«Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытудың» 2004-2008
жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысы
(2006.08.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарының 2.6.4-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытудың" 2004-2008 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жыл сайын жарты жылдық және жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Мыңбаевқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 12 сәуірдегі
№ 405 қаулысымен
бекітілген
2004-2008 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында атом
энергетикасын дамыту» ғылыми-техникалық бағдарламасы
ҚР Үкіметінің 2006.08.06. № 531 қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту
Әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы
негiздеме: 20 тамыздағы № 926 қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасының уран өнеркәсiбiн және атом
энергетикасын дамытудың 2002-2030 жылдарға арналған
тұжырымдамасы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5
қыркүйектегi № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 2003-2006 жылдарға арналған
бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар
жоспары (2.6.4-тармақ).
Бағдарламаның Ғылымды қажетсiнетiн ядролық технологияларды, атом
мақсаты: ғылымын, техникасын дамытуға және атом
энергетикасының қауiпсiздiгi мен тиiмдiлiгiн
арттыруға бағытталған әдiстер мен жүйелердi
әзiрлеу.
Негiзгi Ядролық жарылыстар өткiзiлген және ядролық
мiндеттерi: қондырғылар орналастырылған жерлердегi радиациялық
жағдайды сипаттайтын сандық ақпараттар алу.
Бiрыңғай мемлекеттік мониторинг жүйесi шеңберiнде
қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң
жүйесiн ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының
радиациялық қауiптi объектiлерiнiң және аумақтары.
ның әсерiнен болатын қатердi азайту жөніндегі
iс-шараларды әзiрлеу және жүзеге асыру.
Радиоактивтi қалдықтармен (бұдан әрi - РАҚ) жұмыс
iстеу және оларды сенiмдi оқшаулау жөніндегі
ұсынымдар мен технологияларды әзiрлеу.
Қазақстанда атом станцияларын салуды негiздеу
жөнiнде техникалық ұсыныстарды әзiрлеу.
БН-350 реакторын iстен шығару жөніндегі
жұмыстарды ғылыми-техникалық сүйемелдеу.
Атом энергетикасы мен өнеркәсiбi объектiлерiнде
қазiргi заманғы экологиялық қауiпсiз
технологияларды әзiрлеу.
Ядролық және термоядролық энергетика мен
өнеркәсiбiнiң қауiпсiздiгiн және тиiмдiлiгiн
арттыру жөніндегі мiндеттердi шешуге бағытталған
ғылыми зерттеулердi дамыту. Реакторлар физикасының
перспективалы бағыттары бойынша жұмыстар жүргiзу.
Қазақстанның медициналық және өнеркәсiптiк
мақсаттағы изотопты өнiмдерге қажеттiлiгiн
қамтамасыз ету.
Қазақстанның атом өнеркәсiбi үшiн перспективалы
материалдар өндiрiсiнiң технологиясын зерттеу және
әзiрлеу.
Халық шаруашылығының әртүрлi салаларына
ядролық-физикалық әдiстер мен ғылымды қажетсiнетiн
технологияларды әзiрлеу және енгізу.
Ядролық сынақтардың геофизикалық мониторингi
жүйесiн дамыту.
Жерасты ядролық жарылыстар өткiзiлетiн жерлердегi
жер қойнауының жай-күйiн зерделеу және бағалау
әдiстерiн дамыту, РАҚ-ты оқшаулау, ядролық
қондырғыларды салу және пайдалану.
Сақтау мерзiмi өтiп кеткен оқ-дәрiлердi кәдеге
жарату және конверсиялау технологияларын әзiрлеу.
Атом ғылымы, техникасы, энергетикасы мен
өнеркәсiбi үшiн кадрлар даярлауда білім беру
технологияларын дамыту және жетiлдiру.
Iске асыру 2004-2008 жылдар (I кезең - 2004-2006 жылдар)
мерзiмдерi: (ІІ кезең - 2007-2008 жылдар)
Күтiлетiн Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде мынадай негiзгi
нәтижелер: нәтижелер алынатын болады:
ядролық және термоядролық энергетика мен
өнеркәсiптiң қауiпсiздiгi мен тиімділiгiн арттыру
жөніндегі әдiстер мен технологиялар әзiрленедi;
реакторлар физикасының перспективалы бағыттары
бойынша жаңа деректер алынады;
ауыр авариялар кезiнде энергетикалық реакторлар
жұмысын сипаттайтын есептiк кодтардың
верификациясына арналған жаңа экспериментальдық
деректер алынады;
Қазақстанда атом станцияларының құрылысын
негiздеу жөніндегі техникалық ұсыныстар әзiрленедi;
БН-350 реакторын пайдаланудан шығару жөніндегі
жұмыстарды ғылыми-техникалық сүйемелдеу қамтамасыз
етiледi;
энергетикалық реакторлар элементтерi мен
қауiпсiздiк жүйелерiн жобалау үшiн қажеттi
ақпараттық база құрылады;
радиоактивтiк қалдықтармен, соның iшiнде
пайдаланылған ядролық отынмен жұмыс iстеу жүйесi
құрылады;
ядролық қондырғылардың жұмыс iстеу циклының
барлық кезеңдерiнде қазiргi заманғы экологиялық
қауiпсiз технологиялар енгiзiледi;
Бiрыңғай мемлекеттік мониторинг жүйесi шеңберiнде
радиациялық-қауiптi жерлерде қоршаған орта және
табиғи ресурстар мониторингi жүйесi құрылады;
Қазақстан аумағында радиациялық қауiптi
объектiлердi жою жөнiнде жұмыстар жүргiзiледi;
ядролық физика және радиациялық материалтану
жөнiнде жаңа деректер алынады;
медициналық және өнеркәсiптiк мақсаттағы
радиоизотопты өнiмдер өндiру жолға қойылады;
Қазақстан өнеркәсiбiне ядролық және радиациялық
технологиялар мен әдiстер әзiрленедi және
енгiзiледi;
әлемдiк жүйе құрамындағы ядролық сынақ
мониторингiнiң ұлттық жүйесi құрылады;
ядролық жарылыстар жүргiзiлетiн жерлердегi жер
қойнауының жай-күйi туралы жаңа деректер алынады;
Қазақстанның атом саласы үшiн кадрлар даярлайтын
ұлттық жүйе ұйымдастырылады. Атом энергетикасы мен
өнеркәсiбiнiң басым бағыттары бойынша мамандар
даярлау және оларды қайта даярлау жөнiнде оқу-
әдiстемелiк сыныптар ұйымдастырылады;
атом энергиясын бейбiт мақсатта пайдалану
мәселелерi жөнiнде халыққа ақпарат беру және
ағарту жүйесi ұйымдастырылады.
Қаржыландырудың Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджетте
көлемi мен технологиялық сипаттағы қолданбалы ғылыми
көздерi: зерттеулерге көзделген қаражат есебiнен және
шегiнде жүзеге асырылады. Республикалық бюджеттен
Бағдарламаны қаржыландырудың қажеттi көлемi
2004-2006 жылдары 2870,3 миллион (бұдан әрi - млн.)
теңге, соның iшiнде жылдар бойынша: 2004 жылы -
498 млн. теңге; 2005 жылы - 522,9 млн. теңге; 2006
жылы - 580,9 млн. теңге;
2007 жылы - 615,8 млн. теңге; 2008 жылы
-652,7 млн. теңгені құрайды. Жыл сайынғы
көлем тиiстi бюджеттік бағдарлама бойынша
республикалық бюджетте көзделетiн көлемге сәйкес
нақтыланады. Бағдарламаны iске асыру үшiн қосымша
тартылатын бюджеттен тыс қаражаттың жоспарланған
көлемi оны iске асыру кезеңiне шамамен 1000 млн.
теңгенi құрайды.
Бағдарламаның Қазақстан Республикасының Энергетика және
әкiмшiсi: минералдық ресурстар министрлігі
2. Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 15 мамырдағы № 779 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1993 жылғы 21 қаңтардағы № 55 қаулысына сәйкес құрылған "Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының (бұдан әрі - ҚР ҰЯО) негiзгi мiндеттерi Семей сынақ полигонын конверсиялау (оның ғылыми-техникалық әлеуетін Қазақстан Республикасы экономикасының мүдделерiне пайдалану); атом энергетикасы, радиациялық экология, ядролық және радиациялық технологиялар, Қазақстан аумағындағы ядролық қаруды сынау зардаптарын жою, проблемаларын шешу үшiн атом ғылымы мен техникасы саласында жұмыс iстейтiн ғалымдар мен мамандардың күш-жiгерiн бiрiктiру болып белгiленген.
Осы мiндеттердi шешу 1999-2003 жылдарға арналған негiзгi тапсырмалар мен көрсеткiштер Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 наурыздағы № 235 қаулысымен бекітілген "Қазақстанда атом энергетикасын дамыту" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасының шеңберiнде жүзеге асырылды.
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған бағдарламаның негiзгi тапсырмалары iске асырылды:
Семей сынақ полигонында (бұдан әрі - ССП) ядролық қаруды сынау инфрақұрылымын жою жөніндегі жұмыстар табысты жүргiзiлдi;
Қазақстанда атом энергетикасының дамуы үшін ғылыми-техникалық және технологиялық база құрылды;
Қазақстан аумағының кейбір учаскелерiнде радиациялық-ластанған жерлердiң картасы әзiрлендi;
радиофармацевтикалық препараттар өндiру ұйымдастырылды;
халық шаруашылығының әртүрлi салалары үшiн бiрқатар ядролық-физикалық зерттеу әдістері әзiрлендi;
қазақстандық мониторинг жүйесiнiң негiзi қаланды (бiрқатар стационарлық сейсмикалық және инфрадыбыстық қадағалау станциялары жаңғыртылды және салынды, Қазақстанда тұңғыш рет нақты уақыт режимiнде деректер жинаудың телекоммуникациялық жүйесi жасалды, Ұлттық деректер орталығы функцияларымен Деректер орталығы құрылды);
жерасты ядролық жарылыстары өткiзiлетiн жерлердiң геофизикалық үлгiлерi бағаланды және жарылыстан кейiнгi процестер мониторингiн өткізу әдiстерi негiзделдi;
ССП геологиялық формацияларын және оларға iргелес аумақтарды олардың РАҚ көму үшiн әлеуетті жарамдылығы бойынша аудандарға бөлу орындалды, перспективалы учаскелердiң бiрiне зерттеу орындалды.
Осы салалардағы жұмыстардың одан әрi дамуы жетекшi атомдық державалардың тәжiрибесiн ескере отырып, алдыңғы қатарлы технологиялар негiзiнде Қазақстандағы атом саласын ғылыми-техникалық қолдау, радиоэкологиялық зерттеулердiң аппаратуралық және әдiстемелiк базасын дамыту, халықаралық қазiргi заманғы талаптар деңгейiнде РАҚ-пен және пайдаланылған ядролық отынмен жұмыс iстеудiң тиiмдi жүйесiн құру, радиофармпрепараттар өндiрудiң ұлттық саласын құру, iрi халықаралық жүйе құрамындағы геофизикалық мониторинг желісін одан әрi дамыту болады.
Елдiң табысты дамуының басты қағидаттарының бiрi оның энергетикалық тәуелсiздiгi болып табылады. Органикалық отынның табиғи қорының шектеулiлiгiне, оның салыстырмалы қымбаттығына байланысты, экономикасы дамыған бiрқатар елдерде энергетика негiзiнен атом электр станцияларын салу есебiнен дами бастады. Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында өндiрiстiң энергияны қажетсiнетiн өндiрiс салалары қарқынды дамуда, бұл Қазақстан үшiн халық шаруашылығының ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялық саласы ретiнде атом энергетикасын сақтауды және одан әрi жедел дамытуды өте маңызды етедi. Қазақстан үшiн сондай-ақ атом энергиясын бейбiт мақсатқа қолдану саласында өңiрлiк жетекшiлiктi нығайту мен сақтау да аса маңызды. Дамыған атом энергетикасының болуы Қазақстанға ғылымды қажетсiнетiн, жоғары технологиялар иеленетiн ел мәртебесiн бере алады.
Қазақстанның оңтүстiк және батыс өңiрлерi үшiн аса өзектi болып табылатын ұлттық атом энергетикасын жасау және дамыту қазiргi заманғы жоғары технологиялар негiзiнде электр энергиясы мен энергия тасымалдаушылардың импортын алмастыру мәселелерiн шешуге мүмкiндiк бередi.
Республикада бұл үшiн қажеттi барлық объективтi алғышарттар бар. Бiрiншi кезекте бұл - атом электр станциялары (бұдан әрi - АЭС) үшiн уран кенiн өндiруден бастап отын таблеткаларын өндiруге дейiнгi қолда бар отындық цикл. Тәуелсiздiк жылдары Қазақстан бұрынғы КСРО шеңберiнде қалыптасқан уран мен реакторлық отын өндiрiсi кооперациясындағы өз орнын сақтады. Екiншiден, атом энергиясын бейбiт мақсатта қолдану жөніндегі қызметтiң барлық аспектiлерiн реттейтiн, қолда бар заңнамалық және нормативтiк база. Үшiншiден, республиканың ғылыми-техникалық және кадр әлеуетi.
Атом энергиясын пайдалану объектiлерiнiң тиiмдi және қауiпсiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн жоғары технологиялық деңгейiн дамыту үшiн отандық атом энергетикасы мен өнеркәсiбiн дамыту жөнiнде жұмыстарды ғылыми-техникалық сүйемелдеу қажет.
2004-2008 жылдарға арналған "Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту" ғылыми-техникалық бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) осы мiндеттердi шешуге бағытталған.
3. Проблемалық қазіргі заманғы жай-күйін талдау
Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясының басты мақсаты нарық жағдайында ел экономикасының тұрақты дамуының негiзiнде халықтың әл-ауқатын арттыру болып табылады. Отын-энергетикалық кешен экономиканың маңызды, құрылымдық құрамдас бөлiгi, қоғамның және халықтың өндiргiш күштерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етушi өзектi факторлардың бiрi болғандықтан, бұл энергетиканың тұрақты, озық дамуы жағдайында болуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбiн және атом энергетикасын дамытудың 2002-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 20 тамыздағы № 926 қаулысымен мақұлданған болатын. Тұжырымдамада көрсетiлген мақсаттар Қазақстан Республикасы атом энергетикасы мен өнеркәсiбiн Қазақстан Президентінің саланың алдына қойған Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясында қойған мiндеттердi шешуге бағдарлайды. Тұжырымдамада қойылған мiндеттер Қазақстан энергетикасын жоғары технологиялы, ғылымды қажетсiнетiн, серпiндi дамушы салаға айналдыруға бағытталған, ол ел экономикасын жылдам және тұрақты дамыту мен халықтың әл-ауқатын арттыруға сенiмдi негiз болар едi. Атом энергетикасы ғылымның соңғы жетiстiктерiн: изотоптардың центрифугалы және лазерлi бөлiнуiн, жаңа композициялы, отындық және құрастырмалы материалдарды, қазiргi заманғы жоғары өнiмдi процессорлар мен компьютерлердiң автоматты басқару жүйелерiн және т.б. күрделi өндiрiс пен жаңа технологиялардың үлкен кешенiн өзiне қамтиды. Атом саласы жетекшi ұйымдарының ғалымдары, мысалы, актинидтер трансмутациясы мен көп жасайтын радионуклидтер сияқты радиоактивтi қалдықтармен жұмыс iстеудiң қағидатты жаңа технологиясын әзiрледi және жақын болашақта қолданысқа енгiзетiн болады.