Елiмiзге қару-жарақтың, есiрткiнiң, қылмыскерлер мен экстремистердiң енуiне ықпал ететiн заңсыз көшi-қон қылмыстық шиеленiстi күшейте түсуде. Бiрақ заңсыз көшi-қон арналарын жабу жөніндегi құқық қорғау органдарына күш-жiгерi және олардың басқа да мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасасуы жеткiлiксiз болып отыр.
Қазiргi уақытта елiмiзде қылмыстың әлеуметтік алдын алудың нақты жүйесi әлi қалыптасқан жоқ, ал оның құрамдық бөлшегі болуы тиiс элементтер жеке және тиiмсiз жұмыс iстейдi. Әсiресе құқық бұзушылықтардың алдын алудағы жалпы және жеке тәсiлдерiнiң жүйесi әлсiрей түскен. Бүгiнгi таңда полицияның алдын алу есебiнде 509 мыңға жуық адам тұр, оның iшiнде 62 мыңнан астамы бұрын сотталғандар, 245 мыңы маскүнемдер, 52 мың отбасы жанжалқорлары, 35 мыңы нашақорлар. Әрбір екiншi кiсi өлтiру, әр үшiншi қарақшылық шабуыл алкоголдiк немесе есiрткiден масаю күйiнде жасалады, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас аясындағы қылмыстардың өсу үрдiсi байқалады. Осы қылмыстардың көпшілігін алдын алу жұмысының тиiмділiгiн арттыру, оның нысандары мен әдiстерiн жетілдiру арқылы болдырмауға болар едi.
Кәмелетке толмағандар мен жастар қылмыстарының, рецидивтi және пенитенциарлық қылмыстардың жағдайы алаңдаушылық туғызып отыр. Алайда өңiрлерде кәмелетке толмағандар қылмыстарының алдын алу (олар елiмiзде тiркелген барлық жалпы қылмыстардың жартысына жуығын жасауда), сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдардың әлеуметтiк бейiмделу мәселелерiн жергілiкті органдар iс жүзiнде шешпейдi.
Заңдылықтың сақталуына тиiстi көңiл бөлiнбейтiн, бас бостандығынан айыру орындарындағы криминогендiк ахуал ауыр болып отыр. Сотталғандардың құқықтарын бұзу, оның iшiнде қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң оларды соққыға жығу фактілерi кеңiнен таралып кеттi. Спецификалық мәдениет пен дәстүрдi жиi құрайтын, түзеу мекемелерi әкiмшілігінiң қызметiн өз әсерiне бағындыруға ұмтылатын қылмыстық ортаның көшбасыларына қарсы әрекет ету жүйесi әзiрленбеген. Осы себептер бойынша, наразылық белгісi ретiнде сотталғандардың дене мүшесiн зақымдау және қасақана бағынбау жағдайлары өсті.
Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есеп жөнiндегі комитеттiң мәлiметтерi бойынша 2003 жылы Әдiлет министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде 400 астам қылмыс тiркелдi, қылмыстың ауыр және аса ауыр түрлерi оның 8 % құрады. Пенитенциарлық жүйеде тiркелген қылмыстардың жартысы (55,2 %) контрагенттiк жұмыстарда, қысқа мерзiмдi демалыстарда және сотталғандарды қадағалау мен бақылау толық көлемде қамтамасыз етiлмейтін, шоғырландыру колонияларынан тысқары орналасқан ауруханаларда стационарлық емдеуде бола тұра қылмыстарды қайталап шоғырландыру колониялары сотталғандарының үлесiне тиедi.
Көшелер мен басқа да қоғамдық орындардағы жедел жағдай ушығып тұр. Сол себептi Қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету механизмiн одан әрi жетілдірудi талап етедi. Қоғамның жол-көлік оқиғаларынан қорғалу дәрежесi төмен.
Заңдылық пен азаматтардың құқықтарын бұзу, полиция қызметкерлерi тарапынан жасалған заңсыз әрекеттер орын алуда, құқық қорғау органдары жүйесiнiң мәртебесiне нұқсан келтiретiн және мемлекетiмiзге деген азаматтардың сенiмiн жалпы жоққа шығаратын қылмысты есепке алудан жасыруға жол беріліп отыр.
Қабылданып жатқан шараларға қарамастан қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету түбегейлi түрде өзгермедi. Қылмыстық қудалау органдарында пайдаланатын құралдар мен жұмыс әдiстерi көбiнесе азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзуға әкелiп соғады. Мәселен, 2003 жылы күдiктiң расталмауына байланысты уақытша ұстау изоляторларында заңсыз ұсталған 58 адам босатылды.
Сонымен қатар азаматтарды қылмыстық қудалау органдарының қызметтiк кабинеттерiне заңсыз жеткізу және оларды ешқандай процессуалдық ресiмдеусiз ұстау фактiлерi кеңiнен таралып отыр. Осындай бұзушылықтардың саны 2003 жылы 341-ге дейiн өстi.
Ведомстволық мүддеге негізделген қолданыстағы құқық қорғау органдарының қызметiн бағалау өлшемдерi де жағдайды түзетуге мүмкiндiгі жоқ және олардың қызметiн объективтi түрде бағалауға мүмкiндiк бермейдi. Осыған орай, халықаралық тәжiрибеге сәйкес азаматтарды қылмыстан қорғау дәрежесi, әдiлдiк пен бұзылған құқықты қалпына келтiру, құқық қорғау органдарының өз қызметіндегі заңдылық, оларға халықтың сену деңгейi бағалаудың басты өлшемдерi болуы керек.
Қалыптасып жатқан криминогендiк ахуалды ескере отырып, республиканың құқық қорғау органдары ұйымдасқан және есiрткi қылмыстарына, этникалық және дiни экстремизмге, заңсыз көшi-қонға, сыбайлас жемқорлыққа, адамдарды, әсiресе әйелдер мен балаларды сатуға, компьютерлiк қылмыстарға, терроризмге, атыс қаруын және оның оқ-дәрілерiн, жарылғыш заттарды және оны қолдануға арналған құрылғыларды заңсыз дайындау мен олардың айналымының профилактикасына және оларға қарсы күреске ерекше назар аудара отырып, қылмыстың барлық түрлерi және заңдардың бұзушылықтарына қарсы күрестi жалғастыруы керек.
4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
Бағдарламаның мақсаты:
құқық бұзушылықтардың алдын алудың кең ауқымды және тиiмдi жүйесiн құру, қылмысқа қарсы күрестi күшейту.
Бағдарламаның мiндеттерi:
азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн тиiмдi қорғауды қамтамасыз ету;
қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы өтiнiштер мен хабарламаларды шешу кезiнде заңдылықты сақтау;
қоғамдық қауiпсiздiктiң тиiстi ахуалын қамтамасыз ету;
алдын алу қызметiн жетілдiру;
қылмыстардың әлеуметтiк-құқықтық алдын алуды мақсатқа сай жүзеге асыру;
iшкi iстер органдары мен халықтың арасындағы байланыс буыны ретiнде учаскелiк полиция инспекторларының жұмысын тиiмдi ұйымдастыру және олардың pөлін арттыру;
қылмысқа қарсы күресте және құқық тәртібін нығайтуда азаматтардың мүдделiлігін арттыру;
ұйымдасқан қылмысқа, есiрткi бизнесiне, терроризмге, діни экстремизмге және заңсыз көшi-қонға қарсы iс-әрекеттің сенiмдi жүйесiн қамтамасыз ету;
қылмысқа қарсы күрестi тиiсті ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
құқық қорғау органдарының кадр жұмысын жетілдiру;
қылмысқа қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.
5. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДЫҢ
НЕГIЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ТЕТІГІ
5.1. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын
және заңды мүдделерiн қорғау. Құқық қорғау
органдарының қызметiндегі заңдылықты нығайту
Әдетте, азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзушылық деп тек құқық қорғау органдары қызметкерлерiн тарапынан жасалған дене зорлығы, тергеудiң рұқсат етiлмеген әдiстерiн қолдану ғана түсiндiріледi.
Бiрақ азаматтың өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне жасалған кез келген қол сұғушылық - бұл да конституциялық құқықты бұзушылық. Қылмыстың кез келген фактісi бойынша оны ашу және азаматтардың конституциялық құқықтарын қалпына келтiру үшiн барынша күш-жiгер жұмсауы керек.
Сондықтан, қылмыстық қудалау органдарының қызметіндегi қылмысты есепке алудан жасыру фактілерi, сонымен қатар, оларды ашу және кiнәлi адамдарды қылмыстық жауапкершiлiкке тарту бойынша шаралар қабылдамау, қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға деген азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылғандығын бiлдiредi, бұған құқық қорғау органдарының қызметiнде жол берiлмеуi тиiс.
Жедел және тергеу бөлiмшелерiне тән, жылдан жылға жалғасып келе жатқан қылмысты жасыру фактiлерi мемлекет тарапынан азаматтардың құқығын қорғауды бұзып қана қоймай, сонымен қатар құқық қорғау органдарына деген терiс көзқарастың туындауына ықпал етедi.
Қылмыстарды тiркеудi тәртiпке келтiру IIМ жүйесiн реформалауды құрайтын басты мiндеттердiң бірi болуы тиiс. Iшкi iстер органдарының қызметiнде заңдылықты нығайтуға, және ең алдымен қылмысты жасыру, азаматтардың арыздары мен өтiнiштерiн қараудың белгіленген тәртібін бұзу фактілерiн жоюға бағытталған ашық және қағидатты саясат жүргiзудi жалғастырады.
Қолданылып жүрген құқық қорғау органдарының жұмысын бағалау, жұмыстың соңғы нәтижелерi бойынша емес, керiсiнше аралық нәтижесi бойынша жүзеге асырылады. Ал ол болса қылмысты есепке алудан жасырумен, айғақтарды бұрмалаумен, iздестiру iстерiн қозғамаумен, ашу пайызының нашарлау негiздерi бойынша қылмыстық iстердi қайта бастаудан бас тартумен байланысты азаматтардың құқықтарын бұзудың негiзгi себебi болып табылады. Құқық қорғау органдарының қызметiн бағалаудың өлшемдерiн қайта қарау азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге оң әсерiн тигізуi тиiс.
Құқық қорғау органдарының қызметi саласындағы демократизмдi, iзгіліктi бағалау негiзiне жеке адам құқықтарын шынайы қамтамасыз ету алынуы тиiс. Тәжiрибеде негізсiз жауапкершілiкке тартудан және соттаудан заңды түрде бекітілген iс-жүргізу кепiлдiктерiнiң басымдылығын қамтамасыз ету және заң нормаларын сақтаудан кез келген бас тартуларға жол бермеу.
Мемлекет мiндеттерiнiң бірi болып табылатын және құқық қорғау органдары, соттар, жергiлiктi басқару органдары үшiн басымдық мiндет ретiнде, белгiленген азаматтардың құқықтарын қорғау өзара байланысқан шаралар кешенiн iске асыруды талап етедi.
5.2. Құқық бұзушылықтардың алдын алу,
құқық тәртібін нығайту
5.2.1. Әлеуметтік-құқықтық алдын алу
Нарық экономикасын дамыту, мемлекеттік және қоғамдық өмiрді демократияландыру жағдайларында қылмыстың алдын алу әдеттегідей өзекті проблема болып отыр. Қазiргі жағдайда қылмыстық жазалаудың тиiмділігі қандай бола тұрса да, оның бір шарасын қабылдау қылмысқа қарсы күресу үшiн жеткiлiксiз екенi анық және құқық тәртібінiң проблемаларын тек полиция деңгейiнде ғана қарауға болмайды. Сондықтан да құқық бұзушылықтардың алдын алу құқық қорғау органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың, сондай-ақ құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың қызметiнде басым бағыттардың бірi болуы керек.
Бұрын тиiмдi iс-әрекет еткен жалпы құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесiн өткен жылдары өздерiн ақтаған epiкті жасақтарды, кәсiпорындары және оқу орындарында, тұрғылықты жерi бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кеңестердi, полицияға жәрдемдесу жасақтарын және т.б. белгiлi шектерде қайта дамыту қажет.
Адамдардың лайықты iсiнiң болмауы және бос уақытты мақсатсыз өткізуi қазiргi уақыттағы жалпы қылмыс себептерiнің бірі болып табылады. Ол барып белгiлі бір айналысатын iсi жоқ және қылмыстық көңiл күйдегі адамдардың мәдениетке қарсы топтар мен бірлестiктер ұйымдастыруына әкелiп соғады. Жергілiктi атқарушы органдардың халықты, әсiресе жастарды, еңбекпен қамтуы, оларды қоғамдық жұмыстарға жұмылдыруы, кәсiби даярлықты өткізуi мен оған үйретуi осы саладағы негізгі мiндеттердiң бірi болып табылады.
Жастарды компьютер сауаттылығының негiздерiне, салалық iске үйрету, алған білiмдерiн тәжiрибеде (цехтар, зертханалар, жабдықталған оқу кабинеттерi) игеру үшін жағдайлар жасау қажет.
Көптеген криминогендiк проблемаларды шешу үшiн елiмiзде елеулi материалдық қолдауы бар, қылмыстың алдын алудың жаңа әлеуметтiк-экономикалық негiздегі жалпы жүйесiн құру қажеттiгі туындады.
Учаскелiк полиция инспекторлары мен кәмелетке толмағандар icі жөніндегі қызметтер, алкоголизмнен, нашақорлықтан және уытқұмарлықтан мәжбүрлеп емдеуге арналған арнайы мекемелер, белгілi тұрғылықты жерi жоқ адамдарды әлеуметтік бейiмдеу орталықтары және басқалары сияқты профилактикалық құрылымдар айтарлықтай материалдық-техникалық нығайтуды қажет етедi.
Техникалық қадағалау және байланыс жүйелерi, соның iшiнде полиция күш-құралдарын жедел басқару орталықтары жүйесi одан әрi дамытуды, патрульдеу кезiнде едәуiр икемдi көлiк құралдарын және қызметтiк жануарларды белсендi пайдалануды талап етедi.
Көшелерде және қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуда құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың әлеуеттiк мүмкiндiктерiн жұмылдыру керек.
Жұртшылықтың құқық тәртібін қолдауға қатысуының жаңа нысандарын, атап айтқанда Республиканың iрi қалаларында подъездердiң қоғамдық күзетшiлерi (консьерждер) институтын енгізудi пайдалана отырып, қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысып жүрген азаматтарды құқықтық және әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ету, олардың белсендiлігін арттыруға қосымша шаралар қолдану қажет.
5.2.2. Кәмелетке толмағандар мен жастардың
арасындағы қадағалаусыз қалушылық пен
құқық бұзушылықтардың алдын алу
Елімiздегі криминогендiк ахуалдың болашақтағы даму динамикасының перспективасы бүгінгi таңда жасөспiрiмдермен және жастармен қолданылып жатқан тәрбиелiк-құқықтық шаралардың тиiмдiлігіне тiкелей байланысты болғандықтан кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қадағалаусыз қалудың алдын алу мәселесi ерекше көңiл бөлудi талап етедi.
Жоғары және орта оқу орындарында құқық қорғау бағытындағы жастар құрылымдары желісін қалпына келтiру және дамыту жөніндегі шаралар кешенiн жүзеге асыру оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен оның жолын кесуде құқық қорғау органдарына жәрдем көрсетуге ықпал ететiн неғұрлым перспективтi бағыт болып табылады.
Әлеуметтік жетiмдiк, балалардың кезбелігі мен қадағалаусыз қалу проблемасының шиеленiсе түсуi және кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерiнiң тиiмдi шешiлмеуi жағдайында елiмiзде ауыр өмiрлiк жағдайға душар болған және әлеуметтік оңалтуды қажет ететiн кәмелетке толмағандарға арналған мамандандырылған мекемелер желісін кеңейту, балалар панасын, жетiмдердi тәрбиелеуге алған патронатты отбасыларын және оларға жағдай жасаудың өзге де нысандарын қолдау мiндетi өзектi болып отыр.
Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына әсер ететiн себептер мен жағдайларды зерделеу, олардың үштен екiсiнiң девиантты мiнез-құлқы бар жасөспiрiмдер болып келетiндігін куәландырады (елiмiз бойынша олардың саны 16 мыңнан астам) және республикамыздың бірқатар өңiрлерiнде осындай мекемелердiң болмауы мемлекет тарапынан уақытылы көмек алмай қадағалаусыз қалған балалардың құқық бұзушылар қатарын толтыруына әкеп соғады.
Балалар үйiнде орынның жетiспеуi, бас бостандығынан айыру орындарынан оралған және ата-аналарының қамқорынсыз қалған мектеп-интернаттардың түлектерiн қоғамға бейiмдеу мәселесiнiң нашар шешiлуi де осы проблемаларды қиындата түсуде. Жасөспiрiмдер үйлері желісін кеңейту кәмелетке толмағандардың көрсетілген санатының бейiмделуiне ықпал етеді және олардың тұрмыстық және жұмысқа орналасуына, сондай-ақ мамандық алуына мүмкіндік бередi.
Кәмелетке толмағандар iстері жөніндегі учаскелiк полиция инспекторларының қызметi де кадрлармен одан әрі нығайтуды қажет етедi.
Оқу орындары аумақтарында оқушылар жасайтын қылмыстар санының көбеюi соңғы жылдардың сипаттық ерекшелігі болды. Жалпы білiм беретiн оқу орындарында мектептерге бекiтілген кәмелетке толмағандар iстерi жөніндегі учаскелiк полиция инспекторларын енгізу тәжiрибесiн одан әрі тарату осы проблеманы шешу жолдарының бірi болып табылады.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды, осы жас тобындағы қылмысты ескертудi қамтамасыз ету, олардың заңды, әлеуметтік-пайдалы қызметке қатысуын қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдарының ғана емес, сонымен қатар жалпы барлық қоғамның күш-жігері қажет.
5.2.3. Алкогольдiк iшiмдiктi пайдалануды
қысқарту, маскүнемдіктің, нашақорлықтың және
қылмысты қайталаудың алдын алу
Алкоголизмнiң, нашақорлықтың және уытқорлықтың алдын алу бойынша мемлекеттік органдар қабылдаған шаралар жеткілiксiз, осы санаттағы адамдарды мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асыру жөнiндегі қолда бар Мамандандырылған емдеу-алдын мекемелерi және басқа да алу мекемелер аз.
Осылайша 2003 жылы соттар медициналық сипаттарды мәжбүрлеу шаралары туралы шешiмдi 11362 адамға шығарған, ал емдеу мекемелерi тек қана 2770 төсек-орынға есептелген. Мәжбүрлеп емдеудiң мерзiмi 6 айдан 2 жылға дейінгі мерзiмдi қамтитынын ескере отырып, олардың көп бөлiгi медициналық-әлеуметтiк шаралармен қамтылмайды.
Қазiргі кезде салауатты өмiр салтын насихаттаудағы қоғамның және мемлекеттік органдардың қатысу үлесi төмен, бұл бағытта жүйелi жұмыс жүргізiлмейдi.
Осыған орай маскүнемдiктің, алкоголизмнің және нашақорлықтың алдына алу жөніндегі жұмыстың жағдайы үшiн жергiлiкті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру және маскүнемдiктiң алкоголизмнің және нашақорлықтың алдын алу жөнiнде мынадай ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қатарын қабылдау қажет.
Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарға бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдарды жұмысқа орналастыру, белгілi тұрғылықты жерi жоқ адамдарды әлеуметтік бейiмдеу, тәрбие колонияларынан оралған кәмелетке толмағандарға және ата-аналарының қамқорынсыз қалған өзге де жасөспірімдерге ерекше көңiл бөле отырып, әлеуметтік байланыстарын жоғалтқан азаматтарды жұмысқа және әлеуметтiк орналастыру жөнiнде шаралар қолдануды жалғастыру қажет.
Қылмысты әсер етудiң әкiмшілiк-құқықтық шараларымен үйлескен жалпы және жеке алдын алу әдiстерiмен ескерту, құқық бұзушылықты және қылмысты жасауы мүмкiн деген адамдарды анықтау, олардың асоциалдық мінез-құлықының коррекциясы iшкi iстер органдарының алдын алу қызметіндегі бәрiнен бұрын, учаскелiк полиция инспекторларының қызметіндегі басым бағыттардың бірi болуы керек.
Бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды жаңа мамандықтарға кәсiби тұрғыдан үйретудi және дайындауды ұйымдастыру, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында аталған адамдардың өндiрiстік және өзге де жұмыспен айналысу мүмкiндігін қарау қажет.
5.2.4. Жол қозғалысы саласындағы
құқық бұзушылықтардың алдын алу
Елiмiзде жол қозғалысы қауiпсiздігін қамтамасыз ету өткiр проблемалардың бірi болып табылады. Көлiк құралдарының саны өсуде, жолдардағы қозғалыс қарқыны артуда. Жыл сайын жол-көлiк оқиғаларында 2 мыңнан астам адам қаза табады және 16 мыңнан астамы жарақаттар мен зақымдар алады, мемлекет пен қоғамға үлкен материалдық залал келтiрiледi. Автомобиль жолдарын пайдалану сипаттарын жақсарту жағдайында, жоғары динамикалық сипаттамалары бар қазiргі заманғы көлiк құралдарының көбеюi жол қозғалысын қадағалауды, көлiк құралдарының және автомобиль жолдарының техникалық жағдайын бақылауды жүзеге асыруға, көлiк құралдары жүргiзушілерiнiң дайындық сапасын жақсартуға саймасай, сапалы жаңа көзқарасты қолдануды талап етедi.
Жол полициясының қазiргі заманғы техникалық диагностика жасау құралдарымен қамтамасыз етiлмеуi көлiк құралдардың техникалық жағдайына бақылауды тиiмдi жүзеге асыруға мүмкiндiк бермей отыр.
Соңғы 30 жыл бойы қолданылып келе жатқан, апаттылық жағдайына керi әсерiн тигiзетiн жүргізушi куәлігін алуға арналған жүргізушiлерге үмiткерлерден емтихандар қабылдау жүйесi жетiлдiрiлудi талап етедi. Жол-көлiк оқиғаларының 17 % астамын үш жылға дейiн өтілі бар жүргізушiлер жасайды.
Маңызды мәселелердiң бірi жолаушылар тасымалдаудың қауiпсiздігін қамтамасыз ету болып табылады. Жолаушыларды тасу бағыттарының көпшiлiгiнде жеке кәсiпкерлердiң автокөлiктерi қызмет көрсетедi, бірақ олар еңбек және демалыс режимiн сақтамайды, жол бағытына шығар алдындағы дәрiгерлік байқау және автокөлiктердiң техникалық жай-күйiнiң тексерiлуi өткiзілмейдi.
Темір жол өтпелеріндегі апаттың деңгейi жоғары болып қалып отыр.
Шектеулi мерзiмдерiнен тыс пайдаланып келе жатқан тозып-ескiрген, жол қозғалысын реттейтiн техникалық құралдардың ерекше бөлiгi стандарттар талаптарына сәйкес келмейдi және ауыстыруды қажет етедi.
Апат көрсеткiштерiн есепке алудың мемлекеттік жүйесiн ендiру және жол-көлiк оқиғаларынан болған шығынды санау әдiстемесiн әзiрлеу қажет.
5.3. Қылмысқа қарсы iс-әрекет жасау жөнiндегі шаралар
5.3.1. Қылмыстарды тергеудi және қылмыскерлердi
iздестiрудiң тиiмділігін арттыру
Қылмыстың сапалық трансформациясы құқық қорғау органдары тергеу және жедел бөлiмшелерiнiң қызметiн жетілдiрудi, олардың өзара iс-қимыл жасасуының сапасын жақсартуды, құқыққа қайшы көрiнiстерге тиiсiнше қимыл көрсетудi, қызметкерлердiң кәсiби білiктілiгін арттыруды талап етедi.
Қылмыстық iстердi тергеу институттары, қылмыс дәрежесiне және болуы ықтимал жазалаудың ауырлығына байланысты сотқа дейiнгі өндiрiстiң iс-жүргізу нысанын әрі қарай дифференциялау одан әрi оңтайландыруды талап eтeдi.
Тергеуде ауыр емес қылмыстар құрамдарының қатары есебiнен жеделдетіп өндiрудi кеңейту және қылмыстық процестiң объективтілiгін және азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдiгі бір уақытта қамтамасыз етілетін қылмыстық процесті ықшамдау одан әрi дамытылатын болады. Қылмыстық-iс жүргізу заңнамасына тергеудiң және соттардың қылмысты жасаған адам өз кiнәсiн толық мойындағанда анық қылмыстарды қараудың ықшамдалған тәртібін қарастыратын арнайы баптарды енгiзген дұрыс. Бұл шаралар Құқықтық саясат тұжырымдамасында және 2003 жылғы 10 қыркүйектегі құқық қорғау органдары басшыларының кеңесiнде Мемлекет басшысы қойған тапсырмаларында келiсілген.
Қазақстан Республикасы сараптама мекемелерiнiң одан әрi дамуын қарастырған дұрыс. Қамауға алуға балама бұлтартпау шараларын қолдану мүмкiндiгiн одан әрi iске асыру, оларды орындау рәсiмiнiң өзiн толық регламенттеудi пысықтау қажет.
Автокөлiктi ұрлауды, айдап кетудi ескерту және ашу жөнiндегі iс-шаралардың тиімділігiн арттыру мақсатында, IIББ-IIБ ЖПБ-нiң Тiркеу-емтихан алу бөлiмiнде ұрланған автомашиналарды тiркеу кезiнде және техникалық бақылаудан өткен кезде олардың қолдан жасалған құжаттарын және агрегаттары тораптарының қолдан соғылғанын дер кезiнде анықтауға мүмкiндiк беретiн, тораптарының және агрегаттарының маркировкасы өзгертілген ұрланған автомотокөлiктi iздеуде және ұқсастыруда австралияның "DataDoT" технологиясын пайдалану жөніндегі Ресей IIМ-нiң тәжiрибесiн зерделеу және оны енгізу қажет.
5.3.2. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес
Ұйымдасқан қылмыс республикадағы қазiргi кездегі криминалдық ахуалы белгілі ықпалын тигізбейдi. Сонымен қатар тәжiрибеде анықталған қылмыстық және экономикалық қылмыстың ұйымдасқан нысандары құқық қopғау органдарының бандиттік құрылымдар мен қылмыстық қауымдастықтардың құқыққа қарсы iс-әрекетті ескерту және оның жолын кесу жөніндегі белсендi кешендi және мақсатқа сай шараларды қабылдауы қажеттiгі туралы куәландырады.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы iс-әрекет жасау жөнiндегі мiндеттердi шешу iшкi iстер органдары жүйесiнде аса қауiптi қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған өңiрлiк және өңiраралық бөлiмшелердi құру қажеттігiнен туындап отыр.
Осы басымдық бағытта сапалы негiзде құрылуы және ұйымдасқан қылмысы және сыбайлас жемқорлыққа, терроризм мен экстремизмге, есiрткi бизнесiне және қарудың заңсыз айналымына, адамдар трафигіне және заңсыз көшi-қонға өзара байланыс жасасып, қарсы күресудi қамтамасыз етуi тиiс құқық қорғау органдарының ынтымақтастығын нығайту қажет.