Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 30 шiлдедегi № 949
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 8 қарашадағы № 1180 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 14 қыркүйектегі № 806 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. "Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 30 шiлдедегi № 949 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 32, 299-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы туралы ережеде:
7-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Авторлар ұжымы құрамына кiретiндердi қоспағанда, авторлар қайтыс болғаннан кейiн Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылмайды.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |