Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп
тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қаңтардағы № 37 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 20 қаңтардағы
№ 37 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасының Білім және мәдениет министрлігінің жоғары және орта арнаулы оқу орындарының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 мамырдағы № 814 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 18, 167-құжат) 6-тармағы.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 мамырдағы № 814 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 тамыздағы № 1250 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 37, 551-құжат) алтыншы - он екінші абзацтары.
3. «Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі жүйесінің ұйымдарын басқаруды жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 наурыздағы № 256 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 9, 64-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы