Дәліздер мен темір жол учаскелерінің атаулары | Ұзақ- тығы, км | Екі ара- лықтағы негізгі жолдар саны | Күшейтуге мұқтаж учаскелер ұзақтығы |
бірінші кезекте | келешекте |
СОЛТҮСТІК дәлізі |
Саяқ - Ақтоғай 185,5 бір 25,6 237,7 Мойынты - Саяқ 336,9 бір 14,5 217,6 Астана - Мойынты 1190,6 бір/екі 34,7 184,7 Көкшетау - Астана 600,5 бір/екі 41,5 174,1 Ақтоғай - мемл.шекара 680,4 бір/екі 2,5 324,8 Дәліз бойынша барлығы: 3321,8 118,8 1262,9 |
ОРТАЛЫҚ дәлізі (СОЛТҮСТІК дәлізі құрамында ескерілген Достық - Ақтоғай учаскесін алып тастағанда) |
Арыс - Алматы 1562,8 бір 352,9 280,42 Алматы І - Ақтоғай 562,5 -//- 133,6 436,5 Дәліз бойынша барлығы: 2125,3 486,5 716,92 |
ОРТА АЗИЯ дәлізі |
Озинки - Шеңгелді 3281 бір-екі 457,5 729,97 Дәліз бойынша барлығы: 3281 457,5 729,97 |
БАТЫС дәлізі |
Мақат - Ақсарай 441,8 бір 367 68 Мақат - Бейнеу 300,3 -//- - 95 Бейнеу - Маңғыстау 403,5 -//- 225- 178 Дәліз бойынша барлығы: 1145,6 592 341 Негізгі дәліздер бойынша Барлығы 9873,7 |
2) Автомобиль көлігі
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық байланыстарын қамтамасыз
ететiн автомобиль жолдарының тiзбесi "Қазақстан Республикасында
халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыруды дамыту мен жетiлдiру
жөніндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің
1995 жылғы 25 сәуірдегі № 557 қаулысымен бекітілген. Iс жүзінде ол толық
көлемде БҰҰ АТМЭӘК бағдарламалық кеңесiнде (Бангкок, 1995 жыл) Азия тас
жолдары құрамына енгізу үшін АЛТИД жобасы бойынша ұсынылған едi.
Еуропа - Азия қатынасындағы "E" санатындағы автомобиль жолдарының
халықаралық желісін құру Еуропалық экономикалық комиссияның (БҰҰ EЭK)
тарапынан жүргiзіліп жатыр.
Халықаралық автомагистральдар жөніндегі келісім арқылы (ХАК, БҰҰ EЭK
Iшкi көлiк жөніндегі комитетi, Женева, 1975 жыл) негiзгi техникалық
талаптар белгiлендi, Еуропадағы халықаралық автомобиль жолдарының тiзбесi
жіктелдi және бекiтілдi. Көрсетiлген Келісімге толықтыруларға сәйкес
халықаралық автомобиль жолдарының тiзбесi кеңейтiлдi және оған құрлықтың
азиялық бөлiгiнде орналасқан автомобиль жолдары енгiзiлдi.
Қазақстан автомобиль жолдарын еуразиялық халықаралық автомобиль
жолдары желісіне енгізу бойынша ағымдағы жай-күйi 4-кестеде көрсетiлген.
Темір жолдардағы жағдай сияқты, БҰҰ аймақтық құрылымдары арқылы
назарға алынған қазақстандық автомобиль жолдары Қазақстан Республикасының
аумағындағы жоғарыда аталған төрт көлiк дәлiзiне төселiнедi.
4-кесте. Қазақстан Республикасының халықаралық автомобиль жолдары
Автомобиль жолдарының учаскелері | Жіктеме |
ХАҚ, ЕЭК БҰҰ | БҰҰ АТМЭӘК, Азия тас жолдары |
СОЛТҮСТІК дәлізі |
Омбы-Павлодар-Семей-Георгиевка -Майқапшағай Е-127 - Омбы-Павлодар-Семей-Георгиевка -Аягөз-Таскескен-Үшарал-Сарыөзек - А-60 Таскескен-Бақты Е-015 - Үшарал-Достық Е-014 А-72 |
ОРТАЛЫҚ дәлізі |
Ташкент-Шымкент-Бішкек- Алматы-Сарыөзек Е-40 А-5 Сарыөзек-Хоргос Е-013 А-5 Алматы-Көкпек Е-011 - Көкпек-Көктал-Хоргос Е-012 - |
ОРТА АЗИЯ дәлізі |
БАТЫС дәлізі |
Орал-Атырау Е-121 А-63 Астрахань-Атырау - А-70 Атырау-Доссор-Бейнеу Е-121 А-63, А-70 Бейнеу-Шетпе-Жаңа Өзен-Бекдаш Е-121 А-70 |
Қазақстанның солтүстiк батыста автомобиль жолдары Ресей Федерациясы
автомобиль жолдарының желісі арқылы 2-шi (Берлин Варшава Минск - Москва -
Нижний Новгород - Екатеринбург - Челябинск) және 9-шы (Хельсинки -
Астрахань) пан-еуропалық дәлiздерге шығады. Шығыста олар Қытай Халық
Республикасының автомобиль жолдарымен тоғысады, ал оңтүстiкте орталық
азиялық мемлекеттерi автомобиль жолдарының желісі арқылы Оңтүстiк Азия
және Парсы шығанағы елдерiне жол ашады.
Сараптамалық бағалар бойынша тасымалдардың, соның iшiнде
транзиттiктің де ең көп көлемдерi ОРТАЛЫҚ және ОРТА АЗИЯ дәлiздерiне
келедi. Алайда қазiргi кезде бұл үшiн, өкiнiшке орай, дәл сандық бағалар
жоқ. Қазiргi кезде Қазақстанда "жүрдек" немесе "автомагистраль" ретiнде
жiктеуге болатын бiрде-бiр автомобиль жолы жоқ. Автомобиль жолдарының
техникалық параметрлерi халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес
келмейдi және ең дұрыс жағдайда оларды "әдеттегi" үлгiдегi жолдарға
жатқызуға болады (ХАК жiктемесi). Осы дәлiздер бойынша өткізу қабiлетiн
жақсарту үшiн мынадай: Алматы-Бiшкек, Қарабұтақ-Ырғыз-Арал, Ресей
Федерациясы шекарасы-Орал-Ақтөбе, Қарабұтақ-Қызылорда шекарасы сияқты
автожолдардың жекелеген учаскелеріне қайта жаңарту жүргiзу қажет. Бұл
автожолдардың учаскелерiн қайта жаңартуға арналған қаражат тиiстi жылдың
республикалық бюджетiнде көзделетiн болады.
Халықаралық маңыздағы автомобиль жолдары өз ұзақтығының үлкен
бөлуiнде (94%) асфальт-бетонмен және қара қиыршықтас жамылғысымен
төселген. Топырақ үзілулерi тек БАТЫС дәлiзiнің автомобиль жолдарында
ғана кездеседi. Сонымен бiрге пайдалану жай-күйi қанағаттанғысыз деп
бағаланатын жол учаскелерiнiң жоғары үлес салмағын атап кеткен жөн (жалпы
ұзақтықтың 60% астамы). 5-кестеде көрсетiлген 6 бағыттағы 443 көпiрдiң
38-i авариялық немесе аварияға тақау жай-күйде. БАТЫС дәлiзiнiң
автожолдарын жақсарту үшiн республикалық бюджеттен мынадай:
Астрахань-Түрікменбашы, Ақтау-Атырау, Атырау-Орал сияқты автожолдардың
учаскелерiн қайта жаңартуға және Қиғаш өзенi арқылы көпiр салуға қаражат
бөлу қажет.
Жол бойындағы сервистiк қызмет көрсетудiң деңгейi, әсiресе ауыр
кластағы жүк автомобильдерi мен автобустар сервисiне қатысты өте төмен.
Қазақстанның халықаралық автомобиль жолдарының техника-пайдаланымдық
көрсеткiштерiн 5-кестеде келтiрiлген бағыттардың көрсеткiштерi
суреттейдi.
5-кесте. Автомобиль жолдарының жалпылама сипаттамасы
Бағыт | Ұзақ- тығы, км | соның ішінде жай-күйі бойынша | қозғалыстың орташа қарқындылығы, а/м күніне |
қанағат., км | нашар км |
| 1137 2048 1669 1420 1105 879 | 267 607 844 312 600 352 | 870 1441 825 1108 505 1527 | 4567 1227 2599 757 900 2376 |
БАРЛЫҒЫ | 8258 | 2982 | 5276 | |
3) Су көлiгi
Су көлiгiнің экспорт-импорт және транзиттiк тасымалдарды дамыту
перспективалары негiзiнен Ақтау теңiз сауда портымен байланысты. АТСП
халықаралық көлiк дәлiздерi TPACEKA және СОЛТҮСТIК-ОҢТҮСТIК құрамындағы
мультимодальды көлiк торабы ретiнде қаралынады. Бүгiнгi күнде Ақтау -
Баку теміржолдық паром желісі қолданыста, оның шеңберiнде Поти мен Батуми
грузиялық порттарға және одан әрi Қара теңiз порттары арқылы Еуропа
елдерiне мынадай үш бағыт бойынша шығу арқылы Қазақстан, Әзербайжан,
Грузия темір жолдарын iске қосуға мүмкiндiк беретiн теміржол вагондарын
ауыстырып тиеусiз тасымалдау жүзеге асырылады:
1. Ильичевск, Одесса, Броды және Украинадағы Южный порттарына дейін;
2. Стамбулға дейiн;
3. Варна, Констанца және Бургас порттарына дейiн.
Жүк тасқындарының негiзгi номенклатурасы: мұнай және мұнай өнiмдерi,
контейнерлер, халық тұтынатын тауарлар, жабдықтарды, ауылшаруашылығы
өнiмдерiн және басқаларын қоса алғанда, габаритсiз жүктер.
1999 жылы порттың қайта жаңартылуының бiріншi кезеңi аяқталды, соның
нәтижесiнде оның құрғақ жүктердi ауыстырып тиеу бойынша қуаты жылына 1,5
млн тоннаға дейiн және мұнайға - жылына 8 млн. тоннаға дейiн жеттi.
Қазақстан Республикасы Президентiнің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 853
Жарғысына сәйкес "Ақтау теңiз сауда порты" арнайы экономикалық аймақ
(АЭА) құрылды. Осы аймақ өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына, порт
және көлiк инфрақұрылымының дамуына, өнеркәсiптiк кешендердiң құрылуына
және т.б. инвестицияларды тартуға ықпал етедi.
"Ақтау теңiз сауда порты" АЭА жұмыс iстеуi теңiз, темір жол, құбыр,
автомобиль және әуе тасымалдары халықаралық көлiк торабының кешендiк
дамуын қамтамасыз етедi, сыртқы сауда айналымын өсiруге мүмкiндiк бередi
және Қазақстан Республикасының транзиттiк әлеуетiнiң тиiмдi пайдалануын
қамтамасыз етедi.
Порт құрамында мыналар бар:
бас және үйілген жүктерді өңдеуге арналған үш әмбебап айлақ;
астықтың экспортына, ауыр салмақтыларды қайта тиеуге және "ро-ро"
үлгісіндегі кемелердi өңдеуге арналған бip айлақ;
бip мезгілде су сыйымдылығы 12000 тоннаға дейiн 3 танкерді өңдеуге
мүмкіндік беретін 3 мұнай құюшы айлақ;
темір жол және автомобиль паромдарына қызмет көрсeтуге арналған
паромдық терминал;
көлемі 55 мың шаршы метрден астам қоймалық үй-жайлар;
қазiргi жүк тиеу-түсіру жабдығы, соның ішінде iрі тоннажды
контейнерлерді өңдеуге арналғандары да.
Қазақстан Республикасының порттары арқылы тасымалдарды дамытуға
мынадай факторлар кедергі жасайды:
республиканың шығыс, орталық және солтүстiк аймақтарынан портқа
көлiк кіруінің қанағаттанарлықсыздығы;
Каспий теңiзiнде Қазақстан Республикасының дербес флоты болмауы;
жүк терминалдарын қайта жаңарту қажеттілігі;
толқын тосқысы мен кіреберіс бөгетін қайта жаңарту қажеттілігі;
Ақтау порты акваториясында түбін тереңдету жұмыстарын жүргiзу
қажеттілігі;
кeмe жөндеу мен кеме құрылысы базасының болмауы;
теңіз операцияларын қолдау базасы оның болмауы;
құрғақ жүктер тасымалынан көлемі ұлғаюына байланысты қойма
үй-жайлардың жеткіліксіздігі.
Қазақстанда кеме жүзуге Ертіс және Жайық өзендерi жарамды болып
табылады, олар еліміздің шығысы мен батысында ағады. Алайда осы көлiк
магистральдарын халықаралық, әсiресе транзиттік тасымалдарға қатыстыру
олардың тереңдігінің шектеулі болғанынан айтарлықтай емес. Шульба шлюзi
құрылысының аяқталуынан және Ертіс өзенінде ашық кеме қатынасы ашылуынан
кейін оны Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Ресей
Федерациясы арасында транзиттік ретiнде пайдалану мүмкіндiгі пайда
болады. Ол үшін Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы
арасындағы Іле мен Қара Ертіс өзендері арқылы қазақстандық және қытайлық
кемелермен тасымалды ұйымдастыру туралы келісімді қайта қарау жөн.
Жайық өзенi бойынша кеме қатынасын шектейтiн Жайық-Каспий каналының
саяздануы су көлігімен сыртқы сауда және транзиттік жүктердің тиеусiз
тасымалдануын жүзеге асыру үшін Атырау өзен портын пайдалануға мүмкіндік
бермейді.
Көрсетілген проблеманы шешу үшiн Жайық-Каспий каналын қайта жаңарту
және оны жыл сайын кемe қатынасы жай-күйiнде күтіп ұстау қажет, бұл