Балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселелерi жөнiндегі
ведомствоаралық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 11 наурыздағы N 308 қаулысы
Осы редакция 2004 ж. 2 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Балалардың құқықтарын қорғау және заңды мүдделерiн тиiмдi қорғауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
2. Қoca берiлiп отырған Балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Pecпубликасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2004 жылғы 11 наурыздағы N 308 қаулысына
қосымша
Балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселелерi жөнiндегі
ведомствоаралық комиссияның құрамы
Құлекеев - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Жақсыбек Әбдiрахметұлы және ғылым министрi, төраға
Шәмшидинова - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Күләш Ноғатайқызы және ғылым вице-министрi, төрағаның
орынбасары
Шер - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Раиса Петровна және ғылым министрлiгi Жалпы орта,
кәсiптiк бастауыш және орта бiлiм
департаментiнiң басқарма бастығы,
хатшы
Комиссия мүшелерi:
Әбусейiтов - Қазақстан Республикасының
Қайрат Қуатұлы Сыртқы iстер бiрiншi вице-министрi
Байғұтдинов - Қазақстан Республикасы
Темiрлан Серiкұлы Президентiнiң жанындағы Отбасы
және әйелдер iстерi жөнiндегi
ұлттық комиссия хатшылығы секторының
меңгерушiсi (келiсiм бойынша)
Баймағанбетов - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Серiк Нұртайұлы вице-министрi
Байқадамов - Қазақстан Республикасындағы Адам
Болат Кенжекешұлы құқықтары жөнiндегi уәкiл, (келiсiм
бойынша)
Досқалиев - Қазақстан Республикасының
Жақсылық Ақмырзаұлы Денсаулық сақтау министрi
Қарақұсова Гүлжан - Қазақстан Республикасының Еңбек
Жанпейiсқызы және халықты әлеуметтік қорғау
министрi
Отто - Қазақстан Республикасының Iшкi
Иван Иванович iстер бiрiншi вице-министрi
Рахметов - Қазақстан Республикасы
Қайрат Мырзаханұлы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң бас
сарапшысы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2004 жылғы 11 наурыздағы N 308 қаулысымен
бекiтiлген
Балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселелерi жөнiндегі
ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ету жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында құрылған.
2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, БҰҰ-ның Баланың құқықтары жөнiндегi конвенциясының ережелерiн, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа aлады.
2. Комиссияның негізгі мiндеттерi мен функциялары
4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары:
1) балалар құқықтары мен мүдделерiн қорғау саласындағы проблемалар бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
2) балалардың құқықтары мен мүдделерiне қатысты мәселелер бойынша мүдделi органдар мен ұйымдардың ұсыныстарын қарау;
3) Қазақстан Республикасының Үкiметiне қажеттi ақпарат ұсыну болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары
5. Комиссия өз мiндеттерiне сәйкес:
1) оның құзыретiне енетiн мәселелер бойынша ұсынымдар әзiрлеуге және ұсыныстар енгiзуге;
2) заңнамада белгiленген тәртiппен Комиссия мiндеттерiн iске асыруға қажеттi материалдарды мемлекеттiк және басқа ұйымдардан сұратуға және алуға;
3) уақытша және тұрақты жұмыс iстейтiн сараптау және жұмыс топтарын ұйымдастыруға;
4) оның құзыретіне жатқызылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
6. Комиссияны оның қызметiне басшылық жасайтын, Комиссияның мәжiлiстерiнде төрағалық ететiн, оның жұмысын жоспарлайтын, оның шешімдерінің iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асыратын және Комиссия жүзеге асыратын қызметке жауап беретiн төраға басқарады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
7. Комиссия жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне жүктеледі.
8. Комиссияның жұмыс органы:
1) Комиссия мәжiлiсiнiң күн тәртiбiн қалыптастырады;
2) Комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етедi және бақылайды;
3) Комиссия мүшелерiнiң және оның қызметiне тартылған мамандардың жұмысын үйлестiредi.
9. Комиссия мәжілістерiнде қарауға арналған мәселелер тiзбесi қажеттiлiгiне қарай жасалады және оны төраға бекiтедi.
10. Бекiтiлген тiзбе Комиссия мүшелерiне тiзiм бойынша жөнелтiледi.
11. Комиссия мәжілісінің нәтижелері бойынша төраға қол қоятын хаттама жасалады. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс беру жолымен қарапайым көпшiлiк дауыспен қабылданады және егер олар үшiн Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданады деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
12. Комиссияның шешiмi ұсынымдық сипатта болады.
13. Комиссия мүшелерінің айрықша пiкiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және Комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасына қоса берiлуi тиiс.
14. Комиссия мәжiлiсi қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кемiнде тоқсанына бiр рет өткiзiледi және оны төраға шақырады. Шұғыл шешім қабылдау қажет болған жағдайларда төрағаның шақыруы бойынша Комиссияның кезектен тыс мәжiлiсi өткiзiлуi мүмкiн.
15. Комиссияның мәжiлiсi оның мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде заңды болып саналады.
5. Комиссияның қызметiн тоқтату
16. Комиссияның қызметiн тоқтатуға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiз болып табылады.