«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 12 сәуірдегі
№ 405 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 8 маусымдағы № 531 Қаулысы
«2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 9 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытудың» 2004-2008 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 16, 211-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2004-2008 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту» ғылыми-техникалық бағдарламасында:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Қаржыландырудың көлемі мен көздері» деген жолда:
екінші сөйлемде:
«2004-2006 жылдары 1567,3 миллион (бұдан әрі - млн.) теңге,» деген сөздер «2004-2008 жылдары 2870,3 миллион (бұдан әрі - млн.) теңге,» деген сөздермен ауыстырылсын;
«546,4 млн. теңгені» деген сөздер «580,9 млн. теңге; 2007 жылы - 615,8 млн. теңге; 2008 жылы - 652,7 млн. теңгені» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері» деген 6-бөлімде:
бірінші абзацта:
екінші сөйлемде:
«2004-2006 жылдарға» деген сөздер «2004-2008 жылдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«1567,3 млн. теңгені» деген сөздер «2870,3 млн. теңгені» деген сөздермен ауыстырылсын;
«546,4 млн. теңге.» деген сөздер «580,9 млн. теңге.» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
«2007 жылы - 615,8 млн. теңге; 2008 жылы - 652,7 млн. теңге.»;
«Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
реттік нөмірі 4-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«2004 ж. - 55,326
2005 ж. - 49,0
2006 ж. - 53,5
2007 ж. - 56,6*
2008 ж. - 60,05*»;
реттік нөмірі 5-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«2004 ж. - 297,16
2005 ж. - 336,06
2006 ж. - 373,5
2007 ж. - 396,0*
2008 ж. - 419,7*»;
реттік нөмірі 6-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«2004 ж. - 64,272
2005 ж. - 72,46
2006 ж. - 80,8
2007 ж. - 85,5*
2008 ж. - 90,71*»;
реттік нөмірі 7-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«2004 ж. - 72,031
2005 ж. - 55,66
2006 ж. - 62,1
2007 ж. - 65,9*
2008 ж. - 69,84*»;
реттік нөмірі 8-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«2004 ж. - 9,21
2005 ж. - 9,72
2006 ж. - 11,0
2007 ж. - 11,8*
2008 ж. - 12,40*»;
ескертудегі «2005-2006 жылдары» деген сөздер «2007-2008 жылдары» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |