Тауарлардың жекелеген түрлеріне арналған шығарушылық кеден баждарының
ставкалары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 ж. 5 маусымдағы N 841 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 14.11.00 ж. N 1713; 20.03.01 ж. N 372; 09.01.02 ж. N 13
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 12.02.04 ж. N 170 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Отандық тауар өндірушілерді қолдау және республикалық бюджеттің кіріс бөлігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағына қатысушы мемлекеттерден тысқары жерлерге Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылатын тауарларға арналған кеден баждарының ставкалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының Интеграциялық комитетін қазақстандық тарап қабылдаған сауда қызметін реттеу жөніндегі іс-шаралар туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы жарияланғаннан кейін отыз күннен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 5 маусымдағы
N 841 қаулысына қосымша
ҚР Үкіметінің 14.11.00 ж. N 1713; 20.03.01 ж. N 372 қаулыларымен қосымша толықтырылды; ҚР Үкіметінің 09.01.02 ж. N 13 қаулысымен қосымша өзгертілді
Кеден одағына қатысушы мемлекеттерден тысқары
жерлерге Қазақстан Республикасының аумағынан
шығарылатын тауарларға арналған кеден баждарының
ставкалары
ТМД СЭҚ ТН бойынша тауардың коды | Тауардың атауы* | Баждың ставкасы (кедендік құнынан %-пен немесе еврода) |
4101 Мүйізді ірі қара малдың немесе 10, бірақ 1000 кг. жылғы тұқымдас жануарлардың түкті үшін 90 евродан кем емес немесе түксіз, қиынды немесе бүтін терілері 4102 Қойлардың немесе қозылардың жүні 10, бірақ 1000 кг. бар немесе тықыр, қиынды немесе үшін 70 евродан бүтін терілері кем емес 4103 Басқа да өңделмеген терілер мен 10, бірақ 1000 кг. былғарылар (былғарылық шикізат) үшін 60 евродан кем емес 5101- Кардомен немесе тарақпен 10, бірақ 1000 кг. 5104 00 000 таралмаған жүн, қалпына келтірілген үшін 50 евродан жүн кем емес 7404 00 Мыс қалдықтары 1 тоннасына 30, бірақ мен сынықтары 330 евродан кем емес 7204** Қара металдардың қалдықтары мен 15, бірақ 1 сынықтары; қайта қорытуға арналған тонна үшін 20 қара металдар құймалары (шихталық евродан кем құймалар) емес 7302 Темiр жол немесе трамвай жолдарына 20, бірақ 1 пайдалануға арналған қара металдар тонна үшiн 20 бұйымдары: рельстер, рельстердi евродан кем қосуға және бекiтуге арналған емес қатырма рельстер және тiстi рельстер, ауыстырғыш рельстер, нығырлап қиыстыратын шаңбақтар, ауыстырғыш аспалар және басқа да көлденең жалғағыштар, шпалдар, түйiстiрушi жапсырмалар және астарлар, сыналар, тiрек тақталары, iлмектi рельс бұрандалары, көпшiктер және тартқылар, көтерме аяқтар, көлденең белдiктер және басқа да бөлшектер 7601, Өңделмеген қайталама алюминий 15, бiрақ 1 7603-7616 және қайталама алюминийден тонна үшiн 100 жасалған бұйымдар евродан кем емес 8607 Темiр жол немесе трамвай 20, бiрақ 1 локомотивтерiнiң немесе жылжымалы тонна үшiн 15 құрамның бөлiктерi евродан кем емес |
* Тауарлардың номенклатурасы кодпен де, тауарлардың атауымен де
айқындалады.
** Көрсетiлген тауарларға арналған әкетiлетiн кеден баждарының
ставкалары Еуропалық Одаққа мүше елдерге қатысты қолданылмайды.