Балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселелерi жөнiндегі
ведомствоаралық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 11 наурыздағы № 308 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 02.08.04 ж. № 822 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 25 наурыздағы № 264 Қаулысымен күші жойылды
Балалардың құқықтарын қорғау және заңды мүдделерiн тиiмдi қорғауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
2. Қoca берiлiп отырған Балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 11 наурыздағы № 308 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінің 02.08.04 ж. № 822 қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселелерi жөнiндегі
ведомствоаралық комиссияның құрамы
Құлекеев - Қазақстан Республикасының Білім
Жақсыбек Әбдiрахметұлы және ғылым министрi, төраға
Шәмшидинова - Қазақстан Республикасының Білім
Күләш Ноғатайқызы және ғылым вице-министрi, төрағаның
орынбасары
Досаев - Қазақстан Республикасының
Ерболат Асқарбекұлы Денсаулық сақтау министрі
Есбосынова - Қазақстан Республикасының
Светлана Бағытқызы Білім және ғылым министрлігі
Орта білім департаментінің
директоры, хатшы;
Комиссия мүшелерi:
Әбусейiтов - Қазақстан Республикасының
Қайрат Қуатұлы Сыртқы iстер бірiншi вице-министрi
Байғұтдинов - Қазақстан Республикасы
Темiрлан Серiкұлы Президентінің жанындағы Отбасы
және әйелдер iстерi жөніндегі
ұлттық комиссия хатшылығы секторының
меңгерушiсi (келісім бойынша)
Баймағанбетов - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Серiк Нұртайұлы вице-министрi
Байқадамов - Қазақстан Республикасындағы Адам
Болат Кенжекешұлы құқықтары жөніндегі уәкiл, (келісім
бойынша)
Қарақұсова Гүлжан - Қазақстан Республикасының Еңбек
Жанпейiсқызы және халықты әлеуметтік қорғау
министрi
Отто - Қазақстан Республикасының Iшкi
Иван Иванович iстер бірiншi вице-министрi
Досаев - Қазақстан Республикасының
Ерболат Асқарбекұлы Денсаулық сақтау министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 11 наурыздағы № 308 қаулысымен
бекітілген
Балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселелерi жөнiндегі
ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында құрылған.
2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, БҰҰ-ның Баланың құқықтары жөніндегі конвенциясының ережелерiн, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның негізгі мiндеттерi мен функциялары
4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары:
1) балалар құқықтары мен мүдделерiн қорғау саласындағы проблемалар бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
2) балалардың құқықтары мен мүдделерiне қатысты мәселелер бойынша мүдделi органдар мен ұйымдардың ұсыныстарын қарау;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметіне қажеттi ақпарат ұсыну болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары
5. Комиссия өз мiндеттерiне сәйкес:
1) оның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша ұсынымдар әзiрлеуге және ұсыныстар енгiзуге;
2) заңнамада белгiленген тәртiппен Комиссия мiндеттерiн iске асыруға қажеттi материалдарды мемлекеттік және басқа ұйымдардан сұратуға және алуға;
3) уақытша және тұрақты жұмыс iстейтiн сараптау және жұмыс топтарын ұйымдастыруға;
4) оның құзыретіне жатқызылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
6. Комиссияны оның қызметiне басшылық жасайтын, Комиссияның мәжілістерiнде төрағалық ететiн, оның жұмысын жоспарлайтын, оның шешімдерінің iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асыратын және Комиссия жүзеге асыратын қызметке жауап беретiн төраға басқарады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
7. Комиссия жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жүктеледі.
8. Комиссияның жұмыс органы:
1) Комиссия мәжілісiнiң күн тәртібін қалыптастырады;
2) Комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етедi және бақылайды;
3) Комиссия мүшелерiнiң және оның қызметiне тартылған мамандардың жұмысын үйлестiредi.
9. Комиссия мәжілістерiнде қарауға арналған мәселелер тiзбесi қажеттiлiгiне қарай жасалады және оны төраға бекiтедi.
10. Бекiтiлген тiзбе Комиссия мүшелерiне тiзiм бойынша жөнелтiледi.
11. Комиссия мәжілісінің нәтижелері бойынша төраға қол қоятын хаттама жасалады. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс беру жолымен қарапайым көпшiлiк дауыспен қабылданады және егер олар үшiн Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданады деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
12. Комиссияның шешiмi ұсынымдық сипатта болады.
13. Комиссия мүшелерінің айрықша пiкiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және Комиссия мәжілісiнiң хаттамасына қоса берiлуi тиiс.
14. Комиссия мәжілісi қажеттiлiгiне қарай, бірақ кемiнде тоқсанына бір рет өткiзiледi және оны төраға шақырады. Шұғыл шешім қабылдау қажет болған жағдайларда төрағаның шақыруы бойынша Комиссияның кезектен тыс мәжілісi өткiзiлуi мүмкiн.
15. Комиссияның мәжілісi оның мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде заңды болып саналады.
5. Комиссияның қызметiн тоқтату
16. Комиссияның қызметiн тоқтатуға Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiз болып табылады.