7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Алдын ала патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн, бiрақ осы Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес алдын ала патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзарту жағдайында өтiнiм берiлген күннен бастап бес жылдан кешiктiрмей берiлетiн өтiнiм берушiнiң немесе үшiншi тұлғалардың өтiнiшi бойынша сараптама жасау ұйымы өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жүргiзедi. Өтiнiмге мәнi бойынша сараптама техника деңгейiн анықтау үшiн өтiнiм мәлiмделген өнертабысқа қатысты ақпараттық iздестiру жүргiзудi, мәлiмделген шешiмнiң өнертабыс бiрлiгiнiң талабына және осы Заңның 6-бабында белгiленген патентке қабiлеттілік шарттарына сәйкес келетiнiне тексеру жүргiзудi қамтиды және өтiнiмге мәнi бойынша сараптамаға ақы төленгенiн растайтын құжат, сондай-ақ өтiнiштi өтiнiм берушi жасаған болса, алдын ала патенттiң қолданылуын күшiнде ұстап тұруға ақы төленгенiн растайтын құжат табыс етiлген жағдайда жүзеге асырылады.»;
8-тармақта:
бiрiншi бөлiкте «Қазпатент» деген сөз «сараптама жасау ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«Сараптама жасау ұйымының сұратуы бойынша қосымша материалдар, сұратуға немесе өтiнiмге қарсы қойылатын материалдардың көшiрмелерiн өтiнiм берушi оған сараптама жасау ұйымының сұратуы жiберiлген күннен бастап екi ай iшiнде сұратқан жағдайда, аталған көшiрмелер жiберiлген күннен бастап өнертабыстың мәнi өзгертiлмей үш ай мерзiмде табыс етiлуге тиiс.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Егер өтiнiмге мәнi бойынша сараптама жасау нәтижесiнде сараптама жасау ұйымы өтiнiм берушi сұрап отырған құқықтық қорғау көлеміндегі мәлiмделген ұсыныс осы Заңның 6-бабында айқындалған өнертабыстың патент қабiлеттілігi талаптарына сәйкес келетiнiн анықтаса, онда сараптама жасау ұйымы белгiленген басымдықты көрсете отырып патентке өтiнiм берушiмен келісілген өнертабыс формуласымен оң қорытынды береді.»;
10-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi «патент беруден бас тарту туралы шешiм шығарылады» деген сөздер «сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
«Сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларда да берiледi.»;
үшiншi бөлiкте «Қазпатентке» деген сөз «уәкiлеттi органға» деген сөздермен ауыстырылсын; «патент беруден бас тарту туралы шешiм» деген сөздер «сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақта:
екiншi сөйлемдегi «Қазпатент» деген сөз «сараптама жасау ұйымы» деген сөздермен, «жүргiзбеуге құқылы» деген сөздер «жүргiзбейдi» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшiншi сөйлем алып тасталсын;
12 және 13-тармақтардағы «Қазпатент», Қазпатентке» деген сөздер тиiсiнше «сараптама жасау ұйымы», «сараптама жасау ұйымына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:
«14. Егер өтiнiмдi қарау кезiнде онда мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтер анықталса, өтiнiм Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдарында белгiленген тәртiппен құпияландырылады.»;
18) 23-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өтiнiм келiп түскен күннен бастап екi ай өткен соң сараптама жасау ұйымы ол бойынша формальды сараптама жүргiзедi. Өтiнiм берушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша формальды сараптама көрсетiлген мерзiм өтпей тұрып басталуы мүмкiн. Бұл жағдайда өтiнiм берушi өтiнiш берiлген сәттен бастап, осы Заңның 21-бабының 1-тармағында көзделген құқығынан айырылады. Формальды сараптама жүргiзу барысында қажеттi құжаттардың бар-жоғы және оларға қойылатын талаптардың орындалуы тексерiледi, өтiнiм берiлген күн, мәлiмделген ұсынысты пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiлерге жатқызу мүмкiндiгi айқындалады, сондай-ақ пайдалы модельдiң бiрлiгi тексерiледi.
Мәлiмделген пайдалы модельдiң осы Заңның 7-бабының 1-тармағында белгiленген патент қабiлеттілік талаптарына сәйкестiгiн тексеру жүзеге асырылмайды. Патент өтiнiм берушiнiң тәуекелiмен және жауапкершiлiгiмен берiледi.»;
2-тармақта:
екiншi бөлiктегi «патент беру туралы шешiм қабылданады.»деген сөздер «патентке сараптама жасау ұйымының оң қорытындысы берiледi.»деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiк алып тасталсын;
3-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi «анықталса, патент беруден бас тарту туралы шешiм шығарылады» деген сөздер «анықталса, сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi» деген сөздермен ауыстырылсын; «патент беруден бас тарту туралы шешiм шығарылады» деген сөздер «сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi» сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктiң бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысына ол жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiм iшiнде уәкiлеттi органға қарсылық беруге құқылы:»;
19) 24-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өнеркәсiптiк үлгiге өтiнiм бойынша сараптама жасау ұйымы формальды сараптама және мәнi бойынша сараптама жүргiзеді»;
20) 25-бапта:
1-тармақта «Қазпатент» деген сөз «Сараптама жасау ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта «Қазпатент» деген сөз «Уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын; «ресми» деген сөз алып тасталсын;
3 және 4-тармақтарда «Қазпатент» деген сөз «уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 26-бапта:
1 және 2-тармақтарда «Қазпатент» деген сөздер тиiсiнше «Сараптама жасау ұйымы», «сараптама жасау ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта «Қазпатент» деген сөз «уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ «материалдарымен» деген сөзден кейiн «және сараптама жасау ұйымы дайындаған ақпараттық iздестiру туралы есеппен» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақта «Қазпатент» деген сөз «сараптама жасау ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын; «мәлiметтер» деген сөзден кейiн», сондай-ақ тиiстi мемлекеттік тiзiлiмдердегi жазбалардың өзгерістерi туралы мәлiметтер» деген сөздермен толықтырылсын;
22) 28-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi «шешiм шыққанға» деген сөздер «сараптама жасау ұйымының тиiстi қорытындысы берiлгенге» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiк алып тасталсын;
2-тармақта «шешiм қабылданғанға» деген сөздер «сараптама жасау ұйымының қорытындысы берiлгенге» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 29-баптың 2-тармағында «Қазпатентке» деген сөз «уәкiлеттi органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 30-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бюллетеньде қорғау құжаты қолданылуының мерзiмiнен бұрын тоқтатылғаны туралы мәлiметтер жарияланған күннен бастап уәкiлеттi органға патент иеленушi берген арыз негiзiнде мерзiмiнен бұрын тоқтатылады. Егер қорғау құжаты бiр топ өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне берiлген болса, ал патент иеленушiнiң өтiнiшi осы объектiлер тобының бiр бөлiгiне ғана қатысты берiлсе, қорғау құжатының күшi тек өтiнiште көрсетiлген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне қатысты ғана тоқтатылады;»;
3-тармақта «Қазпатент» деген сөз «Сараптама жасау ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 31-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi», дәлелдi себептер болған жағдайда және» деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiктегi «Қазпатент» деген сөз «Сараптама жасау ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде «көлемiн» деген сөздiң алдынан «осындай пайдаланудың» деген сөздермен толықтырылсын;
26) 32-баптың 1-тармағында «Қазпатенттiң», «Қазпатент» деген сөздер тиiсiнше «уәкiлеттi органның», «уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 33-баптың 2-тармағында «Қазпатент» деген сөз «сараптама жасау ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 35-бапта:
тақырыбындағы «Қазпатенттiң» деген сөз «Сараптама жасау ұйымының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мәтiніндегі «Қазпатенттiң», «Қазпатент» деген сөздер тиiсiнше «Сараптама жасау ұйымының», «сараптама жасау ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;», қорғау құжаттарын бергенi» деген сөздер алып тасталсын;
29) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«36-бап. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер
1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, біліктілік деңгейi қойылатын талаптарға сай келетiн Қазақстан Республикасының азаматы патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл бола алады.
Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдерге қойылатын біліктілік талаптарын, оларды аттестаттау және тiркеу тәртібін уәкiлеттi орган айқындайды.
2. Уәкiлеттi органмен және сараптама жасау ұйымымен iс жүргiзудi өтiнiш берушi, патент иеленушi дербес немесе уәкiлеттi орган тiркеген патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл арқылы жүзеге асыра алады.
3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар уәкiлеттi органда және сараптама жасау ұйымында патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер арқылы өтiнiш берушiнiң патент иеленушінің құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлғаның құқықтарын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегiнде хат-хабар алмасу үшiн мекен-жайын көрсеткен жағдайда, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлсiз-ақ өтiнiш берушiнiң, патент иеленушiнiң құқықтарын, сондай-ақ мүдделi тұлғаның құқықтарын жүзеге асыра алады.
4. Құпия ақпараттарға немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға Қазақстан Республикасының заң актілерінде берiлген талаптарды сақтау кезiнде сенiм бiлдiрушiден оның тапсырмасын орындауға байланысты патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл алатын ақпарат құпия болып танылады.
Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл осы iс бойынша iс жүргiзуге мүдделерi өтiнiш бiлдiрген тұлғаның мүдделерiне көрiнеу қайшы келетiн тұлғалардың атынан өкiлдiк етсе немесе оларға консультация берсе немесе оны қарауға өзгедей қатысса, сондай-ақ iстi қарауға патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлмен туыстық қатынастардағы лауазымды адам қатысса, ол тапсырманы қабылдауға құқылы емес.
5. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң өкiлеттiгi өтiнiм берушiнiң, патент иесiнiң оған берген сенiмхатымен куәландырылады.»;
30) 37-бапта «Қазпатентке», «Қазпатент» деген сөздер тиiсiнше «сараптама жасау ұйымына», «сараптама жасау ұйымы» дeген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Tayap таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 21, 776-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақшада «Қазпатенттiң» деген сөз алып тасталсын;
6) тармақша «құжаттамада қолдану,»деген сөздерден кейiн «тауар таңбасына құқық беру,»деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақшада «бұл» деген сөз «тауар таңбасы ретiнде пайдаланылып жүрген белгi немесе» деген сөздермен толықтырылсын; ресми тiлде түзету енгiзiлдi, мемлекеттік тiлдегi мәтiн өзгермейдi;
11) тармақшада «азаматтар» деген сөз «Қазақстан Республикасының азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын; «Қазпатент» деген сөз «уәкiлеттi орган мен сараптама жасау ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақшадағы «бұл» деген сөз алып тасталсын;
2) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын,
тауар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау
саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган
1. Уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және тауар таңбаларын, қызмет таңбаларын, тауар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау саласында мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2. Уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауар шығарылған жерлердiң атауларын құқықтық қорғау саласында мемлекеттік саясатты iске асыруға қатысу;
2) тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына, тауар шығарылған жерлердiң атауларына қорғау құжаттарын беру;
3) тауар таңбаларын, тауар шығарылған жерлердiң атауларын, қызмет көрсету таңбаларын пайдаланушы жеке және заңды тұлғалардың қызметiне бақылау;
4) хаттамаларды жазу және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау, әкiмшiлiк жазалар қолдану;
5) осы Заңда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.»;
3) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
«3-1-бап. Сараптама жасау ұйымы
1. Сараптама жасау ұйымы - мемлекеттік монополияға жатқызылған салаларда (тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауар шығарылған жерлердiң атауларын, қорғау саласында қызмет көрсету) қызметiн жүзеге асыратын, уәкiлеттi органға ведомстволық бағынысты ұйым.
2. Сараптама жасау ұйымының құзыретiне:
1) тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына, тауар шығарылған жерлердiң атауларына өтiнiмдер қабылдау;
2) тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына, тауар шығарылған жерлердiң атауларына сараптама жүргiзу;
3) қорғалатын тауар таңбаларының, қызмет көрсету таңбаларының, тауар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттік тiзiлiмдерiн жүргiзу;
4) тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы мәлiметтер жариялау;
5) Қазақстан Республикасының заңдарымен өзiне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.»;
4) 6-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi абзацта», атап айтқанда» деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақшадағы «тауар таңбаларын тiркеуге жол берiлмейдi» деген сөздер алып тасталып,»;»белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 6) 13) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) тауарларды немесе көрсетiлген қызметтердi белгiлеу үшiн пайдаланылатын олармен тiкелей сипаттық және (немесе) ұқсастық байланысы бар;
7) сызықтарды, нүктелердi, қарапайым геометриялық фигураларды, сондай-ақ олардың бiртұтас кескiндемелiк қисындасуын құрмайтын және әрбiр жеке құрамдық элементке қарағанда қабылдаудың сапалық жаңа деңгейiн бермейтiн үйлесiмiн бiлдiретiн;
8) сөздiк сипаты жоқ, кәдiмгi қарiппен орындалған және тiлдiң (әрiптердiң және (немесе) цифрлардың, белгiлердiң) үш жеке бiрлiгiнен кем қисындасуынан тұратын жеке цифрларды, белгiлердi немесе әрiптер үйлесiмiн бiлдiретiн;
9) нысаны оның тек қана функционалдық мiндетiне байланысты үш өлшемдi объектi болып саналатын;
10) жарнамалық сипатта болатын;
11) егер сөздердiң әрбiр жеке құрамдас бөлiгiнiң айырмашылық қабiлетi болмаса, ал олар бiрiгiп қабылдаудың сапалық өзге деңгейiн бермесе, күрделi жасанды құрылған сөздердi бiлдiретiн;
12) ұйымдардың, экономика салаларының жалпы жұрт қабылдаған қысқартылған атаулары мен олардың аббревиатураларын бiлдiретiн;
13) патенттелмейтiн дәрiлiк заттар болып саналатын тауар таңбаларын тiркеуге жол берiлмейдi.»;
2-тармақта:
бiрiншi бөлiгi «атауларын» деген сөзден кейiн «және олардың елтаңбаларын, тулары мен эмблемаларын» деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер белгi солардан ғана тұратын болмаса және егер оларды пайдалануға тиiстi құзыреттi органның немесе олардың иесiнiң келісімi бар болса, мұндай белгiлер қорғалмайтын элементтер ретiнде пайдаланылуы мүмкін.»;
5) 7-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасында «Қазпатентке» деген сөз алып тасталсын;
2-тармақта:
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өтiнiм берiлген күнi авторлық құқықтарды бұзушылықпен Қазақстан Республикасында белгiлi әдебиет, ғылым және өнер туындыларының атаулары, белгiлi өнер туындылары мен олардың фрагменттерi, егер осындай құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелетiн тауар белгiсiне басымдық берiлген күннен бұрын тiркеуден өтсе;»;
6) 8-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тауар таңбасына өтiнiмдi сараптама жасау ұйымына бiр немесе бiрнеше өтiнiм иелерi бередi.»;
2-тармақта «Ұжымдық тауар таңбасын тiркеуге» деген сөздер «Ұжымдық тауар таңбасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 9-бапта:
тақырыпта «Tayap таңбасын тiркеуге» деген сөздер «Tayap таңбасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өтiнiм берушiнi (өтiнiм берушiлердi), сондай-ақ оның (олардың) орналасқан жерiн немесе тұрғылықты жерiн көрсете отырып, белгiге сараптама жүргiзу туралы өтiнiштi;»;
3) тармақшада «тауар таңбасын тiркеу үшiн өтiнiш жасалып отырған» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сараптама жүргiзу жөніндегі сараптама жасау ұйымы қызметтерiнiң ақысы төленгенiн растайтын құжат қоса тiркелуге тиiс. Төлем мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi;»;
2) тармақшада «қоса тiркелуге тиiс» деген сөздер алып тасталып,»;»белгiсi қойылсын, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, бұл таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқылы субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртібін, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауаптылықты қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысы (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда) қоса тiркелуге тиiс.»;
5-тармақта «Қазпатентке» деген сөз «сараптама жасау ұйымына» деген сөздермен ауыстырылсын; «түскен күнi бойынша» деген сөздерден кейiн», егер аталған құжаттар бiр мезгiлде табыс етiлмеген жағдайда - табыс етiлген құжаттардың соңғысы келiп түскен күн бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақта «Қазпатент» деген сөз «уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 10-бапта:
1-тармақта «Қазпатентке» деген сөз «сараптама жасау ұйымына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бiрiншi сөйлемiнде «бiрiншi өтiнiм» деген сөздер «бiрiншi өтiнiм (өтiнiмдер)»деген сөздермен ауыстырылсын; «өтiнiм Қазпатентке аталған күннен бастап алты ай iшiнде түссе,»деген сөздер «сараптама жасау ұйымына өтiнiм беру аталған күннен бастап алты ай iшiнде жүзеге асырылса,»деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта «өтiнiм Қазпатентке көрсетiлген уақыттан бастап алты ай ішінде түссе,»деген сөздер «сараптама жасау ұйымына тауар таңбасына өтiнiм беру көрсетiлген уақыттан бастап алты ай iшiнде жүзеге асырылса,»деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта «Қазпатентке» деген сөз «сараптама жасау ұйымына» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Бөлiнген өтiнiмдер бойынша басымдық - сол өтiнiм берушiнiң алғашқы өтiнiмiнiң басымдық күнi бойынша, ал алғашқы өтiнiм бойынша неғұрлым ертерек басымдық белгiлеу құқығы бар болған кезде, егер бөлiнген өтiнiм берiлген күнге алғашқы өтiнiм қайтарылып алынбаса және қайтарылып алынған болып саналмаса және бөлiнген өтiнiмдi беру алғашқы өтiнiм бойынша шешiм шығарылғанға дейiн жүзеге асырылса осы басымдық күнi бойынша айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Тауар таңбасының түрлi тауарларға қатысты көптеген басымдығы өтiнiм берушiнiң өтiнiшi бойынша әртүрлi тауарларға қатысты бiр белгiге берiлген оның бiрнеше өтiнiмi болған кезде белгiленуi мүмкiн.»;
9) 11-бапта:
1-тармақтың бiрiншi абзацында «Қазпатент» деген сөз «Сараптама жасау ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта «Қазпатент» деген сөз «Сараптама жасау ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 12-бапта:
«Қазпатент», «Қазпатентке» деген сөздер «уәкiлеттi орган», «уәкiлеттi органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта «сараптама» деген сөз алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өтiнiм иесi өзiне сараптама қорытындысы жiберiлген күннен бастап үш ай мерзiм iшiнде дәлелдi қарсылықты табыс етуге құқылы, оны қарау нәтижесi бойынша сараптама жасау ұйымының түпкiлiктi қорытындысы шығарылады.»;
5-тармақта «шешiмiмен», «шешiмi» деген сөздер «қорытындысымен», «қорытындысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 13-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) алғашқы өтiнiмде көрсетiлген тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi бөлектелген өтiнiмдер арасында бөле отырып өтiнiмдi бөлектеу туралы оны қараудың кез келген кезеңiнде сараптама аяқталғанға дейiн өтiнiш бiлдiруге;»;
12) 14-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақта:
бiрiншi абзацта «Тауар таңбаларының» деген сөздердiң алдынан «Tayap таңбасына куәлiк бере отырып сараптама жасау ұйымы» деген сөздермен толықтырылсын, «Тауар таңбаларының» деген тiркестегi «Tayap» деген сөз кiшi әрiппен жазылсын;
5) тармақшада «Қазпатентке» деген сөз «сараптама жасау ұйымына» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша «тауар таңбасын» деген сөздердiң алдынан «қорғалатын тауар таңбасына құқық беру туралы мәлiметтердi қоса алғанда,»деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта «Қазпатент» деген сөз «сараптама жасау ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тауар таңбасының иесi өзiнiң тегiнiң, атының және қалауы бойынша әкесiнiң атының, сондай-ақ тұратын жерiнiң, не атауы мен орналасқан жерiнiң өзгерістерi туралы мәлiметтердi қоса алғанда, тiркеуге қатысты өзгерістер туралы сараптама жасау ұйымына хабардар етiп отыруға мiндеттi.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген өзгерістердi, сондай-ақ техникалық сипаттағы қателердi түзету үшiн өзгерістердi сараптама жасау ұйымы Мемлекеттік тiзiлiмге, ал уәкiлеттi орган тауар таңбасына берiлген куәлiкке енгiзедi.»;
13) 16-бапта:
«Қазпатент» деген сөз «сараптама жасау ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік тiзiлiмге және ұжымдық тауар таңбасына берiлген куәлiкке ұжымдық тауар таңбасының иелерi туралы мәлiметтер қосымша енгiзiледi.»;
14) 18-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
3-тармақта «Қазпатент» деген сөз «уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
«18-1-бап. Тауар таңбасын жалпы жұртқа белгiлi деп тану
1. Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген немесе халықаралық шарттарға орай қорғалатын тауар таңбасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасында құқықтық қорғалмай-ақ, бiрақ белсендi пайдаланылуы нәтижесiнде осы тұлғаның Қазақстан Республикасында кеңiнен танымал болған белгiсi жеке немесе заңды тұлғаның өтiнiмi бойынша Қазақстан Республикасында жалпы жұртқа белгiлi тауар таңбасы деп танылуы мүмкiн.
2. Жалпы жұртқа белгiлi тауар таңбасына осы Заңмен тауар таңбасы үшiн көзделген құқықтық қорғау берiледi.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген белгiнi немесе тауар таңбасын жалпы жұртқа белгiлi деп тану негiзiнде оның иесiне тауар таңбасы жалпы жұртқа белгiлi деп танылған күннен бастап он жыл бойы қолданылатын сертификат берiледi.
Сертификат иесiнiң өтiнiшi бойынша және тауар таңбасының жалпы жұртқа белгiлi екенiн растайтын мәлiметтер табыс етiлген жағдайда оның қолданылу мерзiмi келесi он жылдық мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.
Жалпы жұртқа белгiлi тауар таңбасын тiркеу туралы, оның иесi туралы мәлiметтер және осындай тiркеуге қатысты кейiнгi өзгерістер Жалпы жұртқа белгiлi тауар таңбаларының мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiледi және бюллетеньде жарияланады.
Сертификат беру туралы шешiм қабылданған кезде осы Заңның 12-бабының 3-тармағында көзделген ережелер қолданылады.»;
16) 19-бапта:
4-тармақта:
бiрiншi бөлiгiнде «Қазпатентке» деген сөз «уәкiлеттi органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiгiнде «қолданылуы» деген сөз «тауар таңбасы иесiнiң немесе осы Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес тауар таңбасына құқық беру туралы шарттың негiзiнде осындай құқық берiлген тұлғаның қолдануы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Тауар таңбасының иесi беретiн оны пайдалану дәлелдемесi қарсылықта көрсетiлген уақыт кезеңiне қатысты болуға тиiс.»;
5-тармақта «Қазпатент» деген сөз «уәкiлеттi орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Жалпы жұртқа белгiлi тауар таңбасынан аумайтындай дәрежеде онымен бiрдей немесе ұқсас және тауар таңбасы жалпы жұртқа белгiлi деп танылғанға дейiн тiркелген тауар таңбаларының иелерi уәкiлеттi орган белгiлеген, бiрақ жетi жылдан кем емес мерзiм iшiнде оларды әрi қарай пайдалану құқығын сақтайды.»;
17) 21-баптың 1 және 3-тармақтарында «Қазпатентте» деген сөз «уәкiлеттi органда» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 22-баптың бiрiншi бөлiгiнде «берiледi» деген сөз «ауысады» деген сөзбен ауыстырылсын;
19) 23-баптың 2-тармағында «Қазпатентке» деген сөз «уәкiлеттi органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 24-баптың 3-тармағында «Қазпатент» деген сөз «Сараптама жасау ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«28-бап. Тауар шығарылған жердiң атауына және тауар
шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын
беруге өтiнiм жасау
Тауар шығарылған жердiң атауына және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын беруге өтiнiм (бұдан әрi - өтiнiм) сараптама жасау ұйымына берiледi.»;
22) 29-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өтiнiм берушiнi (өтiнiм берушiлердi), сондай-ақ оның (олардың) орналасқан жерiн немесе тұрғылықты жерiн көрсете отырып, атауға сараптама жүргiзу және (немесе) атауға құқық беру туралы өтiнiштi;»;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: