Бағдарлама Қазақстанда атом энергетикасы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының, радиоэкология, таратпау, қолданбалы ядролық физика проблемаларының жалғасы болып табылады. 1993-2003 жылдарға арналған "Қазақстанда атом энергетикасын дамыту" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасының негiзгі тапсырмаларын орындау кезiнде алынған нәтижелер көптеген шетелдiк ұйымдардың қызығушылығын туғызды және Америка, Жапония және Европалық Одағымен халықаралық ұйымдары гранттары, келісім-шарттары нысанындағы қосымша қаржы инвестицияларын тартуға мүмкiндiк бердi. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының бюджеттен тыс қаржыландырылу сомасы 50%-ға жуық болды. Бюджеттен тыс қаражатты тарту аппараттық базаны жетiлдiруге, қолда бар бiрегей стендтердi жаңғыртуға және жаңасын тұрғызуға, геофизикалық станциялар желісін кеңейтуге, ҚР ҰЯО қолда бар реакторлы жылдамдатқыш қондырғылардағы радиофармпрепараттар өндiрiсiнiң технологиясын әзiрлеуге мүмкiндiк бердi.
Компьютерлiк парк толығымен қайта жарақтандырылды, зертханалар радиоэкологиялық зерттеулер жүргiзу үшiн қазiргi заманғы жаңа аппаратурамен, (Canberra спектрометрлерi, ORTEC GMX 13180-S германий детекторлары, жылжымалы радиологиялық зертханалар), атомдық қондырғылардың қауiпсiздiгi бойынша зерттеулер жүргiзу үшiн EAGLE, COTELS бiрегей стендтерiмен жарақтандырылды, реакторларды табиғи қорғау жүйелерiн жаңғырту жүргiзiлдi, Қаратау, Ақтөбе, Мақаншы қалаларында ядролық сынақтарды жүргiзудi бақылау жөніндегі инфрадыбысты және сейсмикалық станциялары пайдалануға енгiзiлдi және жұмыс iстейдi. Семей сынақ алаңының 40%-ға жуық аумағы iрi ауқымды кесте бойынша тексерiлдi. Технеций, таллий, йод үш радиофармпрепараттарының технологиялары жетiлдiрiлдi және өндiрiсi реттелдi.
Қазақстан мен Ресейдiң жоғарғы оқу орындарында ғылыми байланыстың дамуы Шәкәрiм атындағы Семей мемлекеттік университетiнде "Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар" мамандығы бойынша отандық мамандардың (2001 жылы - 14 адам, 2002 жылы - 12 адам) алғашқы түлектерiнiң бiтiрiп шығуына мүмкiндік бердi.
Проблеманың әлсiз жақтары: осы проблема бойынша шешiмдер қабылдауды кешеуiлдету реакторлық қондырғылар мен үдемелi техника жұмысының тоқтап қалуына әкеп соғады және Қазақстанның атом саласының ғылыми-техникалық және кадр потенциалының дамуына келеңсiз әсер етедi, радиофармпрепараттар өндiрiсiнiң қалыпқа түскен технологиясы бұзылатын болады, сондай-ақ, Қазақстанның халық шаруашылығына арналған ядролық технологиялар әзiрленiмдерi аяқталмай қалады.
Проблеманың мықты жақтары: Қазақстанның атом саласының ғылымды қажетсiнетiн технологияларын, кадр әлеуетiн, ғылыми-техникалық базасын сақтау және одан әрi дамыту.
Бағдарламаның ғылымы және қолданбалы маңызы
Қазақстан Республикасының 2002-2030 жылдарға арналған уран өнеркәсiбiн және атом энергетикасын дамытудың тұжырымдамасына сәйкес орындалуы Бағдарламада жоспарланған жұмыстардың бағыты, халық шаруашылығының әр түрлi саласына арналған бұзуға келмейтiн бақылау әдiстерiн қоса алғанда, Қазақстандағы отандық атом энергетикасы мен өнеркәсiбiнiң дамуына ғылыми-техникалық қолдау көрсетудi, ядролық ғылымды қажетсiнетiн технологиялар мен диагностика әдiстерiн дамытуды қамтамасыз ететiн болады. Бағдарламаның орындалуы Қазақстанға атом саласының ғылыми және өндiрiстiк кадрларын тек сақтауға ғана емес, сонымен бiрге атом ғылымы, энергетикасы мен өнеркәсiбi үшiн мамандар даярлаудың ұлттық жүйесiн құруға да мүмкiндiк бередi.
Бағдарламаның ұйымдық және материалдық-техникалық
қамтамасыз етiлуi
Қазiргi уақытта Қазақстанда бiрқатар атомдық энергия өнеркәсiптiк кешендi құрайтын: уран кен орындарына геологиялық барлау және iздестiру жүргiзетiн ұйымдар, уран өндiрушi кәсiпорындар, уран концентратын, уранның қос тотығы мен отын таблеткаларын өндiру жөніндегі кәсiпорындар бар. Республикада ядролық физика, ядролық реакторлардың физикасы мен технологиясы, ядролық энергетикалық қондырғылардың қауiпсiздiк саласында зерттеулер жүргiзетiн зерттеу реакторларымен және бiрегей реакторлық емес қондырғылармен және стендтермен жарақталған жоғары біліктi мамандар мен ғылыми орталықтардың болуы Қазақстандағы атом саласының жоғары ғылыми-техникалық және технологиялық базасын дамыту жөніндегі бағдарламаның негiзгi мiндеттерiн табысты орындауға мүмкiндiк тудырады. ҚР ҰЯО ғылыми және конструкторлық-жобалау кәсiпорындарының ғалымдары мен мамандары атом станцияларының жобалары материалдарын әзiрлеуге, халықаралық термоядролық реакторының жобасы бойынша және ТОКАМАК Қазақстандық термоядролық реакторының материалтану жобасы бойынша жұмыстарға тiкелей қатысады.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты - ғылымды қажетсiнетiн ядролық технологияларды, атом ғылымын, техникасын дамытуға және атом энергетикасының қауiпсiздiгi мен тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған әдiстер мен жүйелерді әзiрлеу.
Бағдарламаның мiндеттерi:
ядролық жарылыстар өткiзiлген және ядролық қондырғылар орналастырылған жерлердегi радиациялық жағдайды сипаттайтын сандық ақпарат алу. Бiрыңғай мемлекеттік мониторинг жүйесi шеңберiнде қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң жүйесiн ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының радиациялық қауiптi объектiлерiнiң және аумақтарының әсерiнен болатын қатердi азайту жөніндегі iс-шараларды әзiрлеу және жүзеге асыру. РАҚ-пен жұмыс iстеу және оларды сенiмдi оқшаулау жөнiнде ұсынымдар мен технологияларды әзiрлеу.
Қазақстанда атом станцияларын салуды негiздеу жөнiнде техникалық ұсыныстар әзiрлеу.
БН-350 реакторын пайдаланудан шығару жөніндегі жұмыстарды ғылыми-техникалық сүйемелдеу.
Атом энергетикасы мен өнеркәсiбi объектiлерiнде қазiргi заманғы экологиялық қауiпсiз технологияларды әзiрлеу.
Ядролық және термоядролық энергетика мен өнеркәсiптiң қауiпсiздiгiн және тиiмдiлiгiн арттыру жөніндегі мiндеттердi шешуге бағытталған ғылыми зерттеулердi дамыту.
Реакторлар физикасының перспективалы бағыттары бойынша жұмыстар жүргiзу.
Ядролық және термоядролық энергетиканың және өнеркәсiптiң қауiпсiздiгi мен тиiмдiлiгiн арттыру жөніндегі әдiстер мен технологияларды әзiрлеу.
Ауыр авариялар кезiнде энергетикалық реакторлардың жұмысын сипаттайтын есептiк кодтарды верификациялау үшiн реактордан тыс және реакторлық эксперименттердi жүргiзу.
Энергетикалық реакторлардың элементтерi мен қауiпсiздiгi жүйелерiн жобалау үшiн қажеттi ақпараттық базаны құру.
Радиоактивтi қалдықтармен, соның iшiнде пайдаланылған ядролық отынмен жұмыс iстеу жүйесiн құру.
Ядролық қондырғылардың барлық жұмыс iстеу циклының кезеңдерiне қазiргi заманғы экологиялық қауiпсiз технологияларын енгізу.
Қазақстанның медициналық және өнеркәсiптiк мақсаттағы изотоп өнiмдерiне қажеттiлiгін қамтамасыз ету.
Қазақстанның атом өнеркәсiбi үшiн перспективалы материалдар өндiрiсiнiң технологияларын зерттеу және әзiрлеу.
Халық шаруашылығының әртүрлi салаларында ядролық-физикалық әдiстердi және ғылымды қажетсiнетiн технологияларды әзiрлеу және енгізу.
Ядролық сынақтардың геофизикалық мониторингi жүйесiн дамыту.
Жерасты ядролық жарылыстар өткiзiлген жерлерде жер қойнауының жай-күйiн, РАҚ-ты оқшаулауды, ядролық қондырғыларды салу мен пайдалануды зерделеу және бағалау әдiстерiн дамыту.
Сақталу мерзiмi өтiп кеткен оқ-дәрiлердi кәдеге жарату және конверсиялау технологияларын әзiрлеу.
Атом ғылымы, техникасы, энергетикасы мен өнеркәсiбi үшiн кадрлар даярлауда білім беру технологияларын дамыту.
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мыналар болып табылады:
1. Қазақстандағы радиоэкология және қоршаған ортаны қорғау:
Республикадағы радиоэкологиялық жағдай туралы кешендi ақпарат алу.
Шаралар мен индикативтiк көрсеткiштер: Қазақстанның бұрынғы полигондарындағы радиациялық жағдайға спектрометрлiк және радиохимиялық зерттеулер жүргiзу, негiзгi дозақұраушы радионуклидтер бойынша радиациялық ластану карталарын жасау.
Ядролық сынақтар өткiзiлген, ядролық қондырғылар орналастырылған жерлерде және РАҚ пен пайдаланылған ядролық отын (ПЯO) сақталатын жерлерде қоршаған ортаның мониторингі жүйесiн әзiрлеу және енгізу.
Шаралар мен индикативтiк көрсеткiштер: қоршаған ортаның сынамаларын iрiктеу торын анықтау, әуе сүзгiсi жүйесiн жасау, сынамаларды iрiктеу мен дайындау технологияларын полигондардың табиғи-климаттық жағдайларына және алаңдардың техникалық сипаттамаларына бейiмдеу.
БH-350 реакторын пайдаланудан шығаруды ескере отырып, РАҚ-ты және ПЯО-ны жинақтауға, өңдеу мен ұзақ мерзiмге сақтауға арналған инфрақұрылым мен технологияларды құру.
Шаралар мен индикативтiк көрсеткiштер: ПЯО-ны ұзақ мерзiмдi сақтау ұялары конструкторлық құжаттамасын нейтронды-табиғи есептер негiзiнде әзiрлеу, PAҚ жинақтау мен қайта өңдеу жүйесiнiң техникалық құралдары мен автоматтандырылған жүйесiн әзiрлеу, РАҚ-пен (актинидтер мен ұзақ сақталатын радионуклидтер трансмутациясы) жұмыс істеудiң жаңа технологияларын әзiрлеу.
РАҚ-ты сенiмдi оқшаулау әдiстерiн, жаңа органикалық емес сорбенттердi әзiрлеу.
Шаралар мен индикативтiк көрсеткiштер: тазарту құрылғыларының конструкторлық құжаттамасын әзiрлеу, топырақтың табиғи-химиялық сипаттамаларына бейiмделген органикалық емес сорбенттер өндiру технологияларын әзiрлеу.
Қазақстан аумағындағы радиациялық қауiптi факторларды жою.
Шаралар мен индикативтiк көрсеткiштер: Қазақстан Республикасының аумағында ядролық материалдар мен РАҚ дерекқорын жасау, радиациялық қауiптi объектiлердi жою технологияларын әзiрлеу.
2. Қазақстанда атом энергетикасын дамыту жөніндегі жұмыстарға ғылыми-техникалық қолдау көрсетудi қамтамасыз ету:
Энергетиканың жай-күйiне баға беру, Қазақстан Республикасының өңiрлеріндегі iрi өнеркәсiптiк орталықтар мен қалалардағы отын және энергия тұтыну теңгерiмдерi мен болжамдарын әзiрлеу.
Шаралар мен индикативтiк көрсеткiштер: республиканың аумағындағы энергетиканың жай-күйiн талдау, Қазақстанның жекелеген өңiрлерiнде энергетиканы дамытудың экономикалық моделi.
Атом станцияларын орналастыру үшiн мейлiнше қолайлы өңiрлер мен пункттердi анықтау.
Шаралар мен индикативтiк көрсеткiштер: атом станцияларын орналастыру болжанатын орындардың геотабиғи жағдайын зерделеу, АЭС салудың өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерiне ықпалын бағалау.
Қазақстанның ядролық және термоядролық энергетикасының қауiпсiздiгi мен тиiмдiлiгiн арттыру жөніндегі мiндеттердi шешуге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргiзу.
Шаралар мен индикативтiк көрсеткiштер: шапшаң және жылу нейтрондарындағы реакторлардың авариялық жұмыс режимдерiн пысықтау үшiн стендтер мен қондырғылар жасау, термоядролық реакторлар конструкциялық материалдарының табиғи сипаттамаларын зерттеуге арналған өлшегiш аспаптар жасау.
Қазақстан Республикасының атом энергетикасы объектiлерiнiң ядролық және радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн техникалық әдiстердi әзiрлеу.
Шаралар мен индикативтiк көрсеткiштер: қолда бар ядролық объектiлердi табиғи қорғау жүйесiн талдау, ядролық объектiлердi автоматтандырылған табиғи қорғау жүйелерiн әзiрлеу.
3. Ядролық және радиациялық технологиялар:
Халық шаруашылығы үшiн радиоактивтi изотоптар өндiрудiң технологияларын әзiрлеу.
Шаралар мен индикативтiк көрсеткiштер: реакторлық және жеделдеткiш қондырғылардағы радиофармпрепараттар өндiру технологияларына бейiмдеу үшiн қосымша сәулелендiру қондырғыларын жасау.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында радиофармацевтикалық препараттар өндiру және жеткізу.
Шаралар мен индикативтiк көрсеткiштер: маркетингтiк зерттеулер, препараттардың құнын арзандату мақсатында радиофармпрепараттар өндiру технологияларын жетiлдiру, радиофармпрепараттарды жеткізу технологияларын жолға қою және пысықтау.
Халық шаруашылығының өндiрушi және қайта өңдеушi салаларына ядролық-физикалық және радиациялық технологияларды әзiрлеу мен енгізу.
Шаралар мен индикативтiк көрсеткiштер: радиациялық ластанған мұнай-газ құбыр өткiзгiштерiн тазалау технологияларын әзiрлеу, мұнай-газ және отын-энергетикалық салаларда бұзылмайтын бақылау әдiстерiн дамыту, биодозиметрия әдiстерiн әзiрлеу, диагностика мен емдеудiң ядролық әдiстерiн дамыту, сақтау мерзiмi өтiп кеткен оқ-дәрiлердi кәдеге жаратудың технологияларын әзiрлеу, берiлген қасиеттер бар материалдарды өндiрудiң технологияларын әзiрлеу.
4. Таратпау режимiнiң геофизикалық аспектiлерi:
Мониторингтiң әлемдiк жүйесiнiң құрамында бақылаудың ұлттық жүйесiнiң ядролық сынақтар мониторингі.
Шаралар мен индикативтiк көрсеткiштер: сейсмикалық және инфрадыбыстық станциялар мониторингiнiң желісін дамыту, нақты уақытта тәулiк бойына жазба, Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартты Деректер ұйымы орталығына деректердi жинау және беру.
Ядролық жарылыстар өткiзiлген жерлерде жарылыстан кейiнгi геологиялық процестер мониторингi.
Шаралар мен индикативтiк көрсеткiштер: жерасты ядролық жарылыстары өткiзiлген жерлердегi жер қойнауларының геоэкологиялық жай-күйiн зерттеу мен мониторингi, геологиялық формацияларды зерттеудiң жылдам әдiстерi мен аспаптарын әзiрлеу.
Қазақстан аумағында радиациялық қауiптi объектiлердiң (АЭС, РАҚ қоймалары және басқалары) құрылысын геологиялық-геофизикалық сүйемелдеу.
Шаралар мен индикативтiк көрсеткіштер: жер учаскелерiнiң геологиялық және сейсмикалық жай-күйiн зерттеу, болжамдық бағалаулар.
5. Қазақстанның атом саласы үшiн кадрлар даярлаудың білім беру технологиялары. Қазақстанда атом энергетикасы мен өнеркәсiбiн дамытуды ақпараттық қамтамасыз ету.
Атом энергетикасы мен ғылымы үшiн кадрлар даярлайтын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту.
Шаралар мен индикативтiк көрсеткiштер: атом саласындағы ғылыми-зерттеу институттары мен кәсiпорындарында бар жабдықтар базасында оқу зертханалары мен орталықтарын құру.
Республиканың ғылыми және өнеркәсiптiк ұйымдарында, атом энергиясын қолдану саласында жұмыс істейтін жетекші ғалымдар мен мамандарды кадрлар даярлауға тарту.
Шаралар мен индикативтiк көрсеткiштер: атом энергетикасы саласында инженерлiк және физика мамандықтарының студенттерi үшiн зертханалық әдiстемелiк және оқу құралдарын әзiрлеу, ғылыми-зерттеу институттары базасында мамандандырылған кафедралар филиалдарын құру.
Өнеркәсiптiк дамыған елдердiң жетекшi ядролық орталықтарында қазақстандық мамандар мен студенттердi тағылымдамадан өткізу жүйесiн дамыту, мамандар, оқытушылар және студенттер алмасуды кеңейту.
Шаралар мен индикативтiк көрсеткiштер: жеке дайындық жоспарлары бойынша таяу және алыс шетелдерде студенттер мен жас мамандарды оқыту және тағылымдамадан өткізу.
Қоғамдық пiкiр мониторингiнiң жүйесiн ұйымдастыру, атом энергиясын бейбiт мақсатта қолдану мәселелерi бойынша халықты ақпараттандыру және ағарту жөнiнде жұмыстар жүргiзу.
Шаралар мен индикативтiк көрсеткiштер: қоғамдық пiкiр мониторингі бойынша кешендi, жоспарлы жұмысты ұйымдастыру, республикалық, халықаралық журналдар мен газеттерде мақалалар шығару, теле және радио хабарларды дайындау, дөңгелек үстелдер, конференциялар, семинарлар өткізу.
Бағдарламаны iске асыру Бағдарламаның мiндеттерi мен мақсаттарына сәйкес және конкурстық iрiктеуден өткен жобалардың орындалуына, сондай-ақ ғылыми-техникалық және өнеркәсiптiк өнiмдердi түпкiлiктi тұтынушылардың тапсырмалары бойынша келісім-шарттың орындалуына мемлекеттік тапсырыс негiзiнде жүзеге асырылады. Бағдарламаны iске асыруға ғылыми-техникалық ұйымдар және мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың жоғары оқу орындары конкурстық негiзде тартылатын болады.
ҚР Үкіметінің 2006.08.06. № 531 қаулысымен 6-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджетте технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне көзделетiн бюджет қаражаты есебiнен және шегінде жүзеге асырылады.
2004-2008 жылдарға арналған республикалық бюджеттен Бағдарламаны қаржыландырудың қажеттi көлемi 2870,3 млн. теңгені құрайды, оның iшiнде жылдар бойынша: 2004 жылы - 498 млн. теңге; 2005 жылы - 522,9 млн. теңге; 2006 жылы - 580,9 млн. теңге. 2007 жылы - 615,8 млн. теңге; 2008 жылы - 652,7 млн. теңге. Бағдарламаны кейiнгi жылдары қаржыландыру көлемi мемлекеттік бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiне сәйкес анықталатын болады. Жыл сайынғы көлемi тиiстi бюджеттік бағдарлама бойынша республикалық бюджетте көзделетiн көлемге сәйкес нақтыланады.
Бағдарламаны iске асыру үшiн тапсырыс берушiлермен тiкелей шарттарды орындаудан түсетiн қаражатты, сондай-ақ отандық және шетелдiк инвестициялық және инновациялық қорлардан қаражатты тарту қосымша болжанады. Бюджеттен тыс қаражат есебiнен реактордан тыс және реакторлық эксперименттердi жүргiзу үшiн стендтер мен қондырғыларды жаңғырту, iргелi ғылыми зерттеулер мен радиофармпрепараттар өндiрудiң технологияларының жұмысын, бұзылмайтын бақылау технологияларының жұмысын және т.б. жүргiзу үшiн жеделдеткiш және реакторлық техниканың жекелеген тораптарын жаңғырту, өлшеу техникасы үшiн жекелеген тораптарды сатып алу, сейсмикалық станцияларды салу, бұрыннан бар сейсмикалық станциялардың жабдықтарын жаңғырту, радиоэкологиялық зерттеулер, химиялық препараттар және басқалар үшiн аппаратуралар сатып алу жүргізiлетiн болады. 2004 жылы бюджеттен тыс қаражат есебiнен мынадай жұмыстар орындалатын болады: атом энергетикасының қауiпсiздiгi жөніндегі зерттеулер, атап айтқанда, жылу және шапшаң нейтрондардағы (бiрегей стендтердi салу және жаңғырту) атом станцияларында авариялық жағдайларды зерттеу, Семей сынақ полигонының жекелеген алаңдарында радиациялық жағдайды зерделеу (спектометрикалық талдау үшiн жабдықтарды, әуе ұстағыш қондырғыларды, алып жүретiн радиологиялық жабдықты сатып алу), ядролық физика саласында зерттеу (сцинтилляциялық есептегiштердi сатып алу), бұзылмайтын бақылау саласында әзiрленiмдер (дефектоскопиялық зертханалық жабдықты сатып алу), рұқсат етiлмеген ядролық қаруды сынауды бақылау саласындағы жұмыстар (Деректер орталығын аппаратуралық және әдiстемелiк қамтамасыз ету, жаңаларын салу және бұрыннан бар сейсмостанцияларды жаңғырту).
Бағдарлама мiндеттерiн кезең-кезеңмен орындау барысында коммерциялық және шаруашылық қызметке байланысты үлестiң өсуi есебiнен бюджет қаражатының қатысты үлесiн бiртiндеп азайту болжанады.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде мынадай негiзгi нәтижелер алынады:
ядролық және термоядролық энергетиканың және өнеркәсiптiң қауiпсiздiгi мен тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегі әдiстер мен технологиялар әзiрленедi;
реакторлар физикасының перспективалы бағыттары бойынша жаңа деректер алынады;
ауыр авариялар кезiнде энергетикалық реакторлардың жұмысын сипаттайтын есептiк кодтардың верификациясына арналған жаңа эксперименталдық деректер алынады;
Қазақстанда атом станцияларын салуды негiздеу жөнiнде техникалық ұсыныстар әзiрленедi;
БН-350 реакторын пайдаланудан шығару жөнiндегі жұмыстарды ғылыми-техникалық сүйемелдеу қамтамасыз етiледi;
энергетикалық реакторлардың элементтерi мен қауiпсiздiк жүйелерiн жобалау үшiн қажеттi ақпараттық база құрылады;
радиоактивтiк қалдықтармен, соның iшiнде пайдаланған ядролық отынмен жұмыс iстеу жүйесi құрылады;
ядролық қондырғылардың барлық жұмыс iстеу циклының кезеңдерiне қазiргі заманғы экологиялық қауiпсiз технологиялар енгiзiледі;
Бiрыңғай мемлекеттік мониторинг жүйесi шеңберiнде радиациялық-қауiптi жерлерде қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингi жүйесi (СПП техникалық алаңдарында 4 жүйе, Батыс Қазақстанның техникалық алаңдарында 2 жүйе) құрылады;
Қазақстан аумағында 2 радиациялық қауiптi объектiлердi жою жөнiнде жұмыстар жүргiзiледi;
ядролық физика және радиациялық материалтану бойынша жаңа деректер алынады;
медицина мен өнеркәсiптiк мақсаттағы радиоизотоптық өнiмдердiң 3 түрiн өндiру жолға қойылады;
Қазақстан өнеркәсiбiне кемiнде 3 ядролық және радиациялық технологиялар мен 4 әдiс әзiрленедi және енгізiледi;
әлемдiк жүйе құрамындағы ядролық сынақтардың ұлттық жүйесі мониторингi құрылады;
ядролық жарылыстар өткiзiлген жерлердегi жер қойнауларының жай-күйі туралы жаңа деректер алынады;
Қазақстанның атом саласы үшiн кадрлар даярлайтын ұлттық жүйе ұйымдастырылады, атом энергетикасы мен өнеркәсiбiнiң басым бағыттары бойынша мамандарды даярлау және қайта даярлау бойынша 3 оқу-әдiстемелiк сыныптар ұйымдастырылады;
атом энергиясын бейбiт мақсатта қолдану мәселелерi жөнiнде халықты ақпараттандыру және ағарту жүйесi ұйымдастырылады.
ҚР Үкіметінің 2006.08.06. № 531 қаулысымен 8-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с N | Iс-шаралар | Аяқталу нысаны | Орын- дауға (iске асыруға) жауап- тылар | Орындау (iске асыру) мерзімі | Болжа- натын шығыс- тар, млн- теңге | Қаржылан- дыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Ұйымдастыру іс-шаралары |
1 Бағдарламаның Министр- ЭМРМ 2004 Болжан- Болжан- негiзгі тапсырма- дің жылғы ған ған лары бойынша бұйрығы І жоқ жоқ жобаларды iрiк- тоқсан теу жөнiнде конкурс ұйымдас- тыру және өткізу 2 Конкурс нәтижелерi Министр- ЭМРМ 2004 Болжан- Болжан- бойынша Бағдарла- дің жылғы ған ған маның 2004-2008 бұйрығы І жоқ жоқ жылдарға арналған тоқсан кең көлемдi нұсқасын жасау 3 Жылдық есептердi Министр- ЭМРМ 2004 Болжан- Болжан- қарау және бекіту- дiң жылғы ған ған Алдағы жылға бұйрығы ІV жоқ жоқ арналған Бағдарла- тоқсан маның кең көлемдi нұсқасын жасау және бекіту |
Негiзгi ғылыми-техникалық тапсырмалар |
4 Радиоэкология және Министр- ЭМРМ 2004- 2004 ж. - 55,326 Респуб- қоршаған ортаны дің 2008 2005 ж. - 49,0 ликалық қорғау (қоршаған бұйрығы жылдар 2006 ж. - 53,5 бюджет ортаның мониторинг 2007 ж. - 56,6* жүйесi, РАҚ және 2008 ж. - 60,05* ПЯО сақтау және қайта өңдеу инфрақұрылымын құру, радиациялық қауіптi факторлар- ды жою) 5 Қазақстанда атом Министр- ЭМРМ 2004- 2004 ж. - 297,16 Респуб- энергетикасын дің 2008 2005 ж. - 336,06 ликалық дамыту жөніндегі бұйрығы жылдар 2006 ж. - 373,5 бюджет жұмыстарды 2007 ж. - 396,0* ғылыми-техникалық 2008 ж. - 419,7* қолдауды қамтама- сыз ету (энерге- тиканың жай-күйін бағалау, ел өңір- лерінің отын-энер- гетикалық теңгері- мін әзірлеу, рес- публиканың атом энергетикасы объек- тілерінің ядролық және радиациялық қауіпсіздігін қам- тамасыз ететін техникалық әдіс- терді әзірлеу) 6 Халық шаруашылы- Министр- ЭМРМ 2004- 2004 ж. - 64,272 Респуб- ғының мұқтаждары дің 2008 2005 ж. - 72,46 ликалық үшiн ядролық және бұйрығы жылдар 2006 ж. - 80,8 бюджет радиация техноло- 2007 ж. - 85,5* гияларды әзiрлеу 2008 ж. - 90,71* (радиоактивтiк изотоптарды өндiру технологияларын әзiрлеу, радио- фармпрепараттар өндіру) 7 Таратпау режимi- Министр- ЭМРМ 2004- 2004 ж. - 72,031 Респуб- нiң геофизикалық дің 2008 2005 ж. - 55,66 ликалық аспектiлерi бұйрығы жылдар 2006 ж. - 62,1 бюджет (бақылаудың 2007 ж. - 65,9* ұлттық жүйесiнде 2008 ж. - 69,84* болатын ядролық сынақтар монито- рингi, жарылыстан кейiнгi геология- лық процестер мониторингi) 8 Қазақстанның атом Министр- ЭМРМ 2004- 2004 ж. - 9,21 Респуб- саласы үшiн кадр- дің 2008 2005 ж. - 9,72 ликалық лар даярлаудың бұйрығы жылдар 2006 ж. - 11,0 бюджет білім беру 2007 ж. - 11,8* технологияларын 2008 ж. - 12,40* әзiрлеу. Қазақстанда атом энергетикасы мен өнеркәсiбiн дамы- туды ақпараттық қамтамасыз ету |
ҚР Үкіметінің 2006.08.06. № 531 қаулысымен ескерту өзгертілді (бұр.ред.қара)