Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 13 тамыздағы № 860 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1127 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 ж. 19 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұр. ред. қара
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
2. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | | | | | | А. Есімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 13 тамыздағы № 860 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн
өзгерістер мен толықтырулар
1. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
реттiк нөмiрi 27-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау, көтерме және бөлшек сату";
реттiк нөмiрi 31-1-жолдың 3-бағанындағы "этил спиртiн сақтау және сату, сондай-ақ алкоголь өнiмiн (сырадан басқа), сақтау, көтерме және бөлшек саудада сату," деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада:
"Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тiзiмi" деген I-бөлiмнiң 14-тармағындағы "этил спиртін сақтау мен сату," деген сөздер алынып тасталсын.
2. "Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольдi өнiмдер импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 27 маусымдағы № 1031 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 263-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында этил спирті мен алкогольдi өнiмдер импортын лицензиялаудың тәртібінде:
4-тармақтың д) тармақшасындағы "немесе этил спиртін сақтауға және сатуға" деген сөздер алынып тасталсын;
8-тармақ алынып тасталсын.
3. "Этил спирті мен алкоголь өнiмiн өндiрудi, этил спиртін сақтау мен сатуды, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнiмiмен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1258 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 43, 388-құжат):
тақырыбында және мәтiнi бойынша "этил спиртiн сақтау мен сатуды," деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Этил спиртi мен алкоголь өнімiн өндiрудi, этил спиртін сақтау мен сатуды, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнiмiмен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың ережесiнде:
тақырыбында және мәтiнi бойынша "этил спиртiн сақтау мен сатуды,", "этил спиртiн сақтау мен сатуға,", "этил спиртiн сақтау мен сату" деген сөздер алынып тасталсын;
6-тармақта:
1) тармақшадағы "4)" деген сан "2)" деген санмен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы Ереженiң 5-тармағының 4) - 5) тармақшаларында көрсетiлген қызмет түрлерiне жергiлiктi атқарушы органдар бередi.";
13-тармақтың 2) тармақшасындағы "әзiрлеген" деген сөзден кейiн "және бекiткен" деген сөздермен толықтырылсын;
24-тармақтың 9) тармақшасындағы "этил спирті мен алкоголь өнiмiн лицензияда көрсетiлмеген мекен-жайда өндiргенде," деген сөздер "лицензияда көрсетiлмеген мекен-жайда этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiргенде, алкоголь өнімiн (сырадан басқа)" деген сөздермен ауыстырылсын;
34-тармақтың 7) тармақшасындағы "спиртiн" деген сөзден кейiн "және алкоголь өнiмiн" деген сөздермен толықтырылсын;
35-тармақта:
4) тармақшадағы "жөніндегі органда" деген сөздерден кейiн "техникалық талаптар," деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшаның екiншi абзацындағы "лицензиар бекiткен" деген сөздер "лицензиармен келісілген" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 5, 30-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым ставкаларында:
"Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялар беру кезiнде алынатын лицензиялық алым ставкалары" деген 1-тараудың 4-тармағы 26) тармақшасының екiншi абзацындағы "этил спиртiн сақтау және өткізу; 14" деген сөздер алынып тасталсын.
5. ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1127 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара)