«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi агенттігінiң
облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртiптiк
кеңестерi және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір
жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығын iске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 785 Қаулысы
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi агенттiгiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртiптiк кеңестерi және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 1598 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Жергілiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат) мынадай өзгерістер енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерi және облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерi орынбасарларының шектi санында:
"Барлығы, штат саны* (бiрлiк)" деген бағанда:
"Ақмола" деген жолдағы "3548" деген сандар "3544" деген сандармен ауыстырылсын;
"Ақтөбе" деген жолдағы "2670" деген сандар "2665" деген сандармен ауыстырылсын;
"Алматы" деген жолдағы "4176" деген сандар "4171" деген сандармен ауыстырылсын;
"Атырау" деген жолдағы "1724" деген сандар "1720" деген сандармен ауыстырылсын;
"Шығыс Қазақстан" деген жолдағы "4485" деген сандар "4481" деген сандармен ауыстырылсын;
"Жамбыл" деген жолдағы "3020" деген сандар "3014" деген сандармен ауыстырылсын;
"Батыс Қазақстан" деген жолдағы "2591" деген сандар "2586" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қарағанды" деген жолдағы "3880" деген сандар "3874" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қостанай" деген жолдағы "3816" деген сандар "3811" деген сандармен ауыстырылсын;
"Қызылорда" деген жолдағы "2039" деген сандар "2035" деген сандармен ауыстырылсын;
"Маңғыстау" деген жолдағы "1164" деген сандар "1162" деген сандармен ауыстырылсын;
"Павлодар" деген жолдағы "3183" деген сандар "3179" деген сандармен ауыстырылсын;
"Солтүстiк Қазақстан" деген жолдағы "3003" деген сандар "2998" деген сандармен ауыстырылсын;
"Оңтүстiк Қазақстан" деген жолдағы "4462" деген сандар "4456" деген сандармен ауыстырылсын;
"Алматы қаласы" деген жолдағы "1784" деген сандар "1777" деген сандармен ауыстырылсын;
"Астана қаласы" деген жолдағы "1001" деген сандар "996" деген сандармен ауыстырылсын;
"ЖИЫНЫ" деген жолдағы "46546" деген сандар "46469" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) өздерiнiң кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртіптік кеңестерінің төрағаларын және хатшылық қызметкерлерiн қысқарту жөнiнде шаралар қабылдасын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртіптік кеңестерiнiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы № 1311 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 13 желтоқсандағы № 1311 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 19 мамырдағы № 556 қаулысы.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |