3-тармақтағы "1-тармағында" деген сөздер "1 және 2-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 43-1-баптың 4-тармағындағы "осы Жарлықтың 41-8-бабына сәйкес" деген сөздер алып тасталсын;
33) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"44-бап. Келісім-шарт жасасу және оны орындау
1. Жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарт жобасын конкурстық комиссия конкурс жеңiмпазы туралы шешiм қабылдаған кезден бастап жетi ай iшiнде ұсынады. Құзыреттi орган келісім-шарттың талаптарын жер қойнауын пайдаланушымен келiссөздер арқылы келiседi.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тараптармен келісілген келісім-шарт жобасына оған қол қойылғанға дейiн бiр ай мерзiм iшiнде құқықтық, экологиялық, экономикалық және салықтық, денсаулық сақтау және санитария, жер қойнауын қорғау, тау-кен қадағалау мәселелерi бойынша, сондай-ақ қазақстандық мазмұнның бар екендiгi жөніндегі мiндеттi сараптамалар жасалуға тиiс.
Сараптама қорытындыларын тиiстi мемлекеттік органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес бередi. Қажеттi сараптамалар жүргiзiлгеннен кейiн құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарттың түпкiлiктi талаптарын келiседi.
3. Келісім-шартты құзыреттi орган тiркеуге тиiс. Егер келісім-шарттың күшiне енуiнiң өзге де неғұрлым кеш мерзiмдерi келісім-шартта айтылмаса, тiркелген кезден бастап күшiне енедi.
4. Келісім-шарттар жасасу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
5. Келісім-шартты жасау жер қойнауын пайдаланушы өтiнiш берген күннен бастап отыз күн iшiнде жергiлiктi атқарушы органдардың дереу ресiмдеуi үшiн негiз болып табылады. Бұл ретте ресiмделетiн жер учаскесiнiң кеңiстiк шекаралары жер қойнауын пайдаланушы жер учаскесiн iс жүзiнде пайдалану мерзiмдерiнiң шегiнде жердiң үстiңгi бетiн бұза отырып iс жүзiнде пайдаланатын аумақпен шектеледi.
6. Құзыреттi орган келісім-шарттың көшiрмесiн оны тiркегеннен кейiн бiр апта мерзiмде мiндеттi түрде жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органға жiбередi.
7. Жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт жасасқан кездегi, оның iшiнде қазақстандық мазмұн бойынша мiндеттемелерiн орындамауы келісім-шартта белгiленген айыппұлдар мен өсiмпұлдарды қолдануға әкеп соғады.";
34) 45-1-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"45-1-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар
жүргiзудi тоқтата тұру";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құзыреттi орган жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды:
1) жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарт шарттарын бұзған жағдайда;
2) жер қойнауын пайдаланушы қазақстандық мазмұнның жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау, жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу бөлiгiнде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын үнемi бұзған жағдайда алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Құзыреттi орган жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру туралы шешiм шыққанға дейiн жер қойнауын пайдаланушыны анықталған бұзушылықтар туралы жазбаша нысанда хабардар етуге және соңғысының осы бұзушылықтарды туғызған себептер туралы жазбаша түсiнiктемесiн алуға мiндеттi. Құзыреттi орган жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды, егер бұзушылыққа жол берген себептердi жою жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұрмайынша мүмкiн болмаса, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушыдан анықталған бұзушылықтар туралы хабардар еткен кезден бастап он күн iшiнде бұзушылықтардың себептерi туралы түсiнiктемелер алмаған жағдайда тоқтата тұруға құқылы.";
35) 45-2-бап мынадай мазмұндағы 3 - 5-тармақтармен толықтырылсын:
"3. Тараптар Қазақстан Республикасының заң актілерінде және келісім-шартта көзделген негiздер бойынша және тәртiппен ғана келісім-шарттың қолданысын тоқтатуы немесе оның шарттарын өзгертуi мүмкiн.
4. Тараптар келісім-шарттың қолданысы тоқтатылған немесе оның шарттары өзгертiлген кезде орындалмай қалған ағымдағы мiндеттемелердi орындаудан босатылмайды.
5. Келісім-шарттың қолданысын тоқтату жер қойнауын пайдаланушыны Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекітілген тарату жобасына сәйкес келісім-шарттық аумақты халықтың денсаулығы мен өмiрiне және қоршаған орта үшiн қауiпсiз болатын жағдайға дейiн қалпына келтiру жөніндегі мiндеттердi орындаудан босатпайды.";
36) 46-бап алып тасталсын;
37) 6-тараудың тақырыбындағы "айналадағы" деген сөз "қоршаған" деген сөзбен ауыстырылып, "табиғи" деген сөз алып тасталсын;
38) 47-бапта:
тақырыбындағы және бiрiншi абзацтағы "айналадағы" деген сөз "қоршаған" деген сөзбен ауыстырылып, "табиғи" деген сөз алып тасталсын;
2) тармақшадағы "Пайдалы қазбаларды" деген сөздер "жер қойнауының ресурстарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы "сақтау" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып, "бағыттарына негiзделген құқықтық, ұйымдастыру, экономикалық, технологиялық жүйелердi және басқа шараларды қамтиды." деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) су объектiлерiнiң табиғи жағдайын сақтауды қамтамасыз ету бағыттарына негiзделген құқықтық, ұйымдастыру, экономикалық, технологиялық жүйелердi және басқа шараларды қамтиды.";
39) 48-бапта:
1-тармақтағы "айналадағы" деген сөз "қоршаған" деген сөзбен ауыстырылып, "табиғи" деген сөз алып тасталсын;
2-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "айналадағы" деген сөз "қоршаған" деген сөзбен ауыстырылып, "табиғи" деген сөз алып тасталсын;
6) тармақшадағы "жер асты суларын" деген сөздердiң алдынан "жер үстi және" деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақшадағы "айналадағы" деген сөз "қоршаған" деген сөзбен ауыстырылып, "табиғи" деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
"11) ластайтын заттарды атмосфералық ауаға шығаруды болғызбау;
12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекітілген кен орындарын жою (консервациялау) жобасы бойынша қоршаған ортаға келтiрiлген зиянның салдарларын жою.";
40) мынадай мазмұндағы 48-2-баппен толықтырылсын:
"48-2-бап. Тарату қоры
Тарату қорына аударымдардың мөлшерi мен тәртібі келісім-шартпен белгiленедi. Тарату қорының қаражатын пайдалану құзыреттi органның рұқсатымен жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдалану объектiлерiн тарату және консервациялау ережелерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.";
41) 49-бапта:
тақырыбындағы "Жер қойнауын" деген сөздерден кейiн "пайдалану және" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
бiрiншi абзац "Жер қойнауын" деген сөздерден кейiн "пайдалану және" деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақшада "жер қойнауын пайдалануға," деген сөздер "жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу үшiн," деген сөздермен ауыстырылсын;
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзудiң барлық сатыларында жер қойнауы ресурстарын ұтымды және кешендi пайдалануды қамтамасыз ету;
3) бай учаскелердi таңдап игеруге жол бермей пайдалы қазбаларды жер қойнауынан бөлiп алудың толымдылығын қамтамасыз ету;";
4) тармақша "қосалқы компоненттердi," деген сөздерден кейiн "соның iшiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) бастапқы өңдеу деректерi бойынша мемлекеттік баланста есепте тұрған пайдалы қазбалар қорларын түзетудi жою;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) су жинау алаңдарында және жер асты сулары жинақталған жерлерде ауыз сумен немесе өнеркәсiптiк сумен қамтамасыз ету үшiн пайдаланылатын өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың жиналуын болғызбау;";
мынадай мазмұндағы 3 - 5-тармақтармен толықтырылсын:
"3. Жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан зиян келтiрген тұлғалар, егер зиян еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан болғандығын дәлелдей алмаса, онда келтiрiлген зиянды нақты залал көлемiнде өтеуге мiндеттi.
4. Жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген зиянның көлемiн жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып жер қойнауын пайдаланушы айқындайды. Бұл орайда жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган зиянның көлемiн есептеу кезiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен зиянды анықтау тәртібін басшылыққа алады.
5. Зиянның көлемiн анықтауға байланысты туындайтын дауларды Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңдарында айқындалатын тәртiппен сот шешедi.";
42) 50-баптағы "айналадағы" деген сөз "қоршаған" деген сөзбен ауыстырылып, "табиғи" деген сөз алып тасталсын;
43) 51-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"51-бап. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылау
1. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылауды жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылаудың мiндетi жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жөніндегі заңдарын және жер қойнауын пайдаланудың белгiленген тәртібін сақтауын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
3. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттік бақылау:
1) жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік мониторингтi;
2) қорларды ашуды, әзiрлеудi және қазып алуды қамтамасыз ететiн, кен орындарының бай учаскелерiн таңдап игерудi болғызбайтын, жер қойнауын озық қарқынмен геологиялық зерттеудiң толымдылығын, өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану объектiлерiн консервациялау және тарату кезiнде жобалық шешiмдердi сақтауды қамтамасыз ететiн жер қойнауын пайдалану және қорғау саласына жататын лицензиялық-келісім-шарттық талаптардың сақталуын бақылауды;
3) пайдалы қазбалардың сыртқа шығарылатын және жер қойнауында қалдырылатын қорлары мен оларды өндiру кезіндегі шығынды есепке алудың дұрыстығын бақылауды;
4) кен орны мен қоршаған ортаның бүлiнуiне әкеп соғатын ластанудан, су басудан, өрттен және техногендiк процестерден жер қойнауының сақталуын бақылауды қамтиды.";
44) 52-1-баптың 2-тармағындағы "жер қойнауын қорғауға мемлекеттік бақылау жасайтын уәкiлеттi органға" деген сөздер "жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
45) 54-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) газдардың күтпеген жерден шығарылуын, судың, пайдалы қазбалардың және кен жыныстарының сыртқа жарып шығып кетуiн, сондай-ақ тау соққыларын болжау және алдын алу жөніндегі арнайы iс-шараларды жүзеге асыру.";
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар әсер ететiн аймақта халықтың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы жұмысты тоқтата тұруға мiндеттi және халықтың денсаулығы мен өмiрi үшiн қауiпсiз жағдай жасалмайынша және төнген қауiп жойылмайынша, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияны қайта бастауға құқылы емес. Қауiптi болдырмау үшiн өзге шараларды қолдану мүмкiн болмаған кезде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қауiптi әсер ету аймағынан халық көшiрiлгеннен кейiн ғана жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қайта бастауға құқылы.";
46) 55-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "(осы Жарлықтың 69-бабы)" деген сөздер алып тасталсын;
47) 57-баптың 1-тармағындағы "тиiмдi кешендi" деген сөздер "ұтымды және кешендi" деген сөздермен ауыстырылсын;
48) 59-баптың 1-тармағындағы "шаруашылық" деген сөз алып тасталсын;
49) 60-баптың 1-тармағындағы "айналадағы" деген сөз "қоршаған" деген сөзбен ауыстырылып, "табиғи" деген сөз алып тасталсын;
50) 61-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттік кадастрын жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган жүргiзедi.";
51) 62-баптың 8) тармақшасы алып тасталсын;
52) 63-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жер қойнауын пайдаланудың оң тәжiрибесiне негiзделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзудiң неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын таңдауға;";
3) тармақшадағы "жасаған" деген сөз "тiркелген" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы "қатаң сәйкестiкте" деген сөздер "сәйкес" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) қызметкерлердiң және халықтың денсаулығы мен өмiрiнiң қауiпсiздiгiн, жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен келісілген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзудiң технологиялық схемалары мен жобаларын сақтауға;";
7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Қазақстан Республикасында өндiрiлген жабдықтарды, материалдарды және дайын өнiмдi, олар мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келген жағдайда, мiндеттi түрде пайдалануға;
8) егер осы көрсетiлетiн қызметтер, Қазақстан Республикасының резидент еместерi орындайтын бiртектес жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттарына, бағалық және сапалық сипаттамаларына сәйкес келсе, әуе, темір жол, су және басқа да көлiк түрлерiн пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге қазақстандық ұйымдарды мiндеттi түрде тартуға;";
8-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) келісім-шарт бойынша жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлау мен қайта даярлауды қаржыландыру iсiн келісім-шартқа сәйкес жүзеге асыруға;";
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) құзыреттi органға жұмыс бағдарламасын iске асыру туралы ақпарат ұсынуға;";
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
"13-1) құзыреттi органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың жылдық бағдарламасын ұсынуға;";
16) тармақшадағы "келтiруге" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып, "мiндеттi." деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:
"17) өз қызметiнiң экологиялық салдарын жобалау сатысында болжауға;
18) қоршаған ортаға зиян келтiргенi үшiн азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруға мiндеттi.";
53) мынадай мазмұндағы 63-1, 63-2 және 63-3-баптармен толықтырылсын:
"63-1-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды
жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстарды және
көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу мынадай тәсiлдердiң бiрi қолданылып:
1) ашық немесе жабық конкурс;
2) бәсекелес орта болмаған кезде бiр көзден;
3) осы Заңда белгiленген тәртiппен конкурссыз негiзде жүзеге асырылады.
2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың негiзгi тәсiлi конкурс болып табылады. Ашық және жабық конкурстар екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып өткiзiлуi мүмкiн.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың ережелерiн;
тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтерді конкурссыз негiзде жүзеге асырылатын сатып алудың ең жоғарғы мөлшерiн белгiлейдi.
4. Жер қойнауын пайдаланушылар конкурстарды Қазақстан Республикасының аумағында өткізуге мiндеттi. Жекелеген жағдайларда құзыреттi органмен келiсе отырып, конкурс Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өткiзiлуi мүмкiн.
5. Конкурсты ұйымдастырушы басқа да тең жағдайлар болғанда қазақстандық өндiрушiлерге басымдық беруге тиiс.
63-2-бап. Қазақстандық өндiрушiлердi қолдау
1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу кезiнде мердiгер тауарлар, жұмыстар және көрсетiлетiн қызметтер мемлекеттік және (немесе) халықаралық стандарттарға сәйкес келген жағдайда, осы Заңның талаптарына сәйкес оларды қазақстандық өндiрушiлерден сатып алуға мiндеттi.
2. Сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң қазақстандық өндiрушiлерi болған кезде конкурс өткізуге бiрыңғай шетелдiк ұйымдарды тартуға жол берiлмейдi.
3. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстың жеңiмпазын анықтаған кезде тауарлары, жұмыстары және көрсететiн қызметтерi конкурстың талаптарына және белгiленген стандарттарға сәйкес келген жағдайда, конкурсқа қатысушылардың - қазақстандық өндiрушiлердiң конкурстық өтiнiмiнiң бағасын шартты түрде жиырма процентке азайтады.
63-3-бап. Жоғары технологияларды, жаңа және өңдейтiн
өндiрiстердi, магистральды және өзге де құбырларды
дамыту мен пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге
объектiлердi тұрғызу мен бiрлесiп пайдалану
жөніндегі мiндеттемелердi iске асыру
Жоғары технологияларды, жаңа және өңдейтiн өндiрiстердi магистральды және өзге де құбырларды дамыту мен пайдалану, инфрақұрылымдық және өзге объектiлердi тұрғызу мен бiрлесiп пайдалану жөніндегі мiндеттемелердi жер қойнауын пайдаланушының iске асыруы жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың және ұсынылған объектiлердi инвестициялауға арналған қосымша шарттың ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады. Жер қойнауын пайдаланушының аталған мiндеттемелердi орындауға байланысты шығындары өндiрiлген мұнайдан алынған өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жер қойнауын пайдаланушыға өтелмейдi.";
54) 64-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"64-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды
жүргiзудiң шарттары
1. Пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру және пайдалы қазбаларды өндiруге байланысты емес мақсаттарда жер қойнауын пайдалану бекітілген техникалық жобаларға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Барлауды жүзеге асыратын мердiгердiң кен орнының қорларын сынамалы пайдалануды жүргiзуге, егер бұл келісім-шартта және жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органмен келісілген жылдық жұмыс бағдарламасында көзделген жағдайда ғана құқығы бар.
3. Барлау, өндiру не бiрлескен барлау мен өндiру жөніндегі операцияларды жүргiзетiн жер қойнауын пайдаланушы жұмыстардың жылдық бағдарламасын жыл сайын жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiмен, егер келісім-шартта мұндай келісім үшiн өзгеше мерзiм белгiленбесе, бiрiншi жылы - келісім-шарт жасалған айдан кейiнгi айдың 30-нан кешiктiрмей, ал одан кейiнгi жылдары жоспар жасалып отырған жылдың алдындағы жылдың 30 желтоқсанынан кешiктiрмей келiсуге мiндеттi.
Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi мердiгердiң техникалық жобаның шешiмдерiн және кен орындарын игерудiң оң тәжiрибесiн қолдану жөніндегі мiндеттемелердi сақтамауынан басқа ешқандай өзге негiздер бойынша жылдық жұмыс бағдарламасымен келiспеуге құқылы емес. Жылдық жұмыс бағдарламасын қарау және келiсу мерзiмi жетi күннен аспауға тиiс.
4. Жер қойнауын пайдаланушы жылдық бағдарламаны жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органмен келісім бойынша қайта қарауы мүмкiн.
5. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органға жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргiзу туралы есептердi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн шарттарда және тәртiппен табыс етуге мiндеттi.
6. Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган құзыреттi органға осындай бағдарламалар мен есептер бекітілген кезден бастап екi апта мерзiмде жұмыстардың жылдық бағдарламаларын келiсу хаттамаларының көшiрмелерiн табыс етедi.";
55) мынадай мазмұндағы 64-1-баппен толықтырылсын:
"64-1-бап. Коммерциялық табу
1. Барлауға арналған келісім-шарттың негiзiнде жұмыс жүргiзген және коммерциялық табуды жасаған жер қойнауын пайдаланушының тiкелей келiссөздер жүргiзу негiзiнде өндiруге құқық алуға айрықша құқығы бар.
2. Жер қойнауын пайдаланушы барлау нәтижесiнде кен орнын (кен орындарын) тапқан жағдайда бұл туралы құзыреттi органды хабардар етуге, кен орнына бағалау жүргiзуге және ол коммерциялық табу болып табыла ма, соған қорытынды жасауға мiндеттi. Табу туралы хабардар ету мерзiмдерi, бағалау, коммерциялық табудың бар екендiгi туралы шешiм қабылдауды талқылау рәсiмi келісім-шартпен айқындалады.
3. Коммерциялық табу кезiнде жер қойнауын пайдаланушыға келісім-шарттың талаптарына сәйкес шығындарды толық немесе iшiнара өтеу құқығы берiледi. Бұл ретте негiзсiз ұлғайтылған сипаттағы немесе кен орындарын ашудың оң тәжiрибесiмен сай келмейтiн немесе жер қойнауын пайдаланушының жұмыстарды жүргiзу қауiпсiздiгi, жер қойнауын және қоршаған ортаны пайдалану және қорғау саласында мемлекет белгiлеген ережелер мен нормаларды бұзуымен байланысты не олардың Қазақстан Республикасының заңдарында немесе келісім-шартта жүктелген өзге де мiндеттердi бұзуымен байланысты шеккен шығындарын өтеуге жол берiлмейдi.
4. Егер барлау нәтижесiнде коммерциялық табу болмаса, жер қойнауын пайдаланушының салынған қаржыларының өтеуiн алуға құқығы жоқ.";
56) 66-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"66-бап. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану
жөніндегі операцияларды жүргiзудi тоқтату немесе
тоқтата тұру кезіндегі мiндеттерi";
1-тармақта:
бiрiншi сөйлемде:
"өндiрiстiк объектiлердi" деген сөздер "өндiрiстiк объектiлерi және жер учаскелерi" деген сөздермен, "келтiруi қажет" деген сөздер "келтiрiлуi қажет" деген сөздермен ауыстырылсын;
"айналадағы" деген сөз "қоршаған" деген сөзбен ауыстырылып, "табиғи" деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар тоқтатылған кезде жер қойнауын пайдаланушылар қызметiнiң салдарлары жойылуға тиiс.";
2-тармақтағы "салуда және" деген сөздерден кейiн "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;
57) 67-бапта:
1-тармақта:
"1." деген цифр алып тасталсын;
"шетелдiк Жер қойнауын пайдаланушының немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес жер қойнауын пайдаланушысының үлестерiнен Пайдалы қазбаларды" деген сөздер "жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
58) 69-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы Заңның 18-бабының 2-тармағына сәйкес жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргiзу барысында алынған ақпарат, қаржыландыру көздерiне қарамастан, мемлекеттiң меншiгi болып табылады және жұмыстарды жүргiзу аяқталған соң орындаушы оны жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органға беруге тиiс.";
59) 70-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Құзыреттi орган жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт талаптарын сақтауын, соның iшiнде жұмыс бағдарламасын орындауын бақылауды жүзеге асырады. Жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарттың талаптарын бұзған жағдайда құзыреттi орган мұндай бұзушылықты жою қажеттiгін жазбаша хабарламамен көрсете алады.";
60) мынадай мазмұндағы 70-1-баппен толықтырылсын:
"70-1-бап. Жер қойнауын пайдаланушының қызметiн мемлекеттік
органдар тарапынан бақылау мен қадағалау
Жер қойнауын пайдаланушының қызметiн бақылау мен қадағалауды құзыреттi орган мен жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегі уәкiлеттi органнан басқа, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады.";
61) 71-бапта:
бiрiншi бөлiктегi "ол өзгертулер мен толықтырулар енгізiлгенге дейiн берiлген және жасалған Контрактыға" деген сөздер "осы өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн жасалған келісім-шарттарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай редакциядағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Ел экономикасының ресурстық-энергетикалық негiздерiн сақтау және нығайту үшiн жер қойнауын пайдалануға жаңадан жасалатын, сондай-ақ бұрын жасалған келісім-шарттарда мемлекеттiң келісім-шарттың басқа тарапының немесе жер қойнауын пайдалануға құқығы бар заңды тұлға қатысушыларының және басқа тұлғалардың алдында жер қойнауын пайдаланудың иелiктен алынатын құқығын (оның бiр бөлiгін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы қатысу үлесiн (акциялар пакетiн) басқа сатып алушылар ұсынғаннан нашар болмайтын шарттармен сатып алуға басым құқығы бар.";
62) мынадай мазмұндағы 71-1 және 71-2-баптармен толықтырылсын: