4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шетелдiк жеке және заңды тұлғалардың сабақтас құқықтары, егер тиiстi орындаушылық, фонограмма, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабары Қазақстан Республикасы бекiткен тиiстi халықаралық шарттың ережелерi бойынша айқындалатын олардың шыққан елiнде, сабақтас құқықтардың сол елде белгiленген қолданылу мерзiмiнiң өтуi салдарынан қоғам игiлiгіне айналмаған болса және сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмiнiң өтуiне байланысты Қазақстан Республикасында қоғам игiлiгiне айналмаған болса, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес танылады.»;
28) 37-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) орындаушының ар-намысына және қадiр-қасиетiне нұқсан келтiре алатын кез келген бұрмалаудан немесе өзге де қолсұғушылықтан қорғалу құқығы (беделiн қорғау құқығы);»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мүлiктiк емес жеке құқықтар орындаушыға оның мүлiктiк құқықтарына қарамастан тиесiлi және орындаушылықты пайдалануға айрықша мүлiктiк құқықтарын берген жағдайда да олар өзiнде сақталып қалады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Орындаушының орындаушылықты пайдалануға айрықша құқықтары мынадай iс-әрекеттердi:
1) бұрын жазылмаған орындаушылықты жазуды;
2) орындаушылық жазбасын кез келген нысанда тiкелей немесе жанама қайта шығаруды;
3) орындаушылықтың жазбасын пайдаланбай-ақ орындаушылықты эфирге берудi, кәбiл арқылы жалпыжұрттың назарына хабарлауды немесе жалпыжұрттың назарына жеткiзудi;
4) осы Заңның 39-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, орындаушылық жазбасын эфирге берудi, кәбiл арқылы жалпыжұрттың назарына хабарлауды немесе жалпыжұрттың назарына жеткiзудi;
5) орындаушының қатысуымен орындаушылық жазылған, коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмманы прокатқа (жалға) берудi жүзеге асыруға рұқсат ету немесе тыйым салу құқығын бiлдiредi. Орындаушылықты фонограммаға жазу туралы шарт жасалған кезде бұл құқық фонограмманы шығарушыға ауысады. Бұл ретте орындаушы мұндай фонограмманың даналарын прокатқа (жалға) бергенi үшiн сыйақы алу құқығын сақтап қалады.»;
29) 38-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Фонограмманы пайдалануға айрықша құқықтар мынадай iс-әрекеттердi:
1) фонограмманы тiкелей немесе жанама түрде кез келген нысанда қайта шығаруды;
2) меншiк құқығын сату немесе өзгеше беру арқылы фонограмманың түпнұсқасы мен даналарын таратуды, оның iшiнде импорттауды;
3) фонограмманы шығарушы немесе оның рұқсаты бойынша жүзеге асырылған оны таратудан кейiн де фонограмманы прокатқа (жалға) берудi;
4) фонограмманы қайта жасауды немесе кез келген тәсiлмен өңдеудi;
5) фонограмманы жалпы жұрттың назарына жеткiзудi жүзеге асыруға рұқсат ету немесе тыйым салу құқығын бiлдiреді.»;
3-тармақта «жалға» деген сөз «прокатқа (жалға)»деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 40-бапта:
2-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Хабарды пайдалануға айрықша құқықтар мынадай әрекеттердi жүзеге асыруға:»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) хабарды эфирге бepугe;»;
5) тармақшадағы «хабарлауға» деген сөзден кейiн»;»белгiсi қойылып, «құқығын бiлдiредi» деген сөздер алып тасталсын, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) хабарды жалпы жұрттың назарына жеткiзуге рұқсат ету немесе тыйым салу құқығын бiлдiреді.»;
3-тармақтың 1) тармақшасындағы «эфирде» деген сөз «эфирлiк және кәбiлдiк» деген сөздермен ауыстырылсын;
31) мынадай мазмұндағы 40-1-баппен толықтырылсын:
«40-1-бап. Айрықша құқықтар беру. Лицензиялық шарт
1. Осы Заңның 37, 38, 40-баптарында аталған айрықша құқықтарға толық немесе iшiнара жол берiлуi мүмкiн, сондай-ақ олар айрықша немесе айрықша емес құқықтарды беру туралы лицензиялық шарт бойынша пайдалану үшiн берiлуi мүмкiн. Мұндай шартқа осы Заңның 32-бабында белгiленген талаптар қолданылады.
2. Лицензиялық шарт тиiстi үлгiдегi мемлекеттік тiркеу куәлiгi берiле отырып, уәкiлеттi органда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мiндеттi мемлекеттік тiркелуге тиiс.»;
32) 41-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi абзацтағы «эфир хабарларын, кәбiл арқылы берiлетiн хабарларды» деген сөздер «эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын» деген сөздермен ауыстырылсын; ресми тiлде түзету енгiзiлдi, мемлекеттік тiлдегi мәтiнi өзгермейдi;
1) тармақшадағы «эфирде немесе кәбiл арқылы берiлген хабардан» деген сөздер «эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабарларынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) дәйектеме ақпараттық мақсатта жүзеге асырылатын жағдайда, орындаушылықтан, фонограммадан, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабарынан шағын үзiндiлер түрiнде дәйектеме келтiруге жол берiледi. Бұл ретте, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмма даналарын эфирге беру, жалпы жұрттың назарына кәбiл арқылы хабарлау үшiн немесе жалпыжұрттың назарына жеткiзу үшiн пайдалануының қандайы болса да осы Заңның 39-бабындағы ережелердi сақтаған жағдайда ғана мүмкiн болады;»;
4) тармақшада «әдебиет, ғылым» деген сөздер «ғылым, әдебиет» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта «олардың жазбаларын эфирге немесе кәбiл арқылы таратуға» деген сөздер «эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабарларын және олардың жазбаларын таратуға» деген сөздермен ауыстырылсын; «жеке мақсат үшiн көшiруге» деген сөздер «тек қана жеке мақсат үшiн қайта шығаруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бiрiншi абзацтағы «және эфирге», «хабардар» деген сөздер тиiсiнше «және эфирлiк немесе кәбiлдiк», «хабарларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада «алты ай» деген сөздер «белгiленетiн» деген сөзбен ауыстырылсын; «әдебиет, ғылым» деген сөздер «ғылым, әдебиет» деген сөздермен ауыстырылсын; «жалғыз данасын» деген сөздер «жазбасын» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақта «эфирде немесе кәбiл арқылы берiлетiн хабарды» деген сөздер «эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабарын» деген сөздермен ауыстырылсын; «әдебиет, ғылым» деген сөздер «ғылым, әдебиет» деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 42-бапта:
1-тармақ «өзге де қолсұғушылықтан» деген сөздердiң алдынан «орындаушының ар-намысына және қадiр-қасиетiне нұқсан келтiруi мүмкiн» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта «алғашқы хабар таратуды» деген сөздер «жалпы жұрттың назарына арналған алғашқы хабарлауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта «эфирде немесе кәбiл арқылы таратылған хабарларды» деген сөздер «эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Орындаушылыққа, қойылымға, фонограммаға, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының хабарына сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмiнiң өтуi олардың қоғам игiлiгiне айналғанын бiлдiредi.
Қоғам игiлiгiне айналған сабақтас құқықтар объектiлерiне қатысты осы Заңның 34-42-баптарының ережелерi ескерiле отырып, осы Заңның 29-бабының ережелерi қолданылады.»;
34) 43-баптың 7-тармағы алып тасталсын;
35) 44-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес алынған өкiлеттiктер негiзiнде мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйым туындыларды және сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдаланудың тиiстi тәсiлдерiне пайдаланушылармен лицензиялық шарттар жасасады. Мұндай лицензиялық шарттар оларда көзделген тәсiлдермен, осы Заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес ұйымға басқаруға берiлмегендерiн қоса алғанда, барлық туындылар мен сабақтас құқық объектiлерiн пайдалануға рұқсат бередi. Мұндай лицензиялық шарттардың талаптары бiр санаттағы барлық пайдаланушыларға бiрдей болуға тиiс. Аталған ұйымдардың пайдаланушыға лицензиялық шарт жасасудан жеткiлiктi негiздерсiз бас тартуға құқығы жоқ.
3. Лицензиялық шарт жасасқан пайдаланушылар уәкiлеттi органда мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыруға және тиiстi үлгiдегi мемлекеттік тiркеу куәлiгiн алуға мiндеттi.»;
36) мынадай мазмұндағы 48-1-баппен толықтырылсын:
«48-1-бап. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар
объектiлерiн пайдаланатын жеке және заңды
тұлғалардың қызметiне бақылау жасау
1. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне бақылау жасауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар уәкiлеттi органның сұратуы бойынша пайдаланылған туындылар немесе сабақтас құқықтар объектiлерi, авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалану нәтижесiнде түскен табыстар туралы мәлiметтер, сондай-ақ авторлық сыйақы төлемдерiне қатысты мәлiметтер мен құжаттар беруге мiндеттi.».
2. «Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 19, 655-құжат):
1) 2-бапта:
2) тармақшада «Қазпатенттiң» деген сөз «уәкiлеттi органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада «Қазпатенттiң» деген сөз алып тасталсын;
10) тармақшада «азаматтар» деген сөз «Қазақстан Республикасының азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын; «Қазпатент» деген сөз «уәкiлеттi орган және сараптама жасау ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
5-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi «Қазпатентке» деген сөз «сараптама жасау ұйымына» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктегi «Қазпатент» деген сөз «уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-баптармен толықтырылсын:
«3-1-бап. Селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы
уәкiлеттi мемлекеттік орган
1. Селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2. Уәкілеттi органның құзыретiне:
1) селекциялық жетiстiктердi құқықтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;
2) селекциялық жетiстiктерге патенттер беру;
3) селекциялық жетiстiктердi пайдаланушы жеке және заңды тұлғалардың қызметiне бақылау;
4) хаттамаларды жазу және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау, әкiмшiлiк жазалар қолдану;
5) осы Заңда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.
3-2-бап. Сараптама жасау ұйымы
1. Сараптама жасау ұйымы - мемлекеттік монополияға (селекциялық жетiстiктердi қорғау саласында қызметтер көрсету) жатқызылған салалардағы қызметтi жүзеге асыратын, уәкiлеттi органға ведомстволық бағынысты ұйым.
2. Сараптама жасау ұйымының құзыретiне:
1) селекциялық жетiстiктерге өтiнiмдер қабылдау;
2) селекциялық жетiстiктерге алдын ала сараптама жүргiзу;
3) селекциялық жетiстiктердiң Мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзу;
4) селекциялық жетiстiктер туралы мәлiметтер жариялау;
5) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.»;
4) 4-баптың 2-тармағында:
бiрiншi бөлiктегi «патент беруге» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктегi екiншi сөйлем алып тасталсын;
5) 5-бапта:
1-тармақтағы «Қазпатентке» деген сөз «сараптама жасау ұйымына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2 және 5-тармақтардағы «Қазпатентте», «Қазпатент» деген сөздер тиiсiнше «уәкiлеттi органда», «уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 6-бапта:
2-тармақтағы «патент алуға» деген сөздер «селекциялық жетiстiкке» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Қазпатенттiң» деген сөз «сараптама жасау ұйымының» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сорттың, тұқымның басымдығы сараптама жасау ұйымына өтiнiм берiлген күн бойынша белгiленеді.»;
8) 8-бапта:
1-тармақтағы «Қазпатент» деген сөз «сараптама жасау ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3 және 5-тармақтардағы «Қазпатенттiң», «Қазпатентке» деген сөздер тиiсiнше «уәкiлеттi органның», «уәкiлеттi органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «Қазпатент» деген сөз «сараптама жасау ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 10-бапта «Қазпатент», «Қазпатентке» деген сөздер тиiсiнше «Уәкiлеттi орган», «уәкiлеттi орган», «уәкiлеттi органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлген селекциялық жетiстiктiң патент иеленушi болып табылмайтын авторына уәкiлеттi орган оның авторлығын растайтын ресми куәлiк бередi.»;
11) 13-баптың 3) тармақшасында «патент бepугe» деген сөздер «селекциялық жетiстiкке» деген сөздермен ауыстырылсын;» Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiне селекциялық жетiстiк тiркелген кезге дейiн» деген сөздер «Селекциялық жетiстiкке патент беру туралы шешiм қабылданған кезге дейiн» деген сөздермен, «Қазпатентке» деген сөз «уәкiлеттi органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 14-бапта:
3-тармақта:
3) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Селекциялық жетiстiк бастапқысынан айқын ерекшеленген кезде:
1) бастапқы селекциялық жетiстiктiң генотипiн немесе генотиптерiнiң комбинациясын бiлдiретiн негiзгi белгiлердi сақтай отырып, бастапқы селекциялық жетiстiктiң немесе бастапқы селекциялық жетiстiктiң маңызды белгiлерiне өзi ие болып қалатын селекциялық жетiстiктiң неғұрлым маңызды белгiлерiне ие болып қалса;
2) бастапқы сорттан, тұқымнан жеке iрiктеу, индукцияланған немесе өздiгiнен клондалған мутантты iрiктеу, қайыра будандастыру және гендiк инженерия сияқты әдiстердi қолданудан туындаған ауытқуларды қоспағанда, бастапқы селекциялық жетiстiк генотипiне немесе генотиптерiнiң комбинациясына сәйкес келсе селекциялық жетiстiк басқа (бастапқы) селекциялық жетiстiктiң белгiлерiн елеулi түрде ие болып қалған селекциялық жетiстiк деп танылады.»;
4-тармақ алып тасталсын;
13) 16-бап «мұра ретiнде» деген сөздерден кейiн «немесе құқықтық мұрагерлiк тәртібімен» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 18-баптың 4-тармағында «Қазпатентте» деген сөз «уәкiлеттi органда» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 19-бапта «Қазпатентке», «Қазпатентте» деген сөздер тиiсiнше «уәкiлеттi органға», «уәкiлеттi органда» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 21-баптың 2-тармағында «Қазпатентке» деген сөз «уәкiлеттi органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 22-бапта «Қазпатент», «Қазпатентке» деген сөздер тиiсiнше «уәкiлеттi орган», «уәкiлеттi органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 25-бапта «Қазпатенттiң», «Қазпатент» деген сөздер тиiсiнше «Сараптама жасау ұйымының», «сараптама жасау ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;», патент бергенi» деген сөздер алып тасталсын;
19) 26-бапта:
1-тармақта «Қазпатент ресми бюллетень шығарады, онда» деген сөздер «Бюллетеньде селекциялық жетiстiктi тiркеуге қатысты:»деген сөздермен, «жариялайды» деген сөз «жарияланады» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өтiнiм туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн кез келген тұлға өтiнiм материалдарымен танысуға құқылы.»;
20) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«27-бап. Шет елдерде селекциялық жетiстiктердi патенттеу
Өтiнiм берушi Қазақстан Республикасы селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы екi жақты немесе көп жақты халықаралық шарт арқылы байланысы бар басқа мемлекеттiң құзыреттi органына селекциялық жетiстiктi қорғауға алғашқы өтiнiм беруге құқылы.
Өтiнiм берушi өзi алғашқы өтiнiм берген мемлекеттiң құзыретті органы оған қорғау құжатын бергенiн күтпей-ақ басқа мемлекеттердiң құзыреттi органдарына өтiнiм беруге құқылы.
Селекциялық жетiстiктерге құқықтарды Қазақстан Республикасының шегiнен тыс қорғауға байланысты шығындарды өтiнiм берушi өтейдi.».
3. «Қазақстан Республикасының Патент заңы» туралы 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 20, 718-құжат):
1) 1-бапта:
1-тармақшада «жөнiнде Қазпатент ресми шығарып тұратын» деген сөздер «жөніндегі ресми» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшада «азаматтар» деген сөз «Қазақстан Республикасының азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын; «Қазпатент» деген сөз «уәкiлеттi орган және сараптама жасау ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 1-тармағында «Қазпатент» деген сөз «уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және
өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы
уәкiлеттi мемлекеттік орган
1. Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрi уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын және өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгілердi қopғay саласындағы мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2. Уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және өнеркәсiптiк үлгiлердi құқықтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруға қатысу;
2) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және өнеркәсiптiк үлгiлерге қорғау құжаттарын беру;
3) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдаланушы жеке және заңды тұлғалардың қызметiне бақылау;
4) хаттамаларды жазу және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау, әкiмшiлiк жазалар қолдану;
5) осы Заңда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.»;
4) мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:
«4-1-бап. Сараптама жасау ұйымы
1. Сараптама жасау ұйымы - мемлекеттік монополияға жатқызылған салаларда (өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласында қызметтер көрсету) қызметтi жүзеге асыратын уәкiлеттi органға ведомстволық бағынысты ұйым.
2. Сараптама жасау ұйымының құзыретiне:
1) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге өтiнiмдер қабылдау;
2) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге сараптама жүргiзу;
3) қорғалатын өнертабыстардың, пайдалы модельдердiң, өнеркәсiптiк үлгiлердiң мемлекеттік тiзiлiмдерiн жүргiзу;
4) өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсiптiк үлгiлер туралы мәлiметтердi жариялау;
5) өзiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.»;
5) 5-бапта:
3-тармақта «Қазпатентке» деген сөз алып тасталсын, «Қазпатент оның қолданылуын ұзартуы мүмкiн», «мерзiмiн патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша Қазпатент ұзартуы мүмкiн» деген сөздер тиiсiнше «оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн», «мерзiмi патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша ұзартылуы мүмкiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта «ұсынылған» деген сөзден кейiн «және өнеркәсiптiк үлгiнiң елеулi белгiлерiнiң тiзбесiнде келтiрiлген» деген сөздермен толықтырылсын; «ұсынылуы мүмкiн» деген сөздер «пайдаланылуы мүмкiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 10-баптың 3-тармағында «Қазпатентке» деген сөз алып тасталсын; «өтiнiм беру» деген сөздер «қорғау құжаттарын алу» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 11-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Патент иеленушi қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн пайдалануға айрықша құқықты осы қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер ресми бюллетеньде жарияланған күннен бастап қорғау құжатының қолданылу кезеңiнде жүзеге асырады.»;
3-тармақтың екiншi бөлiгiнде «олардың» деген сөз «патент иеленушiлердiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта «өнертабысқа», «өнертабыс» деген сөздер тиiсiнше «өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне», «өнеркәсiптiк меншiк объектiсi» деген сөздермен ауыстырылсын; «өнертабыс» деген сөз «өнеркәсiптiк меншiк объектiсi» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта «Қазпатентте» деген сөз «уәкiлеттi органда» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 13-бапта:
1-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өнеркәсiптiң меншiк объектiсiнiң басымдық алған күнiне дейiн Қазақстан Республикасының аумағында оның авторына тәуелсiз жасалған өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне ұқсас шешiмдi адал пайдаланған немесе бұған қажет дайындықтар жасаған тұлға мұндай пайдалану көлемiн ұлғайтпай оны өтеусiз пайдалану құқығын (бұрын пайдалану құқығын) сақтайды.»;
3-тармақта «Қазпатентке» деген сөз алып тасталсын;
9) 14-бапта:
4-тармақта «Қазпатентте» деген сөз «уәкiлеттi органда» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
бiрiншi және екiншi бөлiктердегi «Қазпатентке», «Қазпатентте» деген сөздер тиiсiнше «уәкiлеттi органға», «уәкiлеттi органда» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Лицензиялық шарт жасалған жағдайда, қорғау құжатын күшiнде ұстау ақысы осы шарт жасалған жылдан кейiнгi жылдан бастап толық көлемде жүргiзiледi.»;
10) 15-баптың 2-тармағының 2), 3) және 5) тармақшалары «бұзушының», «қорғау құжатын», «азаматтық» деген сөздердiң алдынан «қорғау құжатын беру туралы мәлiметтердi алғашқы жариялаған күннен бастап,»деген сөздермен толықтырылсын;
11) 16-бапта «Қазпатентке» деген сөз «сараптама жасау ұйымына» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 17-бапта:
3-тармақта «Қазпатентке» деген сөз «сараптама жасау ұйымына» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта «Қазпатент» деген сөз «сараптама жасау ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 18-бапта:
3-тармақта «Қазпатентке» деген сөз «сараптама жасау ұйымына» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта «Қазпатент» деген сөз «уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 19-бапта:
3-тармақта «Қазпатентке» деген сөз «сараптама жасау ұйымына» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта «Қазпатент» деген сөз «уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 20-бапта:
2-тармақта:
«Қазпатентке» деген сөз «сараптама жасау ұйымына» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктегi «өтiнiмнiң» деген сөзден кейiн «куәландырылған» деген сөзбен толықтырылсын;
3-тармақта «Қазпатенттiң» деген сөз «сараптама жасау ұйымының» деген сөздермен ауыстырылсын; «өзгертедi» деген сөзден кейiн «және оны берген күнi көрсетiлген қосымша материалдар сол бойынша табыс етiлген өтiнiм қайтарылып алынбаған және қайтарылып алынды деп саналмаған» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде «Қазпатентке» деген сөз «сараптама жасау ұйымына» деген сөздермен ауыстырылсын; «өтiнiм берушiнiң бұл» деген сөздер «өтiнiм берушiнiң өтiнiмнiң берiлген күнге қайтарып алынбаған және қайтарып алынды деп саналмайтын» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң бөлектенген өтiнiм бойынша басымдығы - сол өтiнiм берушiнiң сараптама жасау ұйымына берген басымдықтың мәнiн ашатын бастапқы өтiнiмiнiң күнi бойынша, ал бастапқы өтiнiм бойынша басымдықты неғұрлым ерте белгiлеу құқығы болған жағдайда, егер бөлектенген өтiнiм шағым жасауға мүмкiндiгi таусылған сараптама жасау ұйымының бастапқы өтiнiм бойынша терiс қорытындысы шыққанға дейiн берiлсе, бастапқы өтiнiм бойынша - оның басымдық күнi бойынша, ал аталған өтiнiм бойынша сараптама жасау ұйымы оң қорытынды шығарған жағдайда уәкiлеттi орган қорғау құжатын беру туралы шешiм қабылдаған күнге дейiн белгiленедi.»;
7-тармақ «қорғау құжаты» деген сөздер «басымдық» деген сөзбен ауыстырылып, «дәлелденген» деген сөзден кейiн «сол» деген сөзбен толықтырылсын, «берiледi» деген сөз «белгiленедi» деген сөзбен ауыстырылсын; «Қазпатентке», «Қазпатентте» деген сөздер тиiсiнше «сараптама жасау ұйымына», «сараптама жасау ұйымында» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өтiнiм берушiнiң қорғау құжатын алу құқығын беру кезіндегі нұсқауына қатысты немесе өтiнiм берушi атауының өзгеруi нәтижесіндегі өзгерістер, сондай-ақ өтiнiм құжаттарындағы техникалық сипаттағы қателердi түзету уәкiлеттi орган қорғау құжатын беру туралы шешiм қабылдаған күнге дейiн жасалына алады.»;
17) 22-бапта:
1-тармақта «Қазпатент» деген сөз «сараптама жасау ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі «Ресiмдеу талаптарын» деген сөздер «Оның құжаттарына қойылатын талаптарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі «дербес» деген сөз «бөлектелген» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi «алдын ала патент беру туралы шешiм қабылданады.»деген сөздер «алдын ала патентке сараптама жасау ұйымының оң қорытындысы берiледi.»деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiк алып тасталсын;
6-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi «анықталса, алдын ала патент беруден бас тарту туралы шешiм шығарылады» деген сөздер «анықталса, сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi» деген сөздермен ауыстырылсын; «алдын ала патент беруден бас тарту туралы шешiм шығарылады» деген сөздер «сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiкте «Қазпатентке» деген сөз «уәкiлеттi органға» деген сөздермен ауыстырылсын «алдын ала патент беруден бас тарту туралы шешiм» деген сөздер «сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы» деген сөздермен ауыстырылсын;