Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауіпті түрлерiнiң тiзбесiн және Оларды
мiндеттi мемлекеттік лицензиялау ережесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы № 19 қаулысы
(2006.18.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 543 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі және "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерінің тiзбесi;
2) Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн мiндеттi мемлекеттік лицензиялау ережесi бекітілсiн.
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
3-бағандағы "Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі" деген реттiк нөмiрi 43-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерi";
көрсетiлген қаулымен бекітілген Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының, сондай-ақ мемэнергияқадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тiзбесiнде:
"Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тiзбесi" деген І бөлiм мынадай мазмұндағы 27-тармақпен толықтырылсын:
"27. Шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлері";
"Тау-кен техникалық қадағалау қорытындысы қажет, лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізбесі" деген ІІІ бөлім мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
"11. Шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлері (мұнай операциялары мен минералдық шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыру бөлігінде)".
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 8 қаңтардағы № 19 қаулысымен
бекiтілген
Шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерiнiң
ТIЗБЕСI
Жер пайдалану
1. Улы, радиоактивтi және басқа да қауiптi зиянды ластанған жерлердi қайта өңдеу.
Су ресурстарын пайдалану
2. Су объектiлерiнiң ластануы мен қоқысталуына әкеп соғатын ықтимал қауiптi химиялық әрi биологиялық заттарды және радиоактивтi материалдарды өндiрiстiк мақсатта пайдаланатын су жинау алаңдарында кәсiпорындар мен құрылыстар салу әрi орналастыру.
3. ҚР Үкіметінің 2005.12.04. № 340 Қаулысымен (қолданысқа енетін мерзімін қара) алып тасталды (бұр. ред. қара)
.
4. ҚР Үкіметінің 2005.12.04. № 340 Қаулысымен (қолданысқа енетін мерзімін қара) алып тасталды (бұр. ред. қара)
5. . ҚР Үкіметінің 2005.12.04. № 340 Қаулысымен (қолданысқа енетін мерзімін қара) алып тасталды (бұр. ред. қара)
6. ҚР Үкіметінің 2005.12.04. № 340 Қаулысымен (қолданысқа енетін мерзімін қара) алып тасталды (бұр. ред. қара)
Атмосфералық ауаға, Жердiң климаты мен озон қабатына әсер ету
ҚР Үкіметінің 2005.12.04. № 340 Қаулысымен (қолданысқа енетін мерзімін қара) 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7. 1-2 қауiптiлiк сыныбындағы зиянды (ластаушы) заттардың атмосфераға шығарындыларымен бiрге жүретiн өндiрiстiк процестердi жүзеге асыру.
8. Құрамында озон қабатын бүлдiретiн заттарды пайдаланып жұмыстар жүргiзу, сондай-ақ құрамында озон қабатын бүлдiретiн заттар бар жабдықтарды жөндеу, монтаждау, оларға қызмет көрсету.
9. Экологиялық талаптар мен нормативтердi сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясы және Озон қабатын бүлдiретiн заттар жөніндегі Монреаль хаттамасы бойынша мiндеттемелерiн орындауға байланысты озон қабатын бүлдiретiн заттар мен құрамында сондай заттар бар өнiмдердi Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету.
Өндiрiс қалдықтарын өңдеу, сақтау және жою
ҚР Үкіметінің 2005.12.04. № 340 Қаулысымен (қолданысқа енетін мерзімін қара) 10-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
10. Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясы бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындаумен байланысты 1-3 қауіптілік сыныбындағы қауіптi өндiрiс қалдықтарын өртеу, химиялық өңдеу, сақтау және көму, трансшекаралық тасымалдау.
ҚР Үкіметінің 2005.12.04. № 340 Қаулысымен (қолданысқа енетін мерзімін қара) 10-1-тармақпен толықтырылды
10-1. Қоршаған ортаға Зиянды әсерiн тигізетiн техногендiк минералдық құралымдарды сақтау.
Шаруашылық қызметтiң басқа да экологиялық қауiптi түрлерi
ҚР Үкіметінің 2005.12.04. № 340 Қаулысымен (қолданысқа енетін мерзімін қара) 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
11. Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгіндегі мемлекеттік қорықтық аймақ шегіндегі кәсiпорындарды, құрылыстарды орналастыру, салу және қайта жаңарту және өзге де объектілердi пайдалану.
ҚР Үкіметінің 2005.12.04. № 340 Қаулысымен (қолданысқа енетін мерзімін қара) 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
12. Қоршаған ортаға зиянды әсерiн тигiзетiн химиялық және биологиялық заттарды өндiру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 8 қаңтардағы № 19 қаулысымен
бекітілген
Шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерiн мiндетті
мемлекеттік лицензиялау ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн мiндеттi мемлекеттік лицензиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі және "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңдарына сәйкес әзiрлендi, шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыру құқығына заңды және жеке тұлғаларға лицензиялар берудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Олар белгiленген талаптарды сақтаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына лицензия берiледi.
Егер заңнамалық кесiмдерде өзгеше көзделмесе, шетелдiк заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына белгiленген сондай шарттармен әрi сондай тәртiппен лицензия алады.
3. Шаруашылық қызметтің экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензия басты болып табылады әрi иелiктен айырылмайды.
Лицензия мерзiмi белгiленбей берiледi және оның күшi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына қолданылады.
Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясы мен Озон қабатын бүлдiретiн заттар жөніндегі Монреаль хаттамасы бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындауға байланысты озон қабатын бүлдiретiн заттар мен олардың құрамындағы өнiмдердi Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге бiржолғы лицензия беріледi.
ҚР Үкіметінің 2005.12.04. № 340 Қаулысымен (қолданысқа енетін мерзімін қара) 2-тарау жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Уытты, радиоактивтi және басқа да қауiптi зиянды
заттармен ластанған жерлердi техникалық қайта құнарландыруды
жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын
білiктілiк талаптары
Білiктілiк талаптары:
1) тиiстi жоғары білiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың;
2) жұмыстардың түрлерiне байланысты:
білiктілiк талаптарында көрсетілген жұмыстардың түрлерi бойынша өлшемдер жүргiзу құқығына техникалық реттеу жөніндегі уәкілеттi орган тiркеген не белгiленген тәртiппен тiркелген зертханаларда (орталықтарда) өлшемдер жүргiзу құқығына шарты бар зертханалармен (орталықтармен):
техникаға қызмет көрсететiн қажетті паркпен, сондай-ақ оны ұстауға және сақтауға арналған өндiрiс алаңдарымен;
белгіленген тәртiппен тексерiлген жұмыстарды жүзеге асырудың сапасын бақылауға арналған аспаптармен және жабдықпен;
қолданыстағы нормалар мен ережелерде белгіленгендерден төмен емес радиациялық қауiпсiздiк деңгейiне қол жеткiзудi және оны ұстап тұруды қамтамасыз ететiн технологиялармен, ұйымдастыру және техникалық шаралармен;
мәлiмделiп отырған қызметті жүргiзу қауiпсiздiгiне кепiлдiк беретiн инженерлiк-техникалық қамтамасыз етумен (өндiрiстiк кешендер, технологиялық учаскелер, қондырғылар, қалдықтар мен материалдарды орналастыру пункттерi, мәлiмделiп отырған қызмет жүзеге асырылуы мүмкiн басқа да объектілер);
жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша нормативтердiң, нормативтiк-анықтамалық және техникалық құжаттаманың жиынтығымен, қауiптi зиянды заттарды сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалармен, үй-жайлармен және сыйымдылықтармен жарақталған тиiстi материалдық-техникалық және өндiрiстік базаның;
3) денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң;
4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық органымен (бұдан әрi - аумақтық орган) келiсілген өндiрiстiк мониторинг бағдарламасының;
5) санитарлық-эпидемиологиялық, тау-кен техникалық қадағалау мемлекеттік органдары мен өтiнiш берушiнiң білiктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын аумақтық орган қорытындыларының;
6) аумақтық органмен келiсілген табиғатты қорғау iс-шаралары жоспарының;
7) уәкілеттi органмен келiсілген қоршаған ортаның ластануына әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтыруы мүмкiн аварияларды жою жоспарларының;
8) қоршаған ортаға әсердi бағалау жобасына мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындыларының;
ҚР Үкіметінің 2006.18.05. № 423 қаулысымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің.
ҚР Үкіметінің 2005.12.04. № 340 Қаулысымен (қолданысқа енетін мерзімін қара) 2-1-тараумен толықтырылды
2-1. Су объектілерiнiң ластануына әкеп соқтыратын ықтимал
қауiптi химиялық және биологиялық заттар мен радиоактивтi
материалдарды өндiрiстік мақсаттарда пайдаланатын
кәсiпорындар мен құрылыстардың су жинау алаңдарында салуды
және орналастыруды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi
субъектілерге қойылатын білiктілiк талаптары
Бiлiктілiк талаптары:
1) тиiстi жоғары білiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiсті орта арнаулы білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың;
2) жұмыстардың түрлерiне байланысты:
біліктілiк талаптарында көрсетілген жұмыстардың түрлерi бойынша өлшемдер жүргiзу құқығына техникалық реттеу жөніндегі уәкілеттi орган тiркеген не белгіленген тәртiппен тiркелген зертханаларда (орталықтарда) сынақтар жүргiзу құқығына шарты бар зертханалармен (орталықтармен);
техникаға қызмет көрсететiн қажетті паркпен, сондай-ақ оны ұстауға және сақтауға арналған өндiрiс алаңдармен;
белгіленген тәртiппен тексерiлген жұмыстарды жүзеге асырудың сапасын бақылауға арналған аспаптармен және жабдықпен;
қолданыстағы нормалар мен ережелерде белгіленгендерден төмен емес қауiпсiздiк деңгейiне қол жеткiзудi және оны ұстап тұруды қамтамасыз ететiн технологиялармен, ұйымдастыру және техникалық шаралармен;
мәлiмделiп отырған қызметті жүргiзу қауiпсiздiгiне кепiлдiк беретiн инженерлiк-техникалық қамтамасыз етумен (өндiрiстiк кешендер, технологиялық учаскелер, қондырғылар, радиоактивтi қалдықтар мен материалдарды орналастыру пункттерi, мәлiмделiп отырған қызмет жүзеге асырылуы мүмкiн басқа да объектілер);
жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша нормативтердiң, нормативтiк-анықтамалық және техникалық құжаттаманың жиынтығымен;
аумақтық органмен келiсілген өндiрiстiк мониторинг бағдарламаларымен;
санитарлық-эпидемиологиялық, тау-кен техникалық қадағалау мемлекеттік органдары мен өтiнiш берушiнiң білiктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын аумақтық орган қорытындыларымен;
су ресурстарын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның қорытындысымен жарақталған тиiсті материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның;
3) денсаулықты, еңбектi және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң;
4) аумақтық органмен келiсілген табиғатты қорғау iс-шаралары жоспарының;
5) уәкілеттi органмен келісілген қоршаған ортаның ластануына әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтыруы мүмкiн аварияларды жою жоспарларының;
6) шектi жол берiлген төгiнділер, қоршаған ортаға әсердi бағалау нормативтерiнiң жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындыларының;
ҚР Үкіметінің 2006.18.05. № 423 қаулысымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің.
ҚР Үкіметінің 2005.12.04. № 340 Қаулысымен (қолданысқа енетін мерзімін қара) 2-2-тараумен толықтырылды
2-2. 1-2 қауiптілiк сыныбындағы зиянды (ластаушы) заттардың
атмосфераға шығарындыларымен бiрге жүретiн өндiрiстiк
процестердi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге
қойылатын білiктiлiк талаптары
Білiктілiк талаптары:
1) тиiстi жоғары білiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың;
2) жұмыстардың түрлерiне байланысты:
білiктілiк талаптарында көрсетiлген жұмыстардың түрлерi бойынша өлшемдер жүргiзу құқығына техникалық реттеу жөніндегі уәкілеттi орган тiркеген не белгіленген тәртiппен тiркелген зертханаларда (орталықтарда) сынақтар жүргiзу құқығына шарты бар зертханалармен (орталықтармен);
белгіленген тәртiппен тексерілген жұмыстарды жүзеге асырудың сапасын бақылауға арналған аспаптармен және жабдықпен;
шектi жол берiлген шоғырланудан аспайтын деңгейлерге қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн технологиялармен, ұйымдастырушылық және техникалық шаралармен;
жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша нормативтердiң, нормативтiк-анықтамалық және техникалық құжаттаманың жиынтығымен;
аумақтық органмен келiсілген өндiрiстiк мониторинг бағдарламаларымен;
санитарлық-эпидемиологиялық, тау-кен техникалық қадағалау мемлекеттік органдары мен өтiнiш берушiнiң білiктілiк талаптарына сәйкестігiн растайтын аумақтық орган қорытындыларымен жарақталған тиiстi материалдық-техникалық және өндiрiстiк базаның;
3) денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң;
4) аумақтық органмен келiсілген табиғатты қорғау iс-шаралары жоспарының;
5) уәкiлетті органмен келiсілген қоршаған ортаның ластануына әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтыруы мүмкiн аварияларды жою жоспарларының;
6) шектi жол берілген төгiнділер мен қоршаған ортаға әсердi бағалау нормативтерiнiң жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындыларының;
ҚР Үкіметінің 2006.18.05. № 423 қаулысымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің.
ҚР Үкіметінің 2005.12.04. № 340 Қаулысымен (қолданысқа енетін мерзімін қара) 2-3-тараумен толықтырылды
2-3. Озон қабатын бүлдiретiн заттарды пайдалана отырып
жұмыстар жүргізудi, сондай-ақ құрамында озон бүлдiретiн
заттары бар жабдықтарды жөндеудi, монтаждауды, оларға қызмет
көрсетудi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге
қойылатын білiктілiк талаптары
Білiктілiк талаптары:
1) тиiстi жоғары білiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiстi орта арнаулы білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар, техникалық пайдалануды қолдану ережелерiн және қауiпсiздiк ережелерiн білуге білiктілiк тексерiсiнен өткен, озон қабатын бүлдiретiн заттармен жұмыс iстеу құқығына рұқсаты бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың;
2) құрамында озон қабатын бүлдiретiн заттар бар жабдықтардың технологиялық регламенттерi мен техникалық паспортының;
3) озон қабатын бүлдiретiн заттарды алу және қайта өңдеу жөніндегі өндiрiстік-техникалық базаның, мамандандырылған өндiрiстiк ғимараттардың, жабдықтардың;
4) құрамында озон қабатын бүлдiретiн заттар бар өнiмдердi сақтауға арналған арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлар мен сыйымдылықтардың;
5) жабдықтарды пайдалануды, оларға техникалық қызмет көрсетуді, озон қабатын бүлдiретiн заттарды есепке алу және тасымалдауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң;
ҚР Үкіметінің 2006.18.05. № 423 қаулысымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің;
7) өтiнiш берушiнiң біліктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын аумақтық органның оң қорытындысының болуын қамтиды.
ҚР Үкіметінің 2005.12.04. № 340 Қаулысымен (қолданысқа енетін мерзімін қара) 2-4-тараумен толықтырылды
2-4. Озон қабатын бүлдiретiн заттарды және олар құрамында бар
өнiмдердi Қазақстан Республикасына әкелудi және Қазақстан
Республикасынан әкетудi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi
субъектілерге қойылатын білiктілiк талаптары
Білiктілiк талаптары:
1) озон қабатын бүлдiретiн заттарды және олар құрамында бар өнiмдердi жеткiзуге келісім-шарт, шарт көшiрмелерiнiң;
2) озон қабатын бүлдiретiн заттарды әкелудiң болжалды көлемi мен олар құрамында бар өнiмдердiң мөлшерi (өрнегiн, сауда және химиялық атауын, СЭҚ ТН сауда нөмiрiнiң кодын, өнiм әкелiнетiн елдi көрсете отырып) туралы мәліметтердің;
ҚР Үкіметінің 2006.18.05. № 423 қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің;
4) өтiнiш берушiнiң біліктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын аумақтық органның оң қорытындысының болуын қамтиды.
ҚР Үкіметінің 2005.12.04. № 340 Қаулысымен (қолданысқа енетін мерзімін қара) 2-5-тараумен толықтырылды
2-5. Қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және
оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясы
бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындаумен
байланысты 1-3 қауiптілiк сыныбындағы өндiрiстiк қалдықтарды
өңдеудi, сақтауды және жоюды, трансшекаралық тасымалдауды
жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектілерге қойылатын
біліктілiк талаптары
Білiктілiк талаптары:
1) тиiстi жоғары білiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiсті орта арнаулы білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың;
2) жұмыстардың түрлерiне байланысты:
білiктілiк талаптарында көрсетілген жұмыстардың түрлерi бойынша өлшемдер жүргiзу құқығына техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті орган тiркеген не белгiленген тәртiппен тiркелген зертханаларда (орталықтарда) сынақтар жүргiзу құқығына шарты бар зертханалармен (орталықтармен);
техникаға қызмет көрсететiн қажетті паркпен, сондай-ақ оны ұстауға және сақтауға арналған өндiрiс алаңдарымен;
белгiленген тәртiппен тексерілген жұмыстарды жүзеге асырудың сапасын бақылауға арналған аспаптармен және жабдықпен;
қолданыстағы нормалар мен ережелерде белгіленгендерден төмен емес радиациялық қауiпсiздiк деңгейiне қол жеткiзудi және оны ұстап тұруды қамтамасыз ететiн технологиялармен, ұйымдастыру және техникалық шаралармен;
мәлiмделiп отырған қызметтi жүргiзу қауiпсiздiгiне кепілдiк беретін инженерлiк-техникалық қамтамасыз етумен (өндiрiстiк кешендер, технологиялық учаскелер, қондырғылар, радиоактивті қалдықтар мен материалдарды орналастыру пункттерi, мәлiмделiп отырған қызмет жүзеге асырылуы мүмкiн басқа да объектілер);
жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша нормативтердiң, нормативтiк-анықтамалық және техникалық құжаттаманың жиынтығымен;
аумақтық органмен келiсілген өндiрiстік мониторинг бағдарламаларымен;
санитарлық-эпидемиологиялық, тау-кен техникалық қадағалау мемлекеттік органдары мен аумақтық органның өтiнiш берушiнiң білiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын қорытындыларымен жарақталған тиiстi материалдық-техникалық және өндiрiстік базаның;
3) денсаулықты, еңбектi және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң;
4) аумақтық органмен келісілген табиғатты қорғау iс-шаралары жоспарының;
5) уәкiлетті органмен келiсілген қоршаған ортаның ластануына әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтыруы мүмкiн аварияларды жою жоспарларының;
6) зиянды (ластаушы) заттарды, өндiрiстік қауiпті қалдықтарды орналастыру, тасымалдау, тазалау және залалсыздандыру жөніндегі объектілердің және қондырғылардың;
7) өндiрiстік қалдықтарды орналастыру (жобада көзделген), қоршаған ортаның өндiрiстік қалдықтармен ластануы деңгейiн бағалау жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының;
8) өндiрiстiң қауiптi қалдықтарын сақтауға арналған паспорттардың болуын қамтиды.
Өндiрiстiң қауiптi қалдықтарын трансшекаралық тасымалдау кезiнде:
1) өндiрiстік қалдықтарды пайдалану, қолдану туралы мәлiметтердiң;
2) өндiрiстің қауiптi қалдықтарын тасымалдауға арналған лицензиялардың;
ҚР Үкіметінің 2006.18.05. № 423 қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің;
4) қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде қауiптi заттарды есепке алу туралы ақпараттардың;
5) өндiрiстiң қауіптi қалдықтарын қабылдауға кәсiпорындармен, ұйымдармен жасалған келісім-шарттар көшiрмелерiнiң болуын қамтиды.
ҚР Үкіметінің 2006.18.05. № 423 қаулысымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің;
ҚР Үкіметінің 2005.12.04. № 340 Қаулысымен (қолданысқа енетін мерзімін қара) 2-6-тараумен толықтырылды
2-6. Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлігіндегі мемлекеттік
қорықтық аймақтың шегіндегi кәсiпорындарды, құрылыстарды
орналастыруды, салу мен қайта жаңартуды және өзге де
объектілердi пайдалануды жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi
субъектілерге қойылатын білiктiлiк талаптары
Біліктілiк талаптары:
1) тиiстi жоғары білiмi және мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы немесе тиiсті орта арнаулы білiмi және мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердiң - жауапты орындаушылардың;
2) жұмыстардың түрлерiне байланысты:
білiктілiк талаптарында көрсетілген жұмыстардың түрлерi бойынша өлшемдер жүргiзу құқығына техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті орган тiркеген не белгiленген тәртiппен тiркелген зертханаларда (орталықтарда) сынақтар жүргiзу құқығына шарты бар зертханалармен (орталықтармен);
техникаға қызмет көрсететін қажетті паркпен, сондай-ақ оны ұстауға және сақтауға арналған өндiрiс алаңдарымен;
белгіленген тәртiппен тексерiлген жұмыстарды жүзеге асырудың сапасын бақылауға арналған аспаптармен және жабдықпен;
қолданыстағы нормалар мен ережелерде белгiленгендерден төмен емес қауiпсiздiк деңгейiне қол жеткiзудi және оны ұстап тұруды қамтамасыз ететiн технологиялармен, ұйымдастыру және техникалық шаралармен;
мәлiмделiп отырған қызметті жүргізу қауiпсiздiгiне кепiлдiк беретiн инженерлiк-техникалық қамтамасыз етумен (өндiрiстiк кешендер, технологиялық учаскелер, қондырғылар, қалдықтар мен материалдарды орналастыру пункттерi, мәлiмделiп отырған қызмет жүзеге асырылуы мүмкiн басқа да объектілер);
жұмыстардың сұратылған түрлерi бойынша нормативтердiң, нормативтік-анықтамалық және техникалық құжаттаманың жиынтығымен;
аумақтық органмен келiсілген өндiрiстiк мониторинг бағдарламаларымен;
санитарлық-эпидемиологиялық, тау-кен техникалық қадағалау мемлекеттік органдары мен өтiнiш берушiнiң бiліктілік талаптарына сәйкестiгiн, растайтын аумақтық орган қорытындыларымен;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның қорытындыларымен жарақталған тиiстi материалдық-техникалық және өндiрiстік базаның;
3) денсаулықты, еңбектi және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң;
4) шекті жол берiлген шығарындылар, шектi жол берiлген төгiнділер, қоршаған ортаға әсердi бағалау нормативтерінің жобаларына мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындыларының;
5) аумақтық органмен келісілген табиғатты қорғау iс-шаралары жоспарының;
6) уәкілетті органмен келісілген қоршаған ортаның ластануына әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтыруы мүмкiн аварияларды жою жоспарларының;
ҚР Үкіметінің 2006.18.05. № 423 қаулысымен 7) тармақшамен толықтырылды