келiп түсетiн экономикалық, саяси ахуалдар және зейнетақы
қызметтерi рыногындағы баспасөздегi күн сайынғы ақпараттық
шолулардан басқа қосымша инвестициялық қызмет ережелерiне,
стратегиялық тапсырыстарға сәйкес апта сайын БА
құралдарына шолу және ай сайын - макро орта, валюта
рыногы, зейнетақы рыногының өнiм және еңбек алаңына,
жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiне талдаулар алып
тұруға шығыстар арттыру жоспарда бар;
4) аудиторлық және консалтингiлiк қызметтер шығысы өстi. 2003
жылғы 1 қаңтардан бастап "МЖЗҚ" ЖАҚ-тың қаржылық есептiң
халықаралық стандартына көшуiне байланысты, сондай-ақ ҚР
ҰБ Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және
дилерлiк қызметте жүзеге асыратын ұйымдарға арналған қаржы
тұрақтылығының өлшемдерiн есептеудiң және қолданудың және
оларды сақтау жөнiнде есеп берудiң тәртібі туралы ереженi
бекіту туралы" 2002 жылғы 2 ақпандағы № 54 қаулысының
талаптарына сәйкес мүліктік бағалау бұрынырақ
белгiленгендей бiр рет қана емес, тоқсан сайын өткiзілуi
керек.
Банктiк қызметтер шығысының өсуi негiзiнен төлем тапсырмаларын өткізу және бағалы қағаздарды сақтау бойынша шығындардың өсуiмен байланысты банк-кастодиан қызметтерi шығысының артуынан болып отыр. Төлем тапсырмаларын IТЖ (ipi төлем жүйесi) және БТЖ (бөлшек төлем жүйесi) арқылы өткізу бойынша банк қызметiнiң құндық есебi 2003 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейiнгi қызмет көрсету төлемiнiң шығыны мен жiберiлген төлем санының нақты мәлiметтерiне талдау жасау арқылы шығарылған. ҚЕБАО (Қазақстан есеп айырысу банк аралық орталығы (БТЖ)) бойынша төлемдердi өткізу қызметiнiң құнын есептеу орташа шығындар және 2003 жылдың 12 айы iшiнде тарифтердiң өзгерiссiздiгi есебiнен орындалған.
Сақтандыру шығыстарының өсуi қызметкерлердi алдын-ала вакцинациялау, сондай-ақ Қордың мүлкiн өрттен, жер сілкiнiсiнен және басқа да апаттан сақтандыру шығыстарының артуы есептi қалыптасты.
Жалгерлiк бойынша шығыстың көбеюi жалға берушiлермен жасалған шарт талабына сай ғимараттың ауданын және белгiленген тарифтердi негiзге ала отырып қалыптасты.
Әлеуметтiк мәселелер
2004-2006 жылдары Қор өз қызметiн арттыру факторының бiрi ретiнде әлеуметтiк мәселелерге ерекше көңiл аударуды жоспарлайды. Орталық аппаратпен қатар Қордың өңiрлiк өкiлдiктерiнде және филиалында кешендi және тұтас сипаттағы басқару жүйесiн қамтамасыз ету, сондай-ақ кәсiби, жоғары біліктi мамандар қалыптастыру кадр саясатының негiзгi бағыттары болып табылады. Кадр жұмысын, оның кәсiбилiгiн жақсарту мақсатында қызметкерлер құрамымен жұмыс жүйесiн жетiлдiру, Қордың ұйымдық құрылымы мен штат санын оңтайландыру жұмыстары жалғастырылатын болады. Қордың саясатын және оның алға қойған мақсаттарын анықтап, енгізуге, оны қызметкерлер ұғымына жеткiзе бiлуге, басқару мен жоспарлаудың жаңа әдiстерiн енгiзе отырып, мақсаттарға қол жеткізу үшiн қызметкерлердi уәждемелеу және оларды шығармашылық жұмысқа тартуға бағытталған менеджменттiң тиiмдiлiгiн арттыруға баса назар аударылатын болады. Қызметкерлердi оқыту, қайта даярлау және олардың біліктiлiктерiн арттыру Қор персоналын кәсiби дамытудың және оның біліктiлiк сипаттамаларын арттырудың негiзгi құралдары болып саналады. Қордың бюджетiнде семинарлар, тренинг, курстар ұйымдастырып, жүргiзуге қаражаттар әрдайым қарастырылады. Бұдан басқа Қор қызметiнiң өзiндiк ерекшелiгiн есепке ала отырып, мамандарды қаржы рыногында, оның iшiнде бағалы қағаздар рыногында, актуарийлiк есептеме, инвестициялық талдау жұмыс машығын сапалы иелену үшiн оқытуға жiберуге айрықша көңiл бөлiнетiн болады. Ақпараттарды қорғау мiндеттерi жүктелген мамандарды да арнайы курстарға жiберу арқылы олардың кәсiби деңгейiн арттыру қарастырылады.
Қызметкерлердiң біліктiлiгiн арттыруға қажеттi шығындар төмендегiлермен ескертiледi:
Кейiнгi бiрталай өзгерістер, сондай-ақ қосымша нормативтi актiлер енгізудi қажет еткен "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 29.12.2002 жылғы № 369-II Заңының күшiне енуiне байланысты МЖЗҚ қызметi басқа жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметiмен теңестiрiлдi. Осыған байланысты Қорда жаңа мүмкiндiктер мен талаптар (зейнетақы активтерiн инвестициялаудың әртараптандырылған үлгiсiн кеңейту, белсендiрек маркетингтiк саясат жүргiзу және т.б.) пайда болды. Соған орай, белгiленген мақсаттарға қол жеткізу үшiн Қор мамандарының біліктiлiктерi мен кәсiби деңгейлерiн ұдайы арттыру мүмкiндiктерi мен тапсырмалары (зейнетақы активтерiн инвестициялық басқарудың диверсификациялық үлгiсiн пайдалану барынша белсендi маркетингтiк саясат жүргiзу) пайда болды. "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 4 шiлдедегi № 661 қаулысына сәйкес зейнетақы қаражаттары кесте бойынша жүзеге асырылмақшы, соған байланысты Қордың қызметкерлерi базалық актуарийлiк курстарда оқитын болады. Тиiсiнше зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды iске асыратын қызметкерлерге қойылатын талаптарға сәйкес, Қордың мамандары біліктiлiк куәлiктерiн және бұрын алған куәлiктерiн бекіту (1-санат - бағалы қағаздар рыногында делдалдық-дилерлiк қызмет ету, 3-санат - бағалы қағаздар қоржынын басқару) үшiн оқуға жiберiледi.
Қоршаған ортаны қорғау, еңбек қауiпсiздiгi
техникасын сақтау шаралары
Қор өз қызметiн қоршаған ортаға зиян келтiрмейтiн ұйым ретiнде жүргiзедi, басты назарды қауiпсiздiк техникасын сақтау шараларына бөледi. 2004-2006 жылдары Қор қоршаған ортаны қорғау, еңбек қауiпсiздiгi техникасын сақтау бойынша кешендi шаралар жүргiзудi жоспарлайды. Қоршаған ортаны қорғау шаралары құрал-жабдықтардың технологиялық паркiн жаңартуға, көлiк құралдарын экологиялық стандарттарға сәйкес қалыпта ұстауға бағытталатын болады. Қауiпсiздiк техникасын сақтау мақсатында ғимараттарды, жұмыс орындарын, техникаларды белгiленген нормаларға сәйкес ұстау, өрт қауiпсiздiгi нормаларына жауап беретiн қазiргi заманғы құрал-жабдықтарды енгізу, тұрақты түрде Қордың қызметкерлерiмен нұсқамалық өткiзiп тұру жоспарда бар. Қажет жағдайда қоршаған орта мен адамдарға жанама зиян келтiрмейтiн экологиялық қауіпсіз технологияларды енгiзiп, пайдалану да жоспарланған.
4.4. Бағалық және тарифтік саясат және оның негiздемесi
Өңiрлiк саясатты табысты жүзеге асыру үшiн Қор жеке тұлға агенттердi тартуды жоспарлайды. 2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң 2001 жылғы 19 шiлдеде Қордың агенті - "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМҚМ үшiн бекiткен, агент - жеке тұлғалардың төмендегiдей қызмет түрлерiне:
- жинақтаушы зейнетақы жүйесiндегі жаңа салымшымен зейнетақы шартын жасасу;
- салымшыдан оның зейнетақы қаражаттарын "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына" аудару өтiнiшiн қабылдаумен бірге, зейнетақы шартын жасасу;
- салымшының "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорынан" зейнетақы жинақтарын аударуға бұрынырақ берген өтiнiшiнiң күшiн жою туралы өтiнiшi бойынша 65 теңге мөлшерiнде бекітілген тариф белгілендi.
Жеке тұлға - агенттердiң жоғарыда аталған қызметтеріне ақыны бiрінші жарнаның келiп түсу немесе зейнетақы жинақтарының салымшының жеке зейнетақы шотына аударылу фактылары бойынша ғана төлеу қарастырылған. Аталған бағыттағы қызметтiң есеп беретiн жыл iшіндегі нәтижелері белгіленген тарифтің басқа жинақтаушы зейнетақы қоры жеке тұлға-агенттерiнiң еңбек ақы тәсімімен салыстырғанда бәсекеге жарамды екендiгiн анықтайды.
2004 жылы жеке тұлға - агенттердiң еңбек ақы тәсімін дайындау жоспарланады, оның iшiне есеп беретiн мерзім ішінде ақшаға шағылғандағы түпкiлiктi нәтиженi алуға мүмкiндiк беретiн бағдарламалық үлгіні құру да енедi. Зейнетақы шарттарын жасасу, зейнетақы төлемін жүзеге асыру және зейнетақы жинақтарын аудару өтініштерін қабылдау, салымшыларды зейнетақы салымдарының жай-күйi туралы жыл сайынғы ақпараттандыру, салымшыларға олардың сұраныстары бойынша жеке зейнетақы шоттарынан көшірме үзінділер беру қызметтерi Қордың қаражаттары есебiнен тегiн жасалатындығын ескерте кету қажет. Бұл орайда 2004-2006 жылдары әр жеке шотты әкімшiлік етуге Қордың шығыны:
14-кесте
Бiр шотты әкiмшiлiк ету шығыны
Көрсеткiштер | Өлшем бiрлiгi | Болжам |
2004 ж. | 2005 ж. | 2006 ж. |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Шығындар, барлығы млн. теңге 764 772 781 Салымшылар саны адам 2100000- 2000000- 1900000- 2200000 2100000 2000000 Бiр салымшыға шығатын шығын теңге 347-364 368-386 390-411 |
2004-2006 жылдары салымшылар санының азаюы 2003 жылдан бастап Қор зейнетақы шартын жасаспай-ақ ("жанама" қор) бiрiншi рет аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын қабылдау мүмкiндiгiнен айрылуына байланысты, ондай салымшылар саны жыл сайын 250 000 - 350 000 құраған болатын.
Бекiтiлген саясатқа байланысты қорға қарқындылығы жағынан барынша шектеулi, оның өзiнде негiзiнен ақпараттық-түсiндiрмелi сипаттағы ғана жарнама жұмысын жүргiзу ұсынылды, ол қордың салымшыларының серпiндi жарнамалық позициялары есебінен жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң мемлекеттік емес секторына жылыстауына әкеп соқтырады. Бұл қордың зейнетақы рыногындағы активтерінің (жалпы жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі зейнетақы активтерiнiң 25%-дайы) сомасымен қатар, салымшылар санының (жүйе салымшыларының 40%-дайы) салмақты үлесiнiң әлi де барынша сақталуымен iспеттес.
4.5. Қаржылық нәтижелер және бюджетпен қарым-қатынас
2004 жылы Қор 468,9 млн. теңге, 2005 жылы - 491,6 млн. теңге, 2006 жылы - 530,9 млн. теңге сомасына салықтар мен дивидендтер есептеудi жоспарлайды (15-кесте).
15-кесте
Бюджетке дивидендтер, салықтар мен басқа да
мiндеттi төлемдер төлеу
млн. теңге
Көрсеткiш атауы | 2004 жыл | 2005 жыл | 2006 жыл |
1 тоқсан | 1 жарты жылдық | 9 ай | жыл |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Таза кiрiс (залал) 65,2 155,5 250,7 427,3 448,9 487,1 Дивидендтер 213,7 224,4 243,6 Корпоративтік табыс салығы 40,0 70,0 110,0 183,1 192,4 208,8 Әлеуметтік 7,5 14,89 22,34 29,8 30,0 30,1 салық Жеке табыс салығы (төлем 8,9 18,24 28,62 37,0 39,0 41,0 көзiнен салық салынатын қызметкер кiрiсi) Көлік құралдары салығы 0,07 0,07 0,07 0,07 0,07 0,70 Мүлік салығы 0,4 0,88 1,31 2,7 2,7 2,7 Басқа салықтар мен міндетті төлемдер 1,0 1,50 2,00 2,5 3,0 4,0 Барлығы 57,9 105,6 164,3 255,2 267,2 287,3 салықтар |
Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекіту жөнiндегі 2000 жылғы 15 қарашадағы № 87 (ҚP Ұлттық Банкi Басқармасының 16.11.01 ж. № 434, 21.04.03 ж. № 134 қаулыларымен енгiзiлген өзгерістерiмен қоса) қаулысымен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды өз бетінше жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларына, Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры соның бiрi болып табылады, пруденциалдық нормативтердiң орындалуы турасында талаптар бекітілдi. Негiзгi және резервтiк капиталды қалыптастыру талабы пруденциалдық нормативтердiң бiрi болып табылады. Жоғарыда айтылған қаулының 23-тармағына сәйкес негiзгi және қосымша резервтiк капитал таза пайдадан немесе құрылтайшылардың (акционерлердiң) қосымша жарнасынан қалыптасады. Осылайша, бар профицит негiзiнен резервтiк капиталды қалыптастыру бөлiгiнде меншiктi капиталды толықтыруға бағытталады.
2-БӨЛIМ. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры"
ЖАҚ-тың Инвестициялық даму жоспары
Инвестициялық қызмет
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-тың инвестициялық стратегиясы зейнетақы салымдарын сақтау және инвестициялық кiрiс алуға бағытталатын болады. Салымдардың сенiмдiлiгi, тұрақтылығы және қауiпсiздiгiне жауапты қалыптасқан инвестициялар қоржыны қолданылатын болады. Инвестициялар қоржынын тиiмдi басқару тәуекелдiлiктi азайтуды және бәсекелестiк рыногына қатысты тиiстi кiрiстiлiк деңгейiн алуды қамтамасыз етедi.
Инвестициялық қоржын құнының бәсекелес өсiмiн қамтамасыз ететiн оңтайлы инвестициялық саясатты қамтамасыз ету үшiн төмендегiдей әрекеттер жүзеге асырылатын болады:
- уәкiлеттi орган зейнетақы активтерiн басқарушы ұйымдар үшiн бекiткен зейнетақы активтерiн инвестициялаудың әртараптандыру үлгiсiн сақтау;
- зейнетақы активтерi есебiнен инвестициялар қоржынын қайта қарау;
- кiрiс ақша ағындарын инвестициялау мен бағалы қағаздардан алынған кiрiстердi қайта инвестициялау және олардың айналым мерзiмiнiң басталуына байланысты қаржы құралдарын өтеу, бағалы қағаздармен сауда мәмiлелерiн және операцияларды арттыру арқылы инвестициялық басқарымдағы зейнетақы активтерiн белсендiрек басқару;
- инвестициялар қоржынын тиiмдi басқару, тәуекелдiлiк деңгейi мен кiрiстiлiк және Қордың жүргiзiп отырған инвестициялық саясатының баланстандырылған ара салмағы бойынша талаптарға сай, бағалы қағаздардың оңтайлы қоржынын қалыптастыру;
- кәсiби және сапалы инвестициялық менеджменттi жүзеге асыру.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңның күшiне енуiне байланысты "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ үшiн зейнетақы активтерiн инвестициялау шарттары мен үлгiсi өзгердi, яғни зейнетақы активтерiн инвестициялау бойынша болып келген шектеулер азайтылды, активтердi Қазақстан Республикасымен қатар шетелдiк эмитенттердiң мемлекеттік емес бағалы қағаздарына, шетелдiк корпорациялардың "АА" және "А" рейтингтiк бағаға ие халықаралық бағалы қағаздарына, Қазақстан Республикасы ұйымдарының ипотекалық облигацияларына, "Қазақстан даму банкi" ЖАҚ-тың облигацияларына инвестициялау мүмкiндiктерi кеңейдi. Осыған орай қалыптасқан инвестициялар қоржыны қайта қаралып, төмен табысты қаржы құралдарын басым табысты қаржы құралдарына қайта салу, соның арқасында инвестициялар қоржынының дюрациясын тиiмдiрек басқару үшiн ұзарту, қауiптi азайту мақсатында және активтер топтары бойынша тұрақты кiрiс алу жолымен оның құрылымы қайта қаралатын болады.
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ стратегиясына сәйкес зейнетақы активтерi инвестициялар қоржынының есептелген кiрiстiлiгiн инфляция деңгейiнен төмендетпеу, қоржынның жиынтық қаупiн азайту, осы мақсаттарға жету үшiн инвестициялар қоржынын қайта құру және зейнетақы активтерiн қаржы құралдарына төмендегi көрсеткiштерге сәйкес әртараптандыруды қамтамасыз ету болжанған:
- Қазақстан Республикасының бағалы қағаздары - 35%-дан төмен емес;
- жергiлiктi атқарушы органдар шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары - 5%-дан артық емес;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, сондай-ақ уәкiлеттi органмен бекітілген екiншi деңгейдегi банктердегi салымдарға - 10%-дан артық емес;
- шетелдiк эмитенттердiң мемлекеттік емес бағалы қағаздары, халықаралық қаржы ұйымдарының "ААА" рейтингiлiк бағасынан кем емес бағалы қағаздары - 10%-дан артық емес;
- шетелдiк эмитенттердiң мемлекеттік емес бағалы қағаздары, шетелдiк мемлекеттердiң "АА" рейтингiлiк бағасынан кем емес бағалы қағаздары - 10%-дан артық емес;
- шетелдiк эмитенттердiң "А" рейтингiлiк бағасынан кем емес мемлекеттік емес бағалы қағаздары - 10%-дан артық емес;
- "А" санаты бойынша ұйымдастырушының ресми тiзбесiне енгiзiлген Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиялы бағалы қағаздары - 50%-дан артық емес;
- Қазақстан Республикасы ұйымдарының ипотекалық облигациялары - 10%-дан артық емес;
- "Қазақстан Даму Банкi" ЖАҚ-тың облигациялары - 10%-дан артық емес. Инвестициялық саясаттағы басым бағыт зейнетақы активтерiн жоғары рейтингілi бағалы қағаздарға орналастыру болып табылады. Бұл ретте жасалынған мәмiлелер және бағалы қағаздармен жасалған операциялар бойынша iшкi рынокпен қатар сыртқы қаржы рыноктарында белсендiлiк барынша сақталуы тиiс.
Инвестициялар қоржынын оңтайландыру үшiн баға және кiрiстiлiк қозғалысы серпiнiне, iшкi және сыртқы рыноктардағы макроэкономикалық көрсеткiштер мен рыноктар индекстерiне, әлемдегi экономикалық ахуалдың тұрақсыздығына сай тәуекелдiлiктiң төмендеуiне байланысты ахуалды есепке ала отырып және алға қойылған мiндеттерге қол жеткізу үшiн:
1) инвестициялар қоржынын тиiмдi басқару мақсатында қаржы рыноктарын iргелi және техникалық талдау арқылы iшкi және сыртқы рыноктарды тұрақты бақылау;
2) инвестициялық менеджмент функцияларын айқын және сапалы түрде жүргiзу, дағдыланған инвестициялық саясатқа жүгiну және iске асыру, қаржылық талдау жасау, оңтайлы қоржын құру, эталон қоржынына қол жеткізу үшiн қоржынды қайта қарау және қоржынның берiлген тәуекелдiлiк деңгейi мен кiрiстiлiгi бойынша тиiмдiлiк бағамын жүзеге асыру;
3) қаржы құралдары, қаржы рыногында жасалған мәмiлелер қимасында инвестициялар қоржынын талдау түпкілiктi нәтиженi, кiрiстілiк өзгерiсiн және оның мүмкiн болған ауытқуларын қадағалау, валюталық қауiпте азайту мақсатында инвестициялар қоржынындағы бағалы қағаздарды таңдау кезiнде түрлi валюталар түрлерiнiң ара салмағы мен серпiнiн қадағалау;
4) қаржы рыноктарындағы стратегияны жүзеге асыру үшiн инвестициялар қоржынын сатуға жататындар және өтелгенге дейiн ұсталынатындар етiп сыныптай отырып, санаттарға бөлу;
5) рыноктар қозғалысы және эмитенттердiң қаржылық жай-күйi туралы ақпараттарды ұлғайту, бағалы қағаздар рыногындағы әрекеттер бойынша оперативтiк және тиiмдi инвестициялық шешiмдер қабылдау үшiн Reuters, Bloomberg жүйелерi бойынша көрсетiлетiн ақпараттық құралдарға қосылу арқылы мемлекеттік емес эмитенттер (резиденттер және бейрезиденттер) бойынша ақпараттық база құру;
6) инвестициялар қоржынын құру кезiнде активтер мен бағалы қағаздардың өтiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
7) рыноктық бағамы бойынша зейнетақы активтерiн сапалы және сенiмдi есептеудi жүзеге асыру, әдiл құны бойынша инвестициялар қоржынындағы қаржы құралдарын есептеу қажет.