6. Жекелеген адамдардың өмiрiне, денсаулығына, меншiгiне қауiп төнген жағдайда олардың өтiнiшi немесе жазбаша келiсiмi бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi орган басшысы бекiткен қаулы негiзiнде, 24 сағаттың iшiнде мiндеттi түрде прокурорды хабардар ете отырып, олардың телефондарынан немесе басқа да сөйлесу құрылғыларынан жүргiзiлген сөйлесулердi тыңдауға және жазып алуға рұқсат етiледi.
7. Кейiнге қалдыруға болмайтын және террористік әрекет бiлдiру және басқа да ауыр қылмыстар жасауға әкелiп соғуы мүмкiн жағдайларда жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi тиiстi орган басшылары бiрiнiң дәлелдi қаулысы негiзiнде прокурорды хабардар ету және соңынан 24 сағаттың iшiнде рұқсат алу арқылы осы баптың 4-тармағында көрсетiлген жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге жол берiледi.
8. Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге рұқсат алу кезiнде прокурорға жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдармен құпия негiзде қызмет жасаушы немесе қызмет жасаған азаматтардың жеке басы туралы мағлұматтар құпиясын ашуға мүмкiндiк бермейтiн нысанда және мазмұнда оларды жүргiзуге негiздеме материалдар тапсырылады.
9. Жасырын жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру және оларды жүргiзу тактикасы "Мемлекеттiк құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы" негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Құпияландыруға жататын мағлұматтар тiзбесiне сәйкес қызметтiк, әскери және мемлекеттiк құпияны құрауы мүмкiн.
13-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы
органдарға жәрдемдесу
1. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ведомстволарының, кәсiпорындарының, ұйымдары мен мекемелерiнiң (бағыныстылығына және меншiк нысандарына қарамастан), әскер бөлiмшелерiнiң, құрамаларының және қоғамдық бiрлестiктерiнiң лауазымды адамдары мен басқа қызметкерлерi осы Заңның 2-бабында көзделген мiндеттердi шешуде жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органдарға жәрдемдесуге мiндеттi.
2. Жекелеген азаматтар өз қалауы бойынша жедел-iздестiру қызметiн жүргiзу органдарымен қызмет жасау құпиялылығын сақтай отырып, өз келiсiмiмен жедел-iздестiру шараларын әзiрлеуге және жүргiзуге (соның iшiнде келiсiм-шарт бойынша) тартылуы мүмкiн. Бұл адамдар жедел-iздестiру шараларын әзiрлеу немесе жүргiзу барысында өздерiне мәлiм болған мағлұматтарды құпия ұстауға және аталған органдарға көрiнеу жалған хабарлама бермеуге мiндеттi. Осындай мағлұматтарды жария еткенi және көрнеу жалған хабарлама бергенi үшiн олар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген жауапқа тартылады.
3. Жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органдар кәмелетке толған әрекет қабiлетi бар адамдармен олардың азаматтығына, ұлтына, жынысына, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, бiлiмiне, қандай қоғамдық бiрлестiктерге жататынына, саяси және дiни сенiмiне қарамастан ынтымақтасу туралы келiсiм-шарт жасай алады. Келiсiм-шарттың түрi, оның қолданылу шарты мен мерзiмi ведомстволық қалыптық құжаттармен белгiленедi.
14-бап. Жедел-iздестiру қызметiнiң нәтижелерiн пайдалану
1. Жедел-iздестiру қызметi үрдiсiнде алынған материалдар тергеу жұмыстарын әзiрлеу және жүзеге асыру, қылмыстардың алдын алу, оларды болдырмау және ашу жөнiндегi жедел-iздестiру шараларын жүргiзу үшiн, сондай-ақ қылмыстық iс жүргiзу заңдарына сәйкес олар тексерiлгеннен кейiн қылмыстық iс бойынша айғақтар ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.
2. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу нәтижесiнде алынған материалдар оларға қылмыстық iс жүргiзу заңында көзделген сипат бергенге дейiн, не оларды қылмыс процесiне енгiзуге мүмкiндiк болмаған жағдайда ешқандай құқықтық зардаптарға әкелiп соқпайды және жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн шектеу үшiн негiз бола алмайды.
3. Жедел-iздестiру қызметiн ұйымдастыру, нақты жедел-iздестiру шаралары, хабарламаларды алу көздерi мен тәсiлдерi туралы мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мағлұматтар заңдарда көзделген реттерден басқа жағдайда, сондай-ақ азаматтардың жеке өмiрiне, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне қатысты мағлұматтар, жария етiлмейдi.
4. Кәсiби мiндеттерiн орындау нәтижесiнде жедел-iздестiру қызметi туралы өзiне мәлiм болған мағлұматтарды жария еткен адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жауапты болады.
15-бап. Жедел-iздестiру қызметiндегi шектеулер
Жедел-iздестiру қызметiн жүргiзу кезiнде:
- аса қажет және қорғаныс қажет болған жағдайда басқа реттерде азаматтардың өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне нақты қатер төндiретiн iс-әрекеттер жасауға;
- қандай да бiр саяси партияның, сондай-ақ қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң мүддесi үшiн әрекет етуге;
- азаматтарды құқық бұзушылыққа итермелеуге және арандатуға;
- азаматтар мен лауазымды адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн шектейтiн зорлық-зомбылық жасауға, қатер төндiруге, бопсалауға және өзге де заңсыз әрекеттер жасауға;
- жедел-iздестiру материалдарын бұрмалауға, сол сияқты көрiнеу күмәндi не жалған мағлұматтарды пайдалануға тыйым салынады.
16-бап. Жедел-iздестiру шараларын тоқтату негiздерi
Жедел-iздестiру шаралары:
- жедел-iздестiру қызметiн жүргiзу арқылы шешу көзделген мiндеттер орындалған ретте;
- алға қойылған мiндеттердiң шешiлуi объективтi түрде мүмкiн еместiгiн растайтын жағдайлар анықталған ретте;
- тексерiлетiн адамды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша жауапқа тартуға болмайтын жағдайлар анықталған кезде тоқтатылады.
Жедел-iздестiру шаралары жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қалыптық құжаттарында көзделген мерзiмде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының келiсiмiмен жүзеге асырылады, тоқтатыла тұрады, тоқтатылады.
IV бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге
асырушы органдардың өзара iс-қимылы
17-бап. Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметiн
жүзеге асырушы органдарының өзара iс-қимылы
Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдары:
- өздерiнiң алдарында тұрған мiндеттердi дербес, бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасап, мемлекеттiк, қоғамдық және өзге ұйымдардың мүмкiндiгiн, сондай-ақ азаматтардың жәрдемiн пайдалана отырып шешедi;
- осы органдардың құзыретiне қатысты қылмыстық әрекеттердiң мәлiм болған деректерi туралы бiрiн-бiрi хабардар етiп отыруды қамтамасыз етедi және өзара қажеттi көмектi көрсетедi.
18-бап. Басқа мемлекеттердiң органдарымен өзара iс-қимыл
1. Басқа мемлекеттердiң жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға құқық берiлген органдары Қазақстан Республикасы аумағында өзара iс-қимылды және жедел-iздестiру шараларын осы заңда және тиiстi шарттар мен келiсiмдерде белгiленген тәртiп пен шекте жүргiзедi.
2. Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдары басқа мемлекеттердiң аумақтарында өзара iс-қимылды және жедел-iздестiру шараларын осы Заңда, сондай-ақ тиiстi шарттар мен келiсiмдер негiзiнде сол мемлекеттердiң заңдарымен белгiленген тәртiп пен шекте жүргiзедi.
19-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың
халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара iс-қимылы
Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен өзара iс-қимылы құқықтық көмек туралы шарттарға (келiсiмдерге) сәйкес және осы Заңда белгiленген қалыптар шегiнде жүзеге асырылады.
V бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiн қаржылай және
материалдық-техникалық қамтамасыз ету
ҚР 15.07.96 ж. N 31-1; 22.12.98 ж. N 327-I Заңдарымен 20-бап өзгертілді
20-бап. Жедел-iздестiру қызметiн қаржылай
қамтамасыз ету
Жедел-iздестiру қызметiн қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерден жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарды ұстауға ұлттық валюта түрiнде де, шетел валютасы түрiнде де бөлiнетiн қаржы есебiнен жүзеге асырылады.
ҚР 15.07.96 ж. N 31-1; 22.12.98 ж. N 327-I Заңдарымен 20-бап өзгертілді
21-бап. Жедел-iздестiру қызметiн материалдық-техникалық
қамтамасыз ету
Жедел-iздестiру қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету:
- республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаржыларынан.
VI бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiнiң субъектiлерiн
әлеуметтiк және құқықтық қорғау
22-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар
қызметкерлерiн әлеуметтiк және құқықтық қорғау
1. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде өкiмет өкiлдерi болып саналады және мемлекет қорғауында болады. Оларға өздерi штатына кiретiн министрлiктер мен ведомстволар қызметкерлерiнiң құқықтық және әлеуметтiк қорғау кепiлдiктерi қолданылады. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар қызметкерлерiнiң жұмыс ерекшелiктерi ескерiле отырып оларға қосымша жеңiлдiктер берiлуi мүмкiн.
2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қызметкерлерi өздерiнiң қызмет бабында заң талаптарын басшылыққа алады әрi саяси партиялардың және саяси мақсаттарды көздейтiн бұқаралық қоғамдық қозғалыстардың шешiмдерiне байланысты болмайды.
3. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы қызметкерлер мен органдардың заңды iс-қимылына заңмен тiкелей уәкiлдiк берiлген адамнан басқа ешкiмнiң араласуына құқығы жоқ. Қолданылып жүрген заңдарға қайшы келетiн бұйрық немесе нұсқау алған кезде олар заңды басшылыққа алуға мiндеттi.
4. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың басшылары өз қызметкерлерiнiң, олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының жеке басының қауiпсiздiгiн, мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
5. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың қызметкерлерiне қызмет мiндеттерiн лайықты орындау мақсатында арнаулы кәсiби даярлықтан өтуiне, бiлiктiлiгiн көтеруге және медициналық қызмет көрсетiлуi үшiн қажеттi жағдайлар жасалады.
ҚР 15.07.96 ж. N 31-1 Заңымен 23-бап өзгертілді
23-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға
жәрдемдесушi азаматтарды әлеуметтiк және құқықтық
қорғау
1. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға жәрдемдесетiн азаматтар мемлекет қорғауында болады.
2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға жәрдемдесуге келiсiм бiлдiрген азаматтарға мемлекет осы Заңға, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына және қалыптық құжаттарына сәйкес олардың құқықтарын қамтамасыз етуге және мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк бередi.
3. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарға жәрдемдесуiне байланысты азаматтардың өмiрiне, сондай-ақ олардың отбасы мен жақын туыстарының денсаулығына немесе мүлкiне, заңға қайшы қол сұғушылықтың анық қаупi төнген кезде, бұл органдар құқыққа қарсы әрекеттi болдырмау, айыптыларды анықтап, оларды жауапқа тарту, сондай-ақ қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен оларды қорғау жөнiнде арнаулы жұмыстар жүргiзу үшiн барлық қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.
4. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдармен құпия негiзде қызмет iстейтiн немесе қызмет iстеген азаматтар туралы мағлұматтар мемлекеттiк құпия болып табылады және олардың жазбаша келiсiмiмен ғана жария етiлуi мүмкiн.
5. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдармен қызмет iстейтiн азаматтар сыйақы алуға құқылы.
6. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдармен азаматтардың айналысатын қызметiнiң негiзгi түрi ретiнде ақылы негiзде келiсiм-шарт бойынша ынтымақтасып қызмет iстеу кезеңi олардың жалпы еңбек стажына кiредi. Олар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес және Үкiметi белгiлеген тәртiппен зейнетақымен қамтамасыз етiлуге, қаза болған ретте олардың отбасылары мен асырауындағы адамдар асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алуға құқылы.
7. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдармен ынтымақтасып қызмет iстеген азамат жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге қатысуына байланысты қаза болған жағдайда оның отбасына және асырауындағы адамдарға:
- ақылы негiзде ынтымақтасып қызмет iстеп, қаза болған адамның он жылдық ақшалай ақысы мөлшерiнде;
- ақысыз негiзде ынтымақтасып қызмет iстеген адам үшiн он жылдық ең төменгi жалақы сомасы мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы төленедi.
8. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдармен ынтымақтасып қызмет iстеген азамат өзiнiң қатысуымен болған жедел-iздестiру шараларын жүргiзген кезде мертiккен не денсаулығына өзге де зақым келген кезде оған:
- ақылы негiзде ынтымақтасып қызмет iстеген адамдар үшiн бес жылдық ақшалай ақысы мөлшерiнде;
- ақысыз негiзде ынтымақтасып қызмет iстеген адамдар үшiн бес жылдық ең төменгi жалақы сомасы мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы төленедi.
9. Жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге қатысуға байланысты қаза болуға, мертiгуге не денсаулықтың өзгедей зақымдануына орай келтiрiлген залалдың орнын толтыру Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның қаржысы есебiнен жүргiзiледi.
VII бөлiм. Жедел-iздестiру қызметiн бақылау
және қадағалау
24-бап. Ведомстволық бақылау
Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың басшылары жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу кезiнде заңдылықтың сақталуына бақылауды қамтамасыз етедi.
Жоғары тұрған ведомстволық органдар өздерiне бағынысты органдардың жедел-iздестiру қызметiне бақылау жасауды қамтамасыз етедi.
ҚР 09.08.02 ж. N 346-1 Заңымен 25-бап өзгертілді
25-бап. Жедел-iздестiру қызметiн қадағалау
1. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру кезiндегi заңдылықтың сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынысты прокурорлар жүзеге асырады.
2. Жедел-iздестiру қызметiн қадағалауды жүзеге асыру кезiнде прокурор:
1) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдармен жасырын негiзде қызмет ететiн немесе қызмет еткен азаматтардың жеке басы туралы мәлiметтердi қоспағанда, жедел-iздестiрудi жүргiзу iстерiн, жедел-iздестiру қызметiнiң барысы туралы материалдарды, құжаттар мен басқа да қажеттi мәлiметтердi алады;
2) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың арнаулы жедел-iздестiру шараларын жүргiзуiнiң заңдылығын тексередi;
3) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру кезiнде заңды, адам мен азамат құқықтарын бұзушылық анықталған жағдайда өз қаулысымен жедел-iздестiру шараларын тоқтатады;
4) жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдар мен арыздарды қарайды;
5) Конституцияға, заңдар мен Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келетiн, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар шығаратын жедел-iздестiру шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу тактикасын регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге наразылық келтiредi;
6) жедел-iздестiру шараларын жүргізу кезiнде құқыққа қарсы iс-әрекеттерге жол берген қызметкерлерге қатысты қылмыстық iс қозғау, тәртiптiк iс жүргiзу туралы қаулылар шығарады;
7) жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезiнде анықталған тәртiп бұзушылық фактiлерi бойынша прокурорлық қадағалаудың басқа да актiлерiн шығарады;
8) заңсыз ұсталған адамдарды өзiнiң дәлелдi қаулысымен босатады не адамдарды ұстау туралы заңсыз қаулылардың күшiн жояды;
9) қажет болған жағдайда жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың басшыларынан өздерiне бағынышты органдарда заң бұзушылықты жою мақсатында тексеру жүргiзудi талап етедi;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге санкция бередi.
3. Бас Прокурор өз құзыретi шегiнде, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың орындауы үшiн мiндеттi, жедел-iздестiру қызметi туралы Қазақстан Республикасы заңдары нормаларының қолданылу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды.
4. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдар тарапынан заңдылықтың бұзылуын анықтау мақсатында прокурор арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, прокуратура органдарының мамандары мен өзге де мамандарды тартуға құқылы.
Қазақстан Республикасының