iзгiлiк көмек ретiнде төтенше жағдайлар аймағына әкелiнетiн жүктерге iлесе жүру және оларды күзету;
мобилизациялық өрiстетуге дайындық және жауынгерлiк әзiрлiктiң жоғары дәрежесiне келтiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
бейбiт және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiн кеңiнен өрiстетуге, құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған қару-жарақты, техниканы, басқа да материалдық-техникалық құралдарды жинақтау, сақтау және дер кезiнде жаңартып отыру;
2) соғыс уақытында:
зақымдану ошақтары мен залалдану аймақтарында радиациялық, химиялық барлау жүргiзу;
зақымдану ошақтарында, залалдану және топан су басқан аймақтарда құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар жүргiзу;
халық пен шаруашылық жүргiзу объектiлерiне эвакуация жүргiзуге қатысу;
халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiн қалпына келтiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге қатысу, аэродромдарды, жолдарды, өткелдердi және тыл инфрақұрылымының басқа да маңызды элементтерiн қалпына келтiруге байланысты аумақтық қорғаныстың жекелеген мiндеттерiн орындау болып табылады.
3. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiн бейбiт уақытта қолдануды Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының басшысы жүзеге асырады.
Азаматтық қорғаныстың тұрақты дайындықтағы әскер бөлiмдерi техникамен және жабдықпен жарақтандырылуға және зардап шеккен халыққа көмек көрсету үшiн дереу қолдануға әзiр болуға тиiс.
4. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiн жасақтау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының әскери бөлiмдерi азаматтық қызметкерлермен де жасақталады. Азаматтық қызметкерлер атқаратын лауазымдардың штат санын, тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен жалпы сан шегiнде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының басшысы белгiлейдi.
5. Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiн мобилизациялық өрiстету үшiн штатқа сәйкес техника, қару-жарақ, материалдық және техникалық құралдардың қорлары құрылады және күтiп ұсталады.
12.03.99 ж. N 347-1 ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді
14-бап. Азаматтық қорғаныс құрамалары, олардың мақсаты және оларды құру тәртiбi
1. Азаматтық қорғаныс құрамалары бейбiт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар қатерi төнгенде және туындағанда авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзуге арналған.
Азаматтық қорғаныс құрамалары ұйымдарда, аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылып, объектiлiк және аумақтық құрамалар болып бөлiнедi.
Объектiлiк құрамалар меншiк нысандарына қарамастан ұйымдарда, тұрғылықты жерлер бойынша құрылады және әдетте солардың мүдделерi үшiн пайдаланылады. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша объектiлiк құрамалар тиiстi аумақтардың мүдделерiн көздейтiн мiндеттер орындауға тартылуы жұмылдырылуы мүмкiн.
Аумақтық құрамалар аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылады және тиiстi Азаматтық қорғаныс бастықтарына бағынады. Ұйымдар аумақтық құрамалар құруға негiз болады.
Азаматтық қорғаныс құрамаларының құрамы мен саны алдағы авариялық-құтқару жұмыстарының болжамдық есептерi мен көлемiнiң негiзiнде бейбiт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда халықты, аумақтар мен ұйымдарды сенiмдi қорғауды қамтамасыз ететiн жеткiлiктi қажеттілiктi басшылыққа ала отырып айқындалады.
Қазақстан Республикасының жер сiлкiнiсi болып тұратын аймақтары үшiн Азаматтық қорғаныс құрамалары халықтың 10 адамына кемiнде бiр құтқарушы; су тасқындары, өрт пен басқа да ықтимал қауiп-қатерлерге ұшырайтын өнеркәсiп аймақтары мен аумақтары үшiн халықтың 15-20 адамына бiр құтқарушыдан келетiндей есеппен әзiрленедi.
Азаматтық қорғаныс құрамалары құрылатын ұйымдардың басшылары олардың кәсiби даярлығына, осы заманғы техникамен, жабдықпен басқа да материалдық құралдармен жарақтандырылуына және тұрақты әзiрлiкте болуына дербес жауапты болады.
2. Азаматтық қорғаныс құрамаларының негiзгi түрлерi:
1) құтқару құрамалары зардап шеккендердi барлауға, iздеуге және үйiндiлерден шығарып алуға, алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған және олар аралас құтқару отрядтарынан (командаларынан), құтқару командаларынан (топтарынан), адамдарды iздеу командаларынан (топтарынан), барлау топтарынан, буындарынан және басқалардан тұрады.
2) инженерлiк құрамалар инженерлiк барлау жүргiзуге, үйiндiлерде жүргiн жолдар, соқпақ жолдар салуға, жолдар мен көпiрлердi, оның iшiнде су тосқауылдары арқылы салынған өткелдердi қалпына келтiруге және оларды жүрiп-тұра алатындай жағдайда күтiп ұстауға, жарылыс жұмыстарын жүргiзуге, қираған құрылыстарды аршып алуға және бүлiнiс аудандарында басқа да инженерлiк жұмыстарды жүргiзуге арналған және инженерлiк командалардан, жол-көпiр командаларынан (топтарынан), жарылыс жұмыстары топтарынан, инженерлiк барлау топтарынан (буындарынан) және басқалардан тұрады.
Инженерлiк құрамалар шешiлетiн мiндеттердiң ерекшелiгiне қарай жұмыстарды дербес орындауды қамтамасыз ететiндей техникамен және жабдықпен жасақталуға тиiс.
3) Азаматтық қорғаныс қызметiнiң құрамалары халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз етуге, авариялық-құтқару және шұғыл-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге, құтқару құрамаларын күшейтуге және олардың iс-қимылын жан-жақты қамтамасыз етуге арналған және медицина, байланыс, қоғамдық тәртiптi қорғау, өртке қарсы, авариялық-техникалық, материалдық жағынан қамтамасыз ету, көлiк, жануарлар мен өсiмдiктердi қорғау және басқа да құрамалар болып бөлiнедi.
3. Республикалық жедел-құтқару отрядтары қатынас қиын аудандарда, аса күрделi объектiлерде iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргiзуге және зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетуге арналған.
Республикалық жедел-құтқару отрядтары жоғары дәрежелi әзiрлiктегi құрамалар болып табылады және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен құрылады.
4. Облыстық, қалалық, аудандық жедел құтқару отрядтары iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргiзуге және зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетуге арналған. Олар жоғары дәрежелi әзiрлiктегi құрамалар болып табылады, тиiстi Азаматтық қорғаныс бастықтарының шешiмдерiмен құрылады және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталады.
5. Азаматтық қорғаныс құрамаларына I, II, III топтардағы мүгедектерден, жүктi әйелдерден, сегiз жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерден және соғыс уақытында - жұмылдыру нұсқамасы бар әскери міндетті адамдардан басқа еңбекке жарамды жастағы ерлер мен әйелдер алынады.
4-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСТЫҢ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ МЕН
ҚЫЗМЕТТЕРI
15-бап. Азаматтық қорғанысқа басшылық жасау
1. Азаматтық қорғанысқа жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi жүзеге асырады, ол (лауазымы бойынша) Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының Бастығы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының басшысы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысы Бастығының орынбасары болып табылады және Республиканың азаматтық қорғанысына тiкелей басшылықты жүзеге асырады.
3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда, ұйымдарда Азаматтық қорғанысқа басшылықты олардың бiрiншi басшылары жүзеге асырады, олар лауазымы бойынша тиiстi Азаматтық қорғаныс бастықтары болып табылады және азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға жеке жауапты болады.
4. Азаматтық қорғаныс бастықтарына:
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс Бастығы белгiлеген тәртiппен тиiстi деңгейдегi азаматтық қорғаныс жоспарларын бекiту және iске қосу;
белгiленген тәртiппен ведомстволық бағыныстағы аумақта халықты эвакуациялау;
азаматтық қорғаныс мәселелерi бойынша бұйрықтар, шешiмдер, өкiмдер шығару;
заңдарда белгiленген тәртiппен азаматтар мен ұйымдарды азаматтық қорғаныс шараларын жүргiзуге тарту;
жеке және меншiк нысандарына қарамастан заңды тұлғалардан осы Заңның және азаматтық қорғаныс жөнiндегi басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын талап ету құқығы берiледi.
5. Тиiсті деңгейлердегi Азаматтық қорғаныс бастықтарының азаматтық қорғаныс мәселелерi жөнiндегi бұйрықтары, шешiмдерi және өкiмдер барлық ұйымдардың, сондай-ақ лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi.
05.05.00 ж. N 48-II ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді
16-бап. Азаматтық қорғанысты басқару органдары
1. Азаматтық қорғаныс шараларының орындалуын қамтамасыз ету үшiн мынадай органдар құрылады:
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органы және оның құрылымдық аумақтық органдары;
орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда Азаматтық қорғаныс жөнiндегi бөлiмдер (қызметкерлер);
ұйымдарда - Азаматтық қорғаныс штабтары немесе Азаматтық қорғаныс бастығына тiкелей бағынатын, басқа жұмыстардан босатылған Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөнiндегi мамандар.
Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының аппаратындағы, оның аумақтық органдары мен бағынысты ұйымдарындағы қызметтердің бір бөлігі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінен, Ішкі істер министрлігінен, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардан ауыстырылған (қызмет бабымен жіберілген) әскери қызметшілерден жасақталады.
2. Төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармалардың (бөлiмдердiң) басшылары лауазымы бойынша тиiстi Азаматтық қорғаныс бастықтарының орынбасарлары болып табылады.
17-бап. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерi
1. Азаматтық қорғаныстың арнаулы шараларын орындауды қамтамасыз ету және күштер мен құралдарды осы мақсаттарда дайындау үшiн республикалық, облыстық, аудандық, қалалық Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерi, сондай-ақ қажет болған жағдайда ұйымдардың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерi құрылады, олар тiкелей Азаматтық қорғаныс бастығына бағынады.
2. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен, облыстар, қалалар, аудандар әкiмдерiнiң, ұйымдар басшыларының шешiмдерiмен құрылады.
3. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар жөнiндегi республикалық қызметтер тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi, олар туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органы бекiтедi.
4. Басқару пункттерiнiң, күштер мен құралдардың, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерiнiң дайындығы үшiн жауапкершiлiк олардың құрылуына негiз болған орталық, жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдардың басшыларына жүктеледi.
5. Азаматтық қорғаныстың эвакуациялық шараларын орындауды ұйымдастыру мақсатында орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдарда эвакуация, эвакуациялық-қабылдау комиссиялары құрылады.
5-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ, ЖЕРГIЛIКТI ӨКIЛДI ЖӘНЕ АТҚАРУШЫ
ОРГАНДАРЫНЫҢ, ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӨКIЛЕТТIГI, АЗАМАТТАРЫНЫҢ
ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
18-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Азаматтық қорғаныс саласындағы өкiлеттiгi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысына басшылық жасайды;
Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және осы саладағы мемлекеттiк бағдарламаны Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады;
Азаматтық қорғанысты дамыту мен жетiлдiрудiң негiзгi бағыттарын, оны қаржыландыру мен материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету тәртiбiн белгiлейдi;
республика экономикасының бейбiт және соғыс уақытында жұмыс iстеу орнықтылығын арттыру жөнiндегi шараларды әзiрлеу мен жүргiзуге басшылықты жүзеге асырады;
қалаларды азаматтық қорғаныс бойынша топтарға, ұйымдарды-санаттарға жатқызу тәртiбi мен өлшемдерiн бекiтедi;
Азаматтық қорғаныс жүйесiн бейбiт жағдайдан соғыс жағдайына көшiру, эвакуация шараларын жүргiзу тәртiбiн айқындайды;
iрi көлемдi авариялар, апаттар мен табиғи зiлзалалар кезiнде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының жекелеген әскер бөлiмдерiн өрiстетуге шешiм қабылдайды.
05.05.00 ж. N 48-II ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді
19-бап. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының өкiлеттiгi
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органы:
Азаматтық қорғанысқа тiкелей басшылықты жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, ұйымдары, сондай-ақ халқы орындауға мiндеттi азаматтық қорғанысты дайындау және жүргiзу мәселелерi бойынша өз құзыретi шегiнде шешiмдер қабылдайды;
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi туралы Ереженi бекiтедi;
Азаматтық қорғаныс мiндеттерiн шешуге бағытталған мақсатты бағдарламалар әзiрлеудi және олардың орындалуын ұйымдастырады;
авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу кезiнде Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi мен құрамаларын басқаруды ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының бейбiт және соғыс уақытына арналған жоспарын жасайды және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынады;
Азаматтық қорғаныс саласындағы заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын жасап, оларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзедi;
төтенше жағдайлардан қорғау саласында ұйымдар, оның iшiнде коммерциялық емес мамандандырылған ұйымдар, оқу орындарын құру және қайта ұйымдастыру жөнiндегi шараларды жүргiзедi;
Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi адам құрамының, Азаматтық қорғаныс ұйымдары мен құрамалары басшыларының, халықтың азаматтық қорғаныс бойынша әзiрлiгiн ұйымдастырады, осы мақсаттарда тиiстi дайындық бағдарламаларын жасайды;
азаматтық қорғаныс мүдделерi үшiн қару-жарақ, техника, қорғаныс құралдары мен басқа да материалдық-техникалық құралдар жөнiндегi қажеттердi айқындайды;
Қазақстан Республикасының аумағында Азаматтық қорғаныс шараларының орындалуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асырады;
құлақтандыруды ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс жүйесiн дайындық жағдайына келтiру жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi жасайды;
Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының әскер бөлiмдерiнiң жауынгерлiк және мобилизациялық әзiрлiгiн қамтамасыз етедi;
офицерлік құрамдағы адамдарды, прапорщиктерді, мичмандар мен мерзімнен тыс қызмет етушілерді қызметке тағайындайды және қызметі бойынша ауыстырады, әскери атақтарды беру мәселелерін шешеді, оларды әскери қызметтен босатуды жүзеге асырады.
Мерзімді және мерзімнен тыс қызметтегі әскери қызметшілерге, басшы құрамға әскери атақтар беру тәртібі Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органында әскери қызмет өткеру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Ережемен белгіленеді;
Азаматтық қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
05.05.00 ж. N 48-II ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді
20-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Азаматтық қорғаныс саласындағы өкiлеттiгi
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi:
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органын, ал әскери комиссариаттар арқылы төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық, қалалық басқармаларды тиiстi әзiрлiк деңгейiне келтiру туралы, сондай-ақ мобилизация жариялау туралы құлақтандырады;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары негiзiнде азаматтарды Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс жүйесiне мiндеттi әскери қызметке шақыруды, әскери қызметшiлердi запасқа шығаруды, тiзiмдегi құрамды оқу жиындарына шақыруды, сондай-ақ мобилизация бойынша азаматтарды шақыруды жүргiзедi;
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органын, оның аумақтық органдарын, Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды әскерге шақырылатын құраммен және мобилизациялық ресурстармен жасақтауды, офицерлердi запастан әскери қызметке шақыруды (қабылдауды) жүзеге асырады;
халық пен аумақтарды осы заманғы зақымдау құралдарын қолданудың зардаптарынан қорғау жөнiндегi, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен олардың зардаптарын жою жөнiндегi мiндеттердi шешу кезiнде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органымен өзара iс-қимыл жасайды.
21-бап. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының Азаматтық қорғаныс саласындағы өкiлеттiгi
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары азаматтық қорғаныс саласында:
азаматтық қорғаныс жоспарларын жасайды, салаларда азаматтық қорғанысқа басшылықты жүзеге асырады;
Азаматтық қорғаныс күштерi мен құралдарын, басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерiн құрады және тұрақты әзiрлiк жағдайында ұстайды;
Азаматтық қорғаныс құрамаларын дайындауды және сала қызметкерлерiн осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғану әдiстерiне және төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимыл жасауға үйретудi ұйымдастырады;
ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзудi ұйымдастырады және оларға басшылық етедi;
осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану қатерi төнген және олар қолданылған жағдайда, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде сала қызметкерлерiн қорғау жөнiндегi шараларды жоспарлайды және жүргiзедi;
бейбiт және соғыс уақытында саланың тұрлаулы жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолданады;
қызметкерлер мен олардың отбасыларын эвакуациялауға әзiрлеу және оны ұйымдастыру жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен азаматтық қорғаныс мүдделерi үшiн ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және өзге де ресурстардың қорларын құрып, оларды күтiп ұстауды және олардың жинақталуына, сақталуына, жаңартылып отыруына және қолдануға дайын тұруына бақылау жасауды жүзеге асырады.
22-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың Азаматтық қорғаныс саласындағы өкiлеттiгi
Жергiлiктi өкiлдi органдар өз өкiлеттiгiн өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
Жергiлiктi атқарушы органдар:
бейбiт және соғыс уақытында арналған азаматтық қорғаныс жоспарларын жасайды, ведомстволық бағыныстағы аумақта оларды iске асыру жөнiндегi басшылықты жүзеге асырады;
ведомстволық бағыныстағы аумақта орналасқан ұйымдардың Азаматтық қорғаныс шараларын орындауын бақылайды;
халықты құлақтандыру мен байланыс жүйелерiн дереу пайдалануға тұрақты дайындық жағдайын ұстауды, оларды жарақтандыру мен дамытуды қамтамасыз етедi;
Азаматтық қорғаныстың басқару органдарын, күштерi мен құралдарын әзiрлеудi және дайындық жағдайында ұстауды, олардың адам құрамымен жасақталуын, қажеттi техникамен, арнаулы жабдықпен, авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтiн жұмыстар жүргiзуге арналған құралдармен жарақтандырылуын қамтамасыз етедi;
ұйымдардың басшылары мен халықты осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде қорғану әдiстерiне және төтенше жағдайлар кезiнде iс-қимыл жасауға үйретудi ұйымдастырады;
авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды ұйымдастырады және жүргiзедi, эвакуациялық шаралар жүргiзудi қамтамасыз етедi;
осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған жағдайда халықтың тiршiлiгiн бiрiншi кезекте қамтамасыз етуге кепiлдiк беретiн Азаматтық қорғаныс мүлкiнiң, материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және өзге де ресурстардың көлемiн айқындайды және олардың жинақталуы, сақталуы, жаңартылып отыруы және әзiрлiк жағдайында ұсталуы үшiн жауап бередi;
ұйымдардың бейбiт және соғыс уақытында орнықты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды ұйымдастырады;
ведомстволық бағыныстағы аумақта Азаматтық қорғаныстың жай-күйiне жауап бередi.
23-бап. Ұйымдардың Азаматтық қорғаныс саласындағы өкiлеттiгi
Ұйымдардың басшылары:
бейбiт және соғыс уақытында арналған азаматтық қорғаныс жоспарларын жасайды және оларды iске асыру жөнiндегi басшылықты жүзеге асырады;
жұмыс iстейтiн адамдарды, шаруашылық жүргiзу объектiлерiн осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың әсерiнен қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
ұйымдардың бейбiт және соғыс уақытында орнықты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
Азаматтық қорғаныс құрамаларын құрады және оларды әзiрлiк жағдайында ұстайды, оларды машықтандырылған мамандармен жасақтауды және авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзуге арналған қажеттi техникамен, құралдармен жарақтандыруды қамтамасыз етедi;
жұмысшылар мен қызметшiлердi, сондай-ақ ықтимал қауiптi объектiлердегi авариялардан зақым келуi мүмкiн аймақтарда тұратын халықты азаматтық қорғанысқа оқытуды жүзеге асырады;
өз объектiлерiнде авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзудi ұйымдастырады;
жергiлiктi құлақтандыру жүйелерiн, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын құрады және оларды тұрақты әзiрлiк жағдайында ұстайды;
жұмысшылар мен қызметшiлердiң азаматтық қорғаныс бойынша мiндеттерiн орындауы үшiн оларға қажеттi жағдайлар жасайды;
соғыс уақытында және төтенше жағдайларда Азаматтық қорғаныс мiндеттерiн орындау үшiн заңда белгiленген тәртiппен көлiк, материалдық құралдар, аспаптар мен жабдықтар бередi.
24-бап. Қазақстан Республикасы аумағында тұратын азаматтардың Азаматтық қорғаныс жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi
1. Қазақстан Республикасының азаматтары, республика аумағында тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар:
осы заманғы зақымдау құралдарын қолданудың табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарынан өзiнiң өмiрi мен денсаулығын қорғауға құқылы;
азаматтық қорғаныс мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан жағдайда қаза тапқандардың отбасыларына Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес материалдық және өзге де төлемдер төленедi.
2. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар:
Азаматтық қорғаныс шараларын орындауға қатысуға, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша оқудан өтуге;
"Баршаңыздың назарыңызға!" деген дабыл беру бойынша iс-қимыл жасаудың тәртiбiн, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын пайдаланудың ережесiн, қорғанудың негiзгi әдiстерi мен зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәсiлдерiн бiлуге және орындауға;