айлық есептiк көрсеткiштiң 500 еселенген мөлшерiне дейiн айыппұл;
г) осы Заңға сәйкес тыйым салынған не оның құқықтық қабiлетiнiң шегiнен шығатын операциялар мен мәмілелердi жүзеге асырса -
мәмiле сомасының 0,1 процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған кiрiс сомасының 50 процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл;
д) банк операцияларын олардың нәтижелерiн бухгалтерлiк есепте тиiсiнше көрсетпей жүргiзсе -
есепке алынбаған мөлшерде айыппұл;
е) бухгалтерлiк есептiң белгiленген стандарттарын немесе әдiстерiн (принциптерiн) бұза отырып бухгалтерлiк есеп жүргiзу не пруденциалдық нормативтердiң және (немесе) банк заңдарында айқындалған сақталуы мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердiң бұрмалануына алып келген банкiлiк немесе өзге де есептiлiктi жасауы -
тиiсiнше есепке алынбаған соманың 5 процентiне дейiнгi мөлшерде не айлық есептiк көрсеткiштiң 500 еселенген мөлшерiнен аспайтын сомада айыппұл;
ж) клиенттердiң банк шоттарын ашу және жабу тәртiбiн бұзса -
айлық есептiк көрсеткiштiң 500 еселенген мөлшерiне дейiн айыппұл салуға және олардан өндiрiп алуға хақылы.
2. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде банктер жауапкершiлiгiнiң өзге де негiздерi көзделуi мүмкiн.
3. Осы бапта келтiрiлген негiздер бойынша банктерден өндiрiлiп алынған айыппұлдар сомасы республикалық бюджетке аударылады.
74-7-бап. Банк қызметiне байланысты құқық бұзушылыққа сот тәртiбiмен айыппұл мен өсiм салудың және оларды өндiрiп алудың негiздерi
1. Банк клиенттерге, несие берушiлерге және қарыз алушыларға банк қызметiн көрсетуге байланысты құқық бұзушылық жасаған ретте сот:
а) ақша төлемi немесе аударымы жөнiндегi нұсқауларды, ақшаны қолма-қол алу жөнiндегi нұсқауларды уақытылы немесе дұрыс орындамағаны үшiн -
ақша төлемi немесе аударымы жөнiндегi нұсқаудың не ақшаны қолма-қол алу жөнiндегi талап сомасының әрбiр операциялық күн үшiн 0,02 процентi мөлшерiнде, бiрақ аталған соманың 5 процентiнен аспайтын мөлшердегi өсiм;
б) ақшаның банкке түскен күнiн есептемегенде, бiр операциялық күннен асырып, иеленушiнiң банк шотына ақшаны уақтылы немесе дұрыс енгiзбегенi үшiн -
әрбiр операциялық күн үшiн ақша төлемi немесе аударымы жөнiндегi нұсқаудың уақытылы енгiзiлмеген сомасының 0,02 процентi мөлшерiнде, бiрақ ақша төлемi немесе аударымы жөнiндегi нұсқаудың уақытылы енгiзiлмеген сомасының 5 процентiнен аспайтын мөлшердегi өсiм;
в) клиенттердiң төлем құжаттарын жоғалтқаны үшiн -
әрбiр төлем құжаты үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң 50 еселенген мөлшерiне дейiн айыппұл салуға және оларды банктен өндiрiп алуға хақылы.
Айыппұлдар мен өсiмдер сомасының осы тармақта аталған мөлшерi, егер айыппұлдардың, өсiмдердiң нақты мөлшерi шартпен белгiленбесе қолданылады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған негiздер бойынша айыппұлдар мен өсiмдер сомасын клиенттердiң, несие берушiлер мен қарыз алушылардың пайдасына өндiрiп алу олардың арыздары бойынша сот тәртiбiмен жүргiзiледi.
74-8-бап. Ұлттық Банктiң айыппұл салу және өндiрiп алу туралы материалдарды ресiмдеу және қарау тәртiбi
1. Ұлттық Банк осы Заңның 74-6-бабында және банктер мен олардың лауазымды адамдарының жауапкершiлiгi туралы заң актiлерiнiң тиiстi нормаларында көзделген шараларды қолдануға негiз болып табылатын құқық бұзушылықтың жасалғаны туралы тиiстi актiнi (хаттаманы) оған қажеттi құжаттарды қоса бере отырып жасайды.
2. Ұлттық Банктiң банк қадағалауын жүзеге асыратын қызметкерлерiнiң анықталған құқық бұзушылық туралы акт (хаттама) жасауға құқығы бар.
3. Анықталған құқық бұзушылық туралы актiнi (хаттаманы) және осы мәселе бойынша басқа да материалдарды Ұлттық Банктiң банк қадағалауын жүзеге асыратын бөлiмшесi тиiстi қорытындысымен қоса Ұлттық Банк Төрағасының, оның орынбасарының немесе Ұлттық Банк Басқармасының қарауына бередi.
Ұлттық Банктiң Төрағасы немесе оның орынбасары өз өкiлеттiктерi шегiнде, анықталған құқық бұзушылық туралы материалдарды өздерi немесе Ұлттық Банктiң Басқармасы қарағанға дейiн бұл мәселенi Ұлттық Банктiң Директорлар кеңесiнiң қарауына енгiзуге хақылы, оның шешiмiнiң ұсынымдық сипаты болады.
4. Банктiң лауазымды адамына әкiмшiлiк жаза қолдану туралы шешiмдi Ұлттық Банктiң Төрағасы немесе оның орынбасары қабылдайды.
Банкке айыппұл түрiнде санкция қолдану туралы шешiмдi Ұлттық Банктiң Басқармасы қабылдайды.
5. Банктердiң, банктердiң лауазымды адамдарының жауапкершiлiгi туралы материалдарды ресiмдеудiң ерекшелiктерi және оларды Ұлттық Банк Төрағасының немесе оның орынбасарының, Ұлттық Банк Басқармасының қарау тәртiбi тиiстi заң актiлерiнiң талаптары ескерiле отырып, Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
74-9-бап. Анықталған құқық бұзушылық туралы акт (хаттама) және Ұлттық Банктiң оны қарау мерзiмi
1. Анықталған құқық бұзушылық туралы актiде (хаттамада): оның жасалған күнi және орны, актiнi (хаттаманы) жасаған адамның лауазымы, тегi, аты-жөнi, құқық бұзушылықтың мәнiсi мен өзге де қажеттi мәлiметтер көрсетiледi.
2. Актiге (хаттамаға) оны жасаған адам, сондай-ақ банктiң тиiстi адамы қол қояды. Акт (хаттама) бойынша қарсылықтар немесе ескертпелер болған жағдайда актiде (хаттамада) бұл туралы ескертпе жасалады және оған жазбаша қарсылықтар, ал қажет болған жағдайда қосымша материалдар қоса берiледi.
3. Ұлттық Банктiң Төрағасы, оның орынбасары немесе Ұлттық Банктiң Басқармасы банктен, банктiң лауазымды адамынан айыппұл өндiрiп алу туралы табыс етiлген материал бойынша Ұлттық Банк Төрағасының, оның орынбасарының немесе Ұлттық Банк Басқармасының қарауына қажеттi құжаттар келiп түскен күннен бастап 30 күн iшiнде, бiрақ құқық бұзушылық анықталған күннен бастап екi айдан кешiктiрмей өз өкiлеттiгi шегiнде шешiм қабылдайды.
4. Ұлттық Банк айыппұл өндiрiп алу туралы материалды қарау нәтижелерi туралы банктi, банктiң әкiмшiлiк жауапқа тартылған лауазымды адамын жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
Ұлттық Банктiң айыппұлды өндiрiп алу туралы материал бойынша шешiмi осы баптың 5-тармағында айқындалған мерзiмде күшiне енедi.
5. Айыппұл салу және оны өндiрiп алу туралы тиiстi қаулымен келiспеген жағдайда банк, банктiң әкiмшiлiк жауапқа тартылған лауазымды адамы осы шешiмге бiр ай мерзiм iшiнде сотқа шағымдануға хақылы.
Банк, банктiң әкiмшiлiк жауапқа тартылған лауазымды адамы аталған шешiмге сот тәртiбiмен шағымданған жағдайда қабылданған қаулыныңорындалуы дауды сот қарағанға дейiн тоқтатыла тұрады.
10-тарау. Қорытынды ережелер
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1; 02.03.01 N 162-II Заңдарымен 75-бап өзгертiлдi
75-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заңның қалыптары өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын барлық банкiлерге, соның iшiнде оларды ұйымдастырудың бастапқы кезеңiн регламенттейтiн жекелеген заңдық және қалыптық құжаттардың негiзiнде айрықша тәртiппен құрылған банкiлерге де, сондай-ақ банктердің тікелей және жанама қатысушылары болып табылатын тұлғаларға да қолданылады.
2. Олардың әрқайсысы үшiн рұқсат етiлген банк операциялары түрлерiнiң тiзбелерiн, оларға банк операцияларын жүргiзуге лицензия берудiң негiздерi мен олардың қызметiн ықтимал шектеулердi қоса алғанда, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық мәртебесi, құрылу тәртiбi, лицензиялануы, қызметiнiң реттелуi мен тоқтатылуы Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Мемлекеттік органдардың бөлімшелері болып табылатын ұйымдар банк операцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда аталған ұйымдарды құру, қызметі, қызметін реттеу және тоқтату тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, оларды жүзеге асыруды үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз, тек қана мемлекеттік бюджетке қатысты және соның қаражаттары есебінен жүзеге асыруға құқылы.
3. Осы Заңның ережелерi Ұлттық Банкiге бұл Заңға тiкелей көзделген жағдайларда ғана қолданылады.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 76-бап өзгертiлдi; ҚР 29.06.98 ж. N 236-1 Заңымен 76-бап алынып тасталды
76-бап. алынып тасталды
77-бап. Ұлттық Банктiң iс-әрекетiне шағым беру
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банк қызметiн реттеу саласындағы iс-әрекеттерiне сот тәртiбiмен шағым берiлуi мүмкiн.
ҚР 11.07.97 ж. N 154-1 Заңымен 78-бап өзгертiлдi
78-бап. Осы Заңның күшiне енуi
1. Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
2. Осы Заң күшiне енген күннен бастап, "Қазақстан Республикасындағы банкiлер туралы" 1993 жылғы 14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы заңының қолданылу кезеңiнде банкiлердiң жарғылық капиталын қалыптастыру тәртiбiн бұзушылықтарға жол берiлгендiгi анықталған жағдайда, банкiлерге осы Заңда көзделген санкциялар қолданылады.
Қазақстан Республикасының