Еуропа - Корей түбегi (Беларусь, Ресей арқылы кiшi нұсқалармен: а) Транссиб бойынша; б) Қазақстан, Қытай арқылы);
Еуропа - Оңтүстiк-Шығыс Азия (Түркия, Иран, Оңтүстiк Азия арқылы);
Еуропа - Оңтүстiк-Шығыс Азия (Түркия, Орталық Азия, Қазақстан, Қытай арқылы);
Еуропа - Оңтүстiк-Шығыс Азия (Кавказ - Орталық Азия, Қазақстан, Қытай арқылы);
Солтүстiк Еуропа - Парсы шығанағы (Ресей, Кавказ, Каспий теңiзi, Иран арқылы, Түркия - Иран арқылы кiші нұсқалармен).
Осы негiзде, көлiк жөніндегi 2-шi халықаралық Еуразия конференциясы арқылы (Санкт-Петербург, 2000 жылғы, қазан) тиiстi көлiк дәлiздерiн құруға кiрiсу ұсынылды, оларға мына белгiлер берiлдi:
ТРАНССІБ;
ОРТАЛЫҚ;
ОҢТҮСТIК;
ТРАСЕКА;
СОЛТҮСТIК - ОҢТҮСТIК.
Жоғарыда аталған дәліздердің төртеуі Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтеді. Олар ТРАНССIБ, ОРТАЛЫҚ, TPACEKA және СОЛТҮСТIК ОҢТҮСТIК.
1) Темір жол көлiгi
Еуропа - Азия қатынасындағы халықаралық темір жол тәсiмдерiн әзiрлеу ТЖЫҰ қамқорлығымен жүргізiлуде. Қазір 13 негізгi көлiк континентаралық бағыттар құрылды, олардың кейбіреулерiнiң тоғызға дейiн тармақтары бар. Батыста темір жол бағыттары пан-еуропалық (криттік) көлiк дәліздері бағыттарымен ұштасып жатса, ал шығыста экономикалық белсендiлігі жоғары аймақтарға таралады (Корей түбегі, шығыс және оңтүстiк-шығыс Қытай Орталық Азия және Парсы шығанағы елдері).
Қазақстан аумағы арқылы ТЖЫҰ 6 негізгі бағыты және олардың тармақтары өтедi.
1-бағыт, ұзақтығы 12233 км, Польша, Латвия, Литва, Эстония,
Беларусь, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қытай, Монғолия,
КХДР аумақтары арқылы өтедi. Осы бағыт тармақтарының бiрi
(1e, 3306 км) Қазақстан аумағы арқылы өтедi, ол: Москва -
Рязань - Сызрань - Орынбор - Ақтөбе - Қандығаш - Арыс -
Ташкент. Қазақстан аумағында бағыттың ұзақтығы 1698 км
құрайды.
2-бағыт, (Солтүстiк), ұзақтығы 8048 км, Ресей, Қазақстан және Қытай
аумақтары арқылы өтедi. Қазақстан аумағында негiзгі бағыт
Петропавл - Астана - Достық станциялары арқылы өтеді (1718
км), тармақ (2а, 1308 км) Дема (РФ) - Қарталы (РФ) - Тобыл
- Астана станциялары арқылы өтедi.
5-бағыт, ұзақтығы 11539 км, Венгрия, Словакия, Украина, Молдова,
Ресей Федерациясы, Грузия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғыз
Республикасы, Қытай аумақтары арқылы өтедi. Қазақстан
аумағында негiзгi бағыт Петропавл - Көкшетау - Ақтоғай -
Достық станциялары арқылы өтедi. Осы бағыт тармақтарының
бiрi (5ж, 3419 км) Қазақстан аумағы арқылы өтеді: Озинки
(РФ) - Арыс - Луговая (Бішкек - Рыбачье) - Алматы -
Ақтоғай.
6-бағыт, ұзақтығы 6082 км, Венгрия, Словакия, Югославия, Түркия,
Иран, Түркiменстан аумақтары арқылы өтедi және әрi қарай
2 және 10-бағыттар бойынша жүредi.
8-бағыт, ұзақтығы 3619 км, Украина, Ресей Федерациясы, Қазақстан,
Өзбекстан, Түркіменстан аумақтары арқылы өтедi. Қазақстан
аумағында бағыт Ақсарай (РФ) - Мақат - Бейнеу (637 км)
станциялары арқылы өтедi. Осы бағыт тармақтарының бiрi (8б,
527 км) сондай-ақ Қазақстан аумағы арқылы өтеді: Мақат -
Қандығаш, Никель-Тау - Қарталы (РФ).
10-бағыт, ұзақтығы 4389 км, Болгария, Украина, Грузия, Әзербайжан,
Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Тәжiкстан
және Қазақстан аумақтарымен 2, 5, 6 бағыттарға шығу арқылы
өтеді. Осы бағыт тармақтарының бiрi (10a, 1097 км)
Қазақстан аумағымен Ақтау - Бейнеу - Мақат - Қандығаш -
Арыс - Достық станциялары арқылы өтеді.
Еуразиялық континентаралық бағыттар қазақстандық темір жол учаскелерiн пайдаланады, олар республика ішінде төрт көлiк дәліздері шеңберінде жүйеленеді. Осы дәлiздер Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған Қазақстан Республикасы халықаралық көлік дәлiздерiнiң дамуы тұжырымдамасына сәйкес былай белгiлендi:
СОЛТҮСТIК (ТРАНССIБ дәлiзiнiң оңтүстiк бөлiгi фрагментiне сәйкес келедi);
ОРТАЛЫҚ (ОРТАЛЫҚ және TPACEKA дәлiздерiнiң фрагменттерiне сәйкес келеді);
БАТЫС (СОЛТҮСТIК-ОҢТҮСТIК дәлiзi шығыс бөлiгiнiң фрагментiне сәйкес келедi);
ОРТА АЗИЯЛЫҚ (ТРАСЕКА солтүстiк бөлігiнің фрагментiне сәйкес келеді).
Қазақстан темір жолдарының еуразиялық көлiкконтинентаралық бағыттарды қалыптастырудағы қатысу дәрежесi 1-кестеде көрсетiлген.
1-кесте. Қазақстан темір жол дәлiздерi учаскелерi арқылы өтетiн халықаралық темір жол бағыттары
| Қазақстан темір жол желілерінің учаскелері арқылы өтетін халықаралық бағыттар |
ТЖЫҰ бойынша | | |
| Бағыттарды нөмірлеу | Саны | Көлік жөніндегі 2-нші халықара. лық конферен. цияға сәйкес белгілеулер | БҰҰ ЕЭК еуразиялық бағыттарды қалыптас. тыру жөніндегі ұсыныстары |
СОЛТҮСТІК дәлізі | 6 | | |
Петропавл - Көкшетау - Астана 2 1 ТРАНССІБ Е-203 Пресногорьков - Көкшетау - Астана 5 1 ТРАНССІБ Е-203 Астана - Мойынты - Ақтоғай 2,5 2 ТРАНССІБ Е-203 Ақтоғай - Достық 2, 5, 5ж, 6, 6 ТРАНССІБ, Е-203 10, 10а ТРАСЕКА, Е-50 ОРТАЛЫҚ |
ОРТАЛЫҚ дәлізі 7 |
Шеңгелді - Арыс 1е, 6, 10 3 ОРТАЛЫҚ, Е-500 ТРАСЕКА Арыс - Луговая - 5ж, 6, 10, ОРТАЛЫҚ, Е-50 Алматы - Ақтоғай 10а 4 ТРАСЕКА Ақтоғай - Достық 2, 5, 5ж, ОРТАЛЫҚ, Е-203 6, 10, 10а 6 ТРАНССІБ, Е-50 ТРАСЕКА |
ОРТА АЗИЯ дәлізі 5 |
Қазақстан Республикасының негізгі көлік дәліздері құрамына кіретін
темір жол учаскелерінің техникалық-пайдалану сипаттамалары 2-кестеде
көрсетілген.
2-кесте. Темір жол дәліздері учаскелерінің техникалық-пайдалану
сипаттамалары
Көрсеткіштер атауы | өлшем бірлігі | Дәліздер бойынша көрсеткіштер |
СОЛТҮСТІК | | ОРТА АЗИЯ | БАТЫС |
Пайдалану ұзындығы, барлығы Соның ішінде учаскелер бойынша: бір қатарлы екі қатарлы электрлік тартумен тепловозбен тартумен диспетчерлік орталықтандырумен автоблоктау арқылы жартылай автоматты блоктау арқылы Жүк поездарының салмақтық нормалары Жүк поездары қозғалыстарының орташа жылдамдықтары: учаскелік техникалық | мың км мың км мың км мың км мың км мың км мың км тонна км/сағ. км/сағ. | 1,9 1,0 0,9 0,9 1,0 1,2 0,4 0,3 2700- 6000 43 49 | 1,8 1,0 0,8 0,9 0,9 1,1 0,4 0,3 2700- 4500 41 47 | 2,1 0,9 1,2 0,1 2,0 2,0 0,1 - 2700- 4500 45 48 | 1,1 1,1 - - 1,1 1,1 - - 2000- 4500 39 45 |
Келтiрiлген деректер техникалық жарақтандыру деңгейi бойынша
Қазақстан Республикасының темір жол желілерiнiң халықаралық көлiк
дәлiздерi шеңберiнде жеткiлiктi түрде жоғары қарқындылықпен қамтамасыз
етуге қабiлеттi екенiн куәландырады.
СОЛТҮСТIК дәлiз Қазақстанның дамыған өнеркәсiптiк аймақтары арқылы
өтедi. Оның шекараларында республика елордасы - Астана қаласы және
Қарағанды, Балқаш, Көкшетау сияқты iрi өнеркәсiп орталықтары орналасқан.
Дәлiзге сондай-ақ Жезқазған және Павлодар-Екiбастұз аумақтық-өнеркәсіптiк
кешендер тартылады. Дәлiз шегiнде баламалы учаскелерi және сұрыптаушы
станциялары бар темір жол желісі орналасқан, солардың арасындағы ең
iрiлерi Қарағанды-Сұрыптау, Қырқыншы және Көкшетау-1 болып табылады. Iрi
тоннажды контейнерлердi өңдеу бойынша iрi контейнерлiк терминалдар
Достық, Қарағанды, Ақмола және Көкшетау-1 станцияларында орналасқан.
СОЛТҮСТIК дәлiзiнiң темір жол учаскелерi бойынша тасымалдардың
барлық көлемiнің 40%-ына дейiнгiсiн экспорт-импорт және шамамен 10%-ын
транзиттiк жүк тасқындары құрайды (көбіне ТМД елдерi қатынасында).
СОЛТҮСТIК дәлiз шеңбердегi көлiкконтинентаралық бағыттар транзиттік
тасымалдардың өсу перспективасына мүмкiндiк жасайды. Алайда қазiргі кезде
олар баламалы бағыттармен бәсекеде ұтылып отыр (теңiз және ресейлiк
Транссiбке).
ОРТАЛЫҚ дәлiз Оңтүстiк-Шығыс және Оңтүстiк Қазақстанның дамыған
өнеркәсiптiк аудандары арқылы өтедi.
Дәліз шегiнде баламалы учаскесi және Ақтоғай, Алматы, Шу, Луговая,
Жамбыл, Шымкент, Арыс сұрыптау станциялары бар темір жол торабы
орналасқан. Iрi тоннажды контейнерлердi қайта өңдейтiн iрi контейнерлiк
терминалдар Достық, Алматы, Жамбыл және Шымкент станцияларында
орналасқан.
Қазiргі кезде ОРТАЛЫҚ дәлiзi бойынша жүк тасқынындағы транзиттiң
үлесi Ақтоғай - Достық учаскесiнде 15%-дан Шеңгелдi станциясына кiре
берiсте 55%-ға дейiн өзгередi, ол тұста ОРТАЛЫҚ және ОРТА АЗИЯЛЫҚ
дәлiздердiң транзиттiк тасқындары қосылады.
ОРТАЛЫҚ дәлiз шеңберіндегі көлікконтинентаралық бағыттар Орталық
Азия елдерiнiң Қытаймен және Азия-Тынық мұхит өңiрi елдерiмен сыртқы
экономикалық байланыстарын қамтамасыз етедi. Қазiргi кезге дейiн оларға
балама жоқ. Бiрақ Орталық Азия елдерiнде Джалал-Абад (Қырғыз
Республикасы)-Қашқар темір жолын салу арқылы Қытайға баламалы шығудың
мүмкiндiктерi зерттелуде.
БАТЫС дәлiзi Қазақстанның негiзгi мұнай өндiрушi аймағы Орал,
Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының аумақтарын қамтиды. Дәлiз
шегiнде Мақат және Атырау сұрыптау станциялары бар темір жолы жатыр. Осы
станцияларда iрi тоннажды контейнерлердi қайта өңдеуге арналған
контейнерлiк терминалдар бар.
Дәлiз шекараларында ең қарқынды темір жол тасымалдары Атырау Ақсарай
учаскесiнде, ал төмен қарқынды тасымалдар Бейнеу-Маңғышлақ учаскесінде
жүзеге асырылады. Темір жол жүк тасқындарындағы транзиттiң үлесi Бейнеуге
кiре-берiсте 35%-дан Ақсарайда 14%-ға дейiн ауытқиды.
БАТЫС дәлiзiнің темір жол бағыты бойынша тасымалдардың өсу
перспективасы өңiрдiң экономикалық дамуымен және Ақтау теңiз сауда
портының көлiк мүмкiндiктерiмен тiкелей байланысты. Оның үстiне,
Өзбекстандағы Үшқұдық-Қараөзек темір жолының құрылысы бiткеннен кейiн
транзиттiк тасымалдардың өсуі күтілуде. Бұл жүк тасқындарын ОРТА АЗИЯ
дәлiзiнен ауыстырудың есебiнен жүргiзiледi.
ОРТА АЗИЯ дәлiзi Қазақстанды оңтүстiктен солтүстік-батысқа қарай
қиып өтедi және ол Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Қарашығанақ және Илецк (Ресей
Федерациясының аумағы) өнеркәсiптiк тораптары арқылы өтедi.
Дәліз шекараларында Арыс, Қандығаш, Илецк-1, Ақтөбе сұрыптау
станциялары бар темір жол өтедi. Iрi тоннажды контейнерлермен
операцияларды жүзеге асыратын контейнерлiк терминалдар Ақтөбе, Жилаево,
Tөpe-Там, Қызылорда станцияларында бар.
ОРТА АЗИЯ дәлiзi құрамындағы темір жол транзиттiк жүктердің ең көп
өткiзілiмін орындайды - жалпы республикалықтың 60%-на дейiн. Жиынтық жүк
тасқынындағы транзит үлесi 30% құрайды, ол Озинки станциясына
кіре-берiстерде 50%-ға дейiн жоғарылайды.
Осы темір жол бағытының жүктеме перспективасы Өзбекстандағы
Үшқұдық-Қараөзек темір жолы iске қосылғаннан кейін БАТЫС және ОРТА АЗИЯ
дәлiздерi арасында жүк тасқындарын қайта бөлуге көп байланысты болады.
Алайда қазiрдiң өзге тасымалдар қарқынын бәсеңдету өтe мүмкiн болып
көрінеді.
Негізгі техникалық сипаттамалар бойынша (екi аралықтардағы негiзгi
жолдар саны, поездар қозғалысының есептiк жылдамдығы, түрлi деңгейлерде
автомобиль жолдарымен қиылысуы және т.б.) қазақстандық темір жолдар
халықаралық стандаpттар талаптарынан бiршама кем түсiп жатыр.
Мысалы, екi қатарлы учаскелер Қазақстан аумағындағы халықаралық
темір жол бағыттарынан жалпы аралық ұзақтығының жартысынан аспайтын
қашықтықты алып жатыр. Бұл ретте бiр қатарлы учаскелердің жүк тасу
қабiлетi тасымалдардың қазiргi орын алған көлемдерінде 50% және одан
көбiрек толтырылған. Бұл жағдай жүк тасқындары көлемiнің өсу шамасына
қарай тасымал шарттарын едәуір қиындатуы мүмкiн.
XМТЖК ұсынымдарына сәйкес түзу сызықты учаскелер мен салынып жатқан
үлкен радиусты қисықтықтарда есептiк жылдамдықтар 160 км/сағ. кем болмауы
тиiс. Қолданыстағы темір жолдарын дамыту (қайта жаңарту, қалпына
келтiру), сондай-ақ осы көрсеткішке бағдарлануы тиiс. Алайда соңғы
жылдары көлiк инфрақұрылымының техникалық жай-күйiнiң күрт нашарлауына
байланысты, әсіресе жол құрылғыларының, Қазақстанның темір жол
тораптарының бәрiнде, соның iшiнде халықаралық бағыттар құрамына кiретiн
учаскелерде рұқсат етiлген жылдамдықтар 80 км/сағ., ал жекелеген
жағдайларда - 40-70 км/сағ. дейiн шектелген.
Халықаралық темір жол желiлерiнiң автомобиль жолдарымен бiр деңгейде
қиылысуына рұқсат етілмейдi. Қазақстандық темір жолдар үшін бұл өте
күрделi талап. Мысалы, тек ОРТА АЗИЯ дәлiзi шегiнде бiр деңгейдегi
шамамен 90 қиылыстар бар, олардың елеулi бөлiгi мүлде күзетiлмейтiн
өткелдер.
Халықаралық бағыттардың құрамына кiретін, қайта жаңартылуы темір
жолдағы өткізу қабілетін жоғарылатуға мүмкiндік беретiн қазақстандық
темір жолдардың қолайсыз және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын қажет
ететiн учаскелерiнiң тiзбесi 3-кестеде келтiрiлген.
Қалпына келтiру және қайта жаңарту жұмыстарына арналған қаражат
тиiстi жылдың республикалық бюджетiнде көзделетiн болады. Одан басқа, осы
iс-шараларды iске асыруға "ҚТЖ" ҰК" меншiктi қаражаты пайдаланылатын
болады.
3-кесте. Жөндеу-қалпына келтіру және қайта жаңғырту жұмыстарына
талап ететін темір жол учаскелері