Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік
стипендия тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы
29 мамырдағы N 812 Қаулысы (ҚР Үкіметінің 30.10.01 ж. N 1376;
31.12.03 ж. N 1370 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 25 ақпандағы N 173 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия тағайындау туралы" 2000 жылғы 3 сәуірдегі N 369 Жарлығын орындау үшін және әдебиет және өнер қайраткерлерін мемлекеттік қолдауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия берудің ережесі бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия беру жөніндегі комиссия құрылсын.
3. Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен 2000 жыл үшін Мемлекеттік стипендиялар төлеуге үстіміздегі жылғы желтоқсанда 8 700 000 (сегіз миллион жеті жүз мың) теңге бөлінсін, ал одан әрі - жыл сайын республикалық бюджетте "Мемлекеттік сыйлықтар" бағдарламасы бойынша көзделсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 29 мамырдағы
N 812 қаулысымен бекітілген
Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер
қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия берудің
Ережесі
1. Осы Ереже Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия (бұдан әрі - Мемлекеттік стипендия) берудің тәртібін белгілейді.
2. Мемлекеттік стипендия көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлерін материалдық қолдау мақсатында тағайындалады және Қазақстанның әдебиеті мен өнерін жасауға, сақтауға және дамытуға зор үлес қосқан, сондай-ақ жоғары шығармашылық әлеуеті бар адамдарға беріледі.
3. Қазақстанның:
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен:
Қазақстан Республикасының халық жазушысы, халық әртісі, халық суретшісі, еңбек сіңірген қайраткері құрметті атақтары бар немесе әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары болып табылатын;
жаңа шығармалар жасауға және Қазақстан мәдениетіне үлес қосуға жоғары шығармашылық әлеуеті бар азаматтары Мемлекеттік стипендияға үміткер бола алады.
4. Лауазымды адамдардың, баспалардың, редакциялардың, шығармашылық және басқа да қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық құрылымдардың ақы төленетін басшыларының, сондай-ақ сайланбалы органдар өкілдерінің кандидатураларын қарауға қабылданбайды.
5. Үміткерлердің кандидатураларын шығармашылық Одақтар, мәдениет және өнер ұйымдары мен мекемелері ұсынады.
6. Мемлекеттік стипендияны Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік стипендия беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қорытындысының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді.
7. Мемлекеттік стипендия алуға ұсынылатын құжаттардың тізбесін Комиссия белгілейді.
8. Комиссияның Мемлекеттік стипендия беруге кандидатураны бекіту туралы шешімі Комиссияның отырысында қарапайым көпшілік дауыспен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
Егер оған Комиссия мүшелерінің үштен екісінен астамы қатысып отырса, отырыстың құқықтық күші бар деп саналады.
9. Үкімет қажеттілігіне қарай Мемлекеттік стипендиаттардың жеке құрамын өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізе алады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 29 мамырдағы
N 812 қаулысына қосымша
ҚР Үкіметінің 30.10.01 ж. N 1376; 31.12.03 ж. N 1370 қаулыларымен құрам өзгертілді
Көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне Мемлекеттік
стипендиялар беру жөніндегі комиссияның
Құрамы
Абдрахманов - Қазақстан Республикасының Ақпарат
Сауытбек министрi, төраға
Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының
Мұхтар Абрарұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім министрі, төраға
Тілеухан - Қазақстан Республикасының
Бекболат Қанайұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім министрлігі Мәдениет
комитетінің төрағасы
Жоламан - Қазақстан Республикасы Премьер-
Рүстем Қабидоллаұлы Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-
мәдени даму бөлімінің меңгерушісі
Қасейiнов - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Дүйсен Қорабайұлы министрi, төрағаның орынбасары
Аманшаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ермек Әмiрханұлы вице-министрi
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бақытжан Тұрсынұлы Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтiк
-мәдени даму бөлiмiнiң
меңгерушiсi
Әбдiков - Қазақстан Республикасы
Төлен Президентiнiң Әкiмшiлігi Iшкі
саясат бөлiмiнiң бас
сарапшысы (келісiм бойынша)
Асқаров - Қазақстан Республикасының Ақпарат
Әлiбек Асылбайұлы министрлігі Баспа және полиграфия
iстерi жөніндегi департаментiнiң
директоры, хатшы
Оразалин - Қазақстан Жазушылар одағы
Нұрлан Мырқасымұлы басқармасының бірінші
хатшысы (келісім бойынша)
Мергенов - Қазақстан Суретшілер одағы
Еркін Тілекұлы басқармасының төрағасы
(келісім бойынша)
Еркімбеков - Қазақстан Композиторлар
Серік Жексембекұлы одағы басқармасының бірінші
хатшысы (келісім бойынша)
Андриасян - М.Лермонтов атындағы
Рубен Суренович мемлекеттік академиялық орыс
драма театрының көркемдік
жетекшісі
Клушкин - Құрманғазы атындағы Алматы
Юрий Степанович мемлекеттік консерваториясының
кафедра меңгерушісі
Серкебаев - Қазақстан музыка
Ермек Бекмұхамедұлы қайраткерлері одағы басқармасының
төрағасы (келісім бойынша)
Мәмбетов - Астана қаласындағы Қ.Қуанышев
Әзербайжан Мәдиұлы атындағы Қазақ музыкалық
драма театрының көркемдік
жетекшісі
Райбаев Зәуір - Абай атындағы Қазақ
мемлекеттік академиялық
опера және балет театрының
бас балетмейстрі