Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 24 сәуiрдегі № 464
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 29 ақпандағы N
315 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 25 наурыздағы № 264 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоғары оқу орындарының студенттiк контингентiн қалыптастырудың жаңа моделi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі № 464 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 14, 143-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік білім тапсырысының негiзiнде жоғары оқу орындарының студенттiк контингентiн қалыптастырудың жаңа моделi туралы";
кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік білiм тапсырысының негiзiнде жоғары оқу орындарының студенттiк контингентiн қалыптастыру процесiн реттеу оларға түсетiн адамдарға қойылатын талаптардың бiркелкілігiн және халықтың барлық жiктерi үшiн жоғары кәсiби білімге қол жетiмдiліктiң бiрдей мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:";
мәтiндегi "Ғылым және жоғары білім министрлігі", "Ғылым және жоғары білім министрлігінiң" деген сөздер тиiсiнше "Білім және ғылым министрлігі", "Білім және ғылым министрлігінiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 1) тармақшасында:
бiрiншi абзацындағы "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын, "арқылы" деген сөзден кейiн "мемлекеттік білім тапсырысының негiзiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
төртiншi абзацындағы "жоғары оқу орнын" деген сөздердiң алдынан меншiк нысандарына қарамастан және мемлекеттік аттестациядан өткен" деген сөздермен толықтырылсын;
2) көрсетiлген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
3) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
6 және 10-тармақтардағы "Ғылым және жоғары білім министрлігі", "Ғылым және жоғары білім министрлігінің" деген сөздер "Білім және ғылым министрлігі", "Білім және ғылым министрлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы
29 ақпандағы № 315
қаулысына қосымша
"Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
24 сәуірдегі № 464
қаулысына 1-қосымша
Жоғары оқу орындарына студенттер қабылдаудың жаңа моделіне
көшуді ұйымдастыру жөніндегі республикалық комиссияның
құрамы
Көшербаев Қырымбек - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Елеуұлы министрі, төраға
Ахметов Әшімжан - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Сүлейменұлы вице-министрі, төрағаның орынбасары
Әбжаппаров Әбдімтәліп - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Әбжаппарұлы министрлігі Жоғары білім департаментінің
директоры, хатшы
Комиссия мүшелері:
Амантаева Майра - "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Тұрғанқызы қызметкерлерінің кәсіподағы" қоғамдық
бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша)
Арын Ерлан - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Мұхтарұлы бірінші вице-министрі
Бектұрғанов Нұралы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат
Сұлтанұлы және қоғамдық келісім вице-министрі
Жәмішев Болат - Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші
Бидахметұлы вице-министрі
Жұрынов Мұрат - Қ.А. Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-
Жұрынұлы Түрік университетінің ректоры (келісім
бойынша)
Нұрбеков Қосбасар - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Болатбекұлы қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші
орынбасары (келісім бойынша)
Назарбаева Дариға - "Хабар" телекомпаниясының президенті
Нұрсұлтанқызы (келісім бойынша)
Нәрібаев Көпжасар - Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық
Нәрібайұлы университетінің ректоры (келісім бойынша)
Садықов Тоқмұхамед - Абай атындағы Алматы мемлекеттік
Сәлменұлы университетінің ректоры (келісім бойынша)
Сәрсеков Бексұлтан - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Сәрсекұлы вице-министрі".