Ұлттық теңiз сауда флотын құрудың 2004-2006 жылдарға арналған
бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 13 шілдедегі № 763 қаулысы
"Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Ұлттық теңiз сауда флотын құрудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі жыл сайын қаңтарда және шiлдеде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 13 шілдедегі
№ 763 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық теңiз сауда флотын
құрудың 2004-2006 жылдарға
арналған бағдарламасы
1. Ұлттық теңiз сауда флотын құрудың 2004-2006 жылдарға арналған
бағдарламасының паспорты
2. Кіріспе
2.1. Әзiрлеу үшін негiздеме
2.2. "Қазтеңiзкөлiкфлоты" ҰТКК" ЖАҚ-тың қысқаша сипаттамасы
3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
3.1. Кеме қатынасы компаниялары
3.1.1. Халықаралық тәжiрибе
3.1.2. Ұлттық теңiз сауда флотының бәсекеге қабiлеттілігi
3.1.3 Теңiз тасымалының ұлттық операторы
З.1.4. Каспий теңізінде кеме қатынасы компанияларының бәсекесi
3.1.5. Каспий кеме қатынасы компанияларына талдау:
күштi және әлсiз жақтары, мүмкiндіктерi
мен қауiп-қатерлерi
3.1.6. Қазақстанның теңiз сауда флотының даму проблемалары
3.1.7. Проблемаларды шешудiң ықтимал жолдары
3.2. Маркетингiлiк зерттеулер - Каспий теңiзiнде жүк тасымалдау
рыногы
3.2.1. Ахуалды талдау: күштi және әлсiз жақтары,
мүмкiндiктерi мен қауiп-қатерлерi
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
4.1. Кеме қатынасы саясатының жалпы қағидаттары кешенi
5. Бағдарламаны iске асырудың негізгі бағыттары мен тетiктерi
5.1. Теңiз сауда флотын құру
5.1.1. Танкер флотын қалыптастыру
5.1.2. Құрғақ жүк флотын қалыптастыру
5.1.3. Қосалқы флотты құру
5.1.4. Қазақстан Республикасының туын көтерiп жүзу режимiн қолдану
5.2. Порт инфрақұрылымын құру және дамыту
5.2.1. Ақтау портының № 4 және 5 мұнай құю айлақтарын
қайта жаңартуды жүргiзу
5.2.2. Түпқараған шығанағында порт инфрақұрылымының
объектiлерiн салу
5.2.3. Құрықта экспорттық терминалдар салу
5.3. Теңiз көлiк инфрақұрылымының объектiлерін салу
5.3.1. Кеме жөндеу базасын салу
5.3.2. Құтқару-үйлестiру орталығын құру
5.4. Кадр саясатын қалыптастыру
5.4.1. Теңiз оқу-тренажер орталығын құру
5.4.2. Теңiз жоғары оқу орындарында оқып-үйретудi
ұйымдастыру
5.5. Қоршаған ортаны қорғау жөнiнде iс-шаралар жүргiзу
5.6. Еңбекті қорғауды және техника қауiпсiздiгiн
ұйымдастыру
5.7. Құқықтық жағдайларды жасау және оны реттеу
6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
7. Бағдарламаны iске асырудан (енгізуден) күтіліп отырған нәтиже
8. Ұлттық теңiз сауда флотын құрудың 2004-2006 жылдарға
арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі
iс-шаралар жоспары
1. Ұлттық теңiз сауда флотын құрудың 2004-2006 жылдарға арналған
бағдарламасының паспорты
Атауы Ұлттық теңiз сауда флотын құрудың 2004-2006
жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi -
Бағдарлама)
Әзiрлеу 1. "Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003-2006
негiзi жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі
iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысы
(Iс-шаралар жоспарының 4.4-тармағы);
2. "Қазтеңiзкөлiкфлоты" ұлттық теңiз кеме қатынасы
компаниясы" жабық акционерлік қоғамын құру туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 4
желтоқсандағы № 1239 қаулысы;
3. "Қазақстан Республикасында сауда мақсатында
теңiзде жүзудi дамыту тұжырымдамасы туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21
ақпандағы № 267 қаулысы;
4. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік көлiк
саясатының тұжырымдамасын мақұлдау" туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 11
шiлдедегі № 801 қаулысы
Iске асыру 2004-2006 жылдар
мерзiмi
Әзiрлеушiлер Қазақстан Республикасының Көлiк және
коммуникациялар министрлігі, "Қазтеңiзкөлiкфлоты"
ұлттық теңiз кеме қатынасы компаниясы" жабық
акционерлік қоғамы, "ҚазМұнайГаз" ұлттық
компаниясы" жабық акционерлік қоғамы
Бағдарламаның Елдiң теңiз сыртқы сауда жүк тасымалдауындағы
мақсаты мен қажеттілігiн толық мөлшерде қамтамасыз ететiн,
мiндеттерi Қазақстанның экономикалық-географиялық әлеуетiн
iске асыруға ықпал ететiн, қазiргі заманғы
техникалық базасы бар және үлкен кіріс түсіретін
жоғары ұйымдастырылған порт инфрақұрылымының
негiзiнде ұлттық теңiз сауда флотын құру.
Осы мақсатқа жету үшiн мынадай мәселелердi шешу
қажет:
1) ұлттық теңiз сауда флотын қажеттi түрлер мен
кластардағы қазiргi заманғы кемелермен жабдықтауды
қамтамасыз ету;
2) сыртқы экономикалық жүк тасқынын (экспорт,
импорт) отандық сауда флотына қайта бағыттау;
3) Ақтау, Баутино және Құрық порттарының,
сондай-ақ Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының
аумақтарын игеру жолымен порт инфрақұрылымын дамыту;
4) кеме жөндейтін база құру;
5) қосалқы флотын және теңiз операциялар қосалқы
флотын құру;
6) теңiз кәсiптерi мамандарының ұлттық класын,
елдiң теңiз сауда флотына кадрларды даярлау және
қайта даярлау жүйесін құру;
7) теңiзде жүзу қауiпсiздiгi мен теңiз көлiгiнде
экологиялық қауiпсiздiк деңгейiн арттыру.
Қаржыландыру 2006 жылдың аяғына дейiн 238-240 млн. АҚШ доллары
көздерi шамасында инвестициялау жоспарлануда. Көздерi заем
қаражаты болып табылады. Бағдарламаны iске асыру
бойынша шығыстардың жалпы сомасы 34750 млн. теңгенi
құрайды, оның iшiнде: 2004 жылы - 11885 млн. теңге,
2005 жылы - 14915 млн. теңге, 2006 жылы - 7950 млн.
теңге.
Бағдарламаны 2006 жылы отандық теңiз сауда флотында жалпы
iске асырудан тоннажы 80-85 мың тонна жүк таситын 10 кеме,
нәтиже оның iшiнде кем дегенде жылына 5,5 млн. тонна мұнай
тасуды жүзеге асыра алатын 6 танкер, сондай-ақ
құрғақ жүк таситын 4 кеме болады.
Осындай iс-шаралардың нәтижесiнде,
"Қазтеңiзкөлiкфлоты" ҰТКК" ЖАҚ ұлттық операторының
шетелдiк кеме қатынасы компанияларынан жүк
тасымалдауға бағдарланған жалпы көлемi 2006 жылы
6,3 млн. тоннаға, оның iшiнде мұнай - 5,8 млн.
тонна, құрғақ жүк тасу көлемі 0,5 млн. тоннаға
жетеді. Қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижесi отандық
теңiз сауда флотын одан әрi жедел дамытуға
жәрдемдесетiн болады.
Ақтау портындағы № 4 және 5 мұнай құю айлақтары
қайта жаңартылады және жаңғыртылады, Түпқараған
шығанағында жаңа жүк тиеу кешенi, Құрық портында
экспортқа бағдарланған мұнай құю терминалы
салынады. Қазiргi заманғы кеме жөндеу базасы Каспий
теңiзiнде жүзетiн көптеген кеме қатынасы
компанияларының тарапынан болатын қызметтiң осы
түрiне деген сұранысты қанағаттандыруға мүмкiндiк
бередi.
Каботаждық тасымалдар, сауда флотына және
Солтүстік Каспийде теңiз операцияларына қызмет
көрсету үшiн 25 кемеден тұратын қосалқы флот
құрылады.
2. Кіріспе
2.1. Әзiрлеу үшін негiздеме
Қарқынды экономикалық даму сатысында тұрған Қазақстан өзiнiң экономикалық әлеуетiн жүзеге асыру жолдарын кеңейтуге барынша мұқтаж болып отыр. Қазақстанның экономикалық өсуiне мүмкiндiк туғызатын және экономиканың қажеттілігiн қамтамасыз ететiн елдiң көлiк-коммуникация кешенiнiң жұмыс iстеу тиiмдiлiгi көбiнесе көлiк қызметiнiң жаңа түрлерін дамытумен және транзиттiк әлеуеттi пайдаланумен айқындалады. Олардың iшiнде ұлттық теңіз сауда флотын құру жоспарланып отыр.
Қазақстанның теңiз көлiгiн дамыту, ұлттық теңiз сауда флотын құру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметінiң шешiмiмен 1998 жылғы 4 желтоқсандағы № 1239 қаулысымен "Қазтеңiзкөлiкфлоты" Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы" жабық акционерлік қоғамы "Қазтеңiзкөлiкфлоты" ҰТКК құрылды.
Компания Каспий теңiзiнде жүк тасымалдау жөніндегі халықаралық қызмет көрсету бойынша операциялық қызметке 2001 жылдың IV тоқсанында кiрiстi. 1999-2000 жылдары әлемдiк тауар рыногтарындағы конъюнктуралық баға ауытқуларынан басқа, қазақстандық мұнайдың экспорты Атырау-Самара құбыр желісі жүйесiнiң, сондай-ақ темір жол көлiгi өткізу қабiлетінiң мүмкiндiктерiне қанағаттанды.
Қазақстанның Каспий маңындағы мемлекеттерден айырмашылығы оның өз флоты болмады. Каспий теңiзіндегі теңіз тасымалдары рыногының конъюнктурасын үстем жағдайға ие Әзiрбайжанның кеме қатынасы компаниясы айқындады.
Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi Даму стратегиясында теңiз тасымалын жүзеге асыру жөніндегі ықтимал мүмкiндiктер болған кезде олардың дамуын өз теңiз флотының жоқтығы тежейдi деп атап көрсетiлген. "Қазтеңiзкөлiкфлоты" ҰТКК" ЖАҚ-тың мiндетi ұлттық теңiз танкерлiк және құрғақ жүк кемелерi флотын құру болып табылады, бұл Қазақстан су көлiгiнiң әлемдiк көлiк жүйесiне интеграциялануына мүмкiндiк туғызатын болады.
Елiмiздiң теңiз сауда флотын құрудың тұжырымдамалық негiзi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21 ақпандағы № 267 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында сауда мақсатында теңiзде жүзудi дамыту тұжырымдамасында берiлген. Бұл ретте "Қазақстан Республикасында сауда мақсатында теңiзде жүзудi дамыту бағдарламасын әзiрлеудiң және қабылдаудың" нақты мiндетi қойылды.
2002 жылғы қаңтарда "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Қазiргi уақытта қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлердi халықаралық актiлермен сәйкестiкке келтiру, сондай-ақ теңiз көлiгi саласында нормативтiк құқықтық база құру жөніндегі жұмыстар жүргiзiлуде.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 4.4-тармағында "Ұлттық теңiз сауда флотын құрудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын әзiрлеу" iс-шарасы көзделген.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1095 Жарлығымен бекітілген Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттік бағдарламасында бiрегей басымдықтар шельфте теңiз операциялар қолдау флотын құруды қоса алғанда, теңiз көлiгiн дамыту болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясында (Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы) теңiзде тасымалдауды дамыту үшін "Қазақтеңiзтрансфлоты" теңiз кеме жолы ұлттық компаниясы құрылды, сол арқылы Қазақстанда өзiнiң теңiз сауда флотын құрудың негiзi қаланды деп аталған.
2.2. "Қазтеңiзкөлiкфлоты" ҰТКК" ЖАҚ-тың қысқаша
сипаттамасы
"Қазтеңiзкөлiкфлоты" ҰТКК" ЖАҚ-тың акционерлерi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі (жарғылық капиталдағы үлесi 50%) және "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" ЖАҚ (мұның да жарғылық капиталдағы үлесi 50%) болып табылады.
"Қазтеңiзкөлiкфлоты" ҰТКК" ЖАҚ жарғылық қызметiнiң негiзгi түрлерi:
1) жүктiң барлық түрлерiн, мұнай мен мұнай өнiмдерiн, бас жүктердi, контейнерлердi, жолаушыларды, жануарларды тасымалдау;
2) кемелердің, баржалардың жүзбелi доктар мен соған ұқсастардың барлық түрлерiн жасау, пайдалану, жөндеу, сатып алу, делдалдық қызмет көрсету;
3) жалға беру (кiреге алу, экипажсыз кiреге алуды қоса алғанда), сондай-ақ кемелердiң лизингi;
4) қоймалардың, сақтау орындарының, тоңазытқыш қондырғылардың, ангарлардың, жүк түсiретiн жағалаудағы орындардың барлық түрлерiн және басқа да жабдықтарды салу, пайдалану және сатып алу;
5) кеме верфiн (кеме жөндеу базаларын) салу, кеме жөндеу құрылымдарын құру;
6) теңiзде агент қызметiн көрсету;
7) порттық және экспедиторлық қызмет көрсету;
8) заңнамамен тыйым салынбаған өзге де қызметтер: теңiз терминалы операторының қызметi, қосалқы флотты пайдалану және кемелерді бункерлеу.
Орналасу географиясы. "Қазтеңiзкөлiкфлоты" ҰТКК" ЖАҚ-тың даму тұжырымдамасына сәйкес Қазақстан кемелерi Каспий, Қара, Жерорта теңіздерінде операциялар жасайды. Компанияның Каспий теңiзіндегі операциялық қызметi Ақтау порты арқылы жүзеге асырылады.
"Сауда мақсатында теңiзде жүзудi дамытудың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 қыркүйектегi № 1263 қаулысымен "Ақтау теңiз сауда порты" РМК-ның шаруашылық жүргiзуіндегі № 4, 5 және 9-мұнай құю айлақтарын осы учаскеде орналасқан жабдықтарымен, коммуникацияларымен, жайластырылымымен және инфрақұрылымның ажырамас объектiлерiмен бірге "Қазтеңiзкөлiкфлоты" ҰТКК" ЖАҚ-қа ұзақ мерзiмдi мүлiктiк жалға берілдi. Мүлiктi жалға беру шарттарының бiрi Ақтау портындағы № 4 және 5-мұнай құю айлақтарын қайта жаңарту және жаңғырту болып табылады.
Өндiрiстiк қызметi. Егемен Қазақстанның тарихында тұңғыш рет 2001 жылғы 18 қазанда елдің теңіз көлiгiнiң Каспий теңiзiнде операциялар жасауы басталды. 2002 жылы Компания өз күштерiмен Ақтау-Махачкала (Ресей), Ақтау-Нека (Иран), Ақтау-Батуми (Грузия) бағыттары бойынша 3212 мың тонна мұнай тасымалдады. Болжамдарға сәйкес 2006 жылдың соңына қарай "Қазтеңiзкөлiкфлоты" ҰТКК" ЖАҚ Ақтау портынан жыл сайын кемінде 5,5 млн. тонна мұнай тасымалдайтын болады.
2002 жылы Компания Ақтау портының № 4 және 9 мұнай құю айлақтарынан 3533 мың тонна ауыстырып тиедi. Орта мерзiмдiк кезеңде әрбiр жұмыс істеп тұрған айлақтан ай сайын кемiнде 150 мың тонна мұнай ауыстырып тиеу жоспарлануда.
3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
3.1. Кеме қатынасы компаниялары
3.1.1. Халықаралық тәжiрибе
Халықаралық теңiз тасымалдары рыногында кеме қатынасы компаниялары тұрақты, өзара тиiмдi ынтымақтастық орнатуға ұмтылады. Ұлттық және аймақтық кеме қатынасы саясатын үйлестiру де ерекше қолдау табуда.
Халықаралық тәжiрибе ұлттық кеме қатынасы қалыптасу кезеңiнде оны мемлекеттік қолдау шараларының кең қолданылатыны туралы куәландырады. Ұлттық флоттың меншiк құрылымына, теңiз тасымалы мен кеме жасауды дамытуға ықпал ету мақсатында түрлi мемлекеттердiң үкiметтерi бiрқатар шаралар қолданды, олар iшiнара төмендегi кестеде келтiрiлдi.
Жекелеген елдердiң ұлттық кеме қатынасына мемлекеттік
көмек шаралары
Елдер | Жүк тасыма- лында ұлттық кеме иелерiне артық- шылық- тар | Пайда- лану субси- дия- лары | Несие- лер бойынша пайыз- дар төлеуді қара- жаттан- дыру | Несие- лер бойынша үкімет кепіл- діктері | Кеме жасау несие- лері | Салық, аморти- зация жеңіл- діктері | Каботажды тасымал- дарға қатысуға тыйым салу |
Бразилия х x х х x Германия х х х х Греция х х х х Малайзия x х х Норвегия х х АҚШ х х х х Tүркия х х х Швеция х х Оңтүстiк Корея х х х Жапония х х |
Дерек көзi: Вензик Н.Г., Левиков Г.А. "Кеме қатынасы компанияларының бәсекеге қабiлеттілігiн арттыру"
АҚШ-та ұлттық кеме иелерiнде 100% әскери және 50% үкiметтiк жүктер сақталады, бұл флотты 30% кепiлдi жүктеменi қамтамасыз eтeдi. Францияда ұлттық флотта мұнайдың сыртқы сауда тасымалының үштен екiсi, гидрокарбонаттың 60% және көмiрдiң 40% сақталған. Испания ұлттық флотқа 100% мұнайды, темекiнi және мақтаны тасымалдауға кепiлдiк бередi.
Жүктердi резервтеудi Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерi: Малайзия, Индонезия, Филиппин, Оңтүстiк Корея түрлi дәрежеде қолданды. Оңтүстiк Кореяда шикi мұнай, руда, тыңайтқыш, астық, мұнай-химия өндiрiсiне арналған шикiзат, көмiр, сұйытылған газ, үкiметтiк жүктер импорты, цемент және болаттан жасалған бұйымдар экспорты резервтеледi.
Теңiз кемелерiне меншiк кеме қатынасының маңызды белгiсi болып қала бередi. Елде кемелер мен жабдықтарға меншiк стратегиялық инвестициялар ретiнде қарастырылады және жүк тасымалдау жөнiнде сенiмдi және икемдi қызмет көрсетудi қамтамасыз етудiң негiзi болып табылады. Бұдан басқа, жүк жөнелтушiлер үшiн ол тасымалдаушының нақты тасымал бағытының жолын ұстау көрсеткiшi қызметiн атқарады.
3.1.2. Ұлттық теңiз сауда флотының бәсекеге қабiлеттілігi
Ұлттық кеме қатынасы компанияларының бәсекелестiк қабiлеттілігi мақсатында көптеген елдердiң үкiметтерi кеме қатынасына субсидиялар беру, қаржылық көмек көрсету, жүктердi бөлген кезде ұлттық операторларға басымдық беру жолымен қолдампаздық саясат жүргiзедi. Iрi тасымалдаушылар үшiн тоннаждың молшылығы бәсеке күресіндегі құрал ретiнде пайдаланылады. Кеменiң келу жиiлiгiн арттыра отырып, олар тасымалдардағы өз үлесiн ұлғайтады.
Ресей Үкіметі түбегейлi шаралар қабылдауда. Ұлттық мүдделер мен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында "Ресей Федерациясының 2002 жылға дейiнгі кезеңге арналған теңiз доктринасы" 2010 жылға РФ кемелерiмен экспорт-импорт жүктерiн тасымалдауды 50% ұлғайтуды көздейдi. Үкiмет флотты ресей туы астына қайтару жөнiнде шаралар әзiрледi. Үкiметке өнiм бөлу туралы келісімдер шеңберiнде тасымалданатын жүктердi қоса алғанда, ресей кеме иелерiне стратегиялық жүктерді тасымалдауды бекіту құқық беру үшiн "Сыртқы сауда қызметiн мемлекеттік реттеу туралы" Федералдық Заңға өзгерістер енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының теңiз сауда флоты қалыптасу процесiнде Ақтау порты арқылы тасымалданатын сыртқы сауда жүктерінің бір бөлiгiн өзiне бекітіп берудi қамтамасыз ететiн шараларға мұқтаж болып отыр. Бұл ретте бәсекеге қабiлеттілiктi арттыру шеңберiнде қолдампаздық сипаттағы шаралар уақыт жөнiнде шектеулi болады. Қазақстандық кеме қатынасының тұрақты дамуға көшуi үшiн қажеттi кезең жүк жеңiлдіктерін қоса алғанда, 2006 жылдың аяғына дейiн жоспарланып отыр.
3.1.3 Теңiз тасымалының ұлттық операторы
Отандық теңiз сауда флоты мен iлеспелi салаларды дамыту мақсатында әлемдiк тәжiрибе ел үкiметінің жекелеген кеме қатынасы компанияларына теңiз тасымалдарының "ұлттық операторы" мәртебесiн беруiн куәландырады, ол мемлекеттік қолдаудың бiрқатар шаралар кешенiн көздейдi.
Өз кезегiнде ұлттық тасымалдаушы мәртебесiн беру кеме қатынасы компаниясы тарапынан да бiрқатар талаптарды сақтауға әкеп соғады. Ең кең тараған және жалпы мойындалғандардың iшiнде:
1) өз елiнiң заңды тұлға мәртебесiнiң болуын және тасымалдау үшiн мемлекеттік ту астында жүзетiн флотты пайдалануды;
2) жолаушылар мен жүктердi теңiз көлiгiмен тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге лицензияның немесе басқа да рұқсат беретiн құжаттың болуын;
3) қызметтi сауда теңiзде жүзу туралы құқықтық актiлердiң және ұлттық заңнаманың талаптарына сәйкес жүзеге асыруды;
4) халықаралық аудиторлық ұйымның Теңiзде жүзу қауiпсiздiгiнiң жүйесiне және басқаларына сәйкестiгiне тексеру жүргiзуi.
Бұдан басқа, ұлттық кеме қатынасы компанияларының орындауына мiндеттi функциялар шеңберiне:
1) жүктердi мемлекеттік тапсырыс бойынша тасымалдау;
2) ел жасасқан халықаралық шарттардан туындайтын мiндеттердi бiрiншi кезекте орындау;
3) Үкіметінiң теңiз тасымалдары бойынша тапсырмаларын орындау;
4) кеме қатынасы қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету;
5) қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі жоғары нормаларға сәйкес өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыру кiредi және т.б.
Ұлттық кеме қатынасы компанияларын дамытуды жан-жақты мемлекеттік қолдау елдiң ұлттық қауiпсiздiгi мен ұлттық мүдделерiн қамтамасыз ету контекстiнде де қаралуға тиiс. Тиiп тұрған су кеңiстiгiнде ұлттық флоттың болуы мемлекеттiң стратегиялық маңызды жүктердi тасымалдаудағы, теңiз көлiгiмен экспорттық өнiмдi жеткізу және азық-түлiк импорты мен басқа да өмiрлiк маңызы бар тауарларды қамтамасыз ету қажеттігін қамтамасыз етуге тиiс.
Халықаралық сауда орталықтарына жақын iрi теңiздер мен мұхиттарда кемелердiң ұлттық туы астында жүзуi елдiң әлемдiк шаруашылық процестерге қатысу деңгейiнiң көрсеткiшi болып табылады және мемлекеттiң экономикалық қуатын бiлдiредi.
Қазақстан Республикасы алдында экспорттық бағыттарды дамытуда бiрiншi кезектегілер iшiнде болжанып отырған өндiру өсiмiн ескере отырып, көмiрсутектi шикiзатты тасымалдаудың оңтайлы тәсiлiн iздестiру міндеті тұр. Бұл жаңа кен орындарын пайдалануға қосуға және Каспий теңiзi шельфiнiң қазақстандық секторын игеруге байланысты.
Ұлттық теңiз сауда флотының интенсивтi дамуы айтарлықтай мөлшерде экономикалық қауiпсiздiк параметрлерiне сәйкестiгiн ескере отырып, қазақстандық экспорттық өнiмдi тасымалдау мәселелерiн шешуге ықпал етуге тиiс. Ұлттық теңiз кеме қатынасы компаниясы теңiз тасымалдарының көлiк ағынын бақылауды сақтауы және қазақстандық өнімнiң бәсекелестік артықшылықтарын пайдалануға мүмкiндiк туғызуы тиіс.
З.1.4. Каспий теңізінде кеме қатынасы
компанияларының бәсекесi
Қазақстан теңiз көлiгінiң орта мерзiмдi перспективада Каспий теңiзіндегі орны мен рөлiн анықтау мақсатында Каспий бойындағы мемлекеттердiң кеме қатынасы компанияларының қызметiне талдау жүргізу қажет.
Әзiрбайжан Республикасы 2001 жылдың IV тоқсанына дейiн Каспий Теңiзiндегі теңiз тасымалдары рыногының конъюнктурасын iс жүзiнде бақылап және анықтап отырды. Каспий теңiзi пароход шаруашылығы (бұдан әрi Каспар) 4 құрғақ жүк таситын кеменi және 30-дан астам танкерлердi иелене отырып Каспийдегі теңiз тасымалының 58-60%-ын алды. Флоттың жүк көтергiштiгі 211,3 мыңдай дерлiк тоннаны құрайды. Алайда, кемелердiң суға шөгуi бойынша қойылатын шектеулердi ескере отырып іс жүзiнде Каспий теңiзi порттарының барлығында Каспардың нақты тоннажы 168,5 мың тоннаны құрайды. Каспар флоты Ақтау, Дюбенди, Махачкала, Түркiменбашы порттары арасында жұмыс iстейдi. Жүк көтергiштiгi 5000-5350 тонна болатын кемелердiң жасалған жылы орташа - 16 жыл, осы сериядағы ең ескi кемеге 21 жыл болады. Жүк көтергіштігі 7400 тонна болатын кемелердiң жасалғанына 15-17 жыл, ал жүк көтергіштігі 12300 тонна кемелердiң жасалғанына - 26-28 жыл болады.