Патенттiк баж салығы туралы Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің 1994 жылғы 5 желтоқсандағы № 1369 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 3 қарашадағы № 1139 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының "Тауар таңбалары, қызмет көрсету белгiлерi және тауардың шыққан жерiнiң аты туралы" Заңның және "Қазақстан Республикасының Патент Заңын" тиiмдi жүзеге асыру, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне отандық және шетелдiк арыз берушiлердiң мемлекеттік қорғау құжаттарын уақтылы берудi қамтамасыз ету, республиканың патент жүйесiн одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн мемлекеттік қорғауға байланысты заңдық маңызы бар әрекеттерi үшiн қазақстандық және шетелдiк арыз берушiлерден патенттiк баж салығын Қазақстан Республикасы Ұлттық патент ведомствосы алады деп белгiленсiн.
Патенттiк баж салығы өнертабыстарға, өнеркәсiп үлгiлерiне, пайдалы модельдерге, тауар таңбаларына және қызмет көрсету белгiлерiне, патент грамоталарын және өнертабыс сипаттамалары жарияланымдарына, өнеркәсiп меншiгiнiң тiркелген объектiлерi туралы ведомствоның ресми бюллетеньдерiне, сондай-ақ материалдық-техникалық базаны дамытуға, кадр даярлауға және халықаралық патенттiк келісімдерге қатынасуға берiлген өтiнiмдерге сараптау жүргiзуге бағытталған қызметтi атқару үшiн ведомствоның арнаулы қаражат жөніндегі ағымдағы есепшотына аударылады.
Арнаулы қаражат бойынша табыстың шығыннан асқан сомасы 25 процент мөлшерiнде тоқсан сайын республикалық бюджет табысына аударылып отырылады.
ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 20.08.1996
№ 1031 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жаңа қаржы жылында Қазақстан Республикасы Ұлттық патент ведомствосына жыл сайын бөлiнетiн бюджеттік қаржы көлемiн ведомствоның өткен қаржы жылының патенттiк баж салығынан алған сомасын есептей отырып, айқындайтын болсын.
ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 20.08.1996
№ 1031 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiне енгiзiлген ұсынылып отырған өзгертулер бекітілсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1994 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 1369 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
шешiмiне енгiзiлетiн
ӨЗГЕРТУЛЕР
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық патент ведомствосы туралы" 1992 жылғы 21 шiлдедегi № 622 қаулысының /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 30, 446-бап/ 10-тармағы күшiн жоғалтты деп танылсын.
2.
Ескерту. 2-шi тармақ күшiн жойған - ҚР Үкіметінiң 06.02.1996
№ 284 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Өнертабыстарды, өнеркәсiптiк үлгiлер мен пайдалы модельдердi патенттеу, тауар таңбалары мен қызмет көрсету белгiлерiн тiркеу, тауардың шыққан жерiнiң атын пайдалану құқығын тiркеу және беру үшiн алынатын баж салықтарын төлеудiң тәртібі мен мөлшерi туралы" 1992 жылғы 20 қазандағы № 889 қаулысында /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 41, 605-бап/:
2 және 3 тармақтардың күшi жойылған деп танылсын;
аталған қаулымен бекітілген Өнертабыстарды, өнеркәсiп үлгiлерiн және пайдалы модельдердi патенттеу үшiн, тауар таңбалары мен қызмет көрсету белгiлерiн тiркеу, тауардың шыққан жерiнiң атын пайдалану құқығын тiркеу және беру үшiн алынатын баж салықтарының мөлшерi мен оны төлеу тәртібінiң 30-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Баж салығын Қазпатент алады және ол ведомствоның арнаулы қаражат жөніндегі ағымдағы есебiне аударылады".