Қазақстан Республикасы жоғары оқу-орындарына қабылдаудың Yлгi
ережелерiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігінің 2000 ж. 25 наурыздағы N 247 Бұйрығы
(ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366;
17.05.02 ж. N 394 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2003 ж. 22 ақпандағы N 116-1 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 24 сәуiрдегi N 464 "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк жоғары оқу орындарында студенттер контингентiн қалыптастырудың жаңа моделi туралы" қаулысын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 29 ақпандағы N 315 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 24 сәуiрдегi N 464 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" қаулысын, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2000 жылғы 16 наурыздағы алқасының қаулысын орындау мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымша берiлген Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына (бұдан әрi - жоо) қабылдаудың Үлгi ережелерi бекiтiлсiн.
2. Осы Үлгi ережелер Қазақстан аумағындағы барлық мемлекеттiк және мемлекеттiк емес жоғары оқу орындарына қатысты деп белгiленсiн.
3. Жоғары бiлiм департаментi (Ә. Әбжаппаров):
1) бiр ай мерзiм iшiнде қабылдау бойынша хабарлау тәртiбiн, үлгiсiн және мерзiмiн дайындасын және оны жоғары оқу орындары мен аймақтық комиссияларға жеткiзсiн;
2) осы бұйрық белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуден өткiзуге ұсынылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министр Ә. Ахметовке жүктелсін.
Министр
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2000 жылғы 25 наурыздағы
N 247 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына
қабылдаудың типтік ережелері
1. Жалпы ережелер
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366 бұйрығына сәйкес 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына Қазақстан Республикасының жалпы орта, орта кәсiптiк және жоғары кәсiптiк бiлiмi бар азаматтар, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366 бұйрығымен 2-тармақ толықтырылды
2. Жоғары оқу орындарында студенттер контингентiн қалыптастыру мемлекеттiк маман даярлау тапсырыс (мемлекеттiк бiлiм гранты және мемлекеттiк бiлiм несиесi) негiзiнде және жеке тұлғалардың өз қаражаты мен басқа қаражат көздерi арқылы жүзеге асырылады.
Қазақ ұлтының басқа мемлекет азаматы болып табылатын өкiлдерiне, шет ел азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға, сонымен бiрге Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының және Қырғыз Республикасының азаматтарына мемлекеттiк бiлiм грантын алуға Қазақстан Республикасының азаматымен бiрдей құқық берiледi.
Қазақ ұлтының басқа мемлекет азаматы болып табылатын өкiлдерiне мемлекеттiк бiлiм несиесiн алуға Қазақстан Республикасының азаматымен бiрдей құқық берiледi.
Шет мемлекеттердiң басқа азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар жоғары оқу орындарына (ЖОО) Қазақстан Республикасының заңдылықтарында, сондай-ақ халықаралық келiсiмдерге сәйкес, Қазақстан Республикасында белгiленген тәртiппен қабылданады.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366 бұйрығына сәйкес 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Жоғары оқу орындарына түсетiн азаматтар қабылдау емтихандарын кешендi тестiлеу түрiнде тапсырады.
Кешендi тестiлеу Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Мемлекеттiк бiлiм стандарттары мен тестiлеу ұлттық орталығы (бұдан әрi - МБСТҰО) әзiрлеген технология бойынша жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына орта кәсiптiк бiлiмi бар азаматтарды мемлекеттiк бiлiм тапсырысының қысқартылған бiлiм беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға қабылдау кешенді тестiлеу негiзiнде мемлекеттiк сертификатты берумен қатар жүзеге асырылады.
Азаматтарды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне, Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлiгiне, Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар агенттiгiне (1-қосымша) бағынысты жоғары оқу орындарына бекiтiлген жоспар бойынша қабылдау үш кезеңде өтедi:
бірінші кезеңде аталған жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары кадрлар даярлаудың аймақтық принципiн ескере отырып, медициналық, тәндік және психологиялық көрсеткiштері бойынша iрiктеу жүргiзу арқылы талапкерлер контингентiн қалыптастырады;
екiншi кезеңде МБСТҰО әзірлеген технологияға сәйкес жоғары оқу орны қабылдау емтихандарын кешендi тест түрiнде жүргізеді;
үшінші кезеңде аталған жоғары оқу орындарының мандаттық комиссиялары студент қатарына қабылдау жұмысын өткізеді.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді
4. Ақылы оқыту бөлiмiне түсушiлердi кешендi тест сынағынан өткiзудi жоғары оқу орындарының МБСТҰО әзiрлеген технология бойынша қабылдау комиссиялары да жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына орта кәсiптiк немесе жоғары кәсiптiк бiлiмi бар азаматтарды төлемақы негiзiнде қысқартылған бiлiм беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға қабылдау жоғары оқу орындардың қабылдау комиссиялары жүргізеді.
5. Екi немесе одан жоғары елдер арасында мемлекетаралық келiсiмдер бойынша құрылған халықаралық жоғары оқу орындарына мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде белгiленген квота бойынша шет ел азаматтарын қабылдауды жоғары оқу орындары дербес түрде шешедi.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366 бұйрығымен 6-тармақ өзгертілді
6. Жоғары кәсiби бiлiм берудiң мемлекеттiк құпиялармен 2-қосымшаға сәйкес жұмыс iстеудi талап ететiн жекелеген мамандықтары бойынша азаматтарды қабылдау мамандандырылған мемлекеттiк оқу орындарында және басқа да мемлекеттiк оқу орындарының факультеттерiнде (бөлiмдерiнде) мемлекеттiк бiлiм тапсырысы бойынша ғана жүзеге асырылады.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366 бұйрығымен 7-тармақ өзгертілді
7. Кешендi тест талапкерлердiң тiлегi бойынша қазақ не орыс тiлiнде жалпы орта бiлiм беру бағдарламасы көлемiнде 4 пән бойынша жүргiзiледi. Емтихан қазақ тiлi не орыс тiлi, Қазақстан тарихы және математика пәндерiнен мiндеттi түрде, ал төртiншi және мамандыққа бейiмдейтiн пәндерден талапкердiң таңдаған мамандығы бойынша 3-қосымшаға сай жүргiзiледi.
Мәдениет, өнер және сәулет мамандықтары (060140-061442, 061640, 061840-062240), педагогикалық мамандықтары (031140, 031441, 031740, 031840) мамандықтары үшiн қазақ немесе орыс тiлi және Қазақстан тарихы пәндерi мiндеттi болып табылады.
8. Әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 30. Әр тест тапсырмасының дұрыс жауабы бiр балл болып бағаланады.
9. Кешендi тест өткiзуге 3 астрономиялық сағат бөлiнедi. Кешендi тест сынағын қайта тапсыруға рұқсат етiлмейдi.
10. Дұрыс жауаптар коды тест бiткен бойда iлiнедi.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366 бұйрығымен 11-тармақ өзгертілді
11. Шығармашылық мамандыққа түсушi азаматтар арнайы (шығармашылық) емтиханды өздерi таңдаған жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына тест өткiзгенге дейiн тапсырады. Бiр шығармашылық емтиханның ең жоғары балл саны - 45. Мәдениет, өнер және сәулет мамандықтары (060140-061442, 061640, 061840-062240), педагогикалық мамандықтары (031140, 031441, 031740, 031840) мамандықтары үшiн арнайы (шығармашылық) емтихандар саны - 2, басқа шығармашылық мамандықтар үшiн - 1. Арнайы (шығармашылық) емтиханнан 20-дан кем балл жинағандар немесе оған қатыспай қалғандар аталған мамандық бойынша сынаққа жiберiлмейдi. Арнайы (шығармашылық) емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етiлмейдi.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366 бұйрығына сәйкес ереже 11-1-тармақпен толықтырылды ҚР Білім және ғылым министрінің 17.05.02 ж. N 394 бұйрығымен 11-1-тармақ өзгертілді
11-1. өтiнiш қабылдау мерзiмi 20 маусымнан 15-шiлдеге дейiн, тест сынағын өткiзу мерзiмi 28-шiлдеден 2 тамызға дейiн.
021040 - Журналистика мамандығына, мәдениет, өнер және сәулет мамандықтарына (060140-061442, 061640, 061840-062240), педагогика мамандықтарына (031140, 031441, 031740, 031840) өтiнiш қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары 20 маусымнан 7 шiлдеге дейiн жүргiзедi, арнайы (шығармашылық) емтихандар шілденiң 8-нен 14-не дейiн өткiзiледi.
1-қосымша бойынша жоғары оқу орындарына өтiнiштер қабылдау мерзiмi мүдделi министрлiктермен және агенттiктермен анықталады.
Сырттай оқудың ақылы бөлiмiне өтiнiштер қабылдау 15 қыркүйекке дейiн, кешендi тестiлеуден өткiзу 20 қыркүйектен 25 қыркүйек аралықтарында жүргізіледі.
2. Мемлекеттiк сертификаттар алу үшiн тест өткiзу
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366 бұйрығына сәйкес 12-тармақ жаңа редакцияда
12. Мемлекеттiк сертификат алу үшiн кешендi тест сынақтары Қазақстанның барлық аймақтарының облыс орталықтарында, сондай-ақ Астана, Алматы, Арқалық, Жезқазған, Жетiсай, Рудный, Семей, Темiртау, Түркiстан және Екiбастұз қалаларында өткiзiледi.
13. Жергілiктi жерде ұйымдастыру және ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына азаматтарды тест сынағынан өткiзу мен оны ұйымдастыру жөнiндегi аймақтық комиссиялар құрылады (бұдан әрi - аймақтық комиссия).
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366 бұйрығымен 14-тармақ өзгертілді
14. Кешендi тест сынағына қатысу үшiн азамат жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына арнайы бланкiде өтiнiш, аттестат немесе орта кәсiптiк оқу орнын аяқтағаны туралы диплом (түпнұсқа), жеңiлдіктер алуға құқық беретiн құжат, тест сынағын өткiзуге қажеттi ақыны төлегенi туралы түбiртек (квитанция), 3х4 көлемiндегi екi фотосурет, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесiн өткiзедi.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366 бұйрығымен 15-тармақ алып тасталды
15. алынып тасталды
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366 бұйрығымен 16-тармақ өзгертілді
16. Азамат мемлекеттiк білiм гранты немесе мемлекеттiк бiлiм несиесiн алу жөнiндегi конкурсқа қатысу үшiн өз өтiнiшiнде үш мамандықты көрсетуге құқы бар.
1-қосымша бойынша жоғары оқу орындарына түсетiн кезде бiрiншi осы оқу орнында даярланатын мамандықты, екiншi және үшiншi болып - 3-қосымша бойынша мамандықтарды көрсетедi.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366 бұйрығына сәйкес 17-тармақ жаңа редакцияда
17. Тест нәтижелерiн өңдеу жұмыстарын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң МБСТҰО кешендi тестiлеудi өткiзу орны бойынша өткiзедi.
18. Мемлекеттiк сертификаттарды алу үшiн өткiзiлген тест нәтижелерiн аймақтық комиссия тест сынағы өткiзiлген күнi жариялайды.
19. Тест нәтижесi бойынша әр қатысушыға белгiленген үлгідегі мемлекеттiк сертификат толтырылады, оны аймақтық комиссия тест сынағы өткеннен кейiнгi үш күн iшiнде бередi.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366 бұйрығымен 20-тармақ өзгертілді
20. Шығармашылық мамандыққа, сондай-ақ 1-қосымшаға сәйкес жоғары оқу орындарына түсушiлерге кешендi тест ЖОО орналасқан қалада өтедi.
21. Тест сынағының нәтижесiмен келiспеген азаматтың шағым беруге құқы бар.
Тест нәтижесi бойынша шағым тест қорытындысы хабарланғаннан кейiнгi бiр тәулiк iшiнде аймақтық комиссияға берiледi және оны аймақтық комиссия төрағасы бекiткен шағым комиссиясы қарайды.
3. Мемлекеттiк бiлiм гранты мен мемлекеттiк
бiлiм несиесiн беру тәртiбi
22. Мемлекеттiк бiлiм грантын немесе мемлекеттiк бiлiм несиесiн алуға құқық берудi Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Республикалық конкурстық комиссиясы нақты мамандықтар және тiл бөлiмдерi бойынша бекiтiлген мемлекеттiк тапсырыс көлемiнде жүргiзедi.
23. Мемлекеттiк бiлiм гранттары азаматтарға заңда бекiтiлген тәртiппен кешендi тест сынағынсыз берiлуi мүмкiн.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366 бұйрығымен 24-тармақ өзгертілді
24. Ауыл мектептерiн бiтiрген азаматтарды жоғары оқу орындарына қабылдау үшiн, 4-қосымшаға сәйкес ауылдың әлеуметтiк-экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтар бойынша мемлекеттiк тапсырыстың 30 пайызы көлемiнде квота бекiтiледi.
25. Мемлекеттiк бiлiм гранты мен мемлекеттiк бiлiм несиесi мемлекеттiк сертификатындағы балға сәйкес конкурстық негiзде берiледi.
Мемлекеттiк сертификатындағы балл көрсеткiшi бiрдей болғанда, мемлекеттiк бiлiм грантын тағайындау немесе мемлекеттiк бiлiм несиесiн алудың басым құқығы жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, дәрiгерлiк-әлеуметтiк сарап комиссиясының қорытындысы бойынша сәйкес бiлiм беру ұйымдарында оқуға тыйым салынбаған жағдайда бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектерге, бала кезден мүгедектерге, үздiк аттестатпен не орта кәсiптiк оқу орнын үздiк дипломмен бiтiргендерге, сонан соң жалпы конкурс бойынша берiледi.
26. Мемлекеттiк бiлiм гранттары және мемлекеттiк бiлiм несиелерiн беруге арналған конкурстың бiрiншi кезеңiнен соң бос қалған орындары бар мамандықтарға конкурстың екiншi кезеңi өткiзiледi. Конкурстың екiншi кезеңiне конкурстың бiрiншi кезеңiнде өте алмай қалған және екiншi мамандықты көрсеткен азаматтар қатысады. Конкурстың екiншi кезеңiнде бос қалған орындары бар мамандықтарға конкурстың үшiншi кезеңi өткiзiледi, оған алдыңғы екi кезеңде өтпей қалған және үшiншi мамандықты көрсеткен азаматтар қатысады.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366 бұйрығымен 27-тармақ өзгертілді
27. Мемлекеттiк бiлiм грантын немесе мемлекеттiк бiлiм несиесiн алған азаматтарға Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi белгiленген үлгiдегi куәлiк бередi. Аталған куәлiк иелерiнiң тiзiмi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2001.05.18. N 366 бұйрығымен 28-тармақ өзгертілді
28. Аймақтық комиссия мемлекеттiк бiлiм грантын алғаны немесе мемлекеттiк несие алу құқығына ие болғандығы туралы куәлiктi қабылдау комиссиясына тапсырылған құжаттарымен қоса азаматтарға 15-тамызға дейiн бередi.
4. Жоғары оқу орындарына қабылдау
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366; 17.05.02 ж. N 394 бұйрықтарымен 29-тармақ өзгертілді
29. Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары студенттер қатарына үқабылдауды 10-29 тамыз аралығында өткiзедi.
Азаматтар жоғары оқу орындардың қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтiнiшпен бiрге жалпы орта немесе орта кәсiптiк бiлiмi туралы құжат (түпнұсқа), мемлекеттiк сертификат (бар болса), 3х4 көлемiндегi 6 фотосурет, 086 - У үлгiдегi медициналық анықтама, мемлекеттiк бiлiм гранты немесе мемлекеттiк бiлiм несиесiне ие болуға құқық алғандығы туралы куәлiгiн (мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде түсушiлер) өткiзедi.
30. Мемлекеттiк бiлiм грантына немесе мемлекеттiк бiлiм несиесiн алу құқығына ие болған азаматтар таңдаған мамандығы бойынша лицензиясы бар және мемлекеттiк аттестациядан өткен ЖОО-ға қабылдау туралы өтiнiш бере алады және студенттер қатарына қабылданады. Шығармашылық мамандық бойынша куәлiгi барлар өздерi арнайы (шығармашылық) емтихан тапсырған ЖОО-ға қабылданады.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366; 17.05.02 ж. N 394 бұйрықтарымен 31-тармақ өзгертілді және толықтырылды
31. Ақылы бөлiмге студент қатарына қабылдауды жоғары оқу орындардың қабылдау комиссиясы өткiзген тест сынағында жинаған ұпайлардың сәйкес, мамандықтар және тiл бөлiмдерi бойынша өткiзiледi. Арнайы (шығармашылық) емтихандар бекiтiлген мамандықтарға қабылдау - осы емтихандардың ұпай көрсеткiштерiнiң нәтижесі бойынша жүргiзіледi.
1-қосымша бойынша жоғары оқу орындарына студент қатарына қабылдауды осы жоғары оқу орнының мандат комиссиясының, талапкерлердің медициналық, тәндік және психологиялық көрсеткiштерiн ескере отырып, мемлекеттiк сертификат ұпайлары негiзiндегi конкурс бойынша қабылдаған шешімімен жүргізіледі.
Сырттай оқытудың ақылы бөлiмдерiне студент қатарына қабылдау 30 қыркүйекке дейiн жүргiзiледi.
32. Меншiк нысандарына қарамастан, барлық ЖОО Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне белгiленген үлгi мен мерзiмге сәйкес статистикалық есеп, ал қабылдау бiткеннен кейiн 10 күннiң iшiнде қабылдауды ұйымдастыру мен өткiзу туралы жазбаша қорытынды есеп бередi.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366 бұйрығымен 33-тармақ өзгертілді
33. Тест сынағынан жалпы саны 40-тан кем емес балл жинаған азаматтар студент қатарына қабылдауға жiберiлмейдi.
Ақылы негiзде түсушiлердi қабылдауға қажеттi ең төмен ұпайлардың санын жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясы анықтайды.
34. Осы Типтiк Ережелерде қарастырылмаған қабылдау жөнiндегi мәселелердi ЖОО-ның қабылдау комиссиялары дербес түрде шешедi.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366 бұйрығымен ереже 1-қосымшамен толықтырылды
1-қосымша
Күштік және өзге құрылымдарға бағынышты
жоғары оқу орындарының
тізбесі
N | Жоғары оқу орны | Мекен-жайы |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің академиясы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды құқық институты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай құқық институты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери академиясы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Т.Бегелдинов атындағы Ақтөбе жоғары әскери авиациялық училищесі Қазақстан Республикасы Қаржы полициясының Қаржы полиция академиясы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Көкшетау техникалық институты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Азаматтық авиация академиясы жанындағы Әскери факультет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Петропавл жоғары әскери училищесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жоғары әскери-теңіз училищесі. | |
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366 бұйрығымен ереже 2-қосымшамен толықтырылды
2-қосымша
Мемлекеттiк құпиялармен жұмысты талап ететiн
жоғары кәсiптiк бiлiм мамандықтар тiзбегi
1. 090100 - Халықаралық қатынастар.
2. 021600 - Юриспруденция мамандандырулары бойынша:
"Жедел-криминалистiк";
"Тергеу-криминалистiк";
"Қылмыстық-атқарушы"
3. 071100 - Әлемдiк экономика;
4. 110400 - Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар;
5. 170100 - Өрт қауiпсiздiгi;
6 170500 - Төтенше жағдайлардағы қорғау;
7. 320100 - Қолданбалы геодезия;
8. 011100 - Картография;
9. 370300 - Информацияны қорғауды ұйымдастыру және оның технологиясы;
10. 390900 - Ядролы-химиялық технология.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.05.01 ж. N 366 бұйрығымен ереже 3-қосымшамен толықтырылды
3-қосымша
Кешендi тест сынағы жүргiзiлетiн пәндер
көрсетiлген мамандықтар тiзiмi
────────┬────────────────────────────────┬─────────────┬──────────────────┐
Мамандық│ Мамандық атауы │Тест сынағы │ Мамандыққа │
шифры │ │ өтетiн │ бейімдейтін │
│ │ 4-ші пән │ пән │
────────┴────────────────────────────────┴─────────────┴──────────────────┘
010000 Жаратылыстану ғылыми мамандықтар (дипломдалған маман)
───────────────────────────────────────────────────────────────────────────
010140 Математика Физика Математика
010240 Қолданбалы математика Физика Математика
010340 Механика Физика Математика
010440 Физика Физика Физика
010540 Информатика Физика Математика
010640 Астрономия Физика Физика
010740 Химия Химия Химия
010840 Биология Биология Биология
010940 Экология және табиғатты пайдалану Биология Биология
011040 География География География
011140 Картография География География
011240 Метеорология География География
011340 Гидрология География География
011440 Геология Физика Физика
011540 Валеология Биология Биология
───────────────────────────────────────────────────────────────────────────
020000 Гуманитарлық-әлеуметтiк мамандықтар (дипломдалған маман)
───────────────────────────────────────────────────────────────────────────
020140 Философия Жалпы тарих Жалпы тарих
020240 Саясаттану Жалпы тарих Жалпы тарих
020340 Тарих Жалпы тарих Жалпы тарих
020440 Культурология Жалпы тарих Жалпы тарих
020640 Елтану Шетел тiлi Шетел тiлi
020740 Социология Жалпы тарих Жалпы тарих
020840 Археология және этнология Жалпы тарих Жалпы тарих
020940 Психология Биология Биология
021040 Журналистика Шығармашылық Шығармашылық
емтихан емтихан
021240 Қазақ тілі мен әдебиеті Қазақ әдебиеті Қазақ тілі
021340 Орыс тілі мен әдебиеті Әдебиет Орыс тілі
021440 Аударма ісi Шетел тiлi Шетел тiлi
021541 Шетел филологиясы: Ағылшын тілі Ағылшын тілі Ағылшын тілі
021542 Шетел филологиясы: Немiс тілi Неміс тілі Неміс тілі
021543 Шетел филологиясы: Француз тiлi Француз тілi Француз тілі
021544 Шетел филологиясы: Араб тілi Шетел тiлi Шетел тiлi
021545 Шетел филологиясы: Түрік тілi Шетел тiлi Шетел тiлi
021546 Шетел филологиясы: Корей тiлi Шетел тiлi Шетел тiлi
021547 Шетел филологиясы: Поляк тiлi Шетел тiлi Шетел тiлi
021548 Шетел филологиясы: Қытай тілi Шетел тiлi Шетел тiлi
021549 Шетел филологиясы: Парсы тiлi Шетел тiлi Шетел тiлi
021640 Құқықтану Жалпы тарих Жалпы тарих
021740 Қолданбалы лингвистика Әдебиет Ана тiлi
021840 Дiнтану Шетел тiлi Шетел тiлi
021940 Мұрағаттану Шет тiлi Шетел тiлi
022040 Әдебиеттану Әдебиет Әдебиет
022140 Шығыстану Шетел тiлi Шетел тiлі
───────────────────────────────────────────────────────────────────────────
030000 Педагогикалық мамандықтар (дипломдалған маман)
───────────────────────────────────────────────────────────────────────────
030140 Математика Физика Математика
030240 Физика және информатика Физика Физика
030340 Химия және биология Биология Биология
030540 Тарих, құқық негізі және экономика Жалпы тарих Жалпы тарих
030640 Тарих және география Жалпы тарих Жалпы тарих
030740 Қазақ тiлi мен әдебиетi Қазақ әдебиеті Қазақ тілі
030940 Орыс тілi мен әдебиетi Әдебиет Орыс тілі
031140 Дене шынықтыру мәдениетi және 2 шығармашылық 1-ші шығармашылық