Ресейдiң "Волготанкер" кеме қатынасы компаниясы Burren Energy (Shipping and Transportation) (Burren) британ компаниясымен бiрлесiп 65 мың тонна жүк көтергіштiгі жағдайында Каспийде тасымал рыногының шамамен 28 %-ына бақылау жасады. Ресей кемелерi Иранға Челябiден, Магнитогорскіден, Батыс Сiбiр және Орск-Халиловск металлургия комбинаттарынан металл прокатын тасиды, сондай-ақ Иран Ислам Республикасының порттарына мұнай тасымалдауды жүзеге асырады. Ресей верфтерінде жасалған танкерлер Ресей туы астында жұмыс iстейдi. "Волготанкердің" Каспий теңізiнде болуы мерзiмдiк сипатқа ие. Ресейдiң ішкі өзендерінде жазғы навигация мерзiмiнде жұмыстың көптiгiне байланысты бұл компания Каспийде айтарлықтай бәсеке тудырмайды және тоннаждың балансына әсер етпейдi.
2001 жылдың IV тоқсанында "Қазтеңiзкөлiкфлоты" ҰТКК" ЖАҚ Вurren компаниясынан 6 танкердi кiреге алды. 2002 жылдың басынан берi Burren Каспий теңiзiнде жүк тасымалдауда айтарлықтай бәсекелес ретiнде көрiне алған жоқ.
Иран "Испат-Кармет" ААҚ-ның, Ресей металлургия заводтарының металл өнiмiн қоса алғанда, Каспий аймағы жүгiнiң 10%-ын тасымалдайды. "Хазар Шиппинг Компани" Иран компаниясы металл прокатынан басқа "Қостанайасбест" ААҚ-ның асбесiн және "Азық-түлiк корпорациясы" ЖАҚ-тың астығын тасымалдайды.
Түркiменстан теңiз сауда флоты 4 құрғақ жүк таситын кемеден тұрады, бiрақ олар тасымалдайтын жүктiң көлемi мардымсыз.
Егер Каспий теңiзiнде тасымалданатын жүктiң динамикасын қарайтын болсақ, онда 2001 жылдың IV тоқсанында теңiз тасымалы рыногының жалпы құрылымында өзгерiс байқалады. 2003 жылдың басына қарай Қазақстан кеме қатынасы компаниясы өз күшiмен Ақтау портынан мұнайдың 64%-ын тасымалдады.
3.1.5. Каспий кеме қатынасы компанияларына талдау:
күштi және әлсiз жақтары, мүмкiндіктерi
мен қауiп-қатерлерi
Күштi жақтары (Қазақстаннан басқа) | Әлсiз жақтары (Қазақстаннан басқа) |
1. Каспий теңiзіндегі көпжылдық 1. Каспий маңындағы мемлекеттер жұмыс тәжiрибесi; кемелерiнiң айтарлықтай табиғи және моральдық тұрғыдан тозуы; 2. Қалыптасқан нормативтiк 2. Әлсіз ұлттық жүк базасы; құқықтық база; 3. Айтарлықтай iргелi базасы - 3. Кемелердiң сапалық Каспий маңындағы сипаттамаларының халықаралық мемлекеттердiң теңiз сауда теңiз конвенциялары техникалық флотының болуы; және экологиялық нормаларының талаптарына сәйкес келмеуi; 4. Кеме жөндеу базаларының 4. Басқару мен қауiпсiздiктiң болуы; халықаралық стандарттары бойынша жұмыс тәжiрибесiнiң болмауы; 5. Каспий теңiзi елдерiне 5. Флотты жаңартудың айқын тiркелген порттардың көрсетiлген бағдарламасының кемелерiне жеңiлдiктер мен болмауы; артықшылықтар беру арқылы мемлекеттік қолдау; 6. Пайдалану шығындарының төмен деңгейi; 7. Ұлттық кәсiби кадрлардың және оларды даярлау жүйесiнiң болуы |
Мүмкiндiктері (Қазақстан үшiн) | Қауiп-қатерлерi (Қазақстан үшін) |
1. Танкерлiк, құрғақ жүк және 1. Каспий теңiзiнiң құқық қосалқы флоттар құру; статусының шешiлмеген сұрағы; 2. Қазақстан Республикасының 2. Әлемдiк мұнай және өзге де мемлекеттік туы астында жүзу тауарлар рыноктарының тұрақсыз құқығын беру; конъюнктурасы; 3. Қауiпсiздiктi басқару 3. Көлiк саласынан тыс және теңiз жүйесiн енгізу; сауда флоты инфрақұрылымы объектiлеріндегі шығынның өсу қаупi; 4. Каспий теңiзiнiң қазақстандық 4. Каспий теңiзi порттарында секторында порттық Қазақстан туы астында жүзетiн инфрақұрылымдарын салу; кемелер үшiн кеменiң кiруiне арналған тарифтердiң жоғары ставкасы; 5. Кеме жөндеу базасын салу; 5. Жүктердi қауiпсiз тасымалдауға және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ic-шараларды жүзеге асыруға арналған айтарлықтай шығыстар 6. Кемелердiң басқару жүйесiн құру; 7. Елдiң транзиттiк әлеуетiн пайдалану; 8. Теңiз мамандықтары ұлттық кадрларының сыныбын құру, жұмыспен қамтылған халықтың санын арттыру; 9. Теңiз көлiгi және Каспий теңiзiнiң экологиясы саласында нормативтiк құқықтық база құру |
3.1.6. Қазақстанның теңiз сауда флотының даму проблемалары
1. Өзiнiң мұнай құятын, құрғақ жүк таситын кемелерiнiң болмауы. Каспий теңiзiнде жүк тасымалдау үшiн ұлттық танкер флоты және құрғақ жүк кемелерi флотын құру мiндетi тұр.
2. Ұлттық қосалқы флоттың болмауы. Каспий теңiзi шельфінің қазақстандық секторын қарқынды игерудiң басталуы Қазақстанның Каспийдегi жүк айналымына барынша бақылау жасау, осы аймақта теңiз инфрақұрылымы объектiлерiн пайдалануға жеделдетiп енгізу қажеттiгiн алдын ала белгiлейдi. Теңiз операцияларын қолдау флотын құру талап eтіледі.
3. Кемелерге, кеме механизмдерi мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу бойынша инфрақұрылым мен кеме жөндеу базасының болмауы. Теңiз тiркелiмiнiң талаптары бойынша кемелерге техникалық қадағалау қажет. Қазақстандық кеме жөндеу базасының құрылуы отандық және шетелдiк кемелерге халықаралық стандарт деңгейiнде қызмет көрсетудi қамтамасыз етедi және Қазақстан Республикасы теңiз көлiгiнiң қызмет көрсету ауқымын кеңейтедi.
4. Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторы өндiрiстiк қорлары моральдық және табиғи тұрғыдан ескiрген әлсiз порттық инфрақұрылымға ие. Осы айдынды игеру жөніндегі қарқынды жұмыстар теңiз операцияларына қызмет көрсетудiң қуатты бәсекеге қабiлеттi базасын жасайтын және мемлекеттiң экспорттық әлеуетiн арттыратын теңiз инфрақұрылымының қазiргi заманғы объектiлерiн қайта жаңарту және салу жөнiнде барабар шаралармен iлесе жүруi тиiс.
5. 2002 жылғы қаңтарда "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы Заңды iске асыру мақсатында алда бiрқатар нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеу мiндетi тұр. Заңға тәуелдi кесiмдер теңiз тасымалы процесiне барлық қатысушыларының өзара қарым-қатынасын, теңiзде жүзудiң қауiпсiздiгiн регламенттейтiн болады.
6. Кадр тапшылығы. Теңiз мамандығын меңгерген ұлттық біліктi кадрлар класын, сондай-ақ ұлттық теңiз сауда флоты үшiн кадрлар даярлау және қайта даярлау жүйесiн құру жоспарланып отыр.
7. Қазақстан Республикасы теңiз сауда флотының сыртқы рынокқа шығуының Каспий бойындағы мемлекеттерге және Ресей Федерациясының су көлiгi артериясына тәуелдiлiгі. Сауда әрiптестiгiнiң кеңеюi, жүк тасқынының транзиттiк бағыттарының дамуы Ресеймен ұзақ мерзiмдi өзара тиiмдi ынтымақтастыққа мүмкiндiк туғызатын болады.
3.1.7. Проблемаларды шешудiң ықтимал жолдары
2004-2006 жылдарда Қазақстан теңiз сауда флотының алдында тұрған проблемаларды еңсеру Қазақстанның Батыс аймағында инвестициялық жобаларды iске асыру, порт инфрақұрылымын нығайту және жаңғырту, теңiз көлiгi мамандарының жаңа класын қалыптастыру, нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру, табиғат қорғау iс-шараларын өткізу арқылы жүретiн болады.
1. Ұлттық танкер флотын құру. Қазiргi заманғы танкер флоты мұнайды Каспий теңiзi арқылы теңiз жолымен әлемдiк рынокқа экспорттайтын iрi халықаралық мұнай компанияларына қызмет көрсетуге мүмкiндiк бередi. Танкерлердiң әлемдiк стандарттарға сәйкес болуына қатысты қатаң талаптар қойылуда. Қазақстанның танкер флоты халықаралық стандарттардың техникалық және экологиялық талаптарын ескере отырып құрылатын болады. Меншiктi флот Ақтау портынан қазақстандық мұнайдың экспорты көлемiн өсiруге және танкерлердi қолдану кезiнде ұлттық кадрларды пайдалануға мүмкiндiк туғызатын болады.
2. Құрғақ жүк таситын кемелердi жасау және сатып алу. Құрғақ жүктердiң үлкен көлемiнiң болуы және Ақтау порты арқылы ауыстырып тиелетiн транзиттiк жүк тасқынының артуы Каспий теңiзiнде операциялар жүргiзу үшiн құрғақ жүк флотын құру қажеттiгiн туғызады. Қазақстандық өнiмдi экспорттау көлемін арттырудан басқа, өнеркәсiптiң кен өндiру және қайта өңдеу салаларына арналған жабдықтар мен олардың бөлшектерiнiң импорты өсуде. Көршi елдердiң Қазақстан аумағы арқылы өтетiн транзиттiк дәлiздердi барынша пайдалануы құрғақ жүктер тасқынын және контейнерлiк тасымалдар көлемiн арттыруда.
3. Кеме жөндеу базасын және экспорттық терминалдар салу. Каспий теңiзiнiң солтүстiк айдынында 90-нан астам кемелердiң жұмыс iстеуi оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерге тұрақты сұраныстың болуына негiз болады. Кемелерге док қызметiн көрсету және жөндеу отандық мамандардың күшімен қазақстандық кеме жөндеу базасында жүргізiлуi мүмкiн. Көмiрсутегi шикiзатын өндiру көлемiн арттыру Каспий теңiзiнiң қазақстандық бөлiгiнде жаңа терминалдарды iске қосу жолымен Қазақстанның экспорттық әлеуетiн арттыру үшiн алғышарттар жасауда.
3.2. Маркетингiлiк зерттеулер - Каспий теңiзiнде жүк тасымалдау
рыногы
3.2.1. Ахуалды талдау: күштi және әлсiз жақтары,
мүмкiндiктерi мен қауiп-қатерлерi
Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы табиғи транзиттiк көпiр ретiндегі географиялық жағдайы, сондай-ақ экспортқа бағдарланған жүк тасқынының болуы Каспий теңiзi аймағындағы тауар рыноктарын дамыту мен әртараптандыруды көздейдi. Қазақстан жүк құраушы мемлекет болып табылады және Ақтау порты арқылы мұнай, металл өнiмiн, астық, асбест экспорттайды. Бұдан басқа, келешекте темір жол және автомобиль көлiктерiнен басқа жүктерді теңiз көлiгiне қайта бағдарлауы мүмкiн.
Мұнай. 2001-2002 жылдары Ақтау порты арқылы мұнайды ауыстырып тиеу 5 миллиондық белестен асып түстi, 2001 жылы 5035,4 мың тонна 2002 жылы 5538,2 мың тоннаны құрады. 2001 жылдың IV тоқсанынан Қазақстан мұнай тасымалдауды Каспий маңы кеме қатынасы компанияларынан "Қазтеңiзкөлiкфлоты" ҰТКК" ЖАҚ-тың кемелеріне бағдарлай бастады. Мұнай және газ кен орындарының дамуы импортталатын габариттiк емес жүктердi көбейтуге әсер етедi. 2006 жылы республикада мұнай шығару көлемiн 80,3 млн. тоннаға жеткізу, 65 млн.тоннадан астам экспорттау болжануда. Мұнай өндiрудiң ұзақ мерзiмдi көкжиегi 2007 жылы 83,5 млн. тонна деңгейiне жетудi көздейдi.
Қазақстан мұнайын Иранға жеткізудi қайта бастау жоспарлануда, оның жылдық көлемi ұзақ мерзiмдi перспективада 2 млн. тоннаны құрауы мүмкін.
Мұнайды теңiз жолымен тасымалдау жағдайын талдау
Күштi жақтары | Әлсiз жақтары |
1. Мұнай құятын және көлiктiк 1. Меншiктi танкерлiк қуаттардың болуы; флотының жоқтығы; 2. Көмiрсутегiнiң расталған қорлары; 2. Дүниежүзiлiк мұнай 3. Өндiру көлемiнiң тұрақты өсуi; рыногы 4. Перспективалы өткізу рыноктары; конъюнктурасы 5. Балама тасымалдау бағыттарының бағасының болуы; ауытқуларына 6. Мұнайды теңiз жолымен тасымалдау тәуелдiлiк рыногында Каспий теңiз кеме шаруашылығын монополиясыздандыру |
Мүмкiндiктерi | Қауiп-қатерлерi |
1. Қазақстандық танкер флотымен Мұнайдың төгiлу қатерi, мұнайды тасымалдау техникалық қауiп-қатер, 2. Флотты басқару тәжiрибесiн игеру; экологиялық салдары 3. Ұлттық танкер флотын құру; 4. Мұнайды Ақтау портынан Каспий және Қара теңiздеріндегі жеткізу пункттерiне дейiн өз кемелерiмен тасымалдау; 5. Қазақстандық мұнайды тасымалдаудың мультимодальдық жүйесiне қатысу |
Орташа және ұзақ мерзiмдi кезеңдерде өндiрiлетiн газдың басым бөлiгi мұнай-газ өндiру компанияларының iлеспе өнiмi болады. Қазақстан бойынша тұтастай табиғи (iлеспе) газды өндiру 2005 жылы 24-25 млрд. текше метр, 2010 жылы тиiсiнше 35-39 млрд. текше метр шегiнде жоспарлануда. Алайда Каспий теңiзi порттарында теңiз жолымен сұйылтылған газды тасымалдау үшiн қажеттi инфрақұрылым жоқ. Сонымен қатар, көмiрсутегi шикiзатын өндiрудi жыл сайынғы өрiстету газ өнеркәсiбiнiң экспорттық дамуының перспективалылығын жоққа шығармайды. Тиiстi инфрақұрылымда, контейнерлiк тасымалдауды қоса алғанда, теңiз жолымен сұйылтылған газды тасымалдауды дамыту жеткiлiктi перспективалы.
Құрғақ жүкті ауыстырып тиеу
Теңіз жолымен құрғақ жүктi тасымалдауды талдау
Күштi жақтары | Әлсіз жақтары |
Қазақстан Республикасында Құрғақ жүк тасымалдау бойынша өндірілген құрғақ жүк (металл өз кемелерiнiң болмауы өнiмi, астық, асбест) көлемiнiң болуы |
Мүмкіндiктері | Қауіп-қатерлері |
1. Құрғақ жүк кемелерiн жасау, Тауарлардың баға және тариф сатып алу және жалға алу; конъюнктурасының өзгеруi 2. Қазақстанда құрғақ жүктi өндiру көлемiн арттыру; 3. Ақтау порты арқылы теңiз жолымен құрғақ жүк экспортының номенклатурасын кеңейту; 4. Құрғақ жүктi Қазақстанға теңiз жолымен импорттау; 5. Ақтау порты арқылы транзиттiк жүктi тасымалдау |
2001 жылы "Испат-Кармет" ААҚ-ның Ақтау порты арқылы металл өнімiн экспорттауы 876,8 мың тоннаны, 2002 жылы 573,6 мың тонна құрады. Ақтау порты арқылы металл қақтамасы экспорты құрғақ жүктiң жалпы зкспортының 80 пайызын құрайды. Жыл сайын 7,5 млн. тонна болат өндiргенiне қарамай, Иран сапалы металл прокаттың аса қажеттілігiн көруi. Ираннан басқа "Испат-Кармет" ААҚ өнiмдi Азов-Черномор бассейнiнiң, Санкт-Петербург порты және Қиыр Шығыс порттары арқылы Батыс Қазақстан, Еуропа, АҚШ, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерiне экспорттайды, бұл болашақта "Қазтеңiзкөлiкфлоты" ҰТКК" ЖАҚ-ның халықаралық тасымалдарын кеңейтудi көздейдi. Үрдiс сақталған кезде 2005 жылы металл өнімдерiн ауыстырып тиеу Ақтау портында 1 млн. тоннаға жетеді.
Асбест. "Хазар Шиппинг Компани" Иран кеме қатынасы компаниясы 1999-2000 жылдар аралығында Ақтау портынан "Қостанайасбест" ААҚ-на хризотилдік асбест пен құм-қиыршық тас қоспасын тасымалдауды жүзеге асырды.
Астық. "Азық-түлiк корпорациясы" ЖАҚ-тың жылына кемiнде 200 мың тонна астықты Иранға экспорттау мүмкiндiгі бар. Қазiргi кезде Каспий теңізі бойынша астықты азірбайжандық және ирандық кемелер тасымалдайды. Қазақстанда астық өнiмiнiң жыл сайынғы көлемiн 14 млн. тоннадан асатын деңгейде ұстау жоспарланады. Iшкi тұтынушылықтың шекті көрсеткіші 7-8 млн. тонна кезiнде, қалған көлемi мемлекеттiң экспорттық әлеуетiн құрайды. Қазақстан үшiн Иран, Әзірбайжан және Түркия рыноктары үлкен мүдделiлiк тудырады. Иран рыногының сыйымдылығы жылына 5,5 млн. тоннаға бағаланады, бұл оны әлемдегi осы өнiм түрiн iрi импорттаушылардың бiрi етедi. Иран Қазақстанмен 2002 жылғы орақтың 700 мың тонна астығын сатып алу туралы келісімге қол қойды. Қазақстандық дәнді дақылдардың (бидай, меслин, арпа) маңыздылығы жөнiнен екiншi импорттаушысы Әзірбайжан Республикасы болып табылады. Дәндi дақылдарды iрi импорттаушылардың бiрi Түркия қазақстандық өнiмдердi Түркия рыногына астық жеткізу арқылы теңіз көлiгiмен импортталуына мүдделi. 2006 жылы дәнді дақылдардың ауыстырып тиеу көлемiн 1,5 млн. тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда.
Мақта. Ақтау портынан жүктi тасымалдау үшiн перспективалық транзиттiк жүктердiң бiрi өзбек мақтасы болып табылады. 1998-2001 жылдары Өзбекстан Республикасында мақта өндіру 800 мың тоннадан 1 млн. тоннаға дейiн жеттi. Жалпы өндiрiлетiн мақтаның 68-70%-ы экпорттық потенциал болып саналады. Ресей мақтаны 400-450 мың тонна көлемінде импорттайды, тасымалдау темір жол көлiгiмен жүргiзiледi. Мақта Еуропаға темір жол көлiгi арқылы және Рига порты арқылы теңіз жолымен 250-300 мың тонна көлемiнде экспортталады. Францияның, Италияның, Германияның және Түркияның тұрақты сұранысы бар. Бұқара/Ақ Алтын - Ақтау - Баку Поти/Батуми бағыты бойынша мақтаны тасымалдау үшiн барлық қажеттi жағдай туғызылған. Ақтау портында теміржолдық паром терминалы бар, Ақтау - Баку бағыты бойынша бiр рейсте 28 вагон тасымалдауға мүмкiндiк бередi. "Қазтеңiзкөлiкфлоты" ҰТКК" ЖАҚ мақтаның белгілі бiр көлемiн Ақтау-Волга-Дон арнасы - Волга өзенi - жеткізу пунктiне қайта бағыттауды ойластырып отыр.
2002-2005 жылдары Ақтау порты арқылы өткiзiлетiн құрғақ жүк динамикасы құрғақ жүк таситын кемелер үшiн жүк базасы ретiнде мына кестеде келтiрiлген.
| 2001 ж. | 2002 ж. | 2003 ж. | 2004 ж. | 2005 ж. | 2005 ж. 2002 ж. % |
Құрғақ жүктер Металл прокаты Астық Пароммен Басқа жүктер | 1376,2 1060,1 84,1 199,2 32,8 | 1397,3 573,6 209,2 594,9 19,6 | 1256 814,5 103,1 308,9 29,5 | 1455 700 350 350 55 | 1520 720 350 350 100 | 108,8 125,5 167,3 58,8 5,1ece |
Дерек көзi: "Ақтау халықаралық теңiз сауда порты" РМК
Контейнерлер. Ақтау порты арқылы транзиттiк жүк тасқынының контейнерлерiн тарту үшiн алғышарттар бар. "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" ЖАҚ TRACECA көлiк дәлiзi шеңберiнде Дружба станциясы - Ақтау порты және Бейнеу-Ақтау учаскесiнде транзиттiк контейнерлер үшiн төмендету коэффициентiн ұсынуды қарастыруда. Сондай-ақ әзербайжан және грузин теміржолшылары да өз мемлекеттерiнiң аумағы бойынша транзиттiк контейнерлердi тасымалдау үшiн төмендету коэффициенттерiн ұсынды. Бүкiл көлiк дәлiзiнiң ұзақтығы бойынша қолайлы тарифтiк режим қазақстандық тудың астында кемелердiң мультимодальдық тасымалдарына қатысу арқылы Ақтау портына контейнерлердiң жүк тасқынының бiр бөлiгiн тартуға мүмкiндiк бередi.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның күшi 2004 жылдан 2006 жылға дейiнгi кезеңдi қамтиды. Бұл жылдарда жалпы iшкi өнiмнiң өсуi кемiнде жылына 6-8%-ға жоспарланған болатын. Ұлттық теңiз флотының дамуы экономикалық өсуге баламалы қажеттi көлiктiк қызмет көрсету көлемiн қамтамасыз ету жөніндегі негiзгi бағыттардың бiрi болып отыр.
Бағдарламаның мақсаты: елдiң теңiз сыртқы сауда жүк тасымалдаудағы қажеттiгiн толық мөлшерде қамтамасыз ететiн, Қазақстанның экономикалық-географиялық әлеуетiн iске асыруға ықпал ететiн, қазiргi заманғы техникалық базасы бар және үлкен кiрiс кiргiзетiн жоғары ұйымдастырылған порт инфрақұрылымының негiзiнде ұлттық теңiз сауда флотын құру.
Осы мақсатқа жету үшiн мынадай мәселелердi шешу қажет:
1) ұлттық теңiз сауда флотын сандық жағынан - Қазақстан экономикасының талаптарына, сапалық жағынан ұсынылатын әлемдiк стандарттарға сай келетiн қажеттi түрлер мен кластардағы қазiргi заманғы кемелермен жабдықтауды қамтамасыз ету;
2) сыртқы экономикалық жүк тасқынын (экспорт, импорт) жүк тасымалдарының жалпы көлемiнен 65 %-ға дейiн Қазақстанның Каспий теңiзiндегі теңiз тасымалдарындағы үлесiн ұлғайту жолымен отандық сауда флотына қайта бағыттау;
3) отандық және шетелдiк кемелерге қызмет көрсету бойынша барлық қызмет көрсету түрлерiн көрсетуге мүмкiндiгi бар кеме жөндейтiн база құру;
4) қазақстандық порттарда қызмет көрсетiлетiн компаниялардың қажеттерiне жауап беретiн және Каспий теңiзiнiң шельфiн игеру бойынша теңiз операцияларын жүзеге асыруға қабiлеттi қосалқы флот құру;
5) теңiз кәсiптерi мамандарының ұлттық класын, елдiң теңiз сауда флотына кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесiн құру;
6) логистикалық тауар өткiзетiн жүйелер (темір жол, автокөлiк) және Қазақстан Республикасының аумағынан өтетiн халықаралық көлiк дәлiздерi шеңберiнде теңiз көлiгiнiң көршiлес көлiк түрлерiмен және жүк жөнелтушiлермен тиiмдi өзара әрекет ету бойынша жағдай жасау;
7) теңiзде жүзу қауiпсiздігі мен теңiз көлiгiнде экологиялық қауiпсiздiк деңгейiн арттыру.
Бағдарламаны iске асыру жоспары барысында ең жоғарғы тиiмділікке (коммерциялық, бюджеттік, әлеуметтiк және т.б.) белгiленген жеке iс-шараларға және түгелдей Бағдарламаға жету мыналардың есебiнен:
1) бағдарламалық шараларды орындауға шығатын шығыстарды оңтайландыру;
2) теңiз көлiгi объектiлерiн салу, сатып алу және қайта жасаудың оңтайлы кезектiлігін белгiлеу;
3) iс-шараларды орындауды жоспарлау кезiнде дұрыс көңiл бөлу;
4) бағдарламалық iс-шараларды қаржыландырудың неғұрлым орынды және тиiмдi сызбасын пайдалану.
4.1. Кеме қатынасы саясатының жалпы қағидаттары кешенi
Қазақстанның теңiз сауда флотын құру және теңiз тасымалдарының әлемдiк рыногына тезiрек кiру үшiн халықаралық тәжiрибемен тексерiлген кеме қатынасы саясаты қағидаттарын орындау қажет:
1) ұлттық флоттың рынокқа еркiн қол жеткізу және адал бәсекелестiк принциптерi негiзiнде халықаралық кеме қатынасына тиiмдi қатысу қабілетiн қамтамасыз ету;
2) негізгi және қосалқы кеме қатынасы қызметтерiн дамыту үшiн қажетті орта құру;
3) ұлттық теңiз тоннажын пайдалана отырып, сыртқы сауданы дамытуды қолдау;
4) тиiмдi жалпы көлiк жүйесiн ұсыну (аралас тасымал қызметi) және бiрлескен кәсiпорындарға инвестицияларға қатысу;
5) агенттiк және экспедиторлық қызметтер ұсыну;
6) теңiзде жүзу қауiпсiздігі мен кадрларды даярлауға, қоршаған ортаның ластануының алдын алуға және кеме борттарында өмiр сүру және жұмыс iстеу жағдайларына қатысты халықаралық ережелер мен стандарттарды сақтау.
5. Бағдарламаны iске асырудың негізгі бағыттары
мен тетiктерi
5.1. Теңiз сауда флотын құру
Операциялар жасау үшiн қазақстандық кемелердiң санын анықтау мақсатында Каспий теңiзiнде әлеуеттi жүк базасына маркетингтiк зерттеулер жүргiзiлдi. Болжамдарға сәйкес 2004-2005 жылдары Ақтау портынан 5,5-5,8 млн. тонна көлемiнде мұнай жөнелтiледi. 2003-2005 жылдарға болжанған жүк базаларының негiзiнде әрқайсысы кемiнде 8000 тонна суығыстырғыштығымен 6 танкерге қажеттілік бар.
Болжамдарға сәйкес 2004-2006 жылдары Ақтау портының айлақтары арқылы құрғақ жүктi басқа көлiкке ауыстыру шамамен 1,5 млн. тоннаны құрайды. Жүктiң қазiргi көлемiне 2 құрғақ жүк таситын кеме салып, әрқайсысының жүк алу қабiлетi кемiнде 5000 тонналық 2 құрғақ жүк кемесiн сатып алу жоспарланады.
5.1.1. Танкер флотын қалыптастыру
"Қазтеңiзкөлiкфлоты" ҰТКК" ЖАҚ танкерлердiң бiрiншi сериясын жасауға тапсырыс бердi, әрбiр танкердiң жүк көтерiмi 12000 тонна.
Бiр танкердi жасау құны бас танкердi жасаудың келісім-шарттық мерзiмi 14 ай болғанда 13-15 млн. АҚШ долларын құрайды. Танкерлердiң құнын ақтау мерзiмi 10-15 жылды құрайды. Кепiлдiк мүлiк ретiнде кемелер жүредi.