|
|
Ұсынылған нақты кiрiс коэффициентiнiң ай сайынғы серпiнi жинақтаушы зейнетақы қорының шартты зейнетақы бiрлiгiнiң құны сияқты қаржы көрсеткiшiмен өзара сабақтас екендiгiн атап өткен жөн (9-кесте). 9-кесте Нақты кiрiстiк коэффициентi (К2) мен шартты зейнетақы бiрлiгi (ШЗБ) құнының серпiнi Қорлардың атауы | 2001 жыл | 2002 жыл | К2, % | ШЗБ құны, теңге | К2,% | ШЗБ құны, теңге | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | "Мемлекеттік жинақ. 15,84 232,4482 14,80 266,6102 таушы зейнетақы қоры" "Валют-транзит қоры" 14,42 250,8393 12,38 281,0647 "Д.А.Қонаев атындағы қор" 14,44 233,7715 11,87 260,9985 "Халықтық зейнетақы қоры" 15,42 267,3640 12,46 299,8405 "Қазақстан" 16,54 251,0615 13,27 283,3791 "Қазақстан Халық Банкi қоры" 15,02 261,7668 12,71 294,3595 "Қазақмыс" 14,87 268,4221 13,01 304,0027 "Ұлар Үмiт" 14,25 262,2282 12,97 299,7234 "НефтеГазДем" 15,78 258,8800 13,12 288,3535 "Құрмет" 16,54 211,8701 13,27 239,3788 "Абн-Амро КаспийМұнай Газ" 14,51 181,8676 12,64 204,5951 "Сенім" 15,52 141,5332 12,91 160,3808 "Қорғау" 15,52 131,5510 11,36 146,1375 "Филип Моррис Қазақстан" - 106,5426 11,42 118,4678 "Отан" - 100,5905 9,87 110,6464 "Капитал" - - - 105,2561 |
Шартты зейнетақы бiрлiгi құнының өсу қарқыны жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметi мен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару органдарының зейнетақы активтерiн тиімдi пайдалану нәтижелерiне сай өзгерiп отырады. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының" зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық қызметi iшкi және сыртқы рыноктарда қалыптасқан жағдайларда Қордың зейнетақы бiрлiгi құны өсу қарқынының тұрақты деңгейiн қамтамасыз етуге бағытталған. Негiзгi клиенттер (тұтынушылар, тапсырыс берушiлер) Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу тенденциясы өсiп отырған жұмысқа жарамды халқы жинақтаушы зейнетақы қорларының негiзгi әлеуетті клиенттері (салымшылары) болып табылады. Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң деректерiне сүйенсек, жинақтаушы зейнетақы жүйесiне экономикалық белсенді халықтың 73,0% қатысады. 2002 жылы жылдың басымен салыстырғанда жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысушылар саны 16,6%-ға өсіп, республика азаматтарының 5 399 320 құрады, олардың iшiнде барлық салымшылардың/қатысушылардың жалпы санының 42,6% халықтың зейнетақы жинақтарын құрайтын және салымшылар үшiн инвестициялық кiрiс алу мақсатында оларды өзi дербес басқаратын "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының" (бұдан былай - Қор) салымшылары болып табылады. Қордың клиенттерi - салымшылары, олардың жеке кiрiс деңгейiне қарамастан, Қазақстанның барлық өңiрiн және барлық әлеуметтiк жiктердi қамтитын азаматтары болып табылады, яғни еңбек рыногының барлық сараланымын қамтиды. 2002 жылдың қорытындылары бойынша Қорда 2 299 416 жеке зейнетақы шоттары (2001 жылмен салыстырғанда 7,3%-ға артық) ашылып, оларға қызмет көрсетiлдi. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсте салымшылардың ең көп үлес салмағы Алматы облысына (Алматы қаласын қоса алғанда) - 24,8%, Ақмола облысына (Астана қаласын қоса алғанда) - 14,4%, Шығыс Қазақстан облысына - 9,8% тиесiлi (10-кесте). 10-кесте Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегі салымшылар саны үлес салмағының серпіні Облыс | 2001 жыл, % | 2002 жыл, % | Пайыздық тармақтардың өсуi/төмендеуi (+/-) | Ақмола 10,6 14,4 +3,8 Ақтөбе 4,1 4,3 +0,2 Алматы 25,7 24,8 -0,9 Атырау 3,4 3,3 -0,1 Шығыс Қазақстан 10,2 9,8 -0,4 Жамбыл 4,4 4,0 -0,4 Батыс Қазақстан 3,5 3,6 +0,1 Қарағанды 10,2 8,5 -1,7 Қызылорда 2,3 2,3 0,0 Қостанай 5,9 5,5 -0,4 Маңғыстау 1,9 1,7 -0,2 Павлодар 5,6 5,3 -0,3 Coлтүстік Қазақстан 4,5 4,4 -0,1 Оңтүстік Қазақстан 7,7 8,1 +0,4 |
Гендерлi талдау жасау 2002 жылы 2001 жылдағыдай Қорда салымшы-еркектер салымшы-әйелдерден басымырақ болғанын көрсетедi. 2003 жылдың 1 қаңтарында еркектер саны 1 182 032 (салымшылардың жалпы санының 51,4%) және әйелдер саны 1 117 384 (48,6%) болды. Қордың 2001-2002 жылдардағы ақпараттық деректер базасының құрылымын талдау қалалық салымшылар деңгейiнiң селолық салымшылар деңгейiнен артық екендігін көрсеттi. 2003 жылғы 1 қаңтарда қалалық салымшылар саны 1 348 014 (салымшылардың жалпы санының 58,6%) құраса, селолық салымшылар саны 951 402 (41,4%) құрады (11-кесте). 11-кесте Әкiмшілік-аумақтық бөлiнiстегi салымшылар, құрылымы (адам) Облыс | 2001 жыл | 2002 жыл | қалалық | селолық | қалалық | селолық | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | Ақмола 124 045 102 521 242 668 89 385 Ақтөбе 50 498 38 905 55 669 42 226 Алматы 425 735 124 431 436 492 134 205 Атырау 39 573 33 380 41 811 33 215 Шығыс Қазақстан 141 237 76 522 143 426 81 309 Жамбыл 44 082 47 781 42 737 49 401 Батыс Қазақстан 35 032 42 211 35 262 48 607 Қарағанды 89 211 128 670 75 076 119 795 Қызылорда 23 277 26 213 23 145 28 655 Қостанай 64 195 61 207 61 749 64 890 Маңғыстау 32 869 8 726 30 986 8 848 Павлодар 36 764 83 399 36 769 85 724 Солтүстiк Қазақстан 34 685 64 060 33 748 68 340 Оңтүстiк Қазақстан 77 170 86 705 88 480 96 806 | Барлығы 1 218 373 924 731 1 348 014 951 402 |
Салымшыларды 2003 жылғы 1 қаңтарға экономика саласы қимасында сыныптау бойынша салымшылардың негiзгi үлесі депозитарийлiк емес қаржылық корпорацияларда (сақтандыру, делдалдық, сенiмгерлiк мекемелер, банк операцияларының кейбір түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда және т.б.) 41,9%, Қазақстан Республикасы Yкіметінде - 25,9% жұмыс істейдi (12-кесте). 12-кесте Салымшылар санының экономика саласы қимасындағы үлес салмағының серпiнi (пайыз) Атауы | 2001 жыл | 2002 жыл | Халықаралық ұйымдар 0,0 0,0 Үкiмет 45,7 25,9 Өңiрлiк және жергiлiктi 0,0 9,6 басқару органдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және басқа 0,1 0,1 елдердiң орталық банктерi Ақша - депозитарийлiк 0,1 1,6 корпорациялар Депозитарийлiк емес қаржы 31,1 41,9 корпорациялары Мемлекеттік қаржылық емес 0,0 3,9 корпорациялар Мемлекеттік емес қаржылық 0,0 9,8 емес корпорациялар Коммерциялық емес мекемелер 0,0 0,4 Үй шаруашылығы 0,0 2,9 Басқалары 23,0 3,9 |
Қор салымшыларының басым көпшілігін 2001-2002 жылдарда тұрақты түрде 40,49, 30-39 жастағы азаматтар/салымшылар құрады (13-кесте). 13-кесте Жас шамасы қимасындағы салымшылар үлес салмағының серпiнi (пайыз) Жас | 2001 жыл | 2002 жыл | еркектер | әйелдер | еркектер | әйелдер | <16-19 1,0 0,8 1,2 1,0 20-29 22,9 24,2 23,0 24,3 30-39 28,5 29,9 28,2 29,5 40-49 27,6 30,4 27,8 30,2 50-59 15,3 13,5 15,4 14,0 60->63 4,7 1,2 4,4 1,0 Барлығы 100,0 100,0 100,0 100,0 | | | | | |
Талдаудан көрiнiп тұрғанындай Қордың салымшылары (клиенттерi) Қазақстанның барлық облыстарының қалалары мен селоларында тұратын, экономиканың түрлi секторларында жұмыс жасайтын жынысы және жас шамасы әр түрлi топтағы азаматтардың спектрiн құрайды. Қор сан салалы жүйенi пайдалана отырып, жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатыспаған әлуеттi салымшыларды тарту мiндетiн жүзеге асыру мақсатында барлық салымшыларды, сондай-ақ Қазақстан жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысушы тұрғындардың барлық әлеуметтiк жiктерiн зейнетақы қызметтерiмен бiрдей қамтамасыз етуге мақсатты бағытталған жұмыстар жүргiзiп жатыр. 3. 2001-2003 жылдардағы өндiрiстiк-қаржы қызметiне талдау Қордың меншiктi активтерiнiң жалпы көлемi 2002 жылда 31,5% көбейдi және 2003 жылғы 1 қаңтарға 1 361 млн. теңгенi құрады. Бұл орайда активтердiң жалпы көлеміндегі өтiмдiлiгi жоғары активтердiң үлес салмағы мерзiм iшiнде 80,9%-ға дейiн немесе 5,0% өстi, ал кiрiс әкелетiн активтерi (қаржылық инвестициялар) Қордың еркiн меншiктi қаражатын инвестициялау есебiнен 78,5%-ғa дейiн немесе 37,3% өстi. Қордың мiндеттерiнiң жалпы көлемi 2002 жылда 28,9% өсiп, 2003 жылғы 1 қаңтарға 339 млн. теңгенi құрады. Мiндеттемелердiң негiзгi көлемiн 2002 жылы есептелген 253 млн. теңге мөлшеріндегі немесе мiндеттемелердiң жалпы сомасының 74,6% көлеміндегі дивидендтер құрайды. 2002 жыл бойына Қор орталық аппараттың құрылымдық бөлiмшелерiн, Қордың филиалы мен өкiлдiктерiн оңтайландыруға, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтердiң өзiндiк құнын төмендетуге және шығынды барынша азайтуға баса назар аударды. Соның нәтижесiнде қаржылық тұрақтылық нығайып, 2002 жылды оң қаржы көрсеткiшiмен аяқтауға мүмкiндiк бердi. Қордың меншiктi капиталының көлемi 2002 жылғы бөлiнбеген кiрiс есебiнен 32,9% көбейдi және 2003 жылғы 1 қаңтарға сақтық капиталының 48,5% немесе 101 млн. теңгеге көбеюiмен 1 021 млн. теңгенi құрады. Қордың кiрiсiнiң жалпы көлемi 2000 жылы 21,5% көбейiп, 1 230 млн. теңгенi құрады: оның iшiнде зейнетақы жарналарынан комиссиялық сыйақы түрiнде алынған кiрiс - 12,9%, зейнетақы жинақтары есебінен инвестициялау түрiнде алынған кiрiс - 82,8%, меншiктi қаражаттар есебiнен инвестициялық қызметтен кiрiс - 3,8%, басқа да кiрiс - 0,5% құрады. 2002 жылы зейнетақы жарналары есебiнен инвестициялық қызметтен комиссиялық сыйақы түрiнде түскен кiрiс көлемi 3,2%-ке, зейнетақы жинақтары есебiнен инвестициялық қызметтен комиссиялық сыйақы түрiнде түскен кiрiс 26,3%-кe өстi. Салымшылардың зейнетақы жинақтары жалпы көлемiнiң өсуiнен және тиiсiнше инвестициялау көлемiнiң көбеюiмен бiрге айтарлықтай өсiм қаржы рыноктарында осы мерзiм iшiнде қолайлы жағдаятты бағаның қалыптасуына орай 2002 жылдың бiрiншi жартысында Қордың инвестициялар қоржынындағы базалық активтер пакетiнiң сатылуымен қатар, сыртқы рыноктағы сауда операцияларының тиiмдiлiгiне де қатысты болды. Қордың меншiктi қаражаттары есебiнен инвестициялау қызметiнiң комиссиялық сыйақысы түріндегi кiрiс көлемi 6,8% өстi. Аталған өсiм ағымдағы шығындарды шегергенде комиссиялық сыйақы сомаларының келiп түсу есебiнен Қордың меншiктi активтерi өсiмiнiң ай сайынғы серпiнiнiң сақталуымен, сондай-ақ еркiн ақшаларды өтiмдiлiгi жоғары қаржы құралдарына одан әрi инвестициялаумен сипатталады. Қор шығынының жалпы көлемi 17,2% өсіп, 2002 жылы 497 млн. теңгенi құрады, оның iшiнде қызметкерлерге еңбек ақы төлеу шығыны 29,6%, еңбек ақыдан аудару - 5,4%, негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердiң өтелiмi - 7,6%, негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердi жөндеу және оларға қызмет көрсету - 1,2%, байланыс қызметтерi - 10,3%, консультациялық (аудиторлық) және ақпараттық қызметтер - 7,6%, банк қызметтерi - 12,9%, жалдау шығыны - 1,6%, басқаша шығындар - 18,5% құрады. 2002 жылы қызметкерлерге ақы төлеу шығынының көбеюi (38,7%) штат санының және қызметкерлердiң лауазымдық жалақыларының өсуiмен де байланысты. Шығынның көрсетiлген бабы еңбек ақыдан ұсталатын аударым жарнасы бойынша шығынның өсуiне әсер еттi. Осы мерзiм iшiнде негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердiң өтелiмiне кеткен шығын көлемiнiң өсуi (15,2%) Қордың негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерге салған салымының көбеюiне, байланыс қызметтеріндегі шығынның ұлғаюы (21,4%) хабарламаларды жеткізу қызметi мен коммуникация қызметi көлемiнiң артуына байланысты. Консультациялық (аудиторлық) және ақпараттық қызметтер шығыны көлемiнiң артуы (58,3%), халық арасында зейнетақы реформасы туралы түсiндiрме науқанын жүргiзу аясында ақпараттар беру шығыны, сондай-ақ "REUTERS" ақпараттық жүйесi бойынша шығынның өсуiмен байланысты. 2002 жылы банк қызметтеріне жiберілген шығынның азайғандығына (2001 жылмен салыстырғанда - 7,2%) қарамастан, бұл бап шығындардың жалпы сомасында айтарлықтай үлесiн сақтап отыр. Басқа шығындар 24,3%-ке артты.
|
|