізбесі
1. "Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарларды, соның ішінде көлік құралдарын да өткізуінің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1712 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 53, 512-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1712 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 1 тамыздағы N 1204 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 35, 326-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1712 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 мамырдағы N 898 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 23, 207-құжат).
4. "Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін акцизделетін тауарларға арналған акциз ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 маусымдағы N 608 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 20, 176-құжат) 3-тармағының 2) тармақшасы.
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 қыркүйектегі N 927 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 33, 300-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1712 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 30 қыркүйектегі N 979 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 34, 314-құжат).