"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-тың қызметiн
қамтамасыз етуге бағытталған инвестициялар
Ақпараттық технологиялар бөлiмiнде Қордың меншiктi қаражаттары есебiнен қаржыландырылатын, төмендегiдей компоненттерден тұратын Қордың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiн қалыптастыру бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланады:
1. Бағдарламалы-техникалық кешендi жаңғырту
2. Қолданбалы бағдарламалы қамтамасыз етудi кешендi жүйелi
талдау
3. Қордың бағдарламалық жағынан қамтамасыз етiлуiн жаңарту
1. Бағдарламалы-техникалық кешендi жаңғырту
1.1. Жинақтаушы зейнетақы реформасының қалыптасып, дамуының және 5 жылғы қызметiнiң нәтижесiнде Қорда бүгiнгi күнi 2 299 416 салымшы бар. Қордың инвестициялық басқармасындағы таза зейнетақы активтерiнiң көлемi 75 650 млн. теңгеге жеттi. Сонымен қатар өңделетiн ақпараттар көлемi де өстi. Егер 1999 жылы сақталатын ақпарат көлемi 19 Гбайт көлемiнде есептелген болса, 2003 жылы 100 Гбайт болды. Жаңа бағдарламалық өнiмдердi дайындап, енгізуге, сақталатын ақпараттар көлемiнiң артуына байланысты серверлердiң жедел әрекетiне деген талаптар да артты.
"Деректер сақтау орны" бағдарламалық қамтамасыз етудi дайындау қаржы ақпараттарының әр түрлi қималары бойынша есептер алуға, талдамалы жұмыстардың мүмкiндiгiн арттыруға және зейнетақы активтерiн басқару бойынша негiзделген шешiмдер қабылдауға мүмкiндiк бердi. Транзакциялардың көбеюi, ал күнiне олардың 40 мыңдайын өңдеу талап етілдi, сервердiң есептеу қуатын сервердiң аталған тұрпаты үшiн барынша мүмкiн қосымша процессорлар мен оперативті зерделер қондыру арқылы ең соңғы шегiне дейiн ұлғайтуға мәжбүр етті. Өңделетiн және сақталатын ақпараттардың көбеюiмен қатар серверлердiң өндiрiстiк қуатын көбейтудi талап ететiн бағдарламалық қамтамасыз етудiң атқарымдығы да артады.
Объективтi түрде зейнетақы жинақтарын төлеу және аудару операциялары да ұлғаюда. Қордың iркiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету Қордың автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң қызмет етуiне де жоғары талаптар қойды. Жұмыстағы сенiмдiлiк пен тұрақтылық Қордың техникалық қызметiнiң ең негiзгi мiндеттерi.
1.2. Қордың iркілiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудегi сындарлы бөлiмнiң бiрi деректер базасы серверi мен қосымшалар cepвepi. Олар ақпараттарды өңдеудегi негiзгi ұйытқы болып табылады, олардың тұрақты жұмысынан Қордың қалыпты қызмет етуi мүдделi. Қазiргi уақытта қолданылып жүрген серверлер өз ресурсын сарқыды, өйткенi 1999 жылдан берi жұмыс iстеп келедi. Олардың қай жағынан алғанда да тозғанын, оларды жаңғырту мүмкiндiгiнiң жоқ екендiгiн есепке ала отырып, Қор 2003 жылы оларды өнiмдiлiгi артығырақ, қазiргi барынша қуатты процессорлармен алмастыруды жоспарлайды. Үш сервер, олардың екеуi бiр кластерге бiрiктiрiлiп, алдағы 4 жылға Қордың тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн болады. Серверлердi жаңарту одан әрi ысыруға болмайтын негiзгi мiндеттердiң бiрi. Онымен қатар Қордың iркiлiссiз жұмыс iстеуiнiң негiзгi құрамдас бөлiгi - негiзгi сервердiң жанында орналасатын және оның жұмысын толықтай қосарлап отыратын сақтық серверiнiң болуы қажет. Ақпараттарды апаттардың немесе өрттiң (дүлей апаттардың) нәтижесiнде жоғалтып алу қаупi болғандықтан, Қор Астана қаласында сақтық қорын құруды ойластыруда. Жаңадан құрылатын сақтық орталығы үшiн деректер базасын басқару жүйесiне лицензиялар және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету жоспарланады. Сақтық серверiнiң репликациялар режимiнде жұмыс iстеуi телекоммуникация қызметiне кететiн шығын көлемiн ұлғайтады. Серверлер мен серверлiк жабдықтарды жаңғыртудан басқа ақпараттарды өңдеу технологияларын жетiлдiру және ақпараттық қауiпсiздiк деңгейiн арттыру мақсатында Қор жоспарлы түрде компьютер қорын түгелдей жаңартуды күн тәртібіне қоюда. Бұл жаңарту процесі бойынша жыл сайын 4 жылдан аса уақыт жұмыс iстеген компьютерлер қолданыстан алынатын болады. 2003 жылға жоспарланған сатып алу құны 116 млн. теңгенi құрайды (5-қосымша).
2. Қолданбалы бағдарламалы қамтамасыз етудi
кешендi жүйелi талдау
Қордың қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыз етiлуi эволюциялық жолмен бiрнеше жыл бойына жасалды. Тапсырыс берушiлер Қордың құрылымдық бөлiмшелерi де, орындаушы - бағдарламаны дайындаушы коммерциялық фирма - Қазақстан Республикасының резидентi. Әрдайым қандай да бiр процестi автоматтандыру қажеттiлiгi туындаған сайын, техникалық тапсырма әзiрленiп отырды, соған сәйкес бағдарлама да дайындалды, яғни бағдарламалық қамтамасыз етудi құруда жүйелiлiк болған емес.
Мұндай тәсiлдеме сол кезеңде орын алған экономикалық ахуалмен толықтай ақталды: жеткiлiктi қаражат болған жоқ, ал қажет атқарымдығын түгел бiлетiн ешкiм болмады. Мұндай бiр iздi автоматтандырудың күдiксiз жайлы жақтары да бар: шағын қаражатқа Қордың қызметiн автоматтандыру жүзеге асырылды. Алайда белгiлi бiр даму кезеңiнде дайындалған бағдарламалық қамтамасыз ету Қордың қызметіндегі ең тар алаң бола бастайды. Жаңа функцияларды орындау күн сайын қиындай түседi, ал оның кейбіреулерi әзiрлену барысында ондай атқарымдық қаланбағандықтан, түбегейлi өзгерістердi қажет етедi. Қазiргi уақытта Қор алдында бағдарламалық қамтамасыз етудi жаңарту - белгiлi және ең iрi бағдарлама дайындаушыдан қолданбалы бағдарламалық өнiмнiң дайын пакетiн (лицензиясын) сатып алу мiндетi тұр. Пакет параметрлерiн күйге келтiру арқылы қажеттi атқарымдық үлгiсiн құру, сондай-ақ пакеттi ойдағыдай (енгізу аясында) пайдалану үшiн Қордың мамандарын дайындау талап етiледi. Қойылған мақсатты 2003 жылы орындау үшiн Қор тендермен таңдалып алынған IТ-технологиялары бойынша эксперт - фирманың көмегiмен Қордың қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыз етiлуiн зерттеудi және жаңа бағдарламалық қамсыздандыру сатып алу жөнiнде ұсыныстар алуды жоспарлайды. Ұсыныстар жаңа бағдарламалық қамсыздандыру жеткiзетiн орындаушыны таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаларда бейнеленетiн болады. 2003 жылға жоспарланған жалпы сатып алу құны 3 млн. теңгенi құрайды (5-қосымша).
3. Қордың бағдарламалы қамтамасыз етiлуiн жаңарту
Бiрiктiрiлген ақпараттық жүйенi сатып алу конкурсын жүргiзу 2004 жылға жоспарланған, ал оны енгізу - 2004-2005 жылдары жүзеге асырылады. Бiркелкi әдiстемелiк, бағдарламалық және тұжырымдамалық позициялардан бiрiктiрiлген ақпараттық жүйенi енгізу бiрден бiрнеше талаптарды шешедi:
Қордың бизнес-процессорлары әртүрлi бағдарламалармен және жүйелермен дайындалған және оларды бiрiктiру процесi бiраз уақытты және қаржы ресурстарын талап ететiндiктен, "құрақталған" бағдарламалық қамтамасыз етудi жеңiп шығу;
онымен қатар халықаралық қаржы есептемелерi стандартына көшу мәселесi шешiледi;
Заңға енгiзiлген өзгерістер жедел бағдарламалық пысықтауларды қажет ететiн сәтте, Қор "қуғыншының" ролiнде болуды доғарады. Өзгерістер енгізу қажет жағдайда, қате жiберу мүмкiндiгiн барынша азайтып, тиiстi параметрлердi бағдарламалық кодты жазбай-ақ, дәлдеу қажет болады.
Ақпараттық қауiпсiздiк деңгейiн арттыру;
Жаңа ақпараттық технологияларды, оның iшiнде Интернет-технологияларын пайдалану.
2004-2006 жылдары жоспарланып отырған жалпы сату құны 385 млн. теңгенi құрайды (5-қосымша).
Қордың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiн құру турасындағы инвестициялық жоба зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару бойынша мiндеттердi автоматтандыру, қауiптi басқару жүйесiн енгізу, ақпараттың сақталуы және салымшылардың зейнетақы жинақтарының есебiн жүргiзу ақпараттық қауiпсiздiк және Қор қызметiнiң ашықтығын қамтамасыз етудi кешендi шешуге бағытталған.
Көрсетiлген бiрiктiрілген ақпараттық жүйе Қор жұмысының деңгейiн арттыру және Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын iске асыру мақсатында зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару бойынша халықаралық стандарттар, қаржылық есептеменiң халықаралық стандарттары, сондай-ақ ISO 9001:2000 сапа менеджмент жүйесiнiң халықаралық стандарттары негiзiнде құрылған.
1-қосымша
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-тың 2004-2006
жылдарға арналған маңызды даму көрсеткіштерінің болжамы
1 НК нысаны
N | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | 2002 ж. | 2003 ж. | 2002 ж. 2003 ж. % |
есеп | барлығы |
А | Б | 1 | 2 | 3 | 4 |
1. Өндірілген өнім (жұмыс, қызметтер саны/құны көрсету) көлемі - барлығы: 1.1 оның ішінде түрлер бойынша - 2. Экспорт, барлығы: - 2.1 оның ішінде ТМД елдері - 2.2 алыс шетел - 2.3 өнім түрлері бойынша: - 3. Импорт барлығы: 3.1 оның ішінде ТМД елдері - 3.2 алыс шетел - 3.3 өнім түрлері бойынша: - 4. Барлық қаржы көзі есебінен негізгі капиталға инвестиция. лау - барлығы: млн. теңге 4.1 қарыз қаражаты есебінен - 4.1.1 оның ішінде мемлекет. тік бюджет қаражаты есебінен - 4.2 меншікті қаражат есебінен - 9.71 118.42 1219.81 5. Кіріс, барлығы - 1230.27 1341.40 109.03 6. Шығыс, барлығы - 497.21 644.88 129.70 7. Негізгі қызмет кірісі - 1177.64 1267.00 107.59 8. Өткізілген дайын өнімнің (тауар, жұмыс, қызмет) өзіндік құны: - 9. Жалпы кіріс - 10. Мерзім шығысы, барлығы - 497.21 644.88 129.70 10.1 жалпы және әкімшілік шығысы - 497.21 644.88 129.70 10.2 өткізілген дайын өнім (тауар, жұмыс, қызмет) шығысы - 10.3 сыйақы түріндегі шығыс - 11. салық салынатын кіріс - 733.06 696.52 95.02 12. Корпоративтік табыс салығы - 227.01 208.96 92.05 13. Таза кіріс (залал) - 506.04 487.56 96.35 14. Дивидендтер, барлығы - 253.02 243.78 96.35 14.1 оның ішінде мемлекеттік млн. акциялар пакеті теңге 253.02 243.78 96.35 15. Пайдадан аударым нормативтері* % 16. Қызмет пайдалылығы - 17. Материалдық емес активтер мен негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының млн. шығыны теңге 38.10 46.51 122.07 18. Компанияның қызмет. керлер саны, барлығы адам 172 194 112.79 18.1 Орталық аппарат қызметкерлерінің саны - 106 134 126.42 19. Жалақы қоры млн. теңге 147.09 218.00 148.21 20. Компаниялардағы қызметкердің орташа мың айлық жалақысы теңге 71.27 93.64 131.40 20.1 оның ішінде, орталық аппарат қызметкер. мың лерінің теңге 73.39 95.14 129.64 21 Өнім (жұмыс, қызмет) мың бірлігінің тарифі теңге (бағасы) бірлік үшін 21.1 алдыңғы кезеңге қарағанда тарифтің (бағаның) өзгеруі % 22. Несиегерлік берешек млн. теңге 339.34 190.31 56.08 23. Дебиторлық берешек - 128.02 93.79 73.26 |
таблицаның жалғасы