Қордың таза кiрiсi 2001 жылғы деректермен салыстырғанда 22,2% өсті және 506 млн. теңге құрады, тиiсiнше корпоративтiк табыс салығы 30,5%-кe өсiп, 227 млн. теңгенi, ал есептелген дивидендтер 22,2%-ке өсiп, 253 млн. теңгені құрады.
2003 жыл iшiндегі болжалды нәтижелер.
2003 жылы Қордың кiрiсi 1 341 млн. теңге деңгейiнде (2002 жылғы нәтижелермен салыстырғанда 9,0% артық) болжанып отыр. Бұдан басқа, 2003 жылғы алдын-ала нәтижелер бойынша 2003 жылға бекітілген сметада қарастырылған кiрiстердiң артуы, шығыстардың кемуі және 2002 жылмен салыстырғанда таза табыстың артуы болжанып отыр.
Кiрiстердi болжауда төмендегі топшыламалар есепке алынды:
1) Республика экономикасының өсуi және 2001 - 2002 жылдар iшiнде мемлекеттік бюджет тапшылығының төмендеуi мемлекет тарапынан іштей қарызға алу көлемiнiң азаюына және қысқа мерзiмдi мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша пайыздық табыстылық ставканың және тиiсінше рыноктық пайыздық ставканың төмендеуiне, ол өз нәтижесiнде жылдық 9,5-10% деңгейiне жетіп, барлық зейнетақы қорларының инвестициялық қоржынының iшкi кiрiсiнiң төмендеуiне әкелдi. Сонымен қатар, бағам айырмасынан инвестициялық кiрiс есебінде зейнетақы активтері өсiм қарқынының төмендеуiне әкелген халықаралық және iшкі қаржы рыноктарының валюталық секторларында көрiнiс алған 2002 жылдың аяғы мен 2003 жылдың басындағы ахуал да барынша әсер еттi. Қазiргi инвестициялық мерзiм iшiнде республиканың жинақтаушы зейнетақы қорларының көпшілiгi өз инвестициялар қоржынындағы, орташа алғанда үлес салмағы 75% шетелдiк валютада аталған қаржы активтерiнiң ағымдағы құнын қайта есептеу кезiнде айтарлықтай бағам зиянын шектi;
2) Комиссиялық сыйақыны есептеу және өндiрiп алудың жаңа үлгiсi Қордан Қазақстанда және әлемде қаржы құралдарына кiрiстiлiктiң жалпы төмендеуi жағдайында, зейнетақы активтерiнiң ағымдағы құнының инвестициялау нәтижелерiнен барынша тәуелдi болуы, сондай-ақ бағам айырмасынан залалға қалу қатерiнiң болуы себептi, өз қызметiнен алынатын кiрiстi жоспарлау кезiнде сақтанымпаз көзқарасты талап еттi;
3) Әртараптандыру мiндеттемелерiнiң нормаларын жоспарлы өзгерту болашақта Қордың инвестициялық қоржынын барынша тұрақтандырып, инвестициялық қатердi төмендетуге мүмкiндiк бередi. Бұл ретте Қордың мамандары жүзеге асырған бағалаулар көрсеткiшіндегі инвестициялар себетiн қайта құрылымдау және зейнетақы активтерiнiң бiр бөлiгiн iшкi және сыртқы қаржы рыноктарының корпоративтiк секторының қаржы құралдарында қолданыстағы рыноктық ставка бойынша орналастыру кезiнде тиiмдi кiрiстiлiк жылдық 8,35-8,75%-ке дейiн аздап өседi. Ол 10% әртараптандыру нормаларына дейiн үш айдан көп артық болмайтындай уақытқа депозитке орналастыру мерзiмiмен екiншi деңгейдегi қазақстандық банктерде орналастырылған (орналастыру кезiнде орташа тиiмдi кiрiстiлiк жылдық 15% құрады) депозиттердiң инвестициялар қоржынындағы үлес салмағының бiр мезгiлде 20% төмендеуiне және бұл зейнетақы активтерiнiң жылдық 6,8 7,3% рыноктық кiрiстiлiгi бар қаржы құралдарына қайта инвестициялануына байланысты.
Қор кiрiсiнiң өзгеруiне әсер етуi мүмкiн негiзгi факторларға мыналар жатады:
Негiзгi қызметтен түскен кiрiс
- iшкi, сондай-ақ сыртқы бағалы қағаздар рыноктарында
сақталған пайыздық ставкалар мен индекстердiң төмендеу
серпiнi бойынша қаржы рыноктарындағы жалпы тенденциялар;
- Қордың салымшыларды тарту жұмысында "жанама қор" мәртебесiн
жоғалтуы;
- "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру
туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер
енгізуге байланысты жинақтаушы зейнетақы қорларында
комиссиялық сыйақы есептеудiң жаңа әдiсi және Қордың
зейнетақы активтерiн инвестициялауды әртараптандыруды
кеңейту;
- басқа жинақтаушы зейнетақы қорлары тарапынан бәсекелестiк
және маркетингтiк жұмыстарды күшейту.
Негiзгi қызметтен алынған кiрiс көлемiн есептеу кезiнде мына болжамды мәндер мен жорамалдар қабылданды: зейнетақы активтерiнің орташа айлық келiп түсу сомалары - 1 400 - 1 600 млн. теңге, зейнетақы жинақтарын төлеудiң орташа айлық деңгейi 800 - 900 млн. теңге мөлшерiнде жоспарланады, зейнетақы активтерiн инвестициялаудың орташа айлық өсiм мөлшерi - 400 - 600 млн. теңге. Зейнетақы заңына енгiзiлген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес комиссиялық сыйақы мөлшерiн есептеудiң жаңа тәртібі - қаржы құралдарына инвестицияланған зейнетақы активтерiнiң сомасынан және есепке алынған инвестициялық кiрiстен есептеу тәртібі қарастырылған. Осыған байланысты Қор комиссиялық сыйақы есептеудiң ең сақтанымпаз деңгейiн қарастырады: қаржы құралдарына инвестицияланған зейнетақы активтерi сомасының мөлшерiнен - 0,02%, есептелген инвестициялық кiрiс мөлшерiнен - 15%. Жүзеге асырылған есептесулердiң нәтижесiнде зейнетақы активтерiн 84 400 млн. теңге мөлшеріндегі қаржы құралдарына инвестициялау жоспарланады. Негiзгi қызметтен (зейнетақы активтерiнiң кiрiсi мен инвестициялық кiрiс) түсетiн жалпы кiрiс сомасы 1 267 млн. теңге мөлшерiнде жоспарланады немесе ол 2002 жылғы осындай көрсеткiштен 7,6% артық.
Қосымша қызметтен түскен кiрiс
800-900 млн. теңге мөлшерiнде Қордың меншiктi қаражаттарының орташа жылдық көлемiн орналастыру болжанады, оның iшiнде 2003 жылдың басында 1 050 млн. теңгедей құраған инвестициялар көлемі, банктегi есепшоттардағы еркiн қаражат қалдығы, 2003 жылы түседi деп жоспарланған мөлшерi 1 267 млн. теңге комиссиялық сыйақы, 2002 жылдың қорытындылары бойынша 2003 жылдың 1 тоқсанында төленетiн дивидендтер мен корпоративтiк табыс салығы, сондай-ақ 2003 жылы қарастырылған салық төлемiн қоса алғанда, әкiмшiлiк-шаруашылық шығыстары есепке алынады. Активтердiң жоспарланған өсiмi орташа жылдық кiрiстiлiк деңгейi теңгемен жылдық 5,2-5,4% немесе меншiктi қаражаттарды инвестициялаудан 74 млн. теңге мөлшерiнде алынатын кiрiспен 2003 жыл бойына қаржы құралдарына инвестицияланатын болады.
2003 жылы Қордың жалпы шығыс сомасы 644,88 млн. теңге мөлшерiнде жоспарланған, ол тиiсiнше 2002 жылғы көрсеткiштен 29,7% артық (1-қосымша). Кассалық аударымдардың қорытындысы бойынша 700 млн. теңге деңгейiнде шығыс болмақ (4-қосымша). Қор шығысының көбеюi қызметкерлерге еңбек ақы төлеу шығысының өсуiмен, негiзгi құрал-жабдықтардың тозуымен, материалдық емес активтердiң өтелiмi, негiзгi құрал-жабдықтар және материалдық емес активтердi жөндеу мен оларға қызмет көрсету, коммуналдық шығыстар, өкiлдiктер шығысы, қызметкерлердiң біліктiлiгiн көтеру шығысы, кеңселiк және баспа жұмыстарына байланысты қызметтер шығысы, күзет шығыстары, банктiң көрсеткен қызметi үшiн шығыстар, жалгерлiк және басқа да шығыстармен байланысты.
Тұтас алғанда, Қор қызметкерлерiне еңбек ақы төлеу (еңбек ақы және сыйақы қоры) шығындар сомасы 218 млн. теңгенi құрайды, соның iшiнде: штаттық қызметкерлер бойынша - 210 млн. теңге, тартылған қызметкерлер (агенттер) бойынша - 8 млн. теңге. Еңбек ақы бойынша шығыстың жалпы сомасы 2002 жылмен салыстырғанда 70,9 млн. теңге немесе 48,2%-ды құрайды. Көбею:
1) 2003 жылы "Еңбек ақы қоры" бабына штаттық қызметкерлерге төленетiн ақымен қоса, қосымша 8 млн. теңге сомасында, тартылған қызметкерлерге (агенттерге) төленетiн ақының кіргізілуімен;
2) 6% инфляция есепке алына отырып, нақты жалақының өсуiмен, сондай-ақ инвестициялық басқару, тәуекелдiлiктi басқару, зейнетақы активтерiн есепке алу бойынша рынокта еңбегi үшiн жалақыны МЖЗҚ қызметкерлерiнен артық алатын біліктi мамандардың жұмыстан кетуiн тоқтату мақсатымен;
3) төмендегi қызмет бағыттары бойынша: зейнетақы және меншiктi активтердi инвестициялық басқару, техникалық және технологиялық дамуды қамтамасыз ету; салымшыларға көрсетiлетін қызмет көлемiн қалыптастыру, ұқсас қаржы институттары қызметiнiң халықаралық практикасын талдау және Қордың қызметiне қатысушылардың тәуекелiне талдауды ескере отырып, халықаралық кеңесшілер (соның iшiнде, ПРАГМА корпорациясы) жасаған қорытындылар негiзiнде, сондай-ақ инвестициялық қызметтiң (зейнетақы активтерiн мемлекеттік емес бағалы қағаздарға инвестициялау, зейнетақы активтерiн нарықтық қайта бағалауға көшу) шарттарын өзгерту бөлiгiнде Заңға енгiзiлген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, Қор қызметiнде жаңа бағыттардың пайда болуына, бағдарламалық-техникалық дамудың, Қордың технологиялық және маркетингтiк саясатын, зейнетақы жинақтарын (график бойынша) алушыларға зейнетақы төлеу жағдайларын, Қор тәуекелiн басқаруды дамыту қажеттiгiне байланысты даму бойынша штат санын 22 бiрлiкке көбейтумен ерекшеленедi.
Қызметкерлерге еңбек ақы тиеу шығысының ұлғаюымен байланысты еңбек ақыдан аударылатын төлемдерге (әлеуметтiк салық) байланысты тиiстi шығыс көлемiнiң өсуi.
Негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердiң амортизациясы бойынша шығыстардың артуы компьютерлiк және ұйымдық техникалар паркiн жаңарту қажеттiлiгiне сай Қордың операциялық және инвестициялық қызметiнiң шешушi процестерiн автоматтандыру мақсатында жоспарланған негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердi сатып алу ескерiле отырып, серверлердi (резервтiк орталық құруға орай) сатып алу қажеттiлiгiне байланысты болып отыр.
Негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердi жөндеу және оларға қызмет көрсету шығыстары сомалардың "Коммуналдық шығыстар" бабынан электрлiк жүйелердi жөндеуге бөлiнуi және нақты жүргiзілген шығыстарға: автокөлiктердi, кондиционерлердi жөндеу, дизелдi генератор қызметiн қамтамасыз ету шығыстарының көбеюi есебiнен ұлғаяды.
Коммуналдық шығыстардың жалпы сомасы 3,28 млн.теңгенi құрайды (2002 жылмен салыстырғанда, 4,5% артық) және оның құрамына ғимараттарды жалгерлiкке алу турасында жасалған келісім-шарттың шарттарына сәйкес коммуналдық қызметтердi өтеу бөлiгiнде есептелген Орталық аппарат, Астана қаласындағы филиал, өңiрлiк өкiлдiктер бойынша коммуналдық қызметтер кiредi. Тарифтердiң артуына байланысты Қордың Астана қаласындағы филиалына тиесілi аймақты тазалау бойынша көрсетiлетiн коммуналдық қызметке ақы төлеу шығысы және орталық аппарат бойынша электр энергиясының шығыстары да көбейдi.
Өкiлдiк шығыстар 2003 жылы 17 мың теңге сомасында жоспарланды. Аталған баптың 7 мың теңгеге ұлғаюы:
- халықаралық қаржы ұйымдары мен институттарынан делегациялардың келуiне;
- ИСО 9001:2000 халықаралық стандартына сәйкес сапа менеджментi жүйесiн енгізу бойынша консалтингтiк ұйымдар өкiлдерiнiң iссапарларына;
- кейiн екiншi жарты жылдықта қадағалау аудитiн жүргiзе отырып, ИСО (Тiркеушi) сертификаттау жөніндегі халықаралық орган аккредиттеген ИСО 9001:2000 халықаралық стандарттарына сәйкестендiруге байланысты болып отыр.
Қызметкерлердiң біліктілiгiн арттыру (оқыту) шығыстары 7 млн. теңгенi құрайды және:
1) заң бойынша талап етiлетiн Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің біліктiлiк куәлiктерiн алу үшiн
делдалдық-дилерлiк қызмет және бағалы қағаздар қоржынын
басқару бойынша мамандар оқытумен, сондай-ақ "Қазақстан
Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңға
өзгерістер мен толықтырулар енгізуге сәйкес қызмет атқару
үшiн қажеттi жаңа жұмыс бағыттары бойынша;
2) заңдардың зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару
бойынша қызметтi лицензиялау ережелерiне қатысты
талаптарын сақтау мақсатында, қоржынды тиiмдi басқаруды
және Қордың инвестициялық ресурстарын орналастыруды
арттыру мақсатында, корпоративтік бағалы қағаздардың
есебiн және басқару менеджментiн оқытуды талап ететiн
диверсификациалық үлгiнi өзгерту, сондай-ақ Қордың
инвестициялық қоржынындағы қаржы құралдарын есептеу және
талдау үлгiсiн жетiлдiру үшiн оқытуға;
3) Қордың шешушi және арнаулы бөлiмшелеріндегі
қызметкерлердiң өзара алмастырушылық талаптарына;
4) қаржы рыногында инвестициялық мәмілелердiң қарқындылығы мен
кiрiстілiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн ақпараттық
жүйелердi қолдануға, технологиялық процестердi
оңтайландыруға, Қор қызметiнiң ақпараттық
қауiпсiздiгiн және тәуекелдiлiктi басқару деңгейiн
арттыруға байланысты.
Кеңсе шығыстарының өсуi Қордың штаттық санының қажеттi түрде артуына байланысты, сома 1 адамға шаққандағы жоспарлы тұтыным және 2002 жылғы ұқсас шығыстарды талдау негiзiнде есептелген.
Телефон байланысы қызметтерiнiң, коммуникация және хабарламалар мен корреспонденцияларды жеткізу шығыстарына байланысты байланыс қызметтерiнiң шығысы 75,3 млн. теңге мөлшерiнде жоспарланған. Бұл көбею Қорға көрсетiлетiн байланыс қызметi көлемiнiң болжамды өсiмiмен, салымшылар үшiн Web-site ашумен және интернет-технологияларын енгізу дайындықтарымен байланысты.
Күзет шығыстарының өсiмi Қордың орталық аппарат ғимаратын, Астана қаласындағы филиалының ғимаратын және өңiрлiк өкiлдiктер (Солтүстiк Қазақстан мен Қызылорда) ғимараттарын күзету шығыстарын көздейдi. Үй-жайларды күзету шығыстары жасалған шарттардың талаптарына сәйкес осы қызметтердiң құнына орай есептелiнедi.
Кастодиан-банк көрсететiн қызметтер бойынша банк қызметтерi шығыстарының өсуi "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістердiң күшiне енуiне сәйкес мемлекеттік емес ұйымдар шығарған бағалы қағаздарға зейнетақы активтерiн инвестициялау шығыстарының көбеюiмен байланысты болды.
Жалгерлiк бойынша шығыстың өсуi операциялық залдар мен мұрағат үшiн қосымша ғимараттарды жалға алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір облыс орталықтарындағы өңiрлiк өкiлдiктер жалдап отырған ғимараттарды алмастыруға байланысты жалгерлiк шығынның болжамды өзгеруiн есепке ала отырып жоспарланды. Бұл жалдау жағдайының өзгеруiмен, кейбір өңiрлерде бұрынғы жалға берушiлердiң ғимараттарды жалға беруден бас тартуымен, сондай-ақ салымшыларға қызмет көрсетудi қамсыздандыру үшiн өкiлдiктердiң орналасқан жерiн жақсартумен ерекшеленедi.
Басқа шығыстар мынадай шығыстарға сай артты:
- жасалған келісім-шарттарға сәйкес бағдарламалық өнiмдердi қолдау, Ұлттық Банкінің "МЖЗҚ" ЖАҚ-тың есептеу жүйесi серверлерiн жаңғырту туралы" ұсыныс хатына сәйкес көзделген бағдарламалық қамтамасыз етудi кешендi талдау ақысы;
- салымшыларды құлақтандыру науқанын жүргiзу, облыс орталықтарынан тыс жерлерде тұратын 10% зейнетақы жарналарын төлеушiлермен ақпараттық және практикалық жұмыстарды жүргiзу бағдарламасын қаржыландыру мақсатында заңды тұлға - агенттердің қызметтеріне төленетiн ақы төлеу;
- өңірлiк өкілдіктерде - олардың орналасқан жерлерiнiң өзгеруiне сай үй-жайлардың қайта жабдықталуын жоспарлаумен байланысты, операциялық залдар мен Орталық аппарат үй-жайларында жергілiктi желiнi құрастыру жөніндегі шығыстар;
- астана әкiмшiлiгiнiң талабы бойынша Астана қаласындағы филиал ғимаратын мейрам күндеріне мiндетті түрде безендіру (плакаттар, жарықтандыру және т.б.) шығыстары да қарастырылған. 2002 жылы мұндай шығыстар қарастырылмаған болатын.
Жалпы кiріс және шығыс көлемдерiне қатысты 2003 жылға жоспарланған көрсеткiштерге сәйкес Қордың 2003 жылғы таза кiрiсi 488 млн. теңгенi құрауы мүмкін, ол 2002 жылғы салыстырмалы көрсеткіштен 3,6% кем. Бұл орайда консервативтi бағалаулар аясында корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар 209 млн. теңгеге дейiн - 18,0 млн. теңгеге немесе 7,9% азаяды деп жоспарланды. Дивидендтер көлемi 244 млн. теңгенi құрайды.
4. 2004-2006 жылдарға арналған даму жоспары
4.1. Мақсаттары мен мiндеттерi (стратегиялық және
2004 жылға арналған)
Қордың кәсiби менеджментi бар, халықтың барлық әлеуметтiк жiктерi мен Қазақстан Республикасының барлық өңiрi үшiн бiрдей жоғары сапалы және қол жетiмдi зейнетақы қызметтерiн ұсынатын орнықты қаржылық институт ретiнде қалыптасуы стратегиялық мақсаты болып табылады.
2004 жылы алға қойылған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшiн Қор төмендегi мiндеттердi шешудi:
1. салымшылардың талғамына сәйкес келетiн және олардың
болжалынан асып түсетiн менеджмент пен қызмет сапасының
халықаралық стандартын енгізу мен пайдалануды;
2. салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы
жинақтарын сақтау мен өсiру мүддесiне сай зейнетақы
активтерiн тиiмдi инвестициялық басқаруды қамтамасыз етудi;
3. Қор жұмысының қаржылық тұрақтылығын қамсыздандыру және
салымшылардың зейнетақы жинақтарын сақтау мақсатында
тәуекелдiлiктi басқару жүйесiн дайындау мен енгізудi;
4. Қордың қалыптасқан салымшыларымен олардың зейнетақы заңдары
бойынша өз құқықтары мен мiндеттерi туралы білімдерiн
арттыруды, сондай-ақ тұрғындар үшiн Қор қызметiнiң
ашықтығын және айқындығын қамтамасыз ету мақсатында
олармен ақпараттық-түсiндiрме жұмыстарын күшейтудi;
5. жүйе арқылы өңiрлерде өңiрлiк өкiлдiктердiң, филиалдардың
(Алматы қаласында филиал құруды қоса алғанда), агенттiк
пункттердiң және жеке тұлға-агенттердiң жұмысын арттыра
отырып, тұрғындар үшiн зейнетақы қызметтерiнiң қол жеткізу
мүмкiндiгiн және оның сапасын арттырудан тұратын өңiрлiк
саясатты одан әрi белсендi дамытуды;
6. бәсекелi орта жағдайларында Қордың тұрақты жұмыс iстеуiн
қамтамасыз ету және көрсетiлетiн зейнетақы қызметтерiнiң
сапасын арттыру мақсатында Қорда маркетингтiк бөлiмшесiн
құра отырып, маркетингтiк жұмысты күшейтудi;
7. салымшыларға арналған ақпараттық материалдардың саны мен
сапасын арттыруды;
8. салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы
жинақтар есебiнiң сенiмдiлiгiн қамтамасыз ету және
зейнетақы қызметтерiн жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалана отырып көрсету мақсатында негiзгi
бизнес-процессорларды автоматтандырып, Қордың
бағдарламалық-техникалық жағынан қамтамасыз етiлуiн
жаңғырту жөнiнде басталған жұмысты аяқтауды жоспарлайды;
Бұл шараларды iске асыру Қор жұмысының жоспарлы
көрсеткiштерiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
4.2. Алға қойылған міндеттерге қол жеткізу
жолдарын таңдау
Халықаралық сапа стандарттарын енгізу және пайдалану
Алға қойылған мiндеттерде негiзгi төрт кезеңде іске асыру жоспарланады:
1. Еңбек тиiмдiлiгiн және бәсекеге жарамдылықты арттыру үшін 2004 жылы ИСО 9001-2000 халықаралық стандартына сәйкес сапа менеджмент жүйесiн енгізу жоспарланады;
2. Енгiзiлген сапа менеджмент жүйесiн ИСО 9001-2000 стандарт талаптарына сәйкес келетiн жоғары деңгейде қолдау;
3. Қызметкерлердiң жұмысқа кәсiби дайындығын менеджмент әзірлеген сапа жүйесіне сәйкес жүзеге асыру;
4. Салымшының Қордың қаржылық орнықтылығын және оның тұрақты табыс беретiн қазіргі заманға сай сапалы қызмет көрсету мүмкiндiктерiне деген сенiмiне ие болып, оны тұрақты сақтап қалу арқылы Қордың рыноктық бәсекеге жарамдылығын сақтау және жетілдiру.
Мамандарды (аудитті қоса алғанда) оқытудың және ИСО 9001-2000 енгізудiң жалпы құны қол қойылған шартқа сәйкес 620 мың теңгені құрады. Сертификат берушi органдарда сертификаттауға жiберілетін жобалы шығын 805 - 966 мың теңге деңгейін құрайды және ол 2004 жылдың басында жүргiзiлуi мүмкiн. Сертификаттаушы органның халықаралық сапа стандартына сәйкес келетiндiгiн бақылау мерзiмi үш жылға созылады, ал оны тексеру жылына бiр реттен кем болмайды. Сапаны енгізу процесінде басшылық ету үшін оқып шыққан қызметкерлер арасынан жобаның басшысы тағайындалады және басшының тiкелей қатынасуымен және бақылауымен алға қойылған мақсат - ИСО 9001-2000 халықаралық сапа стандартына қол жеткізу үшiн тұрақты жұмыс жүргiзiледi.
Инвестициялық басқару тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету
Негiзгi стратегиялық мақсат - инвестициялық қауiптi барынша азайту және инвестициялар қоржынын оңтайландыру жолымен тұрақты кiрiстiлiк алу, яғни қоржынның сапалық сипаттамаларын - ұзақ мерзiмдi перспективада әрбiр аталған уақыт сәтiнiң тиiмдi мерзiмдiлiгi мен кiрiстiлiгiн жетiлдiру талаптарына жауап беретiн оңтайландырылған, тиiмдi қоржын қалыптастыру.
Мақсатқа қол жеткізудегi мiндет - салымшылардың қажеттiлiгiн қанағаттандыру және зейнетақы қызметтері мен инвестициялық басқару қызметiнiң сапасын арттыру үшін Қордың барлық бөлiмшелерiнiң жұмысын жақсарту сияқты Қор қызметінің iшкi уәждемесінен бастау ала отырып, тұтас алғанда Қордың сапа стандарты жүйесiн дайындап енгізу. Аталған мақсатты жүзеге асырудың бiр кезеңi ретiнде халықаралық стандарттау ұйымының сертификатын - ИСО 9001 алу жоспарланады.
Зейнетақы қызметтерi рыногында Қор және оның қызметкерлерi өз салымшыларына әрдайым 100% қанағаттандырарлық қызмет көрсетуге ұмтылуы қажет. Бұл мақсаттар:
- салымшылардың мұқтаждары мен талаптарын толықтай ұғыну;
- Қордың сапалы және қатесiз жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі
жалпы бағдарламасына енгiзе отырып, салымшыларға