Ақтау порты бағытында тасымалданатын көмiрсутектi шикiзаттың жүк базасын ескере отырып, 2004-2005 жылдары 3 танкерден тұратын екiншi сериясын салу жоспарлануда.
5.1.2. Құрғақ жүк флотын қалыптастыру
Қазақстанда Ақтау порты арқылы ауыстырып тиеуге арналған жылына 1,5 млн. тонна құрғақ жүктiң болатынын назарға ала отырып, 2004-2006 жылдары құрғақ жүк таситын кемелердi сатып алу жоспарланып отыр. Қазақстандық жүктердiң көбiн импорттайтын Иран Ислам Республикасы болып табылады. Иранға жөнелтiлетiн экспорттың едәуiр көлемiн, әлемдiк рыноктың конъюнктурасын ескере отырып және жүк тасымалдары бағыттарын әртараптандыру мақсатында ирандық бағыт басымдықты болып табылады. Ұлттық теңiз сауда флоты транзиттiк тасымалдарға қатысатын болады.
2004-2006 жылдары құрғақ жүк таситын кемелердi сатып алу мен жасау саясатын нақты жүк базасын және Каспий маңындағы мемлекеттерiнiң порт инфрақұрылымының өндiрiстiк қуатының әлеуетiн ескере отырып жүзеге асырылатын болады.
5.1.3. Қосалқы флотты құру
Ұлттық теңiз флотын дамыту мен порттардың инфрақұрылымдарын кешендi түрде құру отандық флоттың кемелерiне қызмет көрсету, порттағы қызмет көрсету және Каспий теңiзi шельфiнiң қазақстандық секторын игеруге қатысу үшiн жоғары тиiмдiлiктi қосалқы флоттың болуын талап етедi. Қосалқы флот кемелерiне жалпы қажеттілік 25 бiрлiктi құрайды. Кемелер жасау жағдайында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың нормаларына сәйкес тапсырыстарды отандық кәсiпорындарда орналастыру басымдықта болады.
5.1.4. Қазақстан Республикасының туын көтерiп
жүзу режимiн қолдану
"Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзу құқығын пайдаланатын кеменiң Қазақстан Республикасының ұлтына ие. Бұл ретте Қазақстан Республикасының ұлты жөніндегі кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын алып жүруге мiндеттi.
Сөйтіп, сатып алынатын мұнай құятын және құрғақ жүк таситын кемелер Қазақстан Республикасының ұлтына ие және олар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзедi.
5.2. Порт инфрақұрылымын құру және дамыту
5.2.1. Ақтау портының № 4 және 5 мұнай құю айлақтарын
қайта жаңартуды жүргiзу
Ақтау портының № 4 және 5 мұнай құю айлақтары моральдық және табиғи тозған. № 4 және 5 мұнай құю айлақтарын қайта жаңартуды жүргiзу қажеттілігi жоғары толқынды трансмиссиядан және бөгет бойғы құбырлардың астындағы бетон негiздерiнiң шөгуінен туындаған. № 5 мұнай құюшы айлақ жұмыс істемейдi және табиғи толқын тосқы ретiнде пайдаланылады. Мұнай құюшы айлақтарды ұзақ мерзiмдi жалға беру шарттарына сәйкес қайта жаңарту мен жаңғырту "Қазтеңiзкөлiкфлот" ҰТКК" ЖАҚ-ның күшiмен жүзеге асырылатын болады.
Бұл инвестициялық жобаның мақсаты мұнай құятын айлақтардың өткізу қабiлетiн жылына 8-10 млн. тонна мұнайға дейiн ұлғайту болып табылады.
5.2.2. Түпқараған шығанағында порт инфрақұрылымының
объектiлерiн салу
Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторының әлеуетiн ұтымды пайдалану мүмкiндiктерiн iске асыру мақсатында 2004-2006 жылдары Түпқараған шығанағында бірқатар жұмыс жүргiзу жоспарланады.
Орта мерзiмдi болашақта ескi өндiрiстiк қуатты қалпына келтiрудi және жаңа объектiлер салуды ескере отырып, Каспий теңiзiнiң солтүстік жағында теңiз операцияларына қызмет көрсетуге күштi бәсекеге қабiлеттi база құруға мүмкіндігі бap Қазақстанның порт инфрақұрылымы дамитын болады.
2006 жылдың аяғында мынадай мiндеттер iске асырылады:
1) халықаралық стандарттардың техникалық және экологиялық талаптарына сәйкес Түпқараған шығанағында порт инфрақұрылымын салу;
2) қазақстандық флот күшiмен мұнай кен орындарын әзiрлеу жөніндегі теңiз операцияларын қолдау;
3) порттарда үздiксiз жүк тиеу-түсiру жұмыстарын қамтамасыз ету;
4) Солтүстiк Каспий кен орындарына сұйық және бас жүктi жеткізудiң жаңа схемаларын әзiрлеу.
Түпқараған ауданында құрылыс жұмыстарын "Қазтеңiзкөлiкфлоты" ҰТКК" ЖАҚ жүргiзедi. Құрылысты Ақтау порты мұнай құю айлақтарын қайта жаңартумен қатар жүргiзу көзделедi.
Кемелерге судағы баржадан жанар-жағар май құюдың қазiргi технологиясының экологиялық сипаттағы қауiптерi бар. ЖЖМ базасы қоймасының құрылысы (сыйымдылығы 25000 тонна) шығанақтың шығыс жағында жүзеге асырылатын болады. Кемелердi бункерлеу үшiн арнайы құбырларымен ұзындығы кемiнде 120 метр пирстi салу жоспарлануда. Түпқараған шығанағын игерудiң инвестициялық жобасының жалпы құны 16,7 млн. АҚШ долларын құрайды.
5.2.3. Құрықта экспорттық терминалдар салу
Орта мерзiмдi болашақта Ақтау теңiз сауда портындағы мұнай құю айлақтарының қуаты 8-10 млн. тоннаға жеткiзiледi. Қазақстанда ұзақ мерзiмдi перспективада көмiрсутегi шикiзатын өндiру көлемi жыл сайын артқан жағдайда порттың экспорттық қуаты жетiмсiз болады.
Қазақстанда теңiз жолдарының экспорттық мүмкiндiктерiнiң шектелуiн болдырмау мақсатында Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторында экспорттық терминалдар салу жоспарланып отыр. А.Бекович-Черкасский шығанағы қарастырылуда. Кемелердiң жолдағы да, айлақтағы да қауiпсiз тұрағы қойнаудың толқын мен желдiң әсерiнен үш жағынан бiрдей қоршалған қолайлы орналасуы есебiнен қамтамасыз етiледi. Құрық сауда порты Өзен-Ақтау магистраль құбырынан 25-30 шақырым жерде орналасқан және Өзен, Құмкөл және басқа кен орындарында өндiрiлетiн мұнайды тасымалдау үшiн ауыстырып тиеу пунктi ретiнде пайдаланыла алады.
Құрық порты Қазақстандағы жүк жөнелту пунктi мен Каспий теңiзi арқылы мұнай және мұнай өнiмдерiн жеткiзетiн орынның Әзербайжан мен Иран порттары арасын шамамен 50-60 миль қысқартуға мүмкiндiк бередi.
Мiндеттi түрде навигациялық белгiлер (қалқыма белгi, жарма белгi) орнатылатын болады.
Экспортқа бағдарланған мұнай құю терминалдарын салудың жалпы құны шамамен 25 млн. АҚШ долларына бағаланады, құрылысы 5 млн. АҚШ долларын игерумен 2005 жылы басталады.
5.3. Теңiз көлiк инфрақұрылымының объектiлерін салу
5.3.1. Кеме жөндеу базасын салу
Кеме жөндеу базалары Астрахань, Махачкала, Баку порттарында орналасқан. "Волгонефть" түріндегі кеменi жөндеу құны 100 мыңнан 500 мыңға дейiн АҚШ долларына бағаланады. Меншiктi кемелердiң және кеме жөндеу базасының жоқтығынан Қазақстан әлеуеттi кiрiсiн жоғалтты. Кеме жөндеу базасын салу қажеттiгi Түпқараған шығанағында алуан түрлi үлгiдегi 90 кеменiң орналасуынан, сондай-ақ қызмет көрсететiн флот кемелерiнiң санын ұлғайту бөлiгiнде Аджип ККO компаниясының оптимистiк болжамдарынан туындады.
Кеме жөндеу базасының құрамына жүзбелi док, кемелердi көтеруге арналған көлбеу алаң және кеме жөндейтiн және кеме корпустық жұмыстарға арналған шеберханалар кiретiн болады. Отандық кемелерге, геологиялық барлау және басқа кемелерге, Каспий теңiзiнде тiркелген порттардың кемелерiн доктеу мен әртүрлi жөндеу жұмыстарын жүргiзу жөніндегі қызметтер көрсетiлетiн болады.
Ең ыңғайлы жер А.Бекович-Черкасский шығанағының жағалауы, Құрық кентiнен 11 км қашықтықта Ералиево темір жол станциясы орналасқан. Асфальт төселген тас жолы болашақ кеме жөндеу зауытының жанынан өтедi, 300 м қашықтықта тұщы су құбыры өтедi, 2 км қашықтықта электроподстанциясы орналасқан. Бұл жер кеме жөндеу өнеркәсiптердi орналастырудың негiзгi қағидаттарына сәйкес келедi және аймақтың экономикалық орталығы - Ақтау қаласына жақын орналасқан (70 км).
Кеме жөндеу базасы құрылысының жалпы құны 15 млн. АҚШ долларын құрайды, құрылыс жүргiзу мерзiмi - 2003-2006 жылдар. Өтелiмдiлiк мерзiмi 37-40 жыл.
5.3.2. Құтқару-үйлестiру орталығын құру
Қазақстанда Құтқару-үйлестiру орталығы жоқ, бұл Каспийдiң қазақстандық секторында кемелер аварияға ұшыраған жағдайда аса үлкен қауiп төндiредi. Жекелей айтқанда, хабар дәл уақытында алынбайды, соның нәтижесiнде, құтқару жұмыстары және аварияның салдарын жою туралы керектi шаралар уақтылы қабылданбайды.
Шельфтегi отандық теңiз көлiгi және теңiздегi мұнай көздерiн барлау мен игерудiң қарқынмен дамуы объективтiк түрде Құтқару-үйлестiру орталығын құруды талап етедi. 2004-2006 жылдарда басты қуат қондырғыларының өте көп күшi бар, өртке қарсы пайдаланатын жүйелермен жабдықталған, су астына сүңгитiн ауыр жабдықтары бар құтқарушы кеме алу керек. Төгiлген мұнай және мұнайөнiмдерiн жинайтын жабдығы бар кеме aлу өзектi мәселе. Тәулiк бойы кемелермен байланыс ұйымдастыратын радиоорталығы құрылады.
5.4. Кадр саясатын қалыптастыру
Теңiз сауда флоты кемелерiн, порт жабдықтарын пайдалану теңiз кемелерiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу үшiн біліктілігi жоғары кадрлар талап етiледi. Қазақстандық мамандарды теңiз сауда флотына тарту жолымен халықты жұмыспен молырақ қамту жоспарланады.
Қысқа, орта мерзiмдi перспективада кеменiң басқару құрамы мен кеме командасы мүшелерiн қоса алғанда, кемелер экипажын қалыптастыру қажет болып отыр. "Сауда мақсатында жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (25-бап) кемелердiң командалық құрамының мүшелерi, атап айтқанда: капитан, капитанның аға көмекшiсi, аға механик және радио маманы Қазақстан Республикасының азаматы болу керек екендiгi көзделген.
5.4.1. Теңiз оқу-тренажер орталығын құру
Маңғыстау облысының Ақтау қаласында мамандар оқытуды қамтамасыз ету, мамандар дайындау және қайтара дайындау, біліктілігiн жоғарылату арқылы соған сәйкес оқығандығы туралы куәлiк және теңiз жұмысшысының дипломын беру үшiн Теңiз оқу-тренажер орталығын құру жоспарланады.
5.4.2. Теңiз жоғары оқу орындарында оқып-үйретудi
ұйымдастыру
Теңiз көлiгi мамандарын даярлау Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетiнде, Атырау мұнай және газ институтында "Кемелiк энергиялық қондырғылар мен жабдықтар", сондай-ақ М.Тынышбаев атындағы Көлiк және коммуникациялар қазақ академиясында "Кеме жүргiзу" мамандықтары бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының теңiз көлiгi үшiн жүзушi құрамның жоғары буыны мамандарын даярлау нұсқаларының бiрi кейiн ТМД елдеріндегі теңiз академияларында оқытып, жоғары білім алдыру арқылы ҚазККА 1, 2, 3 курстарында білім беру болып табылады. Теңiз көлiгiнiң қазақстандық мамандарын жеделдетiп оқыту мақсатында ТМД елдерiнiң Халықаралық теңiз тiзiлiмдерiнде тiркелген мамандандырылған жоғары оқу орындарына мектеп түлектерiнен жыл сайын кем дегенде 25 адам жiберу керек. Сонымен қатар ТМД елдерiнен тыс білім берудiң мемлекеттік бағдарламасына теңiз сауда флоты үшiн мамандар даярлау мен олардың біліктілігiн көтеру мәселесiн енгізу ұсынылады.
5.5. Қоршаған ортаны қорғау жөнiнде iс-шаралар жүргiзу
Ұлттық теңiз сауда флотын құру теңiз көлiгi саласын дамыту сияқты, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі iс-шараларды айқын сақтау жолымен жүзеге асырылатын болады. Қоршаған ортаны қорғау мен қауiпсiз еңбек жағдайы Теңiзде адам өмiрiн қорғау жөніндегі халықаралық конвенция (СОЛАС-74) және Теңiзшiлердi даярлау мен оларға диплом беру және олардың вахтада болуы туралы халықаралық конвенция (ПДМНВ-95) талаптарына толық сәйкестiкте қамтамасыз етiледi.
СОЛАС-74 конвенциясына Кемелердiң қауiпсiз пайдаланылуын басқару және ластануын болдырмау жөніндегі халықаралық кодекс енгiзiлдi, оның мақсаты теңiзде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, адамдардың қайғылы жағдайға душар болуын немесе қаза табуын болдырмау, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтiрмеу болып табылады.
Жүк тасымалы көлемiнiң ұлғайғанын ескере келе, Қазақстан қызмет көрсететiн техникалық құралдарды және порттардың қауiпсiз жұмыс iстеуiн дүниежүзiлiк стандарттар деңгейiне жеткізу қажеттiгiне назар аудармақ.
5.6. Еңбекті қорғауды және техника қауiпсiздiгiн
ұйымдастыру
Жүктердi теңiз жолдарымен тасымалдау теңiзде жүзу қауiпсiздiгiн, жүктердiң жеткiзiлетiн портқа дейiнгi тасымалдану процесiнде сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегі iс-шаралар әзiрлеудi бiлдiредi. Қауiпсiздiктi басқарудың мақсаты:
1) кемелердi пайдаланған кезде қауiпсiздiк практикасын және қоршаған ортаның адамға қауiп төндiрмеуiн қамтамасыз ету;
2) анықталған барлық қауiптерден қорғануды ұйымдастыру;
3) қауiпсiздiкпен, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғаумен байланысты апатты жағдайларға әзiрлiктi қоса алғанда жағалау және кеме қызметкерлерiнiң қауiпсiздiктi басқару жөніндегі дағдыларын ұдайы арттыру болып табылады.
Әрбiр компания қауiпсiздiктi басқару Жүйесiн әзiрлеуге, iс-қимыл жасап, оны қолдауға тиiс, ол мынадай функционалдық талаптарды:
1) қауiпсiздiк және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатты;
2) кемелердi пайдалану қауiпсiздiгiн және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн нұсқаулықтар мен рәсiмдердi;
3) жағалаудағы және кемедегі қызметкерлер арасында өкiлеттiктер көлемi мен байланыс желiлерiн;
4) авариялар мен КҚБХК ережелерi сақталмаған жағдайлар туралы хабардар ету рәсiмдерiн;
5) авариялық жағдайлардағы iс-қимылдар және әзiрлiк ресiмдерiн;
6) iшкi аудиторлық тексерулер мен басқаруды қайта қарау рәсiмдерiн жүргiзу рәсiмдерiн қамтуға тиiс.
Кеме қатынасы компаниясының жағалаудағы, сонымен бiрге кемедегi қауiпсiздiктi басқару жүйесi мыналарды қамтамасыз ету керек:
1) кеме қатынасы компаниясы саясатын орындауды;
2) өзiнiң функционалдық мiндеттерiн орындауда капитанды қолдауды;
3) тиiстi ресурстарды және компания қызметкерлерiн;
4) кемедегi операциялар жоспарларын әзiрлеудi;
5) авариялық жағдайларға әзiрлiктi;
6) аварияларды, авариялық оқиғалармен сәйкессiздiктердi тергеудi;
7) техникалық қызмет көрсетудi, кеменi және жабдықтарды жөндеудi;
8) құжаттамалық қамсыздандыруды;
9) iшкi аудит Жүйесiн қамтамасыз етуге болып табылады.
Қауiпсiздiктi басқару жүйесi мiндеттi нормалар мен ережелердi: кодекстердi қолдану, Халықаралық теңiз ұйымдары, сыныптамалық қоғамдар ұсынған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ?кіметінің нормативтiк актілерінде ұсынылған басқару мен стандарттар ережелерiн орындауды қамтамасыз етуге тиiс. Қауiпсiздiктi басқару жүйесi флоттың қауiптi, қайғылы жағдайларды және авариялық жағдайларды кез келген уақытта болжау қабiлетiн қамтамасыз ететiн, адамдардың қазаға ұшырауы мен зақымдалуын болдырмау, қоршаған ортаны қорғау iс-шараларын жүргiзудi көздейтiн болады.
Теңiзде көлiк құралдарын техникалық пайдалану ережелерiне қойылатын талаптарды және теңiз көлiгiмен тасымалдау кезiнде техникалық және экологиялық талаптарды сақтауға бақылауды қатайту жоспарлануда.
5.7. Құқықтық жағдайларды жасау және оны реттеу
Қазақстан Республикасының теңiз көлiгi өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Теңiз сауда флотының жұмыс iстеуi елеулi дәрежеде тасымал процесiне барлық қатысушылардың өзара қатынасын реттейтiн нормативтiк құқықтық базаның жасалуы мен оның үйлесiмдiлiгiне, сондай-ақ сауда кеме қатынасы саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа байланысты болады.
Қазақстан қосылған мемлекетаралық шарттар мен келісімдердiң, халықаралық конвенциялардың, атап айтқанда:
1) Жүк таңбасы туралы халықаралық конвенция 1966 жыл;
2) Мұнаймен ластанудан болған залал үшiн азаматтық жауапкершілік туралы конвенция 1969 жыл;
3) Кемелердi өлшеу жөнiндегі халықаралық конвенция 1969 жыл;
4) Теңiзде кемелер соқтығысының алдын алудың халықаралық ережелерi туралы конвенция 1972 жыл;
5) Контейнерлердің қауiпсiздiгi жөніндегі конвенция, 1972 жыл;
6) Кемелердің ластануын болдырмау жөніндегі халықаралық конвенция 1973 жыл;
7) Теңiзде адам өмiрiн қорғау жөніндегі халықаралық конвенция 1974 жыл;
8) Теңiзшiлердiң даярлығы мен оларға диплом беру және вахтада болуы туралы халықаралық конвенция 1978 жыл;
9) Халықаралық теңiз ұйымы туралы конвенция 1948 жыл.
Орта мерзiмдi болашақта теңiз флотының қызметiн, теңiзде жүзу қауiпсiздiгiн, табиғат қорғау iс-шараларын және басқаларын регламенттейтiн бiрқатар нормативтiк актiлер әзiрлеу мiндетi тұр.
Инвестициялық жобалардың бағдарламаларын iске асыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн болады.
6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
(млн. АҚШ доллары)
| Жоба құны | Қаражатты жылдар бойынша игеру |
2004 ж. | 2005 ж. | 2006 ж. |
Инвестициялық жобалары бойынша барлығы 239 92,5 96,2 50,3 1. № 4 және 5 мұнай құю айлақтарын қайта жаңарту 6,3 6,3 - - 2. Танкерлер жасау 82,5 37,5 45 - 3. Құрғақ жүк кемесiн жасау 24 - 12 12 4. Түпқараған шығанағында порт инфрақұрылымын салу 16,7 12,7 2 2 5. Кеме жөндеу базасын салу 15 5 5 5 6. Қосалқы флотты салу 75 30 25 20 7. Экспортқа бағдарланған терминалдарды салу 15 - 5 10 8. Теңiз оқу-тренажерлық орталығын құру 3 0,2 1,5 1,3 9. Нормативтiк-құқық негiзiн 1 0,5 0,5 - дамыту 10. Теңiз терминдерiнiң сөздер туралы қазақ-орыс-ағылшынша сөздiгiн жасау 0,5 0,3 0,2 - |
Қаражатты қарызға алу Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес
жүзеге асырылады. Мемлекеттік кепiлдiк көзделмеген.
7. Бағдарламаны iске асырудан (енгізуден) күтіліп
отырған нәтиже
Алға қойылып отырған мiндеттердi негiзге ала отырып, Бағдарламаны орындаудың сандық және сапалық өлшемдерi анықталды, оған қол жеткізу Бағдарламада көзделген iс-шараларды орындау тиiмдiлiгiнiң көрсеткiшi болып табылады.
2006 жылы отандық теңiз сауда флотында жалпы тоннажы 80-85 мың тонна жүк таситын 10 кеме, оның iшiнде кем дегенде жылына 5,5 млн. тонна мұнай тасуды жүзеге асыра алатын 6 танкер, сондай-ақ құрғақ жүк таситын 4 кеме болады.
Осындай iс-шаралардың нәтижесiнде, "Қазтеңiзкөлiкфлоты" ҰТКК" ЖАҚ ұлттық операторының шетелдiк кеме қатынасы компанияларынан жүк тасымалдауға бағдарланған жалпы көлемi 2006 жылы 6,3 млн. тоннаға, оның iшiнде мұнай - 5,8 млн. тонна, құрғақ жүк тасу көлемi 0,5 млн. тоннаға жетедi. Қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижесi отандық теңiз сауда флотын одан әрi жедел дамытуға жәрдемдесетiн болады.
Ақтау портындағы № 4 және № 5 мұнай құю айлақтары қайта жаңартылады және жаңғыртылады, Түпқараған шығанағында жаңа жүк тиеу кешенi, Құрық портында экспортқа бағдарланған мұнай құю терминалы салынады. Қазiргi заманғы кеме жөндеу базасы Каспий теңiзiнде жүзетiн көптеген кеме қатынасы компанияларының тарапынан болатын қызметтiң осы түрiне деген сұранысты қанағаттандыруға мүмкiндiк бередi.
Каботаждық тасымалдар, сауда флотына және Солтүстік Каспийде теңiз операцияларына қызмет көрсету үшiн 25 кемеден тұратын қосалқы флот құрылады.
Бағдарламаны iске асырудан үлкен әлеуметтiк нәтиже күтiлуде. Кемелерде, порттарда, айлақтарда, кеме жөндеу базаларында жаңа жұмыс орындарын құрумен бiрге құрылыс секторында да жұмыспен қамту айтарлықтай ұлғаятын болады, өйткенi құрылыс жұмыстарына мердiгерлiк тек қана отандық компаниялар арасында орналасатын болады. Тұтынушылық сипаттағы қызмет көрсету көлемi ұлғаяды. Металлургиялық кешен кәсiпорындарының, өнеркәсiптiң металл өңдеу секторының, сондай-ақ құрылыс материалдарын шығаратын кәсiпорындардың өнiмдерiне сұраныс айтарлықтай көбейедi.
Автомобиль және темір жол көлiгiн, әсiресе елiмiздiң батыс аймағы бағыты бойынша дамыту тың серпiн алады.
2003-2006 жылдарда iске асыру жоспарланып отырған инвестициялық жобалар негiзгi капиталға 238-240 млн. АҚШ долларын инвестициялауға мүмкiндiк бередi.
Ұлттық теңiз сауда флотын құру бағдарламасы отандық көлiктi дамыту стратегиясының бiр бөлiгiн бiлдiредi және стратегиялық инвесторлар үшiн индикатор болып табылады, басымдықтарды айқындайды, аралас көлiк қатынастарын нығайтады, жүк иелерiн перспективалы жүк тасқындарына бағдарлайды.
Отандық теңiз көлiгiн дамытудан алынған позитивтiк нәтиже Қазақстан Республикасының көлiк-коммуникация және өндiрiстiк кешенiн нығайтуға және тиiмдi өзара іс-қимыл жасауға мүмкiндiк туғызатын болады.
8. Ұлттық теңiз сауда флотын құрудың 2004-2006 жылдарға
арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі
iс-шаралар жоспары
Р/с N | Іс-шара | Аяқталу нысаны | Орындауға (iске асыруға) жауаптылар | Орындалу (iске асырылу) мерзiмi | Болжамды шығыс- тар, мың теңге | Қаржы- ландыру көздері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 Танкер флотын Қазақстан ККМ, Жыл 2004 ж.- Қарыз қалыптастыру Республи- "Қазтеңiз- сайын 5750000 қаражаты касының көлiкфлоты" қаңтар, 2005 ж.- Yкіметіне ҰТКК" ЖАҚ шiлде 6975000 есеп (келісім бойынша), "ҚазМұнай- Газ" ҰК" ЖАҚ (келісім бойынша) 2 Құрғақ жүк Қазақстан ККМ, Жыл 2005 ж.- Қарыз флотын Республи- "Қазтеңiз- сайын 1860000 қаражаты қалыптастыру касының көлiкфлоты" қаңтар, 2006 ж.- Yкіметіне ҰТКК" ЖАҚ шiлде 1899000 есеп (келісім бойынша) 3 Қосалқы флот Қазақстан ККМ, Жыл 2004 ж.- Қарыз құру Республи- "Қазтеңiз- сайын 4600000 қаражаты касының көлiкфлоты" қаңтар, 2005 ж.- Yкіметіне ҰТКК" ЖАҚ шiлде 3875000 есеп (келісім 2006 ж.- бойынша), 3160000 "ҚазМұнай- Газ" ҰК" ЖАҚ (келісім бойынша) 4 Ақтау порты- Қазақстан ККМ, Жыл 2004 ж.- Қарыз ның № 4 және Республи- "Қазтеңiз- сайын 200000 қаражаты 5 мұнай құю касының көлiкфлоты" қаңтар, айлақтарын Yкіметіне ҰТКК" ЖАҚ шiлде қайта жаңар- есеп (келісім туды жүргiзу бойынша) 5 Түпқараған Қазақстан ККМ, Жыл 2004 ж.- Қарыз шығанағында Республи- "Қазтеңiз- сайын 414000 қаражаты порт инфра- касының көлiкфлоты" қаңтар, 2005 ж.- құрылымы Yкіметіне ҰТКК" ЖАҚ шiлде 310000 объектiлерiн есеп (келісім 2006 ж.- салу бойынша), 316000 "ҚазМұнай- Газ" ҰК" ЖАҚ (келісім бойынша), Маңғыстау облысының әкiмдiгi 6 Құрықта Қазақстан ККМ, Жыл 2005 ж.- Қарыз экспорттық Республи- "Қазтеңiз- сайын 775000 қаражаты терминалдар касының көлiкфлоты" қаңтар, 2006 ж.- салу Yкіметіне ҰТКК" ЖАҚ шiлде 1580000 есеп (келісім бойынша), "ҚазМұнай- Газ" ҰК" ЖАҚ (келісім бойынша), Маңғыстау облысының әкiмдiгi 7 Кеме жөндеу Қазақстан ККМ, Жыл 2004 ж.- Қарыз базасын салу Республи- "Қазтеңiз- сайын 767000 қаражаты касының көлiкфлоты" қаңтар, 2005 ж.- Yкіметіне ҰТКК" ЖАҚ шiлде 775000 есеп (келісім 2006 ж. бойынша), 790000 Маңғыстау облысының әкiмдiгi 8 Теңiз оқу- Қазақстан ККМ, БҒМ, Жыл 2004 ж.- Қарыз тренажер Республи- "Қазтеңiз- сайын 31000 қаражаты орталығын касының көлiкфлоты" қаңтар, 2005 ж.- құру Yкіметіне ҰТКК" ЖАҚ шiлде 235000 есеп (келісім 2006 ж.- бойынша), 205000 Маңғыстау облысының әкiмдiгi 9 Теңiз термин- Қазақстан ККМ, БҒМ, Жыл Барлығы Қарыз дерінің Республи- "Қазтеңiз- сайын - 78000 қаражаты сөздер туралы касының көлiкфлоты" қаңтар, 2004 ж.- қазақ-орыс- Yкіметіне ҰТКК" ЖАҚ шiлде 46000 ағылшынша есеп (келісім 2005 ж.- сөздiгiн бойынша) 32000 жасау Жиыны: Барлығы - Қарыз 34750000 қаражаты 2004 ж.- 11885000 2005 ж.- 14915000 2006 ж.- 7950000 |