Автомобильмен тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға тарту ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 қаңтардағы № 12 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 783 Қаулысымен күші жойылды
«Төтенше жағдайларды жоюға тасымалдаушыларды тарту қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 532 бұйрығын қараңыз
«Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 7) тармақшасын орындау үшiн және автомобильмен тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға тартуды тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Автомобильмен тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға тарту ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2005 жылғы 13 қаңтардағы
№ 12 қаулысымен
бекітілген
Автомобиль мен тасымалдаушыларды төтенше
жағдайларды жоюға тарту ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Автомобильмен тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға тарту ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 7) тармақшасын iске асыру мақсатында әзiрлендi және автомобильмен тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға тарту тәртібін реттейдi.
2. Автомобильмен тасымалдаушыларды төтенше
жағдайларды жоюға тарту
2. Автомобильмен тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға тарту төтенше жағдайларды жою жөніндегі iс-шараларды көлiктiк қамтамасыз етудi жедел ұйымдастыру мақсатында жүзеге асырылады.
3. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдайды енгізу кезiнде төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға автомобильмен тасымалдаушыларды тартуды мемлекеттік органдар (бұдан әрi - тапсырысшы) Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының бекiтілген жоспарына сәйкес оларға берiлген өкілеттіктер шегiнде iске асырады.
4. Автомобильмен тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға тарту үшiн тапсырысшы автокөлiк құралдары тасымалдау қауiпсiздiгi талаптарына сәйкес келетiн жергілікті атқарушы органдар мен тасымалдаушылардың арасындағы Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының жоспарлары бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен жасалған шарттар шеңберiнде автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға арналған өтінім жасайды және оны тасымалдаушыларға тапсырады.
5. Өтінімде (осы Ережеге қосымшаға сәйкес) тапсырысшы мыналарды:
1) автомобиль тасымалының түрiн;
2) пайдаланылатын автокөлiк құралдарының типтерiн;
3) тасымалдардың сипаты мен ерекшелiктерiн;
4) жүк жөнелтушiнiң атауын;
5) жүк алушының атауын;
6) тиеу (отырғызу) пункттерiнiң атауын;
7) түсiру (шығару) пункттерiнiң атауын;
8) автокөлiк құралдарын тиеу (отырғызу) пунктiне беру күнi мен уақытын;
9) тапсырысшының автокөлiк құралдарын пайдалануының жалпы уақытын көрсетедi.
6. Төтенше жағдайларды жою үшiн автокөлiк құралдарын жiберетiн автомобильмен тасымалдаушылар жүргiзушілердi адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, өмiрi мен денсаулығын сақтауға, төтенше жағдайлардың сипатына және ауқымына байланысты табиғатты және мәдени құндылықтарды қорғауға қажеттi қосымша жеке қорғаныс құралдарымен, арнайы жабдықтармен, аспаптармен және приборлармен қамтамасыз етедi.
7. Қажет болған жағдайда тапсырысшы автокөлiк құралдарының тиеу (отырғызу) және түсiру (шығару) орындарына кедергiсiз жүрiп өтуiн және автокөлiк құралдарын күзетудi қамтамасыз етедi.
8. Тасымалдаушы автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралында жүргiзушінiң рейс алдындағы медициналық куәландырудан және автокөлiк құралының техникалық тексеруден өткенi туралы белгiлерi бар жол парағының болуын қамтамасыз етедi.
9. Автомобильмен тасымалдаушылар төтенше жағдайларды жою жөніндегі iс-шараларға қатысқан автокөлiк құралдарын олардың тұрақты орналасу орындарына қайтаруды жүзеге асырады.
10. Автокөлiк құралдарының төтенше жағдайлар аймағында жұмыс iстеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.
3. Төтенше жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды орындауға
байланысты шығындарды өтеу
11. Төтенше жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды орындауға байланысты шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдар резервiнің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
12. Төтенше жағдайларды жою жөніндегі жұмыстарды орындауға байланысты шығындарды өтеу көлiктік жұмыстардың нақты орындалған көлемiн және автокөлiк құралдарының нақты пайдаланылған уақытын есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше жағдайларды жою жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi.
Автомобильмен
тасымалдаушыларды төтенше
жағдайларды жоюға тарту ережесіне
қосымша
Автомобильмен тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды
жоюға тартуға арналған өтiнiм
Р/с Ұстанымның атауы Мазмұны |
1 Автомобиль тасымалдарының түрі 2 Пайдаланылатын автокөлiк құралдарының типтерi 3 Тасымалдардың сипаты және ерекшелiктерi 4 Жүк жөнелтушінің атауы 5 Жүк алушының атауы 6 Тиеу (отырғызу) пункттерiнiң атауы 7 Tүcipy (шығару) пункттерінің атауы 8 Автокөлiк құралдарын алғашқы тиеу (отырғызу) пунктiне беру күнi мен уақыты 9 Тапсырысшының автокөлiк құралдарын пайдалануының жалпы уақыты |
Төтенше жағдайларды жою
басшысы