Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 305 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 1618 қаулысы
ҚР Үкіметінің 29.01.04 ж. № 108 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Кедейлікпен күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 8, 94-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) кіріспеде:
"мониторингін" деген сөз "барысын талдауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"дайындау" деген сөз "дайындауды үйлестіру" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулыға қосымшада:
Кедейлікпен күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамына мыналар енгізілсін:
Әбдіқалықова - Қазақстан Республикасының
Гүлшара Наушақызы Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі Әлеуметтік
қамсыздандыру және әлеуметтік
көмек департаментінің директоры
Ермекова - Қазақстан Республикасының Стратегиялық
Несіпбала Әбсағитқызы жоспарлау жөніндегі агенттігі
Стратегиялық жоспарлау және
бақылау департаментінің
директоры (келісім бойынша)
Жоламан - Қазақстан Республикасының Премьер-
Рүстем Қабидоллаұлы Министрі Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени
даму бөлімінің меңгерушісі
Кесікбаев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Сұлтанғали Қабденұлы министрлігі Мемлекеттік органдарды
қаржыландыру департаментінің
директоры
Ахметов - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Қырым Қамиғалиұлы сақтау министрлігі Медицина ғылымы,
білім беру және лицензиялау
департаментінің директоры
Нұрғожаева - Қазақстан Республикасының
Татьяна Александровна Білім және ғылым министрлігі Бюджет,
жоспарлау және қаржы департаментінің
директоры
Шокаманов - Қазақстан Республикасының Статистика
Юрий Камирович жөніндегі агенттігі төрағасының
бірінші орынбасары;
көрсетілген құрамнан Елена Леонидовна Бахмутова, Вячеслав Евгеньевич Евстафьев, Мият Саттарұлы Жанәбілов, Ақбар Қуанышбайұлы Тоқаев шығарылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Кедейлікпен күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
"Жалпы ережелер" деген 1-бөлімнің бірінші абзацында:
"мониторингін" деген сөз "барысын талдауды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"дайындау" деген сөз "дайындауды үйлестіру" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Комиссияның міндеттері мен функциялары" деген 2-бөлімде:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"жұмыспен қамту саласындағы проблемаларды зерттеу және еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныс құрылымын ескере отырып, жұмыссыздық деңгейін төмендету жөнінде ұсынымдар әзірлеу;";
соңғы абзац алынып тасталсын;
"Комиссия құқықтары" деген 3-бөлімнің 1) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |