«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң кейбір мәселелерi»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 ақпандағы № 84 қаулысы
(2014.27.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң арнайы әскерлері мен Тылы штат санының бекiтілген лимитi шегінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң мемлекеттік мекемелерi құрылсын:
1) «Әскери полиция жасағы (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің күзетi)»;
2) «Әскери полиция жасағы (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі объектiлерiнiң күзетi)»;
ҚР Үкіметінің 2005.27.04. № 332 қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) «Ақтөбе гарнизонының (2-разрядты) әскери полиция бөлімі»;
4) «Аягөз гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi»;
5) «Гвардейск гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi»;
6) «Қарағанды гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi»;
7) «Сарыөзек гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi»;
8) «Талдықорған гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi»;
9) «Тараз гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi»;
10) «Өскемен гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi»;
11) «Шымкент гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi»;
12) «Қапшағай гарнизонының (2-разрядты) әскери полиция бөлiмi»;
13) «Үшарал гарнизонының (2-разрядты) әскери полиция бөлiмi»;
ҚР Үкіметінің 2005.27.04. № 332 қаулысымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) «Балқаш гарнизонының әскери полиция бөлімшесі»;
15) «Ақтау гарнизонының анықтау және iздестiру бөлiмшесi»;
16) «Атырау гарнизонының анықтау және iздестiру бөлiмшесi»;
17) ҚР Үкіметінің 2005.27.04. № 332 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18) «Қостанай гарнизонының анықтау және iздестіру бөлiмшесi»;
19) 17) ҚР Үкіметінің 2005.27.04. № 332 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20) 17) ҚР Үкіметінің 2005.27.04. № 332 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2005.27.04. № 332 қаулысымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21) «Приозерск гарнизонының (2-разрядты) әскери полиция бөлімі;
22) «Орал гарнизонының анықтау және iздестiру бөлiмшесi»;
23) «Щучинск гарнизонының анықтау және iздестіру бөлiмшесi»;
24) «Әскери полиция мамандарын даярлау орталығы»;
25) «1127-зат қоймасы».
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң «4780-зат қоймасы» мемлекеттік мекемесi «Орталық зат қоймасы» мемлекеттік мекемесi болып қайта аталсын.
3. ҚР Үкіметінің 2014.27.06. № 707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгі заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттік мекемелердiң жарғыларын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген мемлекеттік мекеменiң мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |