«1) сараптама жүргiзу жөніндегі сараптама жасау ұйымының қызмет ақысының төленгенiн растайтын құжат қоса тiркелуге тиiс. Төлем мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi;»;
23) 30-бапта:
1-тармақта «Қазпатент» деген сөз «сараптама жасау ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта «Қазпатент» деген сөз «сараптама жасау ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 31-бапта:
«Қазпатент» деген сөз «уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
25) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«33-бап. Тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттік
тiзiлiмiн жүргiзу тәртібі
1. Сараптама жасау ұйымы тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығына куәлiк берумен бiрге Тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттік тiзiлiмiне тауар шығарылған жердiң атауын, тiркелу нөмiрi мен күнiн, тауардың айрықша қасиеттерiнiң сипаттамасын, тұрғылықты жерлерiн (орналасқан жерлерiн), өтiнiмнiң нөмiрi мен берiлген күнiн көрсете отырып тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының барлық иелерi туралы мәлiметтердi және көрсетiлген мәлiметтердегi одан кейiнгi барлық өзгерістердi, сондай-ақ тiркеуге қатысты басқа да мәлiметтердi енгiзедi.
2. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының иесi тiркеу туралы мәлiметтерге қатысты өзгерістер жайында сараптама жасау ұйымына хабарлап отыруға мiндеттi. Өзгерістер туралы жазбаны сараптама жасау ұйымы Тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттік тiзiлiмiне және куәлiкке түсiредi.
3. Тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттік тiзiлiмi жалпыға бiрдей қолжетiмдi болып табылады. Мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша сараптама жасау ұйымы Тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттік тiзiлiмiнен көшiрме бередi.»;
26) 34-баптың 2-тармағында «Қазпатентке» деген сөз «сараптама жасау ұйымына» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 35-бапта «Қазпатент» деген сөз «сараптама жасау ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 36-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
3-тармақта «Қазпатент» деген сөз «уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 39-баптың 2-тармағында «Қазпатентке» деген сөз «уәкiлеттi органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 40-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасында «Қазпатентке» деген сөз «уәкiлеттi органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта «Қазпатент» деген сөз «сараптама жасау ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 41-баптың 1-тармағында «Қазпатенттiң», «Қазпатент» деген сөздер тиiсiнше «уәкiлеттi органның», «уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 42-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) тауар таңбасын жалпы жұртқа белгiлi деп танудың заңдылығы туралы;»;
2-тармақта «Қазпатент» деген сөз «Сараптама жасау ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 43-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жер атауын немесе араласып кеткен дәрежеге дейiн олармен ұқсас белгiлердi бiртектес тауарлар мен қызметтерге қатысты, ал жалпы жұртқа белгiлi тауар таңбасы болғанда - кез келген тауарлар мен қызметтерге қатысты азаматтық айналымға рұқсатсыз енгізу тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы иесiнiң айрықша құқығын бұзу болып танылады.
Тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жер атауын жалпыға бiрдей қолжетiмдi телекоммуникациялық желiлерде (Интернетте және басқаларда) рұқсатсыз пайдалану да тауар таңбасы иесiнiң айрықша құқығын немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын бұзу болып табылады.»;
2-тармаққа ресми тiлде түзету енгiзiлдi, мемлекеттік тiлдегi мәтiнi өзгермейдi;
34) 45-бапта:
тақырыптағы «Қазпатенттiң» деген сөз «Сараптама жасау ұйымының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мәтiніндегі «Қазпатент» деген сөз «сараптама жасау ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;», куәлiктер берудi» деген сөздер алып тасталсын;
35) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«46-бап. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, біліктілік деңгейi қойылатын талаптарға сай келетiн Республика азаматы патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл болуға құқылы. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдерге қойылатын біліктілік талаптарын, оларды аттестаттау және тiркеу тәртібін уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. Уәкiлеттi органмен және сараптама жасау ұйымымен iс жүргiзудi өтiнiш берушi, патент иеленушi дербес немесе уәкiлеттi орган тiркеген патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл арқылы жүзеге асыра алады.
3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар өтiнiш берушi, тауар таңбасы және тауар шығарылған жер атауын иеленушi ретіндегі өз құқықтарын, сондай-ақ ақ мүдделi тұлға құқықтарын уәкiлеттi орган мен оның ұйымдарында патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер арқылы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлғалар өтiнiш берушi, тауар таңбасы мен тауар шығарылған жер атауын иеленушi ретіндегі өз құқықтарын, сондай-ақ мүдделi тұлға құқықтарын Қазақстан Республикасы шегiнде хат-хабар алмасу үшiн мекен-жайын көрсеткен жағдайда, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлсiз жүзеге асыра алады.
4. Құпия ақпараттарға немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға Қазақстан Республикасының заң актілерінде берiлген талаптарды сақтау кезiнде сенiм бiлдiрушiден оның тапсырмасын орындауға байланысты патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл алатын ақпарат құпия болып танылады.
Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл осы iс бойынша iс жүргiзуге мүдделерi өтiнiш бiлдiрген тұлғаның мүдделерiне көрiнеу қайшы келетiн тұлғалардың атынан өкiлдiк етсе немесе консультация берсе, немесе оны қарауға өзгедей қатысса, сондай-ақ iстi қарауға патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлмен туыстық немесе жекжаттық қатынастардағы лауазымды адам қатысса, ол тапсырманы қабылдауға құқылы емес.
5. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң өкiлеттiгi сенiмхатпен куәландырылады.»;
36) 47-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiнде «Қазпатент» деген сөз «сараптама жасау ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 181-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақшада «уәкiлеттi органның» деген сөздер «интегралдық микросхемалар топологияларын қорғау мәселелерi жөніндегі» деген сөздермен, «басылымы» деген сөз «басылым» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) тармақшада «азаматтар» деген сөз «Қазақстан Республикасының азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-баптың 1) тармақшасында «және олар жөнiнде сараптама жүргiзедi» деген сөздер», оларды қарайды және топологияларды тiркеудi жүзеге асырады» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 11-бапта:
3-тармақтағы»;»белгiсi алып тасталып, «болуға тиiс.»деген сөздермен толықтырылсын, 4) тармақша алып тасталсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Құқық иеленушi болып табылмайтын топология авторына уәкiлеттi орган оның авторлығын растайтын куәлiк бередi.».
Қазақстан Республикасының