Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 30 шiлдедегi № 949
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1996 жылғы 24 желтоқсандағы № 1599 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 14 қыркүйектегі № 806 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
"Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 30 шiлдедегi № 949 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 32, 299-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
Аталған қаулымен бекітілген Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы туралы Ереженiң 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мемлекеттік сыйлық екi жылда бiр рет 10 атауда берiледi";
Аталған қаулымен бекітілген Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі Комиссия туралы Ереженiң 5-тармағының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынылған жұмыстарды Комиссия екi кезеңде қарайды. Бiрiншi кезеңде сыйлықтар алу конкурсына қатысатын жұмыстар iрiктеледi, екiншi кезеңде - Төралқа үш секцияның бiрлескен мәжілісiнде әрқайсысымен сыйлық беру туралы шешiм қабылдайды".
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi