Уважаемый пользователь, документ к которому Вы обратились, не входит в Ваш комплект.
Для того чтобы получить документ, Вам необходимо заполнить расположенную ниже форму запроса,
и тогда документ будет отправлен Вам по электронной почте.
Так же Вы можете обратиться в центр обслуживания по тел.: +7 (495) 972-24-02 (в рабочие дни с 9:00 до 18:00 МСК).
Руководитель отдела по работе с клиентами: +7 (926) 108-92-64
ФИО или название орагинизации:
E-mail для ответа:
Сообщение:
Примечание: Название и реквизиты необходимого документа можно не указывать,
они вычисляются автоматически при нажатии вами на ссылку и передаются в вашем запросе.
Отправить
Отмена
С уважением к Вам, Служба поддержки «ИС Континент».
«Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1355 қаулысы (2007.18.04. берілген өзгерістермен)
Введите текст
Наверх
Сравнение редакций
Адам сату сияқты қылмыстық бизнестің таралуы халықаралық қауымдастықтың қатты алаңдаушылығын туындатып отыр. Көшi-қон жөніндегі халықаралық ұйымның (ҚХҰ) деректерi бойынша ТМД елдерiнен адамдарды шетелдерге заңсыз шығару фактілерiнiң 77 % жуығы әйелдердi жыныстық қатынастар үшiн пайдалану, 23 % жұмыс iстету мақсатында сатумен байланысты. Тек 2003 жылы ғана қазақстандық дипломатиялық өкiлдіктер сатудың құрбандары болған Қазақстанның 24 азаматына отанына оралуға көмек көрсетті. Осыған орай құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 24 ақпандағы қаулысымен бекiтілген Адамдарды сату жөніндегі қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және алдын алу жөніндегі iс-шаралардың 2004-2005 жылдарға арналған арнайы жоспарын iске асыруда. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 қыркүйектегі № 983 қаулысына сәйкес елiмiзде Адамдарды заңсыз шығаруға, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс iстейдi.
Адамдарды сату фактiлерiн анықтау, ескерту және олардың жолын кесу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мақсатында туристiк фирмалар арқылы, сондай-ақ модельдiк, неке құру агенттiктерiнiң және жұмысқа орналастыру жөніндегі агенттіктердiң делдалдығы кезiнде қазақстандық азаматтардың республикадан тыс жерлерде қозғалуына бақылау жасау тетігін әзiрлеу қажет.
Жоғары технология саласындағы қылмыстарға қарсы күрестi күшейту жөніндегі жұмыс шаралар кешенiн қабылдауды талап етедi. Көрсетілген шаралар компьютерлiк ақпарат саласындағы қылмыстарға және ЭЕМ мен олардың жүйелерiн пайдалануға, радиоэлектронды және басқа да арнайы техникалық құралдардың заңсыз айналымына, порнографияны, зиян келтiретiн хакерлiк бағдарламаларды және контрафактілік өнiмдi таратуға байланысты құқық бұзушылықтарға қарсы күресуге бағыттылатын болады.
5.4. Қылмысқа қарсы күресті ақпараттық және
материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Құқық қорғау органдарының жұмысын дәстүрлi әкiмшілiк әдiстерiмен жақсарту жолдары iс жүзiнде жойылды. Қазiргi заманғы ақпараттық технологиялар мен арнайы техниканы ендiруге негiзделген басқарудың сапалы жаңа әдiстерiн қолдану қажет.
IIМ-нiң Ақпараттық-телекоммуникациялық кешенi даму және жетілдiру сатысында. Оның қызмет етуiнен келетін жеткіліксiз қайтарым мынадай бірқатар объективтi факторлардың: бөлiмшелердiң компьютер техникасымен және байланыс құралдарымен нашар жарақтандырылуымен деректер берудiң ведомстволық жүйесiнiң нашар дамуымен, қызметкерлердiң криминалдық ақпараттың жинақтық массивтерiн нашар пайдалануымен байланысты.
Құқық қорғау органдарының ақпараттық кешенiн жетілдiру жөніндегі жұмыстарды, ақпараттық деректер қорын жетiлдiрудi және криминалдық ахуалды және адамның биометриялық ұқсастығын талдаудың және болжалдаудың құрал-жабдықтарын ендiрудi одан әрi жетiлдiру қажет. Бұл қылмыстық қудалау органдары барлық қызметкерлерiнiң бірлесiп жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi және олардың әр қайсысының хабарландырылуының және жедел жағдайдағы өзгерiске жедел ден қоюының жақсаруы есебiнен оның әлеуетiн көбейтедi.
Облыстық орталықтарда полицияның күш-құралдарымен жедел-басқару орталықтарының құрылысын жалғастыру, қалалық, аудандық, желілiк iшкі iстер органдарының кезекшi бөлiмдерiн Жедел басқару орталықтарының жүйесiне одан әрi қосу криминалдық ахуалдың өзгерiстерiне, жасалған ауыр қылмыстарға, жаппай тәртiпсіздікке, табиғи апаттарға және басқа да төтенше жағдайларға, азаматтардың жеке қауiпсiздiгiне, iшкi iстер органдарында азаматтардың өтінiштерi мен хабарламаларын толық тiркелуiне жедел ден қоюдың тиiмдi тетiгiн құруды қамтамасыз етуге мүмкiндiк береді. Интеграцияланған деректер банкiн, дербес автоматтандырылған деректер базасын, ақпараттық iздеу жүйелерін дамыту және оларды құқық қорғау органдарының бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесiне бірiктiру, оның Бас прокуратураның және басқа да мемлекеттік органдардың осындай жүйесiмен интеграциялау қылмыстық және жедел ақпаратты жинауға және пайдалануға бірыңғай және сәйкес келетiн ведомствоаралық көзқарасқа қол жеткізуге мүмкiндiк бередi, тіркеу-есепке алу тәртібінiң сақталуындағы "айқындылықты" және оған қатаң бақылау жасауды, құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң ақпараттық қамтамасыз етілуiн сапалы жақсартуды қамтамасыз етедi.
Өңiрлерде базалық қалалық, аудандық, желілiк iшкi iстер органдарын тиiсiнше материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. Осы базалық iшкi iстер органдарын құру IIM-нiң полиция қызметiн және оның қоғаммен байланысын жетілдiру жөніндегі барлық пайдалы бастамаларын практикада iске асыру үшiн жағдайлар жасауға әкелiп соғады, жергілiктi жерлерде полиция жұмысының сапалы жаңа нысандары мен әдiстерiн қабылдауға мүмкiндiк бередi.
5.5. Құқық қорғау органдарының кадр жұмысын
жетiлдiру
Құқық қорғау органдары төменгi бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi жол беретiн кәсiбисiздiк және заң нормаларына немқұрайды қарау фактілерi халықтың заңдылық режимiн, жеке басқа қол сұқпаушылық, оның ары мен қадiр-қасиетiн қорғау принциптерiн бекіту мүмкiндігіне деген сенiмiнiң жоғалуына әкелiп соғады.
Заң бұзушылықтың себебi құқық қорғау органдары төменгі буындарының нашар кадрлық құрамына, оның қызметкерлерi біліктілігінiң жеткіліксiздігіне және кәсiбилiктiң болмауына байланысты. Жалпы елiмiзде заң кадрларының көптігі байқалғанымен, аудандық деңгейдегi біршама қызметкерлердiң заң білiмi жоқ.
Құқық қорғау органдарының кадр саясаты кадрларды iрiктеу, даярлау және қайта даярлау жүйесiн қайта қарауды әлеуметтік және құқықтық кепілдiктердi қамтамасыз ету, тұрақты кәсiби кадр ядросын қалыптастыру мен нығайту жөнiндегі шаралар кешенiн жүзеге асыруды талап етедi.
Кадрларды iрiктеу, орналастыру, даярлау және қайта даярлау жүйесiн одан әрi жетiлдiрудi iске асыру:
құқық қорғау органдарының білікті және кәсiби кадрлармен жасақталуын және олардың азаматтардың конституциялық құқықтарын, олардың ары мен қадiр-қасиетiн сыйлауға, азаматтарға деген тiлектестік қарым-қатынасқа тәрбиеленуiн;
басқарушы буын кадрларының резервiн құруды және жұмыста қалыптасқан таптаурындар мен бірегейлі көзкарастарды жеңіп шығуға қабiлетті, басқарушылық дағдыларын, ұжымның жұмысын ұйымдастыру және бағыттау шеберлігін игерген кадрларды неғұрлым дайындалған қызметкерлер қатарынан қызмет бойынша өсiрудi көздеуi тиiс.
IIM-нiң-IIББ-нiң-АIIб-нiң жеке деңгейiнде әрқайсысының құзыреттерi мен өкілеттіліктерi анық белгілене отырып, IIМ құрылымдарын орталықсыздандыру жүзеге асырылатын болады. Негiзгі адамдардың ресурстары мен материалдық ресурстар жiберiлетiн қалалық, аудандық, желiлiк органдар iшкi iстер органдары жүйесiнiң негізгі буыны болуы керек.
5.6. Қылмысқа қарсы күрестегі халықаралық
ынтымақтастық
Қылмысқа қарсы күрес саласындағы Қазақстан Республикасы халықаралық ынтымақтастығының дамуы ұлттық заңнамаға және халықаралық мiндеттемелерге сәйкес жүзеге асырылуы тиiс шетел мемлекеттерiнiң құқық қорғау органдарымен практикалық өзара iс-қимыл жасасуды нығайтуға бағытталатын болады.
Республиканың құқық қорғау органдары қолда бар және шетел мемлекеттерiнiң тиiсті құрылымдарымен әрiптестiк қарым-қатынастарды баянды ету және кеңейту, қылмыстық iстер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету, қылмыстық қудалау және қылмыскерлерді беру мәселелерi, бірлескен жедел-iздестiру және алдын алу іс-шараларын, сондай-ақ арнайы операциялар жөнiндегі шараларды қабылдайтын болады.
Шетел мемлекеттерінің құқық қорғау органдары арасында өзара іс-қимыл жасасудың неғұрлым прогрессивті нысанын реттейтiн қылмысқа қарсы күрес саласындағы екі жақты ынтымақтастықтың шартты құқықтық базасын құру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.
Ресейдiң, Еуропа және Азия мемлекеттерінің құқық қорғау органдарымен кәсiби байланысты орнату ерекше көңiл бөлудi қажет етедi.
Қазақстан құқық қорғау органдарының Бiрiккен Ұлттар Ұйымының құқық қорғау саласындағы жобалары мен бағдарламаларына қатысуын жандандыру қажет.
Нақты iстер өңірлік ұйымдарды құрайтын мемлекеттердiң құқық қорғау органдарымен өзара қарым-қатынасты нығайтуға бағытталуы керек. ТМД-ға мүше мемлекеттер, Орталық-азиялық ынтымақтастық форматында құқық қорғау органдарымен сұхбаттасу жалғасын табады. Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберiнде ШЫҰ-ның өңірлік терроризмге қарсы қызметі практикалық өзара iс-қимыл жасасуы ерекше мағынаға ие болуда. Шекаралас мемлекеттердiң құқық қорғау органдарымен шекаралық ынтымақтастық басым бағыттарының бірi болуы тиiс.
Қылмысқа қарсы күрес саласындағы халықаралық конвенцияларда мемлекетіміздің қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған қадамдарға ықпал жасау керек.
ҚР Үкіметінің 2007.18.04. № 307 Қаулысымен 6-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
6. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАНЫ
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРI
Осы Бағдарламаны iске асыру жөнiндегі қаржыландыру талап ететiн іс-шаралар республикалық және жергілiктi бюджетте көзделген қаражаттар есебiнен және олардың шегiнде жүзеге асырылатын болады.
Показать изменения
Бағдарламаның іс-шараларын iске асыруға бағытталған ықтимал шығыстар барлығы 8 186 851 мың теңгенi, оның iшiнде республикалық бюджет есебінен - 6 517 051 мың теңгенi (2005 жылы - 1 925 600 мың теңге, 2006 жылы - 2 258 419 мың теңгенi, 2007 жылы - 2 333 032 мың теңге), жергілікті бюджеттерден - 1 669 800 мың теңгенi (2005 жылы - 643 429 мың теңге, 2006 жылы - 737 983 мың теңге, 2007 жылы - 288 388 мың теңге) құрайды.
2006-2007 жылдарға арналып көзделетiн сомалар тиiсті жылға арналған республикалық бюджеттi қалыптастырған кезде нақтыланады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
7. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДАН КҮТIЛЕТIН
НӘТИЖЕ
Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 2007 жылдың аяғына дейiн:
құқық бұзушылықтардың алдын алудың жаңа әлеуметтік-экономикалық негiзіндегі жалпы жүйесі құрылатын болады;
қылмысқа қарсы күрес күшейе түседі, ауыр және аса ауыр қылмыстар (олардың тiркелетiн саны жыл сайынғы бастамалық деңгейден - 10 мың тұрғынға 70 қылмыстан аспайды), сондай-ақ көшелерде және кәмелетке толмағандар мен жасалған қылмыстарды (тиiсiнше 10 мың тұрғынға 2005 жылы 12 мен 21-ден 2007 жылы 10 мен 19-ғa дейiн) азайту межеленедi;
республиканың барлық облыстық орталықтарында полицияның күш-құралдарымен жедел басқару орталықтары салынатын болады;
халықтың құқық қорғау жүйесi мен жалпы мемлекетке деген сенiмiнiң деңгейі артады.
Жоба
ҚР Үкіметінің 2007.18.04. № 307 Қаулысымен 8-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
8. Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың
алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің
2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын
iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары
Р/с
N
Iс-шара
Аяқтау
нысаны
Орын-
дауға
жауап-
тылар
Орын-
далу
мерзiмi
Болжалды
шығыстар
(млн.
теңге)
Қаржы-
лан-
дыру
көз-
дері
1
2
3
4
5
6
7
Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерiн қорғау.
Құқық қорғау органдарының қызметiндегі заңдылықты нығайту