«Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы
күрестің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1355 қаулысы
(2007.18.04. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 15 тамыздағы № 1165 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Орталық және жергіліктi атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша) Бағдарламаны орындауды қамтамасыз етсiн, жыл сайын 30 маусымнан және 30 желтоқсаннан кешiктірмей Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігіне оның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі 10 қаңтарға және 10 шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасының Yкіметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1355 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰҚЫҚ
БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
МЕН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ
2005-2007 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана, 2004 жыл
ҚР Үкіметінің 2007.18.04. № 307 Қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ
Бағдарламаның атауы Қазақстан Республикасында құқық
бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа
қарсы күрестiң 2005-2007 жылдарға
арналған бағдарламасы
Әзiрлеу үшiн негiздеме Қазақстан Республикасы Президентінің
2003 жылғы 15 тамыздағы № 1165
Жарлығымен бекітілген Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003-2006
жылдарға арналған бағдарламасы,
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903
қаулысымен бекітілген "Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 2003-2006
жылдарға арналған бағдарламасын iске
асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспары
(10.3-тармақ), Қазақстан Республикасында
құқық бұзушылықтың алдын алудың және
қылмысқа қарсы күрестің 2005-2006
жылдарға арналған бағдарламасын әзiрлеу
жөнiндегі жұмыс тобын құру туралы"
Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің 2004 жылғы 11 мамырдағы
№ 135-ө өкімі
Әзірлеушілер Iшкi iстер министрлігі, Бас прокуратура,
мен орындаушылар Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Әдiлет
министрлігі, Денсаулық сақтау
министрлігі, Мәдениет, ақпарат және
спорт министрлігі, Білiм және ғылым
министрлігі, Көлiк және коммуникация
министрлігі, Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі,
Экономикалық және сыбайлас жемқорлық
қылмысқа қарсы күрес агенттiгi (қаржы
полициясы), Ақпараттандыру және
байланыс агенттігі, Қаржы министрлігінiң
Кедендiк бақылау комитетi, облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi
Мақсаты Құқық бұзушылықты алдын алудың кең
ауқымды және тиiмді жүйесiн
қалыптастыру, қылмысқа қарсы күресті
нығайту
Міндеттері Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын
және заңды мүдделерін тиiмді қорғауды
қамтамасыз ету;
қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы
өтiнiштер мен хабарламаларды шешу
кезiнде заңдылықты сақтау;
қоғамдық қауiпсiздiктiң тиiстi жағдайын
қамтамасыз ету;
алдын алу қызметiн жетiлдiру;
қылмыстарды мақсатқа сай әлеуметтiк-
құқықтық алдын алуды жүзеге асыру;
iшкi істер органдары мен халықтың
арасындағы байланыс буыны ретiнде
учаскелiк полиция инспекторларының
жұмысын тиiмдi ұйымдастыру және
олардың рөлiн арттыру;
азаматтардың қылмысқа қарсы күрестегі
мүдделiлігін арттыру;
ұйымдасқан қылмысқа, есiрткi бизнесіне,
терроризмге, дiни экстремизмге және
заңсыз көші-қонға қарсы iс-әрекеттің
сенімдi жүйесiн қамтамасыз ету;
қылмысқа қарсы күресті тиiстi
ақпараттық және материалдық-техникалық
қамтамасыз ету;
құқық қорғау органдарының кадр жұмысын
жетілдiру;
қылмысқа қарсы күрестегi халықаралық
ынтымақтастықты кеңейту
Іске асыру мерзімдері 2006-2007 жылдар
Қаржыландыру көздері Республикалық және жергiлiктi бюджеттер
мен көлемдері қаражаты.
Қаржыландырудың болжалды көлемi
барлығы - 8 186 851 мың теңге,
оның iшiнде: республикалық бюджет
қаражатынан - 6 517 051 мың теңге,
оның iшiнде:
2005 жылы - 1 925 600 мың теңге,
2006 жылы - 2 258 419 мың теңге,
2007 жылы - 2 333 032 мың теңге;
жергiлiктi бюджеттердiң қаражатынан -
1 669 800 мың теңге,
оның iшiнде:
2005 жылы - 643 429 мың теңге,
2006 жылы - 737 983 мың теңге,
2007 жылы - 288 388 мың теңге.
2006-2007 жылдарға арналып көзделетін
сомалар тиiстi жылға арналған
республикалық бюджеттi құру кезiнде
нақтыланатын болады.
Бағдарламаны іске 2007 жылдың аяғына дейiн:
асырудан күтілетін құқық бұзушылықтардың алдын алудың
нәтижелер жаңа әлеуметтiк-экономикалық негiзiндегі
жалпы жүйесі құрылатын болады;
қылмысқа қарсы күрес күшейе түседi;
ауыр және аса ауыр қылмыстар
(олардың тiркелетiн саны жыл сайынғы
шектi деңгейден - 10 мың тұрғынға
70 қылмыстан аспайды), сондай-ақ
көшелерде және кәмелетке толмағандар мен
жасалған қылмыстар (тиісінше 10 мың
тұрғынға 2005 жылы 12 мен 21-ден 2007
жылы 10 мен 19-ға дейiн) азаюы
байқалады;
республиканың барлық облыстық
орталықтарында полицияның
күш-құралдарымен жедел басқару
орталықтары салынды;
халықтың құқық қорғау жүйесі мен жалпы
мемлекетке деген сенiмiнiң деңгейi
артады.
2. КIРIСПЕ
Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтардың алдын алудың және қылмысқа қарсы күрестiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 15 тамыздағы № 1165 Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспарының 10.3-тармағына, "Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтардың алдын алудың және қылмысқа қарсы күрестің 2005-2006 жылдарға арналған бағдарламаны әзiрлеу жөнiндегі жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 11 мамырдағы № 135-ө өкімінiң 2-тармағына сәйкес, бұрын қолданыста болған құқық бұзушылықтардың алдын алудың және қылмысқа қарсы күрестің республикалық бағдарламаларына қатысты сабақтастық қағидаты сақтала отырып әзiрлендi.
Үш жылға арналған бағдарламада белгіленген алғашқы кезектегі мiндеттер мен басымдықтар, Мемлекет басшысының 2003 жылғы 10 қыркүйектегі құқық қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі кеңесте берген тапсырысынан туындап отыр.
3. ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТIП ПЕН ЗАҢДЫЛЫҚ
АХУАЛЫН ТАЛДАУ
1993-2003 жылдарға арналған 10 мың адамға шаққанда тiркелген қылмыстардың жалпы саны және қылмыс деңгейi туралы статистикалық деректердiң талдауы олардың төмендегенiн дәлелдейдi.
Соңғы жылдары қылмыстың, оның iшiнде ауыр және аса ауыр түрлерiнiң өсу үрдiсiн құрықтауға қол жеткiзiлдi. Кiсi өлтiрудiң, денсаулыққа ауыр зиян келтiрудің, әйелдерді зорлаудың, ұрлық пен қарақшылық шабуылдардың саны азайды. Топтық, рецидивтiк қылмыстың, сондай-ақ мас күйінде жасалған қылмыстардың деңгейi азайды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы тiркелген жалпы қылмыстардың саны 28 % өсті. Бұл, бәрiнен бұрын, бүгінгі таңда Iшкi iстер министрлігінiң Бас прокуратурамен бірлесе отырып, қылмыстарды 100 % тiркеу мен есепке алуды және қылмысты жасырудың көпжылдық практикасын жоюды қатаң бақылауға алумен негізделген.
Жалпы елiмiздегі криминогендік ахуал қалыпты жағдайда, оған республикадағы жақсы қалыптасқан экономикалық және қоғамдық-саяси жағдай әсерiн тигiзiп отыр.
Бiрақ қылмыстың мемлекет пен қоғам өмiрiнiң барлық саласына терiс әсер етуi жалғасуда, ол елiмiздiң әлеуметтік-экономикалық қайта құрылуын тежейді, оның халықаралық беделiне нұқсан келтiредi.
Қабылданып жатқан шараларға қарамастан жазалаудың бұлтартпастығының қамтамасыз етілуi әлі тиiстi деңгейде емес. Жыл сайын елiмiзде көптеген қылмыстар ашылмай қалып отыр, қылмыскерлердiң елеулi бөлiгі жасаған қылмыстары үшін жазаланбай, іздестіруде жүр.
Ұйымдасқан қылмысқа және бандитизмге қарсы күрес жөнiнде қабылданып жатқан шаралар табандылықты талап етедi. Бұл бағыттағы жұмыс көбiнесе бытыраңқы және жүйесiз сипатқа ие.
Есiрткiнiң заңсыз айналымы проблемасы күннен-күнге өрши түсуде. Ұйымдасқан қылмыстық топтар құрамында жасалатын "ауыр" есiрткiнi сату фактілерiнiң, сондай-ақ республика аумағында халықаралық есiрткітрафигi арналарының жолын кесу жөніндегі полиция әрекетiнiң тиiмділігі аз болып отыр.
Ұлт және мемлекет қауiпсiздiгі үшiн қауiп төндiретiн ауқымға ие болып келе жатқан алкогольдiк iшiмдiктi пайдаланудың, маскүнемдiктiң және нашақорлықтың, әсiресе жастар ортасында өсуi аса елеулi әлеуметтiк проблемалардың бірi болып қалуы жалғасуда. Спирт iшiмдiктерiн тосқауылсыз және барлық жерде бөлшек саудада және құйып беру арқылы сату бұл проблеманы ауырлата түсуде.
Кәмелетке толмағандар мен жастар арасында есiрткiнi медициналық емес мақсатқа пайдаланудың таралуы ерекше алаңдаушылық туғызады. Есiрткiні пайдаланушылардың 2/3-ге жуығы - 30 жасқа дейiнгі адамдар. Балалар мен жасөспiрiмдер нашақорлығы кеңейе түсуде. Көбiнесе жалпы білім беретiн мектептердiң, колледждер мен басқа да оқу орындарының есiрткi құралдарын немесе психотропты заттарды алғаш рет және кейіннен пайдалануда бірінші орында болатыны аз кездеспейдi.