"Көмiрсутегi шикiзатының кен орындарын барлау және әзiрлеу бекітілген техникалық жобаларға сәйкес жүзеге асырылады.";
2-тармақта:
"Өндiрудi" деген сөзден кейiн "және бiрлескен барлау мен өндiрудi" деген сөздермен толықтырылсын;
"жұмыс бағдарламаларына" деген сөздер "келісім-шарттарға" деген сөзбен ауыстырылсын;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мердiгер барлау мен өндiрудi жүргiзу кезiнде кен орындарын әзiрлеудiң оң тәжiрибесiн басшылыққа aлуғa мiндеттi.
4. Барлауды жүзеге асыратын мердiгер кен орындарын, егер ол келісім-шартта көзделсе, сынамалы пайдалануды жүргiзуге құқығы бар.";
18) 30-1-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"30-1-бап. Жұмыс бағдарламасы және жылдық
жұмыс бағдарламасы";
1 және 2-тармақтар алып тасталсын;
5-тармақта:
"Мердiгер табыс еткен бекітілген жылдық жұмыс бағдарламалары мен есептерiнiң көшiрмелерiн" деген сөздер "жылдық жұмыс бағдарламаларын келiсу хаттамаларының көшiрмелерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
"мен есептер" деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақтағы "табиғи" деген сөз алып тасталсын;
19) 30-3-баптың 2-тармағындағы "30" деген цифр "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
20) 30-4-баптың 1-тармағындағы ", дереу Барлауға кiрiсуге және оны" деген сөздер "барлауды" деген сөзбен ауыстырылсын;
21) 30-5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"30-5-бап. Iлеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жарату,
жағу
1. Iлеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жаратпайынша, мұнай-газ кен орындарын өнеркәсiптiк әзiрлеуге тыйым салынады.
2. Авариялық жағдайды және халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға төнетiн қауiптi қоспағанда, iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға тыйым салынады.
3. Ұңғымаларды сынау кезiнде iлеспе және (немесе) табиғи газды және кен орындарын сынамалы пайдалану кезiнде iлеспе газды үш жылдан аспайтындай жалпы мерзiммен жағуға жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органның рұқсатымен және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның келісімi бойынша ерекше жағдайларда жол берiледi.
4. Iлеспе және (немесе) табиғи газ жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органның рұқсатынсыз жағылған жағдайда, осы баптың 3-тармағына сәйкес мердiгер жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органға мұндай жағу туралы он күн iшiнде жазбаша хабарлауға мiндеттi. Мұндай хабарлама iлеспе және (немесе) табиғи газды жағудың себептерi мен жағылған газдың көлемi жөніндегі мәлiметтердi қамтуға тиiс.";
22) 30-9-баптың 4-тармағындағы "алдын алу шараларына" деген сөздер "ластанудың алдын алу жөніндегі шараларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 31-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Келісім-шарттық аумақты өзгерту келісім-шартқа, оның iшiнде геологиялық және (немесе) тау-кендiк бөлуге, тиiстi өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылады.";
4-тармақтағы "бiрыңғай ең төмен, Барлау жүргiзу қажет болғанда," деген сөздер алып тасталып, "жататын жұмыстардың" деген сөздерден кейiн "бiрыңғай" деген сөзбен толықтырылсын;
5-тармақтағы "ең төмен, мiндеттi және жылдық жұмыс бағдарламасымен" деген сөздер "жұмыс және жылдық жұмыс бағдарламаларымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 36-1 бапта:
7-тармақтағы "4 айдан кешiктiрмей" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Теңiздегi жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу үшiн жұмыстар орындауды және (немесе) қызметтер көрсетудi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға осы бапта белгiленген нормалар қолданылады.";
25) 36-2 бапта:
3-тармақтағы "арнаулы бағдарламалар" деген сөздер "арнаулы бағдарлама" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Материалдарға, заттарға, олардың санына және оларға қол жетiмдiлiгiне нормативтер мен талаптарды өздерiнiң құзыретiне сәйкес мемлекеттік органдар белгiлейдi.";
26) 36-3-баптың 2-тармағындағы "қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік орган бекiткен Мұнай немесе газ құбырында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы бекiткен мұнай-газ құбырында" деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 36-6 бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"36-6-бап. Теңiзде мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде
қалдықтарды теңiзге тастау мен көму";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Теңiзде мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде қалдықтарды теңiзге тастауға және теңiз түбiне көмуге тыйым салынады.";
28) 38-баптағы "28-1" деген цифр "27" деген цифрмен ауыстырылсын;
29) 40-баптың 4) тармақшасындағы "өнеркәсiптiк-тәжiрибе жұмыстарын жүргiзу және жекелеген скважиналарды" деген сөздер "жекелеген скважиналарды жүргiзу және" деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 41-бапта:
1) тармақшадағы "әлемдiк өнеркәсiпте" деген сөздер "халықаралық iс-тәжiрибеде" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "айналадағы" деген сөз "қоршаған" деген сөзбен ауыстырылып, "табиғи" деген сөз алып тасталсын;
6), 7), 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Қазақстан Республикасында өндiрiлген жабдықтарды, материалдарды және дайын өнiмдi, олар мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келген жағдайда, мiндеттi түрде пайдалануға;
7) мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету үшiн әуе, темір жол, су және басқа да көлiк түрлерiн пайдалануды қоса алғанда, егер бұл қызметтер көрсету мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сай болған жағдайда, қазақстандық ұйымдарды мiндеттi түрде тартуға;
8) келісім-шартта айқындалған көлемде келісім-шарт бойынша тартылған қазақстандық қызметкерлердi даярлау және қайта даярлау бойынша оқытуды қаржыландыруды жүзеге асыруға;
9) құзыреттi органға жұмыс бағдарламасын iске асыру туралы ақпаратты бepугe;";
31) 9-тараудың тақырыбындағы "Айналадағы" деген сөз "Қоршаған" деген сөзбен ауыстырылып, "табиғи" деген сөз алып тасталсын;
32) 47-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"47-бап. Мемлекеттік экологиялық сараптама
Теңiзде мұнай операцияларын жүргiзуге арналған келісім-шарт жасау үшiн қажеттi экологиялық негiздеме белгiленген қызметтiң қоршаған ортаға әсер етуiн (ҚОӘБ) мiндеттi түрде бағалай отырып нұсқалық негiзде орындалған, мұнай операцияларының экологиялық-экономикалық негiздемесiне мемлекеттік экологиялық сараптама жасаудың оң қорытындысы болып табылады.";
33) 48-баптағы "Айналадағы" деген сөз "Қоршаған" деген сөзбен ауыстырылып, "табиғи" деген сөз алып тасталсын;
34) 53-баптың 1-тармағында:
"немесе халықаралық ұйымға" деген сөздер алып тасталсын;
", соның iшiнде акциялардың бақылау пакетiнен айыру жолымен" деген сөздер алып тасталсын;
"Лицензиялық және Құзырлы органдардың" деген сөздер "құзыреттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
35) 53-1-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының ерекше" деген сөздер "тек қана Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 58-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"58-бап. Дауларды шешу
1. Келісім-шартты орындаумен, өзгертумен және тоқтатумен байланысты даулар келiссөздер жүргiзу арқылы не дауларды шешудiң келісім-шартта бұрын келісілген рәсiмдерiне сәйкес шешiледi.
2. Егер келісім-шартты орындаумен, өзгертумен және тоқтатумен байланысты дауларды осы баптың 1-тармағына сәйкес шешу мүмкiн болмаса, онда тараптар дауды шешу үшiн:
1) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес сотқа;
2) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заң актiсiне сәйкес халықаралық төрелiкке бере алады.".
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген жер қойнауын пайдалану жөніндегі лицензиялар осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 64) тармақшасы ескерiле отырып, осындай лицензиялар берiлген кезде қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұзарту кезеңдерiн қоса алғанда, олардың мерзiмi аяқталғанға дейiн өз күшiн сақтайды.
Қазақстан Республикасының Президентi
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, 2004 жылғы 1 желтоқсан № 2-III ҚРЗ