Азаматтық қорғаныс объектiлерi мен мүлкiне ұқыпты қарауға;
соғыс уақытында және төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныс мiндеттерiн орындау үшiн заңда белгiленген тәртiппен жеке пайдалануындағы көлiк құралдарын, аспаптар мен жабдықтарды беруге мiндеттi.
6-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ҚАЖЕТТЕРIН
МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒЫНАН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ОБЪЕКТIЛЕРI МЕН МҮЛКI
25-бап. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiнiң негiзгi қорлары
1. Әскери қалашықтардың тұрғын үй-жайлары мен басқа құрылыстары, Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiнiң оқу объектiлерi, материалдық-оқу базасы, материалдық және техникалық құралдары мемлекеттiк меншiк болып табылады және олар Азаматтық қорғаныс бөлiмдерiнiң негiзгi қорларын құрайды. Азаматтық қорғаныс бөлiмдерi аталған және өзiне бөлiнген өзге де мүлiкке қатысты жедел басқару құқығын пайдаланады.
2. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiнiң орналасуына және тұрақты жұмыс iстеуiне арналған жер мен үй-жайлар, қоймалар мен басқа да объектiлер оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тұрақты немесе уақытша пайдалануға берiледi.
3. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi жер пайдалануды, әуе кеңiстiгi мен су айдының пайдалануды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
26-бап. Азаматтық қорғаныс объектiлерi мен мүлкi
1. Азаматтық қорғаныс объектiлерi мен мүлкiне: Қазақстан Республикасының барлық деңгейдегi мемлекеттiк органдарының, жергiлiктi атқару органдарының қорғалған ғимараттар мен жер бетiндегi үйлер кешенiн қамтитын басқару пункттерi, жеке тұрған және қосып салынған Азаматтық қорғаныс баспаналары, Азаматтық қорғаныстың радиациядан қорғану панаханалары, Азаматтық қорғаныс мүлкiн сақтауға арналған қойма үй-жайлары, жеке қорғану құралдары, радиациялық, химиялық барлау мен дозиметрлiк бақылау аспаптары, арнаулы өңдеу аспаптары, Азаматтық қорғаныстың қорғану ғимараттарының ауасын сүзгiлiк-желдету және қайта генерациялау құралдары, жеке медициналық қорғану құралдары, байланыс пен құлақтандыру құралдары және мемлекеттiң меншiгi болып табылатын, сондай-ақ тиiстi органдардың бюджет қаражаты, ұйымдардың Азаматтық қорғаныс мүдделерiне пайдалануға арналған қаражаты есебiнен жасалған немесе сатып алынған басқа да материалдық-техникалық құралдар жатады.
2. Азаматтық, қорғаныс шараларын қамтамасыз ету үшiн облыстарда, аудандарда, қалаларда, қалалардағы аудандарда, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда, ұйымдарда Азаматтық қорғаныс мүлкiнiң қоры құрылады.
3. Азаматтық қорғаныс объектiлерi мен мүлкi жекешелендiруге жатпайды.
4. Ұйымдардың басқару құрылымдары мен шаруашылық қызметiнiң нысандары өзгерген жағдайда Азаматтық қорғаныс объектiлерi мен мүлкiнiң мақсатты бағыты, сондай-ақ оларды құру мен жинақтау жөнiндегi тапсырмалар солардың мойнында сақталады.
5. Азаматтық қорғаныс объектiлерiн құру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
27-бап. Азаматтық қорғаныс қажеттерiн материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету
Азаматтық қорғаныс қажеттерiн материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету Азаматтық қорғаныс шараларын қаржыландыруға, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс бөлiмдерiн ұстауға бөлiнетiн қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
05.05.00 ж. N 48-II ҚР Заңымен 7-тараудың атауы өзгертілді
7-тарау. Азаматтық қорғаныс шараларын қаржыландыру
көздері. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі
орталық атқарушы органының әскери қызметшілері мен басқа да
санаттағы қызметкерлерінің құқықтары, мәртебесі
28-бап. Азаматтық қорғаныс шараларын қаржыландыру
1. Азаматтық қорғаныс шараларын қаржыландыру:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен оларға ведомстволық бағыныстағы бюджеттiк ұйымдарда - тиiстi республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен;
облыстарда, аудандарда, қалаларда және қалалардағы аудандар мен оларға ведомстволық бағыныстағы бюджеттiк ұйымдарда - тиiстi бюджеттердiң қаражаты есебiнен;
басқа меншiк нысандарындағы ұйымдарда - олардың өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2. Азаматтық қорғаныс шараларын қаржыландыру азаматтардың ерiктi жарналарының, қорлардың, дiни және қоғамдық бiрлестiктердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда, ұйымдарда Азаматтық қорғаныс мүлкiнiң резервiн жасауға, Азаматтың қорғаныс құрамаларын жарақтандыруға және халықтың барлық санатын оқытуға жыл сайын нысаналы бағытта қаражат бөлу көзделедi.
05.05.00 ж. N 48-II ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді
29-бап. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiн, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын ұстау
1. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi мен бөлiмшелерi, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдары (оқу орындары, лабораториялар және басқалар) Қазақстан Республикасы Президентi мен Премьер-Министрiнiң, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының басқару пункттерi республикалық бюджет есебiнен ұсталады.
Жергiлiктi атқарушы органдардың басқару пункттерiн құру және оларды, олардың қызмет көрсетушi адамдарын ұстау тиiстi бюджеттердiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiнде және басқа ұйымдарында жалданып жұмыс iстейтiн жұмысшылар мен қызметшiлердiң еңбегiне ақы қолданылып жүрген нормативтiк актiлерге сәйкес төленедi.
05.05.00 ж. N 48-II ҚР Заңымен 29-1-баппен толықтырылды
29-1-бап. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы әскери қызметшілерінің құқықтары, мәртебесі
1. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы аппаратында, оның аумақтық органдарында, бағынысты ұйымдарында және азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде әскери қызмет өткеретін адамдар міндетті әскери қызметте болады, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мәртебені иеленеді және құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады.
2. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органы аппаратының, оның аумақтық органдарының, ведомстволық бағынысты ұйымдарының және азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері әскери атақтарына сәйкес айырым белгілері бар нысанды әскери киім (киім-кешек) киіп жүреді.
Азаматтық қорғаныстың басқа санаттағы қызметкерлерінің нысанды әскери киім (киім-кешек) киіп жүру ерекшеліктерін Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының бірінші басшысы белгілейді.
8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
30-бап. Азаматтық қорғаныс шараларын орындауға тартылатын адамдарды сақтандыру және олар қаза тапқан немесе мертiккен жағдайда шеккен залалын өтеу
Азаматтық қорғаныс шараларын орындауға және аварияларға, апаттарға, табиғи және өзге де зiлзалаларға байланысты төтенше, жағдайлардың зардаптарын жоюға тартылатын адамдарды сақтандыру және олар қаза тапқан немесе мертiккен жағдайда шеккен залалын өтеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
31-бап. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Осы Заңды және Азаматтық қорғаныс саласындағы басқа да нормативтiк актiлердi орындамауға байланысты құқыққа қарсы әрекет жасаған немесе әрекетсiздiкке жол берген Қазақстан Республикасының лауазымды адамдары мен азаматтары, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
32-бап. Азаматтық қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастық
1. Азаматтық қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастық:
азаматтық қорғаныс жөнiндегi халықаралық жобаларға қатысуды, осы салада ғылыми-техникалық жетiстiктердiң еркiн алмасылуын жүзеге асыруды;
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға Азаматтық қорғаныс күштерiн тартуды көздейдi, оларды тарту халықаралық шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңда белгiленгеннен өзгеше нормалар көзделсе, халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.
Қазақстан Республикасының