және орталық аудандары арқылы Ресейден Қытайға жол салу туралы ниеттері.
Осы жобаның icкe асырылуы ресей-қытайлық сауда алмасуды қамтамасыз ету
жөнiндегі көлік ағынын қазақстан бағытынан моңғол бағытына ауыстыруға
мүмкіндік береді.
7.2. Темір жол тасымалы саласында
7.2.1 Қашғар (ҚXP) - Ош (Қырғызстан) темір жол желісін салу жобасы;
7.2.2 Астара (Әзербайжан) - Решт (Иран) - Казвин (Иран) темір жол
желісін салу жобасы;
7.2.3. Транссібiр темір жол магистралын (Ресей) одан әрi дамыту.
7.3. Су көлiгi саласында
7.3 1. Оля теңiз сауда портын (Астрахань, Ресей) салу және оны одан
әрi дамыту жоспары;
7.3.2. Каспий теңiзiнде дербес теңіз флоттың болмауы;
7.3.3. Қара Ертіс өзенiнде (ҚХР) су салу.
7.4. Әуе көлiгi саласында
7.4.1. Қазақстанмен шектес мемлекеттер әуежайларының қарқынды дамуы
(мысалы, Ресей: Новосибирск, Екатеринбург, Омбы және басқалары);
7.4.2. Қазақстан арқылы транзитті дамытуға кедергі болып отырған
көршілес мемлекеттер авиациялық әкімшіліктерінің саясатына тәуелдік;
Одан басқа, еліміздің транзит-көлiк әлеуетi дамыту iсіндегі теріс
фактор деп сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін
халықаралық көлiк дәліздерін транзиттік бағыттарды дамытуды және қазіргі
күнгі технологияны және қызмет көрсетудің логистикалық жүйесiн енгізудің
кешiктірілуiн, елімізде транзиттік тасымалдар мониторингінің болмауы,
сондай-ақ Каспий теңізінде меншiкті сауда флотының болмауын, Қазақстан
Республикасының әуежайларындағы авиаотын қатары құнын есептеу қажет.
Барлық осы терiс факторларды жою үшін Бағдарламаның Iс-шаралар жоспарында
көрсетілген транзит-көлiк әлеуетін жақсарту және дамыту жөнiндегі шаралар
кешенiн жүргiзу орынды деп есептеймiз.
8. Мультимодальды тасымалдар
Мультимодальды (аралас, құрамдастырылған) тасымалдардың
технологиялық ерекшелiктерi оңтайлы мерзiмдердi, жүктерді жеткізудің
бағасы мен уақтылылығын, бұл ретте жүк тасқындарын басқаруда логистикалық
әдістерді пайдалану мүмкіндігін, тасымалдау процестерінің үйлесімі мен
жүктердiң қоймада сақталуын қамтамасыз етедi. Сондықтан халықаралық көлiк
бағыттарының бәсекелестiк қабілетін арттыру тасымалдардың осы түрінің
басым дамуын көздейдi.
Iрi тоннажды контейнерлердi бiрыңғай көлiк өлшемi ретiнде пайдалану
құрамдастырылған тасымалдардың жалпы әлемдiк жүйесiнде басым.
Контейнерлiк тасымалдарға негiзделген көлiк технологиялары ең үлкен даму
перспективаларына ие.
Мультимодальды тасымалдардың халықаралық жүйесiн жүйелi қалыптастыру
олардың жеке мемлекет шекараларында бастапқы дамуын көздейдi, бұл тиiстi
ақпараттық қамтамасыз ету және жүк қозғалысын бақылау арқылы қажеттi
инфрақұрылым құруды жобалайды.
Қазақстан Республикасында мультимодальды тасымалдарды дамытуға
арналған база бар. Темір жолдарда автожол баратын контейнерлiк
терминалдар желісі, контейнерлiк парк бар.
Алайда Қазақстанның экспедиторлары мен тасымалдаушыларының
иелiгіндегі контейнерлердiң, цистерналардың, платформалардың, тиеу
құралдарының және т.с.с. парк ескiрген.
Мультимодальды тасымалдарды басқарудың ұйымдастыру нысандарын
жетiлдiру керек, мәселен, бiрыңғай операторлар институтын құру жолымен,
сондай-ақ қазақстандық темір жол торабы арқылы қатаң кесте бойынша жүрiп
тұратын жүйрiк жүк поездары қозғалысы кестесiне енгізу арқылы транзиттік
жүктердің жылдамдатылған жүйесiн дамыту керек.
Паромдық авто және темір жол тасымалдарын қалпына келтiруге
байланысты Ақтау портында құрамдастырылған тасымалдардың ұйымдық, басқару
және құжаттық негiздерiн енгізудiң нақты қажеттiлiгi пайда болды.
4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Бағдарламаның басты мақсаты республиканың көлiк магистралдары бойынша транзиттiк және экспорттық-импорттық тасымалдардың көлемiн арттыру мен тиiмділігiн ұлғайту үшiн Қазақстанның транзит-көлiк әлеуетiн жетiлдiруге және озық дамытуға бағытталған қазiргi кезеңде құқықтық, ұйымдастырушылық, техникалық, экономикалық және қаржылық сипаттағы өзектi бiрiншi кезектегi шаралар кешенiн белгiлеу, сондай-ақ осы шараларды iске асыру жөніндегі iс-қимылды нақтылау мен оларды жүзеге асыру кезеңiнің орындылығын белгiлеу болып табылады.
Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшiн мынадай негізгі міндеттердi шешу қажет:
Елдiң көлiк дәлiздерi мен транзиттiк бағыттарының халықаралық деңгейде дамыту және институционалдық бекіту (ББҰ, халықаралық және өңiрлiк құрылымдар және көлiк ұйымдары арқылы);
Қазақстан Республикасының жолаушылар, жүк, ақпарат пен қызмет көрсетулер қозғалысы жолындағы табиғи емес кедергiлердi жоюға бағытталған екi жақты және көп жақты ынтымақтастығын дамыту және тереңдету;
Қазақстан Республикасының көлiк заңнамасын халықаралық конвенциялар мен келісімдерге сәйкес бiрiздендiру және үйлестiру;
елдiң транзит-көлiк әлеуетiн дамытуға сыртқы факторлардың терiс әсерiн барынша азайту;
ұлттық көлiк-коммуникация желілерiн жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және дамыту;
мультимодальды тасымалдарға және қызмет көрсетудің логистикалық жүйелерiне негiзделген қазiргi заманғы көлiк технологияларын енгізу;
ұлттық мүдделердi ескеретiн және Қазақстан Республикасының транзиттiк тартымдылығын қамтамасыз ететiн тарифтiк саясатты жетiлдiру;
халықаралық көлiк дәлiздерi қызметiне ақпараттық-талдау және ғылыми-техникалық қолдау көрсету.
5. ТРАНЗИТ-КӨЛІК ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ
Жақын перспективада Қазақстан Республикасының транзит-көлiк әлеуетiн дамыту еуразиялық жол қатынасы жүйесiнде "қазақстандық" бағыттардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етудiң және транзит ағындарын ұлғайтудың басты шарты ретiнде тасымалдардың сапасы мен тиiмдiлiгiн көтеруге деген негiзгi мiндеттi шешуге байланысты болу тиiс.
Осыны есепке алумен транзит-көлiк әлеуетiн дамытудың негiзгi бағыттары:
Халықаралық (БҰҰ-дің құрылымдары, халықаралық өңiрлiк және көлiк ұйымдары арқылы), үкiметаралық және ұлттық (халықаралық конвенциялар мен келісімдерге сәйкес Қазақстан Республикасының көлiк заңнамасын бiрiздендiру және үйлестiру) деңгейлерде Қазақстан Республикасының көлiк дәлiздерiн және транзиттiк бағыттарын институционалды күшейту және дамытуды;
елiмiздiң транзит-көлiк әлеуетiнiң дамуына сыртқы факторлардың терiс әсерiн азайтуды;
тарифтiк жетiлдiрудi;
саясатты, көлiктегi төлемдер мен алымдар жүйесiн жетілдіруді;
көлiк инфрақұрылымын жетiлдiру және дамытуды;
шекарадан өту рәсiмдерiн жеңiлдетудi;
ұйымдастырушылық-техникалық iс-шараларды;
ақпараттық-талдау және ғылыми-технологиялық қызметтi болжайды.
Қазақстан Республикасы транзит-көлiк әлеуетiн жетiлдiрудiң негiзгi бағыттарын iске асыру ұдайы бақылауды және қажеттiлiгiнде, жеке позицияларды нақтылауды жүргiзуге мүмкiндiк беретiн, жүзеге асырудың нақты мерзiмдерi мен жауапты орындаушыларды белгiлеумен әзiрленген iс-шаралар жоспарының негiзiнде мемлекеттік қолдауда көзделiп отыр.
Халықаралық көлiк дәлiздерiн бiрiздендiруге, екі жақты және көп жақты ынтымақтастықты кеңейтуге қол жеткізу үшiн тиiстi құқықтық негiздердi дамыту және қазақстандық бағыттардың артықшылығын мынадай жолдармен насихаттау болжанады:
мүдделi елдермен және халықаралық ұйымдармен саяси байланыстарды жандандыру;
халықаралық көлiк дәлiздерiн қалыптастыру жөнiнде жұмыс тәжiрибелерi бар жетекшi халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық;
халықаралық дәлiздер, соның iшiнде Қазақстан аумағы арқылы өтетiн тасымалдарды, солар бойынша транзиттi жүктердiң өтуiн көрсетудi ұйымдастыру арқылы техникалық, коммерциялық және тасымалдардың басқа да шарттарын тiкелей демонстрациялау.
Құқықтық саладағы реформалармен қатар, көлiк секторындағы институционалдық күшейтудi халықаралық көлiк құрылымдарымен интеграциялау және басқарудың iшкi жүйелерiн жетiлдiру бағытында жүзеге асыру көзделедi. Осыған байланысты:
Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық көлiк дәлiздерiнің құрамына кiретiн көлiк коммуникацияларының қызметiне (мемлекеттік басқаруға) әкiмшiлiк жүргiзу;
шекаралық өткізу пункттерiндегі қызметтi ведомствоаралық үйлестiру қажет.
ел экономикасының көлiк-коммуникация кешенiн дамыту мақсатында жекеменшiк секторды барынша тарту үшiн нормативтiк-құқықтық базаны дайындау жолымен көлiк-коммуникация кешенiнiң салаларын қалыптастыру.
Жолаушылар, жүктер мен ақпараттар қозғалысы жолындағы табиғи емес кедергiлердi жою жөніндегі мiндеттердi iске асыру әкiмшiлiк, құқықтық және қаржылық салаларда жүзеге асырылатын болады. Алға қойылған мақсаттарға мына жолмен қол жеткiзiледi:
Қазақстан Республикасы көлiк-коммуникация кешенiнің бiрiздендiрiлген және үйлестiрілген нормативтiк құқықтық базасын қалыптастыру;
тарифтiк саясатты жетiлдiру;
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүктердi өткізу кезiнде бақылаудың қолайлы салықтық, кедендiк және басқа да режимдерiн құру;
транзиттiк тасымалдарды жүзеге асыру кезiнде шекаралардан өту рәсімдерiн жеңiлдету және басқа да ұйымдастыру сәттерiн жетiлдiру.
Көлiк инфрақұрылымын жетiлдiру Қазақстан Республикасының ұлттық көлiк желiлерiн және халықаралық көлiк-коммуникация байланыстарын онан әрi оңтайландыру, ұсынылатын қызмет көрсетулердің сапасын арттыру, жұмыс iстеп тұрған объектілердi қайта жаңарту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және жаңа объектілердi салу жолымен тасымалдарды жүзеге асыру және ақпарат беру кезiнде, сондай-ақ қазiргi заманғы көлiк және ақпараттық технологияларды енгізу жолымен еңбектi қажетсіну мен ресурс пайдалануды азайту бағытында жүргiзiлетiн болады. Сондай-ақ, қазiргi заманғы көлiк және ақпараттық технологияларды, соның iшiнде мультимодальдық және интермодальдық тасымалдарды енгізу жолымен. Инвестициялық басымдықтарды халықаралық көлiк дәлiздерiнің құрамына кiретiн коммуникацияларда шоғырландыру ұсынылады.
Тұтас алғанда көлiк-коммуникация кешенiнiң және жеке алғанда халықаралық көлiк дәлiздерiнің жұмыс iстеу тиiмдiлiктерiн арттыру үшiн саладағы ақпараттық-талдау, ғылыми-технологиялық және оқыту iсiн қолдауды қалпына келтiру талап етiледi. Ол үшiн мыналар қажет:
көлiк статистикасын жетiлдiру, көлiк дерекқорларын құру және дамыту; осы негiзде қазiргi заманғы ақпараттық жүйелер құру;
конференциялар, семинарлар және көрмелер, соның iшiнде халықаралық дәрежедегiлердi де тұрақты түрде өткiзiп тұру;
басқару аппараты мен көлiк операторларына арналған тренингтiк орталықтар құру.
1) темір жол көлiгi
Инфрақұрылым мен темір жол көлігi негiзгi құралдарының тиiстi техникалық жай-күйiн қамтамасыз ету мақсатында "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" ЖАҚ бiрқатар, соның iшiнде қазақстандық темір жолдардың транзиттiк әлеуетiн дамытуға бағытталатын жобаларды жүзеге асыруды көздейтiн инвестициялық бағдарлама әзiрледi.
Мыналарды жүзеге асыру көзделедi:
инфрақұрылымды қалпына келтiру және дамыту;
темір жол желілерiнің құрылысы1;
жылжымалы құрамның жөндеу базасын қайта жаңарту;
локомотив паркiн жаңарту;
вагон паркiн жаңарту;
импорт алмастырушы жаңа өндiрiстер құру;
жобалау-iздестiру, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар;
ресурс сақтаушы технологиялар енгізу;
Алматы - Астана учаскесiнде жолаушы пойыздарының жүру уақытын қысқарту жөніндегі жұмыстар кешенi;
басқа да жобалар. _______________________
1 Республикалық бюджет есебiнен құрылысты iске асыруға арналған қаражат тиiстi жылға республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде белгiленедi
2) Автомобиль көлiгi
Негiзгi көлiк дәлiздерiнде мынадай жұмыс көлемдерiн орындау белгiлендi:
ОРТАЛЫҚ дәліз:
Алматы - Бiшкек автожолы учаскесiн қалпына келтiру (205 км);
ОРТААЗИЯЛЫҚ дәлiзi:
Қарабұтақ - Ырғыз - Ақтөбе автожолы учаскесiн қалпына келтiру (394 км);
Ресей Федерациясының шекарасы - Орал - Ақтөбе, Қарабұтақ Қызылорда облысының шекарасы автожолы учаскесiн қайта жаңарту (517 км);
Қызылорда қаласында Сырдария өзенi арқылы өтетiн көпiр салу;
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ - ШЫҒЫС дәлiзi
Астана - Петропавл автожолы учаскесiн қайта жаңарту (538 км);
Астана қаласын Оңтүстiк айналма автожолын салу (16,9 км);
Лениногор (Риддер) - Ресей Федерациясы шекарасы, Алтай Республикасы автожолын салу (62 км);
Астана- Қостанай - Челябi автожолын іріктеп қайта жаңарту (400 км);
БАТЫС дәлiз:
Астрахань - Түркiменбаши автожолының жекелеген учаскелерiн қайта жаңарту (428 км);
Ақтау - Атырау автожолын қайта жаңарту (894 км);
Атырау - Орал автожолдарын қалпына келтiру (488 км);
Ақтау портына шығаратын Бейнеу - Ақжігіт (31 км) автожолын салу;
Қиғаш өзенi арқылы өтетiн көпiр салу;
СОЛТҮСТIК дәлiз:
Омбы - Майқапшағай автожолының жекелеген учаскелерiн қайта жаңарту (210 км).
Барлық дәлiздерде 238 км жолды күрделi жөндеу 3240 км жолды орташа мерзiмдiк жөндеу, ағымдағы жөндеу және жолдарды күтiп ұстау белгiленуде.
"Жiбек жолы" халықаралық бағытына кiретiн Алматы - Тараз Шымкент - Өзбекстан шекарасы (Ташкент) автожолының Георгиевка - Шымкент Өзбекстан шекарасы учаскесiн қайта жөндеу (600 км) жоспарланып отыр.
3) Су көлiгi
Ақтау теңiз сауда портында толқын тосқыларын және кіре берiс тосқауылды қайта жаңарту белгiленiп отыр. Қазiргi кезде ауа райы жағдайларына байланысты жүк операциялары жылына орта есеппен 40 күн жүргізiлмейдi немесе жалпы порт уақытының 11 %-ы. Жоба мақсаты - жүктердi ауыстырып тиеу және портта кемелерге қызмет көрсету жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезіндегі қауiптердi азайту. Жобаның шамамен алғандағы бағасы - 20 млн. АҚШ доллары. Жобаны ЕҚҚДБ несиесi және iшкi қарыз алу есебiнен iске асыру көзделуде.
Бұдан басқа:
TPACEKA дәлiзi бойынша Еуропадан транзиттiк жүк тасқындарын тарту үшiн перспективалар ашатын контейнерлiк терминал құру;
қуаты 10 мың тонна шамасындағы ферроқорытпаларды ауыстырып тиеу бойынша айлақ салу;
инфрақұрылымды және Ақтау портына апаратын көлiк кiрме жолдарын кеңейту.
Инвестициялар сондай-ақ су көлiгiнiң мәртебесiн көтеру және оған халықаралық тасымалдарды тарту жөніндегі iс-шараларға бағытталатын болады. Бұған:
Ертіс өзенiнде ашық кеме қатынасын ашу мақсатында Шульба шлюзінің құрылысын аяқтау;
Ертіс өзенiнде кеме қатынасы шлюздарын қалпына келтiру және отандық кеме шығаруды қайта жаңғырту (2001-2005 жылдар);
оның акваторийiн тереңдету арқылы Атырау Құрық және Атырау порттарын кеңейту;
Орал өзенiн тереңдете отырып, Орал-Каспий арнасын қайта жаңарту;
жүк базасын дамыта отырып, Баутино теңiз портын кеңейту;
iшкi су көлiгi техникалық флотының кемелерiн жаңарту мен жаңғырту жолымен қол жеткiзiлетiн болады.
4) Әуе көлiгi
"Астана халықаралық әуежайын қайта жаңарту" жобасын iске асыру үшiн JBIC (Жапония)-мен 176,5 млн. АҚШ доллары сомасына несие келісімiне қол қойылды (22 млрд. 122 млн. йен). Астаналық әуежайдың транзиттiк әлеуетiн одан әрi дамыту "Эйр Астана" авиакомпаниясының Еуропадан Астана қаласы арқылы Оңтүстiк Шығыс Азия елдерiне авиатасымалдарын дамыту арқылы көзделiп отыр.
Одан басқа, "Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымның және ISO 9000-9001 стандарттары бойынша сертификаттау көзделiп отыр.
2001 жылдың желтоқсанында "Атырау халықаралық әуежайы" ААҚ мен Еуропа қайта құру және даму банкінiң арасында "Атырау әуежайының ұшу-қону жолағын қайта жаңарту" жобасын iске асыру үшін 25 млн. АҚШ доллары сомасына қарыз беру жөнiнде несие келісіміне қол қойылды.
Ақтау әуежайын қалпына келтіру және оны халықаралық стандарттар деңгейiне жеткізу үшiн 70-80 млн. АҚШ доллары мөлшерiнде инвестициялар талап етіледi. 2005 жылы ұшу-қону жолағын қайта жаңарту үшiн мемлекеттік бюджеттен 10 млн. АҚШ доллары қаржыландырылуы жоспарланды. Бірақ берілген әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңарту үшін 24,85 АҚШ доллары қажет.
Шымкент әуежайын қайта жаңартуға 45 млн. АҚШ доллары шамасында қаражат, оның 19,8 млн. доллары ұшу-қону жолағын қайта жаңартуға керек. 2005 жылғы 10 млн. доллар жоспарлануда.
Ақтөбе қаласының әуежайын қайта жаңарту және стандаржеткізу үшiн 40-50 млн. АҚШ доллары қажет, оның 10 млн. АҚШ долларын 2004 жылы республикалық бюджеттен бөлу және 2005 жылы 8,2 млн. АҚШ долларын ұшу-қону жолағын қайта жаңартуға жоспарланып отыр.
Аталған өңірлік әуежайларды қайта жаңартуға және одан әрi дамытуға қаражатты инвестициялау әрi республикалық бюджет есебiнен әрi жергілікті бюджеттiң кепілдігімен шетелдiк көздерден, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебiнен жүргізілетін болады.
2003-2005 жылдары "Қазаэронавигация" РМК жалпы сомасы 8 333 млн.теңге болатын инвестициялар есебiнен әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге арналған радиотехникалық құралдарды ауыстыруды және дамытуды жоспарлап отыр.
Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларын сигнал беру және байланыс, қадағалау, күзету, тексеру техникалық құралдарымен жарақтандыру, сондай-ақ әуежайдың периметрлік қоршауын халықаралық талаптарға сәйкес келтiру үшiн тиісті бағдарламаны әзiрлеу қажет.
6. ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ КӨЗДЕРІ ЖӘНЕ КӨЛЕМДЕРІ
Бағдарламаны қаржыландыру көздерi ретінде мыналар ұсынылады:
әкімшілiк жүргізуге, құқықтық және нормативтік-техникалық қамтамасыз етуді әзiрлеу, ақпараттық-талдау, ғылыми-технологиялық сүйемелдеу мен оқытуға - бюджет қаражаты және рынок субъектілерінiң өз қаражаттары;
қайта жаңартуға, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыру мен жаңа объектілер құрылысына - рынок субъектілерiнiң өз қаражаттары, сондай-ақ ішкi және сыртқы қарыз алулар.
Республикалық бюджет есебiнен iс-шараларды iске арналған қаражат тиiстi жылға республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде белгiленетiн болады.
Республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi № 926 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған индикативтiк жоспарында белгіленген:
- 2004 жылға - 9220,2 млн.теңге;
- 2005 жылға - 1186,3 млн.теңге;
- 2006 жылға - 351,5 млн.теңге.
7. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
Қазақстанның транзит-көлiк кешенiн жетiлдiру және дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенiн iске асыру:
Қазақстан Республикасының шектес мемлекеттермен сауда және саяси байланысын нығайтуға;
көліктің барлық түрлерiнiң - олар: темір жол, автомобиль, теңiз, iшкi cу, әуе және автомобиль жолдары, материалдық-техникалық базасының деңгейiн арттыруға, Қазақстан Республикасының негiзгi көлiк қатынасы дәлiздерiнде жолаушылар мен жүктердi тасу қабiлетi мен оларды жеткізу жылдамдығын арттыруға;
сыртқы сауда және транзиттiк тасымалдарды қамтамасыз ету үшiн қазiргi заманғы көлiк технологияларын тартуға, халықаралық және iшкi тасымалдарды басқарудың логистикалық қағидаттарын ұйымдастыруға;
көлік-коммуникация кешенiнiң техникалық жарақтандырылуын арттырудың және көлiк желiлерiн озық пайдаланудың есебiнен жолаушылар мен жүктердiң тасымалына жұмсалатын меншiктi шығындарды қысқартуға;
тасымалдардың навигациялық және ақпараттық қамтамасыз етілуiн жақсартуға;
қозғалыстың, кеме қатынасы мен ұшулардың қауiпсiздiгiн, сондай-ақ тасымалдардың қауiпсiздiгi мен сақталуын арттыруға;
көлiктің қоршаған ортаға зиянды ықпалын азайтуға;
біліктi кадрлардың жұмыспен қамтылуын сақтау және жұмыс орындарының санын көбейтуге мүмкiндiк бередi.
Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарды реттейтiн нормативтік құқықтық базаны дамыту нәтижесiнде:
Қазақстан Республикасы көлiк-коммуникация кешенiн пайдалану ережелерiн халықаралық талаптармен үйлестiру;
шетелдiк тасымалдаушылардың қазақстандық көлiк коммуникацияларын пайдалану шарттарын белгiлеу;
халықаралық көлiк дәлiздерi бойынша тасымалдарды қоса алғанда, халықаралық қатынас жолдарында жүктердің тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерiнiң барынша көп басымдығын қамтамасыз ету;
аралас қатынас жолдарында жүк тасымалдарын ұйымдастыру кезiнде көлiктiң әр түрлерiнің жұмыстарын үйлестiрудi күшейту;
негiзгi халықаралық бағыттарда тасымалдардың отандық операторлары институтын қалыптастыру үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
Қазақстан Республикасының шекараларын көлiк құралдарымен кесiп өту кезiнде көлiктi басқарудың мемлекеттік органдарының кедендiк және шекаралық қызметтерiнің, көлiк және экспедиторлық кәсiпорындардың iс-қимылдарын үйлестiрудi күшейту, әкiмшiлiк, кедендiк және өзге де операцияларды орындауға жұмсалатын уақытты кемiту;
қазақстандық көлiк және экспедиторлық кәсiпорындардың құжат айналымының халықаралық жүйесiне енгiзілуiн қамтамасыз ету көзделедi.
Тасымалдардың өсуi көлiк кешенiнiң отандық кәсiпорындары табыстарының ұлғаюына, олардың жұмыстарының қаржы-экономикалық көрсеткiштерiнiң жақсаруына, меншiктi инвестициялық мүмкiндiктердің артуына, өнiмнің соңғы құнында көлiк шығындары үлесiнiң азаюына себеп болады.
Табыстардың өсуiмен түрлi деңгейдегi бюджеттерге, әлеуметтiк қорларға салықтар мен алымдар түсiмiнiң көбеюi де байланысты.
Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық көлiк дәлiздерiн қалыптастыру және дамыту нәтижелерi тек көлiк проблемаларын шешудiң шеңберiнде шектелмейдi. Олар экономиканың сабақтас секторларына оң мультипликативтi әсерiн тигiзедi, бұл жалпы макроэкономикалық көрсеткiштерде қолайлы көрiнiс табады.
ҚР Үкіметінің 2006.13.01. № 38 (бұр.ред.қара); 2006.27.11. № 1124 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 8-бөлім өзгертілді
8. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТРАНЗИТ-КӨЛІК ӘЛЕУЕТІН
ДАМЫТУДЫҢ 2004-2006 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
────────┬───────────────────┬──────┬────────┬────────┬──────┬────────
Р/с │ Іс-шаралардың │Аяқтау│Орындау.│Орындау.│ Бол. ├Қаржы.
№ │ мазмұны │нысаны│ға (іске│ға (іске│жамды │ланды.
│ │ │асыруға)│асыруға)│шығыс.│ ру
│ │ │жауапты.│ мерзімі│ тар │көзі
│ │ │ лар │ │ │
────────┼───────────────────┼──────┼────────┼────────┼──────┼────────
1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7
────────┴───────────────────┴──────┴────────┴────────┴──────┴────────