«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәселелерi»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 сәуірдегі № 332 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері арнайы әскерлерінің ұйымдық құрылымын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Жаркент гарнизонының әскери полиция бөлімшесі" мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мынадай мемлекеттік мекемелері:
1) «Приозерск гарнизонының анықтау және іздестіру бөлімшесі» «Приозерск гарнизонының (2-разрядты) әскери полиция бөлімі»;
2) «Балқаш гарнизонының (3-разрядты) әскери полиция бөлімі» «Балқаш гарнизонының әскери полиция бөлімшесі»;
3) «Ақтөбе гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлімі» «Ақтөбе гарнизонының (2-разрядты) әскери полиция бөлімі» болып қайта ұйымдастырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мынадай мемлекеттік мекемелері:
1) «Георгиевка гарнизонының анықтау және іздестіру бөлімшесі»;
2) «Павлодар гарнизонының анықтау және іздестіру бөлімшесі»;
3) «Петропавл гарнизонының анықтау және іздестіру бөлімшесі» таратылсын.
4. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 2 ақпандағы № 84 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 5, 42-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
3), 14) және 21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Ақтөбе гарнизонының (2-разрядты) әскери полиция бөлімі»;
14) «Балқаш гарнизонының әскери полиция бөлімшесі»;
21) «Приозерск гарнизонының (2-разрядты) әскери полиция бөлімі;»;
17), 19) және 20) тармақшалар алынып тасталсын.
5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекеменің жарғысын бекітсін және әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулының 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |