Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 20 наурыздағы № 372 қаулысы
(2006.14.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды
Қайталама түсті және қара металдар рыногын реттеуді жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат):
көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
келесі жолдар:
________________________________________________________________________
"Коррозияға төзімді (тоттанбайтын) болаттың |7204 21 |
қалдықтары мен сынықтары |100 |
________________________________________________________________________
Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары |7204, |
(қолдануда болған рельстер, темір жол төсемдері. |7302-ен* |
нің элементтері, дискілер, доңғалақ жұптары) | | "
________________________________________________________________________
мынадай редакцияда жазылсын:
________________________________________________________________________
"Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары; |7204 |
қайта қорытуға арналған қара металдар
құймалары (шихталық құймалар)
________________________________________________________________________
Темір жол немесе трамвай жолдарына |7302-ен* |
пайдалануға арналған қара металдар бұйымдары:
рельстер, рельстерді қосуға және бекітуге
арналған қатырма рельстер және тісті рельстер,
ауыстырғыш рельстер, нығарланып қиыстыратын
шаңбақтар, ауыстырғыш аспалар және басқа да
көлденең жалғағыштар, түйістіруші жапсырмалар
және астарлар, сыналар, тірек тақталары, ілмекті
рельс бұрандалары, көпшіктер және тартқылар,
көтерме аяқтар, көлденең белдіктер және басқа да
бөлшектер
________________________________________________________________________
Темір жол немесе трамвай локомотивтерінің |8607* |
немесе жылжымалы құрамның бөліктері | | ";
________________________________________________________________________
Мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«*Тауарлар номенклатурасы тауарлардың кодымен де, атауларымен де айқындалады»;
2) ҚР Үкіметінің 2006.14.12. № 1203 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3) ҚР Үкіметінің 2006.14.08. № 765 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі сыртқы экономикалық қызметті реттеу жөнінде қазақстан тарабы қолданып жатқан шаралар туралы Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы Интеграциялық комитетін белгіленген тәртіппен хабардар етсін.
3. Осы қаулының жарияланған күнінен бастап екі айдан кейін күшіне енетін 1-тармағы 2-тармақшасының 15-23-абзацтарынан, сондай-ақ осы қаулының жарияланған күнінен бастап 30 күннен кейін күшіне енетін 1-тармағының 3) тармақшасынан басқа, осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі