Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік білім тапсырысының негiзiнде
жоғары оқу орындарының студенттiк контингентiн қалыптастырудың
жаңа моделi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 24 сәуірдегі № 464 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 25 наурыздағы № 264 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 29.02.00 ж. № 315 қаулысына сәйкес тақырыбы және кіріспе жаңа редакцияда
Мемлекеттік білiм тапсырысының негiзiнде жоғары оқу орындарының студенттiк контингентiн қалыптастыру процесiн реттеу оларға түсетiн адамдарға қойылатын талаптардың бiркелкілігiн және халықтың барлық жiктерi үшiн жоғары кәсiби білімге қол жетiмдiліктiң бiрдей мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2000.02.29. № 315 Қаулысымен 1-тармақ өзгерді
1. Білім және ғылым министрлігі:
1) 1999-2000 жылдары:
тестілеудің нәтижелері бойынша сертификаттар беру арқылы мемлекеттік білім тапсырысының негiзiнде жоғары оқу орындарында жоғары білім алуға тілек білдірген азаматтарды кешенді тестілеуді жүргізуді;
жоғары білім алу үшін мемлекеттік сертификаттардың баллдарына сәйкес - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған жоғары білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыстың көлемінде, заңдарға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктерді ескере отырып конкурстық негізде мемлекеттік білім беру гранттарын және мемлекеттік білім беру несиелерін беруді;
мемлекеттік білім гранттары мен мемлекеттік білім несиелерінің иелеріне өз қаулыларына орай таңдаған мамандығы бойынша оқу үшін меншiк нысандарына қарамастан және мемлекеттік аттестациядан өткен жоғары оқу орнын таңдау мүмкіндігін;
селоның әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыстың кемінде 30 проценті мөлшерінде селолық мектептерді бітірген азаматтарды жоғары оқу орындарына қабылдауға арналған квотаны;
мемлекеттік білім беру гранттары мен мемлекеттік білім беру несиелерінің иелері үшін жоғары оқу орындарына бірінші кезекті қабылдауды көздейтін мемлекеттік жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - ЖОО) студенттік контингентін қалыптастырудың жаңа моделіне кезең-кезеңмен көшуді қамтамасыз етсін;
2) бір айлық мерзім ішінде студенттік контингентті қалыптастырудың жаңа моделін ескере отырып Жоғары оқу орындарына студенттерді қабылдаудың үлгі ережесін бекітсін;
3) облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Арқалық, Жезқазған, Жетісай, Семей, Талдықорған және Түркістан қалаларында 1999 жылы жоғары оқу орындарына түсуге тілек білдірген азаматтарды кешенді тестілеуді жүргізуді қамтамасыз етсін.
ҚР Үкіметінің 2000.07.03. № 1009 Қаулысымен 2-тармақ өзгерді
2. ҚР Үкіметінің 2001.06.11. № 802 қаулысымен алып тасталды
ҚР Үкіметінің 2000.07.03. № 1009 Қаулысымен 3 тармақ өзгерді
3. . ҚР Үкіметінің 2001.06.11. № 802 қаулысымен алып тасталды
4. . . ҚР Үкіметінің 2001.06.11. № 802 қаулысымен алып тасталды
5. . . ҚР Үкіметінің 2001.06.11. № 802 қаулысымен алып тасталды
ҚР Үкіметінің 1999.06.15. № 770 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда
6. . . ҚР Үкіметінің 2001.06.11. № 802 қаулысымен алып тасталды
7. Жоғары оқу орындарына студенттер қабылдаудың жаңа моделіне көшуді ұйымдастыру жөніндегі республикалық комиссия құрылсын, 1 және 2-қосымшаларға сәйкес оның құрамы мен ол туралы ереже бекітілсін.
8. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:
тиісті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бір ай мерзімде осы қаулыға сәйкес азаматтарды кешенді тестілеу ұйымдастырылуы тиіс қалаларда жоғары оқу орындарының абитуриенттерін тестілеуді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі аймақтық комиссиялар құрсын;
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігімен бірлесіп бұқаралық ақпарат құралдарында студенттік контингентті қалыптастырудың жаңа моделіне көшу жөніндегі жұмыстарды кеңінен көрсету үшін қажетті шаралар қабылдасын.
9. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері аймақтық комиссияларға мемлекеттік жоғары оқу орындарына түсуге тілек білдіруші азаматтарды кешенді тестілеуді ұйымдастыруға және жүргізуге қажетті көмек көрсетсін.
ҚР Үкіметінің 1999.06.15 № 770 қаулысымен 10-тармақ сөзбен толықтырылды
10. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бір ай мерзімде:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен келісім бойынша Үкіметтің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізсін;
жоғары оқу орындарының студенттік контингентін қалыптастырудың жаңа моделіне көшуді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында қажетті нормативтік құқықтық актілер қабылдасын.
11. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы" 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 470-1-жолмен толықтырылсын:
"470-1 "Республикалық тестілеу
орталығы" республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы".
12. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
24 сәуірдегі
№ 464 қаулысына
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 1999.06.15. № 770; 2000.02.29. № 315;2000.07.03. № 1009; 2001.06.11. № 802 Қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді
Жоғары оқу орындарына студенттер қабылдаудың жаңа моделіне
көшуді ұйымдастыру жөніндегі республикалық комиссияның
құрамы
Бектұрғанов - Қазақстан Республикасының
Нұралы Сұлтанұлы Білім және ғылым министрі,
төраға
Ахметов Әшімжан - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Сүлейменұлы вице-министрі, төрағаның орынбасары
Әбжаппаров Әбдімтәліп - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Әбжаппарұлы министрлігі Жоғары білім департаментінің
директоры, хатшы
Комиссия мүшелері:
Амантаева Майра - "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Тұрғанқызы қызметкерлерінің кәсіподағы" қоғамдық
бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша)
Жәмішев Болат - Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші
Бидахметұлы вице-министрі
Жұрынов Мұрат - Қ.А. Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-
Жұрынұлы Түрік университетінің ректоры (келісім
бойынша)
Нұрбеков Қосбасар - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Болатбекұлы қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші
орынбасары (келісім бойынша)
Назарбаева Дариға - "Хабар" телекомпаниясының президенті
Нұрсұлтанқызы (келісім бойынша)
Нәрібаев Көпжасар - Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық
Нәрібайұлы университетінің ректоры (келісім бойынша)
Садықов Тоқмұхамед - Абай атындағы Алматы мемлекеттік
Сәлменұлы университетінің ректоры (келісім бойынша)
Алшанов Рахман - Білім мекемелері қауымдасты-
Алшанұлы ғының президенті;
Отто Иван Иванович - Қазақстан Республикасының Ішкі
істер вице-министрі
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасының
Бақытжан Тұрсынұлы Білім және ғылым бірінші вице-министрі;
Рябченко - Қазақстан Республикасының
Олег Григорьевич Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім бірінші вице-министрі;
Қанаев - Қазақстан Республикасының
Серікжан Зиянданұлы Білім және ғылым министрлігі
Әкімшілік департаментінің
Директоры
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
27 сәуірдегі
№ 464 қаулысына
2-қосымша
Жоғары оқу орындарына студенттерді қабылдаудың
жаңа моделіне көшуді ұйымдастыру жөніндегі
республикалық комиссия туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Жоғары оқу орындарына студенттерді қабылдаудың жаңа моделіне көшуді ұйымдастыру жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
ҚР Үкіметінің 1999.06.15. № 770 Қаулысымен 3-тармақ толықтырылды
3. Комиссияның құрамын жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
ҚР Үкіметінің 1999.06.15. № 770 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Комиссияның өкiлеттiк мерзiмi Қазақстан Республикасының Үкіметіне жоғары оқу орындарына кезектi оқу жылына студенттердi қабылдаудың аяқталған қорытындылары туралы есептi ұсынғаннан кейін тәмамдалады.
2. Негізгі міндеттері мен өкілеттігі
5. Комиссия:
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттік контингентін қалыптастырудың жаңа моделіне көшуді қамтамасыз ету;
жоғары оқу орындарының абитуриенттерін тестілеуді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі аймақтық комиссиялар мен жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларының жұмысын бақылауды жүзеге асыру;
тестілеудің нәтижелері бойынша мемлекеттік сертификаттар беру арқылы жоғары білім алуға тілек білдірген азаматтарды кешенді тестілеуді жүргізу:
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген квоталар мен жеңілдіктерді ескере отырып, кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысқа сәйкес мемлекеттік сертификаттарының иелері арасында мемлекеттік білім беру гранттары мен мемлекеттік білім беру несиелерін алуға конкурс өткізу мәселелері жөніндегі ұсыныстарды пысықтайды.
ҚР Үкіметінің 2000.02.29. № 315 Қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Білім және ғылым министрлігі тиісті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жоғары оқу орындарының абитуриенттерін тестілеуді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі аймақтық комиссиялар құрады.
3. Жұмысының ұйымдастырылуы
7. Комиссия өзінің төрағасы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес жұмыс істейді.
Комиссияның хатшысы жұмыс жоспарын, отырыстардың күн тәртібін жасайды, Комиссия мүшелерінің өзара іс-қимылын ұйымдастырады және іс қағаздары үшін жауап береді.
8. Комиссияның отырысы, егер оларға оның мүшелерінің жалпы санының 2/3 астамы қатысса, заңды деп саналады.
9. Комиссияның шешімі отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелері санының қарапайым көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады және Комиссияның төрағасы мен мүшелері қол қоятын отырыстың хаттамасымен ресімделеді.
ҚР Үкіметінің 2000.02.29. № 315 Қаулысымен 10-тармақ өзгерді
10. Комиссия отырыстарының аралығындағы кезеңде оның ұйымдастырушылық мәселелерін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары білім департаменті шешеді.