"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң кейбір мәселелерi"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 ақпандағы № 84 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 27 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң арнайы әскерлері мен Тылы штат санының бекiтілген лимитi шегінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң мемлекеттік мекемелерi құрылсын:
1) "Әскери полиция жасағы (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің күзетi)";
2) "Әскери полиция жасағы (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі объектiлерiнiң күзетi)";
3) "Ақтөбе гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi";
4) "Аягөз гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi";
5) "Гвардейск гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi";
6) "Қарағанды гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi";
7) "Сарыөзек гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi";
8) "Талдықорған гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi";
9) "Тараз гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi";
10) "Өскемен гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi";
11) "Шымкент гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi";
12) "Қапшағай гарнизонының (2-разрядты) әскери полиция бөлiмi";
13) "Үшарал гарнизонының (2-разрядты) әскери полиция бөлiмi";
14) "Балқаш гарнизонының (3-разрядты) әскери полиция бөлiмi";
15) "Ақтау гарнизонының анықтау және iздестiру бөлiмшесi";
16) "Атырау гарнизонының анықтау және iздестiру бөлiмшесi";
17) "Георгиевка гарнизонының анықтау және iздестiру бөлiмшесi";
18) "Қостанай гарнизонының анықтау және iздестіру бөлiмшесi";
19) "Павлодар гарнизонының анықтау және iздестiру бөлiмшесi";
20) "Петропавл гарнизонының анықтау және iздестiру бөлiмшесi";
21) "Приозерск гарнизонының анықтау және іздестiру бөлiмшесi";
22) "Орал гарнизонының анықтау және iздестiру бөлiмшесi";
23) "Щучинск гарнизонының анықтау және iздестіру бөлiмшесi";
24) "Әскери полиция мамандарын даярлау орталығы";
25) "1127-зат қоймасы".
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң "4780-зат қоймасы" мемлекеттік мекемесi "Орталық зат қоймасы" мемлекеттік мекемесi болып қайта аталсын.
3. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 наурыздағы № 368 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 15 142-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1-тармақтың 3) тармақшасында (құпия).
4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгі заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттік мекемелердiң жарғыларын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген мемлекеттік мекеменiң мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |