Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк сыйлығы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 ж. 30
шiлдедегi N 949 қаулысы
(ҚР Үкiметiнiң 24.12.96 ж. N 1599; 27.10.98 ж. N 1085;
16.10.00 ж. N 1529; 09.10.02 ж. N 1099; 08.11.02 ж. N 1180
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған:
Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы туралы Ереже;
Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн;
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссия 1-қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес (2-қосымша) кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 30
шiлдедегi N 949 қаулысымен
бекiтiлген
Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы (бұдан әрi - Мемлекеттiк сыйлық) әдебиет, өнер және сәулет саласындағы отандық мәдениеттi дамытудағы құнды үлес деп танылған шығармалар үшiн мемлекеттiк көтермелеу нысаны болып табылады.
2. Мемлекеттiк сыйлық беру дегенiмiз оған тағайындалған адамдарға ғұмыр бойына "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты" атағын берудi, диплом, құрмет белгiсiн, белгiленген нысандағы куәлiктi тапсыруды және бiр жолғы атауды ақшалай сыйақы төлеудi бiлдiредi.
3. Мемлекеттiк сыйлықты тапсыру салтанатты жағдайда өтедi. Мемлекеттiк сыйлықты тапсыру салтанаты Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк Күнiне орайластырылады.
4. Мемлекеттiк сыйлықтың ақшалай сыйақысының мөлшерiн Мемлекеттiк сыйлық берiлетiн жылы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
ҚР Үкіметінiң 24.12.96 ж. N 1599 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Мемлекеттiк сыйлық екi жылда бiр рет 10 атауда берiледi.
6. Мемлекеттiк сыйлық алуға жұмыстарды қабылдау аяқталғанға дейiн бес жылдан аспайтын уақыт бұрын және кемiнде бiр жыл бұрын ашық жарияланымға арналып орындалған жеке және ұжымдық авторлардың дайын интеллектуалдық өнiм бiрлiгi түрiндегi шығармалары ұсыныла алады.
ҚР Үкiметiнiң 08.11.02 ж. N 1180 қаулысымен 7-тармақ толықтырылды
7. Мемлекеттiк сыйлық алуға бiр жұмыс қайтадан ұсынылмайды. Бiр кандидатура Мемлекеттiк сыйлыққа бiр саладан артық, сондай-ақ жұмыстар жиынтығы бойынша ұсынылмайды. Авторлар ұжымы құрамына кiретiндердi қоспағанда, авторлар қайтыс болғаннан кейiн Мемлекеттiк сыйлыққа ұсынылмайды.
8. Мемлекеттiк сыйлық алуға ұсынылатын жұмыстардың авторлары ұжым болса, ұсынылатын адамдардың құрамына тек негiзгi және шын мәнiндегi авторлар енгiзiледi және олардың саны 5-тен аспауға тиiс.
9. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары шығармашылық одақтар, ұйымдар Мемлекеттiк сыйлықты алуға ұсыну құқығына ие.
10. Шығармалар мен жұмыстарды ұсыну тәртiбi, оларды қабылдау, сараптамадан өткiзу мен iрiктеу, талқылау мен Мемлекеттiк сыйлыққа ұсыну туралы шешiм қабылдауы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Мемлекеттiк сыйлықтар жөнiндегi комиссия жүзеге асырады.
11. Мемлекеттiк сыйлық алу конкурсына қатысатын жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетiлуге және талқылануға жатады. Талқылау материалдары Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Мемлекеттiк сыйлықтар жөнiндегi комиссиясына жiберiледi және конкурстық iрiктеу кезiнде ескерiледi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 30
шiлдедегi N 949 қаулысымен
бекiтiлген
Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтары
жөнiндегi комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) сарапшы-кеңесшi орган болып табылады және әдебиеттiң, өнер мен сәулеттiң беделдi қайраткерлерiнiң арасынан құрылып, өз қызметiн қоғамдық бастамашылық негiзiнде жүзеге асырады. Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi Мемлекеттiк сыйлық берiлетiн жылы бекiтедi.
Комиссияның құрамы 60 адамнан аспауға тиiс.
2. Комиссияның жұмысын оның төрағасы басқарады.
3. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
Мемлекеттiк сыйлық алуға ұсынылған жұмыстардың алдын ала қаралуын, оларды ұсыну тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
жұмыстарды iрiктейдi және оларды конкурсқа қатысуға жiберу туралы ұсыныстар енгiзедi, баспасөзде авторлары мен ұсынған ұйымдарын көрсете отырып, конкурсқа жiберiлген еңбектердiң тiзiмiн жариялайды, жұмыстардың кең және ашық талқылануын ұйымдастырады;
конкурсқа жiберiлген жұмыстарды қарайды, Комиссияға түскен материалдар мен құжаттарды зерделейдi, сыйлықтарды тағайындау туралы шешiм қабылдайды;
Мемлекеттiк сыйлық лауреаттарының дипломдарын, куәлiктерi мен құрмет белгiлерiн ресiмдейдi.
4. Комиссияға:
Мемлекеттiк сыйлық беруге ұсынылған жұмыстарды алдын ала қарау, олар бойынша қорытындылар мен ұсынымдар әзiрлеу үшiн әдебиет, өнердiң, көркем шығармашылықтың тарихы мен теориясының жекелеген салалары бойынша секциялар мен сараптау комиссияларын құруға;
жұмыстарды рецензиялауға әдебиет пен өнер, көркем шығармашылықтың тарихы мен теориясы саласынан мамандар тарту;
Комиссия мүшелерiн, сарапшылар мен сараптау комиссияларын сахна қойылымдарымен, монументальдық өнер, сәулет туындыларымен және басқа да жұмыстармен орналасқан жерiнде танысу үшiн жiберу құқықтары берiледi.
ҚР Үкіметінiң 24.12.96 ж. N 1599 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Мемлекеттiк сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды Комиссия екi кезеңде қарайды. Бiрiншi кезеңде сыйлықтар алу конкурсына қатысатын жұмыстар iрiктеледi, екiншi кезеңде - Төралқа үш секцияның бiрлескен мәжiлiсiнде әрқайсысымен сыйлық беру туралы шешiм қабылдайды.
Жұмыстарды алдын ала iрiктеу туралы шешiмдi Комиссия жай көпшiлiк ашық дауыс беру арқылы қабылдайды.
Мемлекеттiк сыйлық беру туралы шешiм жасырын дауыс беру арқылы қабылданады. Мемлекеттiк сыйлық беру үшiн мәжiлiске қатысушылардың кемiнде 3/4-i жұмысты жақтап дауыс беруге тиiс. Комиссия мен оның секцияларының мәжiлiстерi олардың құрамының кемiнде 2/3-i оған қатысқанда заңды болып табылады.
6. Комиссия мүшесiнiң жұмысы Мемлекеттiк сыйлық алуға ұсынылған жағдайда, оның авторы секциялар мен Комиссияның мәжiлiстерiнiң жұмысына қатыспайды.
7. Комиссия бұқаралық ақпарат құралдарында Мемлекеттiк сыйлық алуға жұмыстарды ұсыну тәртiбi мен мерзiмдерi туралы хабарландыруларды, авторлары мен ұсынған ұйымдарды көрсете отырып, конкурсқа қабылданған жұмыстардың тiзiмiн жүйелi түрде жариялайды, сондай-ақ өзiнiң ағымдағы жұмысы туралы хабарлап отырады.
8. Мемлекеттiк сыйлық беру туралы шешiмдi Комиссия жасырын дауыс беру нәтижелерi бойынша қабылдайды және ол Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен соң күшiне енедi. Мемлекеттiк сыйлық беру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы баспасөзде Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Күнiне қарай жарияланады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 30 шiлдедегi
N 949 қаулысына
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 27.10.98 ж. N 1085 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 16.10.00 ж. N 1529 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 09.10.02 ж. N 1099 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Әдебиет, өнер және
сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
сыйлықтары жөніндегі комиссияның құрамы
Төралқа:
Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Мұхтар Абрарұлы ақпарат және қоғамдық келісім министрі,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты, төраға
Әбдіков Төлен - Қазақстан Республикасы Президентінің
Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің бас
сарапшысы (келісім бойынша)
Асқаров - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Әлібек Асылбайұлы ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігінің Департамент директоры,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты, жауапты хатшы
Қабдолов - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
Зейнолла Қабдолұлы академиясының академигі, профессор
(келісім бойынша)
Мұртаза Шерхан - Қазақстан Республикасының халық
жазушысы, Қазақстан Республикасының
Парламенті Мәжілісінің депутаты,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты (келісім бойынша)
Мұсақоджаева - Қазақ ұлттық музыка академиясының
Айман Қожабекқызы ректоры, профессор, Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты (келісім бойынша)
Оңғарсынова Фариза - Қазақстан Республикасының халық
жазушысы, Қазақстан Республикасының
Парламенті Мәжілісінің депутаты,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)
Оразбаев - Қазақстан Республикасының халық әртісі,
Сәбит Қоңырбайұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)
Төлепбаев - суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген
Ерболат Тоғысбайұлы қайраткері (келісім бойынша)
Щеголихин - Қазақстан Республикасының халық
Иван Павлович жазушысы, Қазақстан Республикасының
Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
(келісім бойынша)
Әдебиет секциясының мүшелері
Қасқабасов - әдебиетші, Қазақстан Республикасы
Сейіт Асқарұлы Ұлттық ғылым академиясының
корреспондент мүшесі, Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты, секция төрағасы (келісім бойынша)
Әшіров Ахметжан - жазушы (келісім бойынша)
Бельгер - жазушы, Президенттің бейбітшілік және
Герольд Карлович рухани келісім сыйлығының лауреаты
(келісім бойынша)
Елеукенов - әдебиетші, филология ғылымдарының
Шериаздан Рүстемұлы докторы, профессор, Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты (келісім бойынша)
Ысқақов Қалихан - жазушы, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
(келісім бойынша)
Қирабаев - әдебиетші, Қазақстан Республикасы
Серік Смайылұлы Ұлттық ғылым академиясының академигі,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)
Құлкенов Мереке - жазушы, Ана тілі газетінің бас
редакторы (келісім бойынша)
Мағауин - Қазақстан Республикасының халық
Мұхтар Мұқанұлы жазушысы, Жұлдыз журналының бас
редакторы, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
(келісім бойынша)
Медетбеков Темірхан - ақын, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
(келісім бойынша)
Молдағалиев Тұманбай - Қазақстан Республикасының халық
жазушысы, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
(келісім бойынша)
Мырза Әлі - Қазақстан Республикасының халық
Қадыр Ғинаятұлы жазушысы, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
(келісім бойынша)
Петров - жазушы, Простор журналының бас
Ростислав Викторович редакторы (келісім бойынша)
Сараев Әнес - жазушы, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
(келісім бойынша)
Сәрсенбаев Оразбек - жазушы, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
(келісім бойынша)
Шапай Тұрсынжан - әдебиет сыншысы (келісім бойынша)
Шаханов Берік - Қазақстан Жазушылар одағының
басқармасы төрағасының орынбасары
(келісім бойынша)
Шаштайұлы Жұмабай - жазушы (келісім бойынша)
Музыка, театр және кино секциясының мүшелері
Тілеухан - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Бекболат Қанайұлы ақпарат және қоғамдық келісім вице-
министрі, Қазақстан Республикасының
еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты, секция төрағасы
Әбдірахманов - мәдениеттанушы, филология
Сауытбек Әбдірахманұлы ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)
Әбдірашев Төлепберген - Қазақстан Республикасының халық әртісі,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
академиялық симфониялық оркестрінің
бас дирижері (келісім бойынша)
Андриасян - Қазақстан Республикасының халық әртісі,
Рубен Суренович М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік орыс
академиялық театрының көркемдік жетекшісі,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты (келісім бойынша)
Ахмедияров Қаршыға - Қазақстан Республикасының халық әртісі,
профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)
Әшімов Асанәлі - Қазақстан Республикасының халық әртісі,
Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты
(келісім бойынша)
Исабеков Дулат - жазушы-драматург, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Капустин - Қазақстан Республикасының еңбек
Юрий Николаевич сіңірген әртісі (келісім бойынша)
Қышқашбаев Тілеуғали - Қазақстан Республикасының еңбек
сіңірген қайраткері, өнертану кандидаты,
Т. Жүргенов атындағы Ұлттық өнер
академиясының ректоры (келісім бойынша)
Клушкин - Қазақстан Республикасының халық әртісі
Юрий Степанович (келісім бойынша)
Нарымбетов Сатыбалды - кинорежиссер, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
(келісім бойынша)
Обаев Есмұхан - Қазақстан Республикасының халық әртісі,
профессор, М. Әуезов атындағы Қазақ
мемлекеттік академиялық драма театрының
көркемдік жетекшісі
Райбаев - балетмейстер, Қазақстан
Зәуірбек Ғалиұлы Республикасының халық әртісі
(келісім бойынша)
Рахмадиев - композитор, Қазақстан Республикасының
Еркеғали Рахмадиұлы халық әртісі, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
(келісім бойынша)
Сейдімбек - филология ғылымдарының докторы,
Ақселеу Сланұлы профессор (келісім бойынша)
Салаватов Ринат - Қазақстан Республикасының еңбек
сіңірген қайраткері, Абай атындағы
Мемлекеттік академиялық опера
және балет театрының көркемдік жетекшісі
және бас дирижері
Сейітметов Райымбек - режиссер, Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
(келісім бойынша)
Сығаев - театр сыншысы, профессор, Қазақстан
Әшірбек Төребайұлы Республикасының еңбек сіңірген
қайраткері (келісім бойынша)
Үсенов Ермұрат - композитор (келісім бойынша)
Бейнелеу өнері және сәулет секциясының мүшелері
Құмарова - өнертанушы, Суретшілер одағының
Сәбилә Бекжанқызы мүшесі, секция төрағасы
(келісім бойынша)
Ақанаев - суретші (келісім бойынша)
Амандос Әтібекұлы
Әлиев - кескіндемеші, Қазақстан Республикасы
Дулат Қапбарұлы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
(келісім бойынша)
Ералиев - Қазақстан Республикасының еңбек
Тоқтар Ералыұлы сіңірген сәулетшісі (келісім бойынша)
Есенбаев - мусінші, Суретшілер одағының мүшесі
Асқар Нариманұлы (келісім бойынша)
Ибрагимов - өнертанушы
Ұлықбек Шарахынұлы
Петрова - Қазақстан Республикасының еңбек
Альбина Анатольевна сіңірген сәулетшісі (келісім бойынша)
Псарев - кескіндемеші, Суретшілер одағының
Владимир Федорович мүшесі (келісім бойынша)
Романов Сахи - кескіндемеші, Қазақстан Республикасының
халық суретшісі (келісім бойынша)
Рүстембеков - Қазақстан Республикасының еңбек
Серік Исаұлы сіңірген сәулетшісі (келісім бойынша)
Сергебаев - мүсінші, Қазақстан Республикасы
Ескендір Аманжолұлы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
(келісім бойынша)
Чувылко - кескіндемеші, Суретшілер одағының
Борис Иванович мүшесі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 30 шiлдедегi
N 949 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi
жойылған кейбiр шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI
1. "Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы туралы Ереженi және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комитет туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 8 қазандағы N 841 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 39, 583-құжат).
2. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комитеттiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 20 қыркүйектегi N 1036 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 39, 425-құжат).
3. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 20 қыркүйектегi N 1036 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 желтоқсандағы N 1446 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 48, 541-құжат).
4. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 8 қазандағы N 841 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 желтоқсандағы N 1448 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 48, 543-құжат).